Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің ЕСЕБІ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) 2019 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

ЕСЕБІ

1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) және облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат - Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою:

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны -1;

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны - 1;

- ақылы және (немесе) ақысыз негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 1;

- қағаз нысанда және (немесе) электронды нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 1 (ішінара автоматтандырылған);

- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны - 2.

3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілтін қызметі әлеуметтік маңызды қызмет болып табылмайды.

 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің тәртібі туралы ақпаратты: Жоғарғы Соттың www.sud.gov.kz және Мемлекеттік корпорацияның www.gov4с.kz, сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қ., Қонаев к., 39 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының рұқсаттама бюросының ғимаратында алуға болады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталының www.еgov.kz «жеке кабинет» қашықтан кіру жүйесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселесі бойынша Бірыңғай байланыс орталығының: 1414, 8 800 080 7777 және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Call-орталығының: 1401 телефондары арқылы ала алады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру және оңтайландыру мақсатында 2019 жылғы 3 маусымда және 16 қарашада қолданысқа енген Департамент басшысының 2019 жылғы 13 мамырдағы №4, 2019 жылғы 22 қазандағы №8 бұйрықтарымен мемлекеттік қызмет Стандартына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұйрық жобалары 2019 жылғы 5 ақпан мен 7 наурыз аралығында және 2019 жылғы 26 шілде мен 26 тамыз аралығында «Электрондық үкімет» порталында жария түрде талқыланды. Жария талқылау қорытындысы бойынша ескертулер мен ұсыныстар болған жоқ.

Департамент басшысының 2019 жылғы 13 маусымдағы №5 және 2019 жылғы 4 желтоқсандағы №10 бұйрықтарымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұйрық жобалары 2019 жылғы 8-22 сәуір аралығында және 2019 жылғы 31 қазан мен 14 қараша аралығында «Электрондық үкімет» порталында жария талқыланды. Жария талқылау қорытындысы бойынша ескертулер мен ұсыныстар болған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен қызметті алушыларды ақпараттандыру мақсатында, жыл ішінде Жоғарғы Сотының, облыстық соттардың интернет-ресурстарында сот органдарынан шығатын құжаттарға апостиль қою мәселесі бойынша бірқатар мақалалар жариялау жұмыстары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Департамент және оның аумақтық органдары қызметкерлерімен әр тоқсан сайынғы негізде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері үшін                     157 түсіндірме шаралары өткізілді.

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

2019 жылы Департамент «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық нысанда апостиль қоюға өтініш беруді және құжаттардың 2 түрін: жеке куәліктің көшірмесі және мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек қысқартуды көздейтін «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізді.

Осыған байланысты, 2018 жылғы 29 желтоқсанда Мемлекеттік қызметтер тізіліміне электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейтін өзгеріс енгізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру мақсатында мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, «электрондық үкімет» порталында апостиль қоюға соттарға электрондық өтініш беру бойынша сервисті іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл ретте арыз «Сот кабинеті» сервисіне Single Sign-On технологиясы бойынша жіберіледі.

«Сот кабинеті» сервисінде өтініштің электрондық үлгісін толтыру, мемлекеттік баж салығын төлеу, қажетті құжаттарды бекіту бойынша функционал жұмыс істейді, олар өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына тиісті өзгерістер мен толықтырулар Департамент басшысының 2019 жылғы 13 мамырдағы №4 бұйрығымен енгізіліп, 2019 жылғы 3 маусымда қолданысқа енген.

Сонымен бірге, Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету стандартына талдау жүргізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) ауыстыруды растайтын құжаттың қағаз жеткізгіштегі көшірмесі талап етіледі. Қазіргі уақытта, мәселе пысықталды жоғарыда көрсетілген құжат тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етіледі.

Департамент басшысының 2019 жылғы 22 қазандағы №8 бұйрықтарымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына, 2019 жылғы 4 желтоқсандағы №10 мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсетуде саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында, бейнеконференцбайланыс жүйесі арқылы 2019 жылдың 24 сәуірі мен 13 қарашасында Департаменттің аумақтық органдарының қызметкерлеріне семинар сабақтары өткізілді. Семинар барысында теориялық білімдер алынды.

Бұдан басқа, аталған іс-шаралар шеңберінде қызмет көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылаудың өзекті мәселелері, қызмет алушылардың қанағаттануын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде олардың пікірін ескере отырып, әлеуметтік сауалнама жүргізу мәселесі, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен өзара іс-қимыл тәртібі және Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2019 жылдың 12 айында 157 түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

2019 жылғы 13 мамырында және 22 қазанда мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіруді көздейтін Мемлекеттік қызмет стандартына өзгерістер енгізілді.

2019 жылғы 13 маусымда және 4 желтоқсанда мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес процесін жетілдіруді көздейтін Мемлекеттік қызмет регламентіне өзгерістер енгізілді.

 

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2019 жылы қызметті алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша шағым түспеген.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Сот органдарынан шығатын құжаттарға апостиль қою туралы азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу шеңберінде 2019 жылы 6 бақылау іс-шарасы өткізілді.

Ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін бұзу фактілері анықталмады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау мақсатында, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Департамент пен оның аумақтық органдары әр тоқсан сайынғы негізінде нормативтік бекітілген есептік ақпарат тапсырылады.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерінің қорытындысына сәйкес, 2019 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімінің бұзылуы анықталмаған.

Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы жақсарған. Ақпаратқа қолжетімділік пен ашықтығы бойынша қызметті алушылардың қанағаттану деңгейі 80,1%-ды (4,94 балл), қызмет көрсету мерзімдерімен толық қанағаттанғаны - 73,9% (4,89 балл), қызметті ұсынушының қызмет көрсету сапасы туралы қанағаттанғаны - 82,4% (4,63 балл) құрады.

Қызметпен қанағаттанғандар – 65,0% (4,89 балл) құрады.

 

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру.

Халықтың мемлекеттік қызметті көрсету сапасына және қызмет көрсету тәртібі қолжетімділігіне қанағаттануы, Департамент және аумақтық органдармен қызметті көрсетудегі әкімшілік кедергілерін анықтау мақсатында, қызмет алушылардың қатысуымен әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға азаматтар Мемлекеттік корпорация филиалдарына жүгінуі мүмкін екені ескеріле отырып, әлеуметтік сауалнама жүргізу мәселесі жергілікті жерлерде аталған ұйымдармен жүргізілетіні де пысықталды.

Әлеуметтік сауалнамаға 2019 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызметті алуға жүгінген 577 қызмет алушы қатысты. Қызметтердің басым бөлігі Қарағанды (225), Алматы қаласы (137), Павлодар облысы (97) және Нұр-Сұлтан қаласы (90) бойынша соттар әкімшілерімен көрсетілген.

Қызмет алушылар көбінесе Мемлекеттік корпорацияға - 724 (85,0%), мемлекеттік органға - 128 (15,0%) жүгінген. Сауалнама барысында қызмет алушылардың жеке өзі - 150 (26,0%), Мемлекеттік корпорацияның филиалдары арқылы - 387 (67,1%), сенім білдірілген тұлға арқылы - 14 (2,4%) және «электрондық үкімет» порталы арқылы – 26 (4,5%) өтініш бергені анықталды.

Сауалнама нәтижелері бойынша қызмет көрсету сапасына қанағаттану жалпы 99,2%-ды құрады. Қызмет көрсету сапасын «өте жақсы» - 89,1%, «жақсы» - 10,1%, «қанағаттанарлық» – 0,8% және «қанағаттанарлықсыз» – 0% бағалады.

Анықтамалық ақпараттың қолжетімділігі мен түсініктілігіне, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алудың қарапайымдылығына қанағаттанушылық орта есеппен 99,7%-ды құрады. Осы қызметті алу кезіндегі қызметкерлердің сыпайылығы мен құзыреттілігін респонденттер 96,4%-ы жақсы бағалады.

Сұралған қызметті алушылар көрсетілетін қызметті беруші ұсынған қызметтің сапасына, мерзіміне және соңғы нәтижесіне қанағаттанудың жоғары деңгейін көрсетті. Бұл ретте «өте жақсы» - 521 немесе 90,3%, «жақсы» - 54 қызмет алушы немесе 9,3%, «қанағаттанарлық» - 1 немесе 0,2%, «қанағаттанарлықсыз» - 1 немесе 0,2%-ы бағалады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасын қамтамасыз ету және осыған бағытталған бірлескен жұмысты жетілдіру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің арасында жүйелі түрде құқықтық түсіндіру іс-шаралар өткізілуде.