ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

ЖОБА

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ӘКІМШІЛІК ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ

МАЗМҰНЫ

I-бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Қазақстан Республикапсының Әкімшілік процестік заңнамасы

1-бап. Әкімшілік процестік заңнамамен реттелетін қатынастар

2-бап. Қазақстан Республикасында әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнама

3-бап. Әкімшілік сот ісін жүргізуде басым күші бар құқықтық нормаларды қолдану

4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

 

2-тарау. Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеттер мен қағидаттары

 

5-бап. Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеттері

6-бап. Әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттары

7-бап. Қорғау үшін сотқа жүгінуге құқығы

8-бап. Әкімшілік сот ісі жүргізілетін тіл

9-бап. Әкімшілік сот ісін жүргізу тараптарының жарыспалылығы мен тең құқықтылығы. Соттың белсенді рөлі

10-бап. Ақылға қонымды мерзімді сақтау

11-бап. Құзыретті органның қызметіне соттың араласуына жол бермеу

12-бап. Дәлелдеу бойынша міндеттеме

13-бап. Білікті заң көмегіне құқықтарын қамтамасыз ету

14-бап. Әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаттарының маңызы

 

3-тарау. Ведомстволық қарау және соттылық

15-бап. Әкімшілік істердің соттарда ведомстволық қаралуы

16-бап. Әкімшілік істердің соттылығы

17-бап. Жауапкердің тұрған жері бойынша талап қою

18-бап. Талапкердің таңдауы бойынша соттылық

19-бап. Іс жүргізуге қабылданған істі басқа сотқа беру

 

4-тарау. Дауды сотқа дейін реттеу

20-бап. Кiнә қоюдың шарттары мен тәртiбi

21-бап. Кiнә қоюдың мазмұны

22-бап. Кiнә қоюды қараудың тәртiбi мен мерзiмдерi

 

5-тарау. Соттың құрамы. Қарсылық білдірулер

23-бап. Соттың құрамы

24-бап. Алқалы құрамдағы соттың мәселелерді шешу тәртібі. Ерекше пікір

25-бап. Судьяның істі қарауға және шешуге қайта қатысуына жол берілмейтіндігі

26-бап. Судьяға қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін негіздер 

27-бап. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін негіздер

28-бап. Қарсылықтар білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыздар

29-бап. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды қарау тәртібі

30-бап. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды қанағаттандырудың салдары

 

6-тарау. Іске қатысушы тұлғалар              

31-бап. Әкімшілік іс жүргізу құқық қабілеттілігі

32-бап. Әкімшілік іс жүргізу әрекет қабілеттілігі

33-бап. Әкімшілік іске қатысушы тұлғалардың құрамы

34-бап. Тараптар

35-бап. Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

36-бап. Бірнеше талапкердің немесе жауапкердің іске қатысуы

37-бап. Тиісті емес жауапкерді ауыстыру 

38-бап. Үшінші тұлға

39-бап. Іс жүргізудің құқық мирасқорлығы

40-бап. Прокурордың әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысуы

41-бап. Басқа тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгіну

42-бап. Әкімшілік процеске қатысушы басқа да тұлғалар

43-бап. Сарапшының құқықтары мен міндеттері

44-бап. Маманның құқықтары мен міндеттері

45-бап. Аудармашы

46-бап. Куәнің құқықтары мен міндеттері

 

7-тарау. Сотта өкілдік ету

47-бап. Әкімшілік процеске өкілдердің қатысуы

48-бап. Сотта өкілдер бола алмайтын адамдар

49-бап. Өкілдің өкілеттіктері

 

8-тарау. Дәлелдемелер және дәлелдеу

50-бап. Дәлелдемелер

51-бап. Дәлелдеу міндеті

52-бап. Дәлелдемелерді соттың бастамасы бойынша кері талап ету тәртібі

53-бап. Дәлелдемелердің қатыстылығы және жарамдылығы

54-бап. Дәлелдемелердің дұрыстығы

55-бап. Дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін мәліметтер

56-бап. Дәлелдеуден босататын негіздемелер

57-бап. Дәлелдемелерді бағалау

58-бап. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету

59-бап. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы арыз

60-бап. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы арызды қарау тәртібі

61-бап. Дәлелдемелерді ұсыну

62-бап. Сот тапсырмалары

63-бап. Іске қатысушы тараптардың және басқа да адамдардың түсініктемелері 

64-бап. Куәнің айғақтары

65-бап. Жазбаша дәлелдемелер

66-бап. Жазбаша дәлелдемелерді қайтару 

67-бап. Заттай дәлелдемелер

68-бап. Заттай дәлелдемелерді кері талап ету және ұсыну тәртібі

69-бап. Заттай дәлелдемелерді сақтау және қарап-тексеру 

70-бап. Арнайы жеткізгіштегі дәлелдемелер

71-бап. Арнайы жеткізгіштегі дәлелдемелерді сақтау және қайтару

72-бап. Сараптама тағайындау 

73-бап. Сараптама тағайындау туралы ұйғарым

74-бап. Сараптама жүргізу тәртібі

75-бап. Сарапшының қорытындысы

76-бап. Құжаттағы жазу мен қойылған қолдарды салыстырып зерттеу үшін жазу үлгілерін алу

77-бап. Комиссиялық сараптама

78-бап. Кешенді сараптама 

79-бап. Қосымша және қайталама сараптама 

 

9-тарау. Сот шығыстары

80-бап. Сот шығыстарының ұғымы және құрамы 

81-бап. Мемлекеттік баж

82-бап. Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығыстар 

83-бап. Өкілдің заң көмегіне арналған шығыстар

84-бап. Сотта істі қарауға байланысты тараптардың және олардың өкілдерінің шығыстары

85-бап. Куәларды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды тартуға және сот сараптамасын жүргізуге байланысты шығыстар

86-бап. Оқиға орнында дәлелдемелерді қарауға және істі қарау үшін қажетті басқа да амалдар жасауға байланысты шығыстар

87-бап. Сот шығыстарын тараптардың арасында бөлу

88-бап. Талапкердің талап қоюдан бас тартқан жағдайда шығыстарды бөлу

89-бап. Тараптардың бітісуіне байланысты сот шығыстары

90-бап. Мемлекетке сот шығыстарын өтеу 

 

10-тарау. Процестік мәжбүрлеу, мән беру және сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары

91-бап. Процестік мәжбүрлеу шаралары

92-бап.Процестік мән беру шаралары

93-бап. Процестік мәжбүрлеу, мән беру шараларын қолданудың негіздері және тәртібі

94-бап. Ескерту

95-бап. Сот отырысы залынан шығарып жіберу

96-бап. Сот айыппұлдарын салу

97-бап. Әкелу

98-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары

 

11-тарау. Процестік мерзімдер

99-бап. Процестік мерзімдерді есептеу

100-бап. Процестік мерзімдердің аяқталуы

101-бап. Процестік мерзімді өткізіп алудың салдары

102-бап. Процестік мерзімдерді тоқтата тұру

103-бап. Процестік мерзімдерді ұзарту және қалпына келтіру

 

12-тарау. Сот хабарламалары мен шақыртулары

104-бап. Сот хабарламалары мен шақыртулары

105-бап. Соттың шақыру қағазының немесе өзге де хабарламаның, шақырудың мазмұны

106-бап. Соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны жеткізу

107-бап. Соттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарламаны табыс ету

108-бап. Соттың шақырту қағазын немесе өзге де хабарламаны қабылдаудан бас тартудың салдары

109-бап. Іс бойынша іс жүргізу кезінде мекенжайды, ұялы байланыстың абоненттік нөмірін және электрондық мекенжайды ауыстыру

110-бап. Соттың хабарламалары

 

II-бөлім. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу

 

13-тарау. Талап қою

111-бап. Талаптың нысаны

112-бап. Талап қоюға арналған мерзім

113-бап. Талаптың мазмұны

114-бап. Талапқа қоса берілетін құжаттары

115-бап. Талапты іс жүргізуге қабылдап алу

116-бап. Талапты қабылдаудан бас тарту

117-бап. Талапты қайтару

 

14-тарау. Талаптың түрлері

118-бап. Талаптың түрлері

119-бап. Әкімшілік актіні даулау туралы талап қою

120-бап. Құқықты қорғау туралы талап қою

121-бап. Міндеттемелерді орындау туралы талап қою

122-бап. Әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) заңдылығын тексеру туралы талап қою

 

15-тарау. Талап қоюды қамтамасыз ету

123-бап. Талап қоюды қамтамасыз етудің негіздері

124-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары

125-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау

126-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау

127-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шарасын ауыстыру

128-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шарасының күшін жою

129-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйғарымдарға шағым беру

130-бап. Жауапкерге талап қоюды қамтамасыз ету кезінде келтірілген залалдарды өтеу

 

16-тарау. Алдын ала іс жүргізу

131-бап. Алдын ала іс жүргізу

132-бап. Істі сот талқылауына дайындау

133-бап. Істі сот талқылауына дайындаудың мерзімдері

134-бап. Сот сұхбаты

135-бап. Талап қою арызына пікір ұсыну тәртібі

136-бап. Талап қоюдан бас тарту және талап қоюды мойындау

137-бап. Талап қоюдың нысанасын немесе негіздемелерін өзгерту, талап қою талаптарын көбейту немесе азайту

138-бап. Бірнеше талап қою талаптарын біріктіру және ажырату

139-бап. Алдын ала іс жүргізуде іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, тоқтату және арызды қараусыз қалдыру

140-бап. Сот төрағасының қатысуы (қызметтік қадағалау)

141-бап. Істі сот талқылауына тағайындау

 

17-тарау. Тараптардың татуласу туралы келісімі

142-бап. Тараптардың татуласу туралы келісімі

143-бап. Тараптардың татуласу туралы келісімінің нысаны мен мазмұны

144-бап. Тараптардың татуласу туралы келісім жасасуы

145-бап. Тараптардың татуласу туралы келісімін соттың бекітуі

146-бап. Тараптардың татуласу туралы келісімін орындауы

        

18-тарау. Сот талқылауы

 

147-бап. Бірінші сатыдағы соттың әкімшілік iстердi қарау мерзiмдерi

148-бап. Сот отырысы

149-бап. Сот отырысында төрағалық етушi

150-бап. Сот отырысындағы тәртiп

151-бап. Сот отырысындағы тәртiпті бұзушыларға қолданылатын шаралар

152-бап. Сот отырысын ашу

153-бап. Аудармашыға оның міндеттерін түсіндіру

154-бап. Куәларды сот отырысы залынан шығарып жіберу

155-бап. Сот құрамын жария ету және қарсылық бiлдiру құқығын түсiндiру

156-бап. Iске қатысатын тұлғаларға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру

157-бап. Сарапшыға және маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру

158-бап.  Соттың iске қатысатын тұлғалардың өтiнiшхаттарын шешуi

159-бап. Iске қатысатын тұлғалардың және өкiлдердiң сот отырысына келмеуінің салдары

160-бап. Сот отырысына куәның, сарапшының, маманның, аудармашының келмеу салдары

161-бап. Iстi талқылауды кейiнге қалдыру

162-бап. Iстi талқылау кейiнге қалдырылған кезде куәлардан жауап алу

163-бап. Iстi мәнi бойынша қараудың басталуы

164-бап. Iске қатысатын тұлғалардың түсiнiктемелерi

165-бап. Дәлелдемелерді зерттеу

166-бап. Айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін куәға жауаптылық туралы ескерту

167-бап. Куәдан жауап алу тәртiбi

168-бап. Кәмелетке толмаған куәдан жауап алу

169-бап. Куәның айғақтарын жария ету

170-бап. Жазбаша дәлелдемелерді зерттеу

171-бап. Азаматтардың жеке хат жазысуын және телеграфтық хабарларын жария ету және зерттеу

172-бап. Заттай дәлелдемелердi зерттеу

173-бап. Дыбысжазбаны тыңдау, бейнежазбаны, фото- және киноматериалдарды көрсету және оларды зерттеу

174-бап. Дәлелдемелерді орнында қарап-тексеру

175-бап. Сарапшының қорытындысын зерттеу

176-бап. Маманның консультациясы (түсiндiрмесi)

177-бап. Істі қарауды кейінге қалдыру немесе оны қарауда үзіліс жариялау

178-бап. Iстi мәнi бойынша қараудың аяқталуы

179-бап. Сот жарыссөздерi

180-бап. Соттың шешiм шығару үшiн шығып кетуi

181-бап. Кеңесу бөлмесінің құпиясы

182-бап. Шешiмдi жария ету

 

 

19-тарау. Сот актілері

183-бап. Сот актілерінің түрлері

184-бап. Сот актілерін қабылдау тәртібі, олардың нысандары

 

20-тарау. Сот шешімі

185-бап. Шешімнің заңдылығы мен негізділігі

186-бап. Сот шешiм қабылдау кезінде шешiлетiн мәселелер

187-бап. Соттың істі шешу кезіндегі өкілеттіктері

188-бап. Шешімнің мазмұны

189-бап. Шешімді жария ету, сот шешімін процеске қатысушыларға және егер сот олардың құқықтары, бостандықтары, мүдделері немесе міндеттері туралы мәселені шешсе, іске қатыспаған адамдарға беру немесе жіберу

190-бап. Қосымша шешім

191-бап. Шешiмдегi анық қате жазулар мен арифметикалық қателердi түзету

192-бап. Шешiмдi түсiндiру

193-бап. Сот шешiмiнiң заңды күшiне енуi

 

21-тарау. Сот ұйғарымы

194-бап. Ұйғарым шығару тәртібі

195-бап. Ұйғарымның мазмұны

196-бап. Соттың жеке ұйғарымы

197-бап. Процеске қатысушыларға сот ұйғарымының көшірмелерін жіберу

 

22-тарау. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру

198-бап. Іс бойынша істі жүргізуді тоқтата тұру

199-бап. Іс жүргізуді тоқтата тұру мерзімдері

 

23-тарау. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату

200-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың негіздері

201-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың тәртібі мен салдары

 

24-тарау. Талап қоюды қараусыз қалдыру

202-бап. Талап қоюды қараусыз  қалдыру

203-бап. Талап қоюды қараусыз қалдырудың тәртібі мен салдары

 

25-тарау. Хаттамалар

204-бап. Хаттама жүргізудің міндеттілігі

205-бап. Хаттаманың мазмұны

206-бап. Хаттама жасау

207-бап. Хаттамаға және аудио-, бейнежазбаға ескертулер

208-бап. Хаттамаға, аудио-, бейнежазба жасалған ескертулердi қарау

 

III-бөлім. Әкімшілік істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізу ерекшеліктері

 

26-тарау. Сайлауларға, референдумдарға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын қорғау туралы талап қоюлар бойынша іс жүргізу

209-бап. Талап қоюды беру

210-бап. Талап қоюды қарау

211-бап. Соттың шешімі және оны орындау

 

27-тарау.Жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын бұзатын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы талап қоюлар бойынша іс жүргізу

212-бап. Талап қоюды беру

213-бап. Талап қоюды қарау

214-бап. Соттың шешімі және оны орындау

 

28-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын

даулау туралы істер бойынша іс жүргізу

215-бап. Талап қоюды беру

216-бап. Істі сот талқылауына дайындау

217-бап.Талап қоюды қарау

218-бап. Сот шешімі

 

29-тарау. Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуі

219-бап. Наразылықтың қабылданбауына байланысты прокурордың жүгінуі

220-бап. Соттың қарауы

221-бап. Сот шешімі

 

IV-бөлім. Сот актілерін қайта қарау бойынша іс жүргізу

 

30-тарау. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу

222-бап. Шешімге апелляциялық шағымдану және наразылық білдіру құқығы

223-бап. Апелляциялық шағым немесе наразылық берудің тәртібі мен мерзімдері

224-бап. Апелляциялық шағымның немесе наразылықтың мазмұны

225-бап. Апелляциялық шағым немесе наразылық алған соң бірінші сатыдағы соттың әрекеті

226-бап. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қайтару

227-бап. Апелляциялық шағымға немесе наразылыққа пікір айту

228-бап. Апелляциялық шағымнан немесе наразылықтан бас тарту

229-бап.Тараптардың апелляциялық сатыдағы сотта татуласу туралы келісімі

230-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы

231-бап. Апелляциялық қараудың шектерi

232-бап. Істі апелляциялық сатыдағы сотта қарауға дайындау

233-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың істі қарау мерзімі

234-бап. Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу

235-бап. Істі талқылаудың басталуы

236-бап. Іске қатысатын тұлғалардың сот отырысына келмеуінің салдары

237-бап. Соттың іске қатысатын тұлғалардың арыздары мен өтінішхаттарын шешуі

238-бап. Дәлелдемелерді зерттеу

239-бап. Сот жарыссөзі

240-бап. Сот отырысының хаттамасы

241-бап. Сот актісін шығару және оны жариялау

242-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттіктері

243-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың актілері

244-бап. Апелляциялық қаулының мазмұны

245-бап. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жою не оны өзгерту негіздері

246-бап. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымына (қаулысына) шағым жасау, наразылық білдіру тәртібі мен мерзімдері

247-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымы

248-бап. Сот актісін жіберу және істі бірінші сатыдағы сотқа қайтару

249-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілерінің заңды күші

 

31-тарау. Кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу

 

250-бап. Кассациялық тәртіпте қарауға жататын сот актілері (кассациялық қарауға жол беру туралы)

251-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілеріне кассациялық шағымдану және наразылық білдіру құқығы

252-бап. Кассациялық шағым немесе наразылық беру тәртібі

253-бап. Кассациялық шағым немесе наразылық беру мерзімі

254-бап. Кассациялық шағымның немесе наразылықтың мазмұны

255-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қайтару

256-бап. Шағымды, наразылықты алдын-ала қарау

257-бап. Сот актiсiнiң орындалуын тоқтата тұру

258-бап. Кассациялық шағымға немесе наразылыққа пікір

259-бап. Кассациялық шағымнан және наразылықтан бас тарту

260-бап. Тараптардың татуласу туралы келісімі

261-бап. Кассациялық қараудың нысанасы

262-бап. Істі кассациялық тәртіппен қараудың шектері

263-бап. Кассациялық сатыдағы сотта істі қарау мерзімдері

264-бап. Іске қатысатын адамдар мен өкілдердің сот отырысына келмеуінің салдары

265-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қарау тәртібі

266-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттіктері

267-бап. Кассациялық тәртіппен заңды күшіне енген сот актілерінің күшін жоюдың немесе өзгертудің негіздемелері

268-бап. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуын және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығын қарау

269-бап. Кассациялық сатыдағы соттың актілері

270-бап. Кассациялық сатыдағы соттың сот актілерінің заңды күші

271-бап. Сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының күші жойылғаннан кейін істі қарау

32-тарау. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізу

272-бап. Қайта қарау негіздері

273-бап. Сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар

274-бап. Арыз беру

275-бап. Арыздың нысаны мен мазмұны

276-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар және жаңа мән-жайлар бойынша арыз беруге арналған мерзімнің есептелуі

277-бап. Арызды соттың іс жүргізуіне қабылдау

278-бап. Арызды қайтару

279-бап. Арызды қарау

280-бап. Соттың істі қайта қарау туралы ұйғарымы

 

V-бөлім. Сот актілерін орындау

 

33-тарау. Сот актілерін орындау

281-бап. Соттың шешімін орындауға жіберу

282-бап. Соттың атқару парағының телнұсқасын беруі

283-бап. Соттың шешiмдi дереу орындауға жiберу құқығы

284-бап. Шешiмнiң орындалуын қамтамасыз ету

285-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын кейiнге қалдыру және мерзiмiн ұзарту, оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту, ымыраға келу туралы тараптардың келісімін бекiту

286-бап. Сот шешімін бұрып атқару

287-бап. Сот шешiмiнiң орындалуын қайта бұрып атқару туралы арызды қарау

288-бап. Сот орындаушысының ұсынуларын қарау

 

VI-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

 

34-тарау. Қорытынды ережелер

289-бап. Осы Кодекстің қолданысқа енгізілу тәртібі

 

35-тарау. Өтпелі ережелер

290-бап. Өтпелі ережелер

 

 

1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-тарау. Қазақстан Республикасының Әкімшілік процестік заңнамасы

 

1-бап. Әкімшілік процестік заңнамамен реттелетін қатынастар

Қазақстан Республикасының Әкімшілік процестік заңнамасы азаматтардың бұзылған немесе дауланатын құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, өзге де көпшілік құқықтық қатынастарды қорғау туралы жеке және (немесе) заңды тұлғалар мен әкімшілік органдар арасындағы дауларды қараған және шешкен кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

2-бап. Қазақстан Республикасында әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнама

1. Қазақстан Республикасының аумағында әкімшілік істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының Әкімшілік процестік кодексімен айқындалады және халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттар мен нормаларға негізделген. Әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге де заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге жатады.

2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік процестік құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады.

3. Осы Кодекс әкімшілік сот ісін жүргізудің негізгі міндеттері мен қағидаттарын айқындайды, көпшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды қарау тәртібін белгілейді және жекелеген санаттар бойынша іс жүргізудің ерекшеліктерін ескере отырып, барлық әкімшілік істерге қолданылады.

4. Әкімшілік сот ісін жүргізуді жүзеге асыру барысында туындаған қатынастарды реттейтін процестік құқық нормалары болмаған жағдайда сот ұқсас қатынастарды (ұқсас заң) реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған кезде Қазақстан Республикасында сот төрелігін жүзеге асыру қағидаттарынан туындай отырып, әрекет етеді (ұқсас құқық).

5. Әкімшілік сот ісін жүргізу әкімшілік істі қарау және шешу, жекелеген процестік әрекеттер жасау немесе сот шешімін орындау уақытында әрекет ететін процестік құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Осы Кодекстің күші Қазақстан Республикасының соттарында азаматтық және қылмыстық істер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібіне қолданылмайды. 

 

3-бап. Әкімшілік сот ісін жүргізуде басым күші бар құқықтық нормаларды қолдану

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар және республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары арасында қайшылықтар болған жағдайда Конституцияның ережелері қолданылады.

2. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормалары арасында қайшылықтар болған жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылады. Осы Кодекс пен өзге де заңдардың нормалары арасында қайшылықтар болған жағдайда осы Кодекстің ережелері қолданылады.

3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетіннен басқа жағдайларда олар тікелей қолданылады.

 

4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әкімшілік іс – соттың іс жүргізуіне қабылданған көпшілік құқықтық қатынас субъектілері арасындағы құқықтық дауды шешу туралы талап, осы дауға қатысы бар материалдар, сондай-ақ өзге де көпшілік құқықтық қатынастардан туындайтын талап. «Әкімшілік іс» ұғымы «әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс» ұғымына қолданылмайды;

2) әкімшілік сот ісін жүргізу (әкімшілік процесс) – бір тараптан мемлекеттік органдар және/немесе әкімшілік-құқықтық (көпшілік-құқықтық) қатынастарда мемлекет атынан басқарушылық функцияларды жүзеге асыруға Конституциямен, заңдармен, Қазақстан Республикасының өзге де норпмативтік құқықтық актілерімен уәкілетті олардың лауазымды тұлғалары арасындағы әкімшілік-құқықтық (көпшілік-құқықтық) қатынастардан туындайтын даулар бойынша іс жүргізу, екінші тараптан, жеке және (немесе) заңды тұлғалар, мекемелер, сондай-ақ өзге де көпшілік құқықтық қатынастардан туындайтын  талаптар бойынша іс жүргізу;

3) әкімшілік акт – нақты жағдайды шешу мақсатында және белгілі бір адамдар немесе адамдардың жеке-дара белгілі бір ауқымы үшін құқықтық салдарлар туындататын көпшілік құқық саласында әкімшілік орган қабылдаған сырттай салдарға ие өкім, шешім немесе жеке-дара қолданатын өзге де құқықтық акт;

4) әкімшілік талап қою (талап қою) – көпшілік құқықтарды қорғау, бұзылған немесе дауланған құқықтарды, олардың мемлекеттік немесе өзге де көпшілік өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты органдар қызметін соттың бақылауын қолдану қажеттігіне байланысты талаптар мазмұндалған әкімшілік-құқықтық (көпшілік-құқықтық) қатынастардан туындайтын бостандықтарды немесе заңмен қорғалатын мүдделерді қалпына келтіру мақсатында сот берілген процестік құжат;

5) әкімшілік талапкер (талапкер) – өзінің құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген жеке, заңды тұлға немесе ұйым не мүддесіне прокурор немесе заңмен осындай өкілеттік берілген өзге тұлға талап арыз берген тұлға не осы Кодекспен көзделген жағдайларда талап қою құқығы берілген өзге тұлға;

6) әкімшілік жауапкер (жауапкер) – әкімшілік іс бойынша талап қойылған мемлекеттік басқару органы және/немесе оның лауазымды тұлғасы;

7) әкімшілік-құқықтық қатынастар – әкімшілік органдар көпшілік әкімшілендіруді жүзеге асыру барысында туындайтын заңдармен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен регламенттелген құқықтық қатынастар;

8) әкімшілік даулар – адамдардың көпшілік әкімшілендіру субъектілерімен жанжалдары;

9) әкімшілік органдар – атқарушы билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, соның ішінде алқалық органдар, сондай-ақ заң негізінде әкімшілік істерді қарауға және әкімшілік актілер қабылдауға уәкілетті жеке және заңды тұлғалар; 

10) мүдделі тұлға –қабылдаанған немесе қабылданатын әкімшілік акті нәтижесінде өзінің құқығы немесе заңмен қорғалатын мүддесі қозғалған немесе қозғалуы мүмкін тұлға;

11)  заңды өкілдер - ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ іске қатысатын адам қамқорындағы ұйымның және адамдардың өкілдері;

12) алдын-ала іс жүрнізу – іс соттың талқылауына тағайындалғанға дейін жүзеге асырылатын іс жүргізу;

13) төраға –судьяның міндеттемелерін орындаумен қатар сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешетін және заңмен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыратын тиісті соттың төрағасы;

14) төрағалық етуші – істі алқалық қараған кезде төрағалық ететін не істі жеке-дара қарайтын судья;

15) талап арыз беру құқығына ие тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, жеке кәсіпкерлер, лауазымды тұлғалар, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, қоғамдық ұйымдар,  заңды тұлға құрылмаған, Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте құрылған және қызметін жүзеге асыратын ұйымдар.

2. Осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мәндерде, сондай-ақ өзге де заңнамалық актілермен басқа да арнаулы ұғымдар пайдаланылады.

        

2-тарау. Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеттері мен қағидаттары

 

5-бап. Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеттері

Әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеттері:

1) жеке тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, әкімшілік істерді әділ, бейтарап және дер кезінде қарау және шешу жолымен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

2) әкімшілік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары қызметінің заңдылығын бақылауды қамтамасыз ету;

3) лауазымды тұлғалар үшін белгіленген міндеттемелердің орындалу сапасын бақылау;

4) бұзылған құқықтарды қалпына келтіру болып табылады.

 

6-бап. Әкімшілік сот ісін жүргізудің қағидаттары

1. Әкімшілік сот ісін жүргізудің жалпы қағидаттары: заңдылық, судьялардың тәуелсіздігі, сот төрелігін соттың ғана жүзеге асыруы, барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі, жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу, іске қатысушы адамдардың іскерлік беделі, сот талқылауының жариялылығы, сот актілерінің міндеттілігі, сот актілеріне шағым жасау бостандығы болып табылады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде атап өтілген азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттары егер оның мақсаттарына және міндеттеріне қайшы келмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуге де тең дәрежеде қолданылады.

 

7-бап. Қорғау үшін сотқа жүгінуге құқығы

1. Әркімнің бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

2. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде, азаматтар мен заңды тұлғалар осы Кодексте белгіленген тәртіппен басқа адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының бұзылған немесе даулы құқықтарын қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.

3. Шетелдік адамдар, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары сияқты сот қорғауына арналған осындай құқықты пайдаланады.

4. Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында талап қойып сотқа жүгінуге құқылы.

         5. Әр адам үшін заңмен көзделген соттылық оның келісімінсіз ешкімге өзгертілуі мүмкін емес.

6. Сотқа жүгіну құқығынан бас тартуға мәжбүрлеу заңсыз болып табылады және заңнамамен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

7. Сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.

8. Егер заңнамалық актілермен дауды реттеудің міндетті түрдегі сотқа дейінгі тәртібі белгіленсе, сотқа жүгіну осы тәртіп сақталғаннан кейін ғана мүмкін болады.

 

8-бап. Әкімшілік сот ісі жүргізілетін тіл

1. Әкімшілік істер бойынша сот ісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілінде жүргізіледі, қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі қолданылады.

2. Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап арыз берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Алдын-ала іс жүргізу сатысында тараптардың жазбаша өтініші бойынша сот ісін жүргізу тілін ұйғарыммен өзгертуге құқылы.

3. Іске қатысушы және әкімшілік сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдарға мәлімдемелер жасау, түсініктемелер мен айғақтар беру, өтінішхаттар мәлімдеу, шағымдар жасау, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа да тілде сөз сөйлеу; осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметтерін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.

 

9-бап. Әкімшілік сот ісін жүргізу тараптарының жарыспалылығы мен тең құқықтылығы. Соттың белсенді рөлі

1. Тараптар іс жүргізу құқықтарын тең пайдаланады және іс жүргізу міндеттерін тең көтереді, әкімшілік сот ісін жүргізу барысында өз ұстанымын, оны қорғау әдістері мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады.

2. Сот тәуелсіздікті, объективтілікті және бейтараптылықты сақтай отырып, сот процесіне басшылықты жүзеге асырады, процеске қатысушылардың түсініктерімен, арыздарымен және ұсыныстарымен, тараптар ұсынған дәйектермен және дәлелдемелермен шектелместен істе бар материалдар негізінде өз бастамасы бойынша дауды дұрыс шешу үшін маңызы бар барлық мән-жайларды анықтайды. Сот өзіне ұсынылған фактілермен, іске қатысушы тұлғалардың құқықтық дәйектерімен, дәлелдемелерді зерттеу туралы олардың өтініштерімен байланысты емес және тараптардан фактілерді растайтын қосымша дәлелдемелер ұсынуды талап ете алады.

3. Судья талап арызда жол берілген қалыпты қателерді жоюға жәрдемдесуге, түсініксіз талап арыздарды түсіндіруге және нақтылауға, процестік әрекеттерді жасаудың немесе жасамауды түсіндіруге, тиісті мақсатты арыздарды қоюға көмек көрсетуге, толық емес нақты фактілерді толықтыруға, сондай-ақ мән-жайларды (ақылға қонымды шаралар) айқындау және бағалау үшін маңызы бар түсініктер ұсынуға, әрбір тараптың құқықтық ұстанымын және дауларды шешудің келешегін тараптармен талқылауға, оны бітімгерлік жолмен реттеуге шаралар қабылдауға міндетті.

4. Іске қатысушы тұлғалар мәлімделген талаптарға және дәлелдемелерді жинақтауға байланысты мән-жайларды зерттеуде сотқа көмек көрсетуге міндетті.

 

10-бап. Ақылға қонымды мерзімді сақтау

1. Әкімшілік істер бойынша алдын-ала іс жүргізу бірінші сатыдағы сотта ақылға қонымды мерзімде жүзеге асырылады. Ақылға қонымды мерзімді сақтауды бақылауға шаралар қабылдауға осы Кодекспен белгіленген жағдайларда және тәртіпте жол беріледі.

2. Істі сот талқылауына тағайындағанға дейін бірінші сатыдағы сотқа талап арыз келіп түскен күннен бастап өзіне қосылатын кезеңді өзіне қосатын алдын-ала іс жүргізудің ақылға қонымды мерзімін айқындаған кезде әкімшілік істің құқықтық және нақты күрделілігі, процестік құқықтарды пайдалану және процестік міндеттемелерді орындау, процестік жеткіліктілік және әкімшілік істі жедел қарау мақсатында жүзеге асырылатын сот әрекетінің тиімділігі дәрежесінде көрінетін әкімшілік процеске қатысушы адамдардың тәртібі ретінде ескеріледі.

3. Судьяны ауыстыру, сондай-ақ түрлі сатыларда әкімшілік істерді қарау қажеттігін қоса алғанда, соттың жұмысын шектеуге байланысты мән-жайлар сот әрекетінің тиімділігін теріс бағалау үшін негіз ретінде назарға қабылдана алмайды.

 

 

11-бап. Әкімшілік органның қызметіне соттың араласуына жол бермеу

Сот дауланатын әкімшілік актіге және оның мақсаттылығы мен мөлшерлестігі нысанына әкімшілік органның әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) бағалау жүргізбейді, тек қана нақты жағдайда заңның немесе нормативтік құқықтық актінің бұзылмағанын, әкімшілік органның өз құзыретін асырмағанын, сондай-ақ осы орган өзі бекітілген және тиісті бөлінген өкілеттіктерге сәйкес мақсаттар мен міндеттерге актінің (әрекеттің) қайшы келмейтінін белгілейді.

 

12-бап. Дәлелдеу бойынша міндеттеме

1. Дауланатын әкімшілік акт шығарған әкімшілік орган (лауазымды тұлға) осы актіні шығаруды қажет ететін нақты жағдайлардың бар екенін дәлелдеуге міндетті.

2. Әкімшілік орган (лауазымды тұлға) әкімшілік акті шығаруға және адамның құқықтары мен бостандықтарын тікелей бұзуға байланысты емес заңсыз араласудан қорғау туралы талап бойынша осылайша араласуды қажет ететін нақты жағдайлардың бар екенін дәлелдеу бойынша міндеттеме тиісті органға жатқызылады.

3. Әкімшілік акті (мәжбүрлеу туралы) шығару туралы талап бойынша талап арыз бойынша осы актіні шығаруды қажет ететін нақты жағдайлардың бар екенін дәлелдеу бойынша міндеттеме талапкерге жатқызылады. Алайда, егер әкімшілік орган (лауазымды тұлға) талапкер қалайтын нақты жағдайда әкімшілік акті шығаруды болдырмайтын нақты жағдайлардың болуына сілтеме жасайды, дәлелдеу бойынша міндеттеме тиісті органға тиесілі.

4. Қаралуы осы Кодекстің 26-29-тарауларымен көзделген істер бойынша дәлелдеу міндеттілігі талапкерге жүктеледі.

 

13-бап. Білікті заң көмегіне құқықтарын қамтамасыз ету

1. Әркімнің әкімшілік процесс барысында осы Кодекстің ережелеріне және өзге де заңнамалық актілерге сәйкес білікті заң көмегін алуға құқығы бар.

2. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.

                       

14-бап. Әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаттарының маңызы

Әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаттарын, оның сипаты мен мәніне байланысты бұзу шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады.

 

3-тарау. Ведомстволық қарау және соттылық

 

15-бап. Әкімшілік істердің соттарда ведомстволық қаралуы

1. Әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібінде әкімшілік актіні даулау туралы, құқықты қорғау туралы, міндеттемені орындау туралы, әрекеттің (әрекетсіздіктің) заңдылығы туралы талаптар бойынша әкімшілік істер, сондай-ақ осы Кодекстің 26-29-тарауларында аталған істер қаралады.

Әкімшілік соттардың ведомстволық қарауына заңдарға сәйкес әкімшілік істердің басқа да санаттары жатқызылуы мүмкін.

2. Әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібінде қарауға жатпайтындар:

1) тексерілуі Қазақстан Республикаксы Конституциялық Кеңесінің айырықша құзыретіне жатқызылған нормативтік құқықтық актілер;

2)  өзге де органдардың құзыреттеріне жатқызылған өзге де нормативтік құқықтық актілер;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы құзырет мәселелері бойынша даулар, басқа да соттардың ведомстволық қарауына жатқызылған өзге де әкімшілік даулар.

 

16-бап. Әкімшілік істердің соттылығы

1. Әкімшілік істерді бірінші саты бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар қарайды. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот құрылмаса, оның соттылығына жатқызылған істерді осы Кодекспен белгіленген тәртіпте аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы.

2. Әскери соттар басқа мамандандырылған соттардың соттылығындағы істерді есептемегенде, егер жауапкер әскери басқару органы, әскери бөлімше болып табылса, Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, әскери жиындардан өтіп жатқан азаматтарға байланысты әкімшілік істерді қарайды.

3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне), Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы жеке-дара қарайтын Референдумның орталық комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) дау айту туралы әкімшілік істерді бірінші сатыдағы соттың ережелері бойынша қарайды.

4. Сот ісін жүргізудің әрқилы түрі тәртібінде қарауға жататын бірнеше талапты бір іс жүргізуге біріктіруге жол берілмейді.

5. Осы баптың бірінші бөлігінің ережелері осы Кодекстің 26-29-тарауларында аталған істерді қарауға белгіленген ерекшеліктермен қолданылады.

          

17-бап. Жауапкердің тұрған жері бойынша талап қою

Талап сотқа жауапкердің тұрғылықты жері бойынша қойылады.

 

18-бап. Талапкердің таңдауы бойынша соттылық

Әкімшілік органға оның аумақтық органы қызметінен туындайтын талап арызды аумақтық органның тұрған жері бойынша сотқа берілуі мүмкін.

Бірнеше әкімшілік органға талаптар жауапкерлердің бірінің тұрғылықты жері бойынша қойылады.

Осы бапқа сәйкес іс қарауына жататын бірнеше соттың арасынан таңдау жасау талапкерге тиесілі.

 

19-бап. Іс жүргізуге қабылданған істі басқа сотқа беру

1. Бір соттың іс жүргізуіне қабылданған іс алдын-ала іс жүргізу сатысында:

1) егер істі осы сотта қараған кезде оның іс жүргізуге соттылық ережелерін бұза отырып қабылданғаны анықталса;

2) бір немесе бірнеше судьяға қарсылық білдірілгеннен кейін не судьялар басқа да себептер бойынша ауыстырылса немесе осы сотта істі қарау мүмкін болмаса басқа соттың қарауына берілуі мүмкін .

2. Істі бір соттан екінші сотқа беру туралы мәселе тараптардың (тараптың) арызы негізінде не соттың бастамасы бойынша осы баптың 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес іске қатысушы тұлғаларға хабарланбаған іс жүргізуінде іс бар сот қарайды. Істі басқа сотқа беру туралы ұйғарым шығарылады, оған жеке шағым немесе наразылық келтірілуі мүмкін.

    Істі бір соттан екіншісіне беру осы ұйғарымға шағым беру мерзімінің аяқталуы бойынша, ал шағым берілген, наразылық келтірілген жағдайда ол заңды күшіне енгіізілген соң жүргізіледі. Апелляциялық сот сатысының соттылық мәселесі бойынша қаулысы түпкілікті болып табылады.

3. Бір соттан екіншісіне жолданған істі ол жолданған сот іс жүргізуіне қабылдап алуы тиіс. Соттар арасында соттылығы туралы дауларға жол берілмейді.

4. Істі бір облыста орналасқан бір соттан екіншісіне беру туралы мәселені осы баптың 1-бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес шешімі түпкілікті болып табылатын тиісті сот төрағасының ұсынысы бойынша апелляциялық сатыдағы сот шешеді.

Істі түрлі облыстарда орналасқан бір соттан екіншісіне беру туралы мәселені  шешімі түпкілікті болып табылатын тиісті сот төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты шешеді.

5. Соттылық ережелерін сақтай отырып соттың іс жүргізуіне қабылданған және сот отырысында қарауға тағайындалған істі олар тіпті егер оны қарау барысы басқа соттың соттылығына жатқызылса да, мәні бойынша қарауы тиіс.

 

 

4-тарау. Дауды сотқа дейін реттеу

 

20-бап. Кiнә қоюдың шарттары мен тәртiбi

1. Дауды сотқа жүгінгенге дейін тікелей реттеу мақсатында талапкер (кінә қоюшы) және (немесе) оның өкілі мазмұны осы Кодекстің 21-бабының талаптарына сәйкес келуі тиіс жазбаша кінә қоюмен жоғары тұрған әкімшілік органға жүгінеді.

2. Егер жауапкерде бағыныстылық тәртібінде жоғары тұрған орган болмаса кінә қою осы әкімшілік орган береді және қарайды.

3. Кінә қою талапкерге оның құқықтары, бостандықтары немесе заңмен қорғалатын мүдделерінің бұзылғаны туралы белгілі болған күннен бастап бір ай ішінде беріледі. Аталған мерзімді өткізіп алу оны жоғары тұрған мемлекеттік басқару органының қабылдаудан және қараудан бас тартуына негіз болап табылмайды.

4. Кінә қоюды берудің бір айлық мерзімін өткізіп алу соттың талап арызды қабылдаудан бас тартуына негіз бола алмайды. Мерзімді өткізіп алу себебі дауды мәні бойынша қараған кезде анықталады, талапкерге осы Кодекспен белгіленген процестік мән беру шараларын қолдану үшін негіз, егер дауды сотқа дейінгі реттеуге белгіленген мерзімнің орнына сотқа жүгіну  үшін заңмен белгіленген мерзім дәлелсіз себептер бойынша өтіп кетсе және оны қалпына келтіруге негіз болмаса талап арыздан бас тартуға негіз болып табылады.

5. Кінә қоюды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган не олар құрған арнаулы орган не заңнамаларға сәйкес құрылған өзге орган жүзеге асырады.

6. Арызданушының дауды реттеудің міндетті сотқа дейінгі тәртібін сақтамауы талап арызды кері қайтару үшін негіз болып табылады. 

         7. Заңмен көзделген жағдайларда осы баппен белгіленген тәртіпті сақтамастан сотқа жүгінуге болады.

 

21-бап. Кiнә қоюдың мазмұны

1. Кінә қоюда:

1) талапкердің (кінә қоюшының) толық атауы және почталық деректемелері, кінә қою ұсынылатын әкімшілік органның атауы және почталық деректемелері, оны қою күні;

2) осы мән-жайларды растайтын кінә қою және дәлелдемелер негізіндегі мән-жайлар;

3) арызданушының талабы;

4) кінә қоюға қоса берілетін құжаттардың тізбесі, сондай-ақ талаптың негізділігінің басқа да дәлелдемелері;

5) талапкердің және (немесе) оның өкілінің қолы;

6) растама немесе өкілдің өкілеттігін растайтын өзге де құжат мазмұндалуы тиіс.  

2. Арызданушының талаптарын растайтын құжаттар заңнамалармен белгілепнген тәртіпте расталған көшірмелерде қоса беріледі.

3. Кінә қою тапсырыс хатпен, телеграф, факс бойынша немесе оны жөнелтілген күні жеткізуді не қол қою арқылы табыс етуді қамтамасыз ететін басқа да байланыс құралын пайдалана отырып жолданады.

 

22-бап. Кiнә қоюды қараудың тәртiбi мен мерзiмдерi

1. Жоғары тұрған әкімшілік орган шешімді егер Қазақстан Республикасының заңнамаларымен өзге мерзімдер көзделмесе кінә қоюды алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде шығарады және оны талапкерге (кінә қоюшыға) және егер кінә қоюды огсы тұлға жолдаса оның өкіліне жолдайды.

2. Кінә қоюға жауапта:

1) талапкердің (кінә қоюшының) және (немесе) жауап жолданған оның өкілінің толық атауы, почталық деректемелері, жауап берілген күн;

2) кінә қою толықтай немесе ішінара танылған жағдайда кінә қою қанағаттандырылған мерзім көрсетеді;

3) кінә қою толықтай немесе ішінара қабылданбаған жағдайда – тиісті нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасалған қабылдамау себептері мазмұндалуы тиіс.

4. Жауап тапсырыс хатпен, телеграф, факс бойынша немесе оны жөнелтілген күні жеткізуді не қол қою арқылы табыс етуді қамтамасыз ететін басқа да байланыс құралын пайдалана отырып жолданады.

5. Егер жауапкер бір ай мерзім ішінде талапкерге (кіеә қоюшыға) және кінә қоюды осы тұлға жолдаған болса оның өкіліне жолданбаса, дауды сотқа дейінгі реттеудің шарттары мен тәртібі сақталған деп есептеледі және талапкерге талап арызбен сотқа жүгінуге құқық береді.

 

5-тарау. Соттың құрамы. Қарсылық білдірулер

 

23-бап. Соттың құрамы

1. Бірінші сатыдағы сотта әкімшілік істерді судья жеке-дара қарайды және шешеді, ол сот атынан әрекет етеді.

2. Апелляциялық сатыдағы сотта әкімшілік істерді біреуі төрағалық етуші болып табылатын құрамында кемінде үш судья болатын облыстық немесе оған теңестірілген әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқасы қарайды. Жеке шағымды және наразылықты судья жеке-дара қарайды.

3. Кассациялық сатыдағы сот әкімшілік істерді алқа төрағасының төрағалық етуімен кемінде үш судьядан тұратын құрамда не оның ауызша немесе жазбаша тапсырмасы бойынша бір судья Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық және әкімшілік істер бойынша кассациялық сот алқасы қарайды.

4. Осы Кодекспен көзделген жағдайда әкімшілік істерді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы жеке-дара қарайды.

                                                                                                               

24-бап. Алқалы құрамдағы соттың мәселелерді шешу тәртібі. Ерекше пікір

1. Істерді соттың алқалы құрамы қараған және шешкен кезде барлық судьялар тең құқықтарды пайдаланады. Істі алқалы сот құрамы қараған және шешкен кезде туындаған барлық мәселелерді судьялар көпшілік дауыспен шешеді. Әрбір мәселені шешкен кезде судьялардың ешқайсысы дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес.

2. Баяндамашы судья ұсыныс енгізеді, құқықтық мәселелерден туындаған істердің мән-жайлары бойынша өз ойын айтады және басқа судьялармен талқыланатын дауды мәнімен шешу бойынша өз пікірін білдіреді. Шешім қабылдаған кезде төрағалық етуші соңынан дауыс береді.

3. Сот актісін қабылдауға не сот актісін шығарған кезде шешілуі тиіс жекелеген мәселелерге қатысты дауыс берген судьялардың көпшілігінің пікірімен келіспеген судья сот актісіне қол қоюға міндетті және өзінің ерекше пікірін жазбаша түрде баяндай алады.

4. Шешім қабылданған және актіге қол қойған соң сот отырыс залына оралады, ол жерде төрағалық етуші немесе судьялардың бірі оны жариялайды. Төрағалық етуші сот шешімінің мазмұнын, оған шағым беру тәртібін және мерзімдерін ауызша түсіндіреді, сондай-ақ судьяның ерекше пікірінің бар екені туралы жария етеді.

5. Қабылданған шешім бойынша ерекше пікірінде қалған судья сот шешім қабылдаған күннен бастап бес күндік мерзімде ерекше пікірін жазбаша түрде баяндауға құқылы. Судья ерекше пікірін баяндаған кезде дау туралы құқықтық ұстанымын көрсетеді, алайда, шешімді талқылаған және шешкен кезде орын алған пікірлері туралы, сот құрамына кіретін жекелеген судьялардың ұстанымдары туралы мәліметтерді онда көрсетуге немесе судьялар кеңесінің құпиясын өзге де тәсілмен ашуға құқығы жоқ. Судьяның ерекше пікірі іс материалдарына тігіледі.

 

25-бап. Судьяның істі қарауға және шешуге қайта қатысуына жол берілмейтіндігі

1. Бірінші сатыдағы сотта әкімшілік істі қарауға және шешуге қатысқан судья осы істі бірінші сатыдағы сотта, сондай-ақ апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы соттарда қайтадан қарауға, сол сияқты өзінің қатысуымен қабылданған шешімнің күші жойылған жағдайда істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.

2. Апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, кассациялық немесе қадағалау сатыларындағы сотта қарауға, сол сияқты өзінің қатысуымен қабылданған сот актісінің күші жойылған жағдайда істі апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға қатыса алмайды.

3. Кассациялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі бірінші, апелляциялық сатыларындағы сотта қарауға қарауға қатыса алмайды.

 

26-бап. Судьяға қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін негіздер 

1. Судья, егер ол:

1) осы істі мұның алдында қарау кезінде прокурор, куә, сарапшы, маман, аудармашы, тараптың немесе үшінші тұлғаның өкілі, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы ретінде қатысса;

2) іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің бірінің туысы, жұбайы немесе жекжаты болса;

3) бұрын мүддесі әкімшілік сот ісін жүргізуде қозғалған адамның өкілі болған болса;

4) істің шешілуіне өзі, тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса, егер оның бейтараптығына негізді күмән тудыратын өзге де мән-жайлар болса, істі қарауға және шешуге қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс.

2. Істі қарайтын соттың алқалы құрамына өзара туыс болып табылатын судьялар кіре алмайды.

3. Алдын ала іс жүргізу сатысында судья айтқан алдын-ала құқықтық пікір судьяның қарсылық білдіруі немесе өздігінен кетуі үшін негіз бола алмайжы.

 

27-бап. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін негіздер

1. Осы Кодекстің 26-бабының бірінші бөлігінің 1)-4) тармақшаларында көрсетілген қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) үшін негіздер, сондай-ақ сот отырысына қатысушы прокурорға, сот отырысының хатшысына, маманға, аудармашыға, сарапшыға да қолданылады.

2. Бұған қоса сарапшы, маман, аудармашы, егер ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет бабымен немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе соттың істі қарауы және шешуі кезінде сот отырысына қатыса алмайды.

3. Сот отырысы хатшысының, маманның, аудармашының  істі мұның алдында қараған және шешкен кезде тиісінше маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіру үшін негіз болып табылмайды.

4. Осы Кодекстің 26-бабының бірінші бөлігінің 1)-4) тармақшаларында көрсетілген қарсылық білдіру үшін негіздер сондай-ақ прокурорға қолданылады. Осы істі мұның алдында қараған кезде прокурордың қатысуы прокурор ретінде қарсылық білдіру үшін негіз болып табылмайды.

 

28-бап. Қарсылықтар білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыздар

1. Осы Кодекстің 26, 27-баптарында аталған мән-жайлар болған кезде судья, сот отырысының хатшысы, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Іске қатысушы адамдарға сол негіздер бойынша қарсылық білдіруге тиіс.

2. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) себебі көрсетілуге және істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін жазбаша түрде мәлімделуге тиіс. Істі қарау барысында қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) негізі сотқа немесе қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) мәлімдеген адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған жағдайда қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыз берілуі мүмкін.

3. Судьяның осы Кодекстің 26-бабының бірінші бөлігінің 1) - 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша өздігінен бас тартуды мәлімдеуі оны қанағаттандыру үшін сөзсіз негіз болып табылады.

 

29-бап. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды қарау тәртібі

1. Сот отырысының хатшысына, прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) сот қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) мәлімделген сот отырысында қарайды және шешеді.

2. Бірінші сатыдағы соттың судьясына мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) осы соттың төрағасы немесе басқа судьясы тараптарға хабарламастан мәлімделген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал олар болмаған жағдайда – тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың судьясы ол келіп түскен сәттен бастап көрсетілген мерзімде қарайды және шешеді.

3. Апелляциялық сатыдағы соттың судьясына мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы тараптарға хабарламастан қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) мәлімделген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, ал ол болмаған кезде – осы соттың басқа судьясы қарайды және шешеді.

4. Істі соттың алқалы құрамы қараған кезде судьялардың біріне мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) соттың алқалы құрамының басқа судьялары қарайды. Сот мәлімделген қарсылық білдіру бойынша іске қатысушы адамдардың пікірін, егер түсініктеме бергісі келсе, қарсылық білдірілген судьяның пікірін тыңдайды. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) мәлімделген судьяның қатысуынсыз кеңесу бөлмесінде шешіледі. Қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) жақтаған және оған қарсы дауыстар саны тең болған жағдайда қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) қанағаттандырылды деп есептеледі.

5. Істі сот отырысында қарайтын соттың екі және одан да көп судьясына немесе алқалы құрамындағы барлық судьяларына мәлімделген қарсылық білдіруді (өздігінен бас тартуды) нақ сол сот толық құрамда жай көпшілік дауыспен шешеді.

6. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыз қабылданбаған кезде соттың сол алқалы құрамы істі қарауды және шешуді сол сот отырысында жалғастырады.

7. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арыз қанағаттандырылған жағдайда істі қарау кейінге қалдырылады. Істің жаңа сот отырысында қаралатын уақыты мен орны туралы іске қатысушы адамдар мен олардың өкілдеріне хабарланады.

8. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды қарау нәтижелері бойынша сот ұйғарымы шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық, кассациялық шағымдарға немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін.

 

30-бап. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы арызды қанағаттандырудың салдары

1. Әкімшілік істі жеке-дара қарап жатқан судьяға қарсылық білдірілген (өздігінен бас тартылған) жағдайда бұл істі басқа судья сол сотта қарайды. Егер іс жүргізуінде іс тұрған сотта судьяны ауыстыру мүмкін болмаса, іс жоғары тұрған сот арқылы бірінші сатыдағы басқа сотқа беріледі.

2. Істі облыстық және оған теңестірілген сотта, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қарау кезінде судьяға қарсылық білдірілген (өздігінен бас тартылған) не соттың бүкіл құрамына қарсылық білдірілген жағдайда істі сол сотта басқа судья немесе судьялардың басқа құрамы қарайды.

3. Егер облыстық және оған теңестірілген сотта өздігінен бас тартулар немесе қарсылықтар білдіру қанағаттандырылғаннан кейін не осы Кодекстің 25, 26-баптарында көрсетілген себептер бойынша осы істі қарау үшін жаңа сот құрамын құру мүмкін болмаса, іс қаралатын сотты анықтау үшін іс Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына берілуге тиіс.

 

6-тарау. Іске қатысушы тұлғалар

 

31-бап. Әкімшілік іс жүргізу құқық қабілеттілігі

Әкімшілік іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі (әкімшілік іс жүргізу құқық қабілеттілігі) әкімшілік-құқықтық (көпшілік-құқықтық) қатынастар саласында, әкімшілік органдар мен олардың лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген өздерінің құзыреттері шегінде құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін соттың қорғауы құқығына ие барлық жеке немесе заңды тұлғалар үшін бірдей дәрежеде танылады.

 

32-бап. Әкімшілік іс жүргізу әрекет қабілеттілігі

1. Сотта өздерінің әрекеттерімен өз құқықтарын дербес жүзеге асыру және міндеттерін орындау (әкімшілік іс жүргізу әрекет қабілеттілігі) он сегіз жасқа толған азаматтарға, заңды тұлғаларға, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес құрылған ұйымдарға толық көлемде тиесілі болады.

2. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды. Сот осындай істерге кәмелетке толмағандардың өздерін немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтарды қатыстыруға міндетті. Кәмелетке толмағандардың немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша сот егер оның осындай санаттағы істер бойынша міндетті түрде қатысуы заңмен көзделмесе, прокурорды іске қатысуға тартуы мүмкін.

3. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың заңды өкілдері, прокурор қорғайды.

4. Заңда көзделген негіздер бойынша эмансипацияланған кәмелетке толмағандар эмансипациялау кезінен бастап толық іс жүргізу қабілеттілігіне ие болады.

5. Әкімшілік органның атынан құзыретіне тиісті әкімшілік акті шығару немесе нақты әрекет етуді жүзеге асыру кіретін мекеме әрекет етеді. 

 

33-бап. Әкімшілік іске қатысушы тұлғалардың құрамы

Тараптар, үшінші тұлғалар, тараптар мен үшінші тұлғалардың өкілдері, сондай-ақ прокурор осы Кодекстің 40-бабының екінші бөлігінде белгіленген өкілеттіктер шегінде әкімшілік іске қатысушы тұлғалар деп танылады.

 

         34-бап. Тараптар

         1. Талапкер мен жауапкер әкімшілік процесте тараптар болып табылады.

         2. Тараптар процестік құқықтарын тең иеленеді және бірдей процестік міндеттері болады.

 

35-бап. Іске қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

1. Іске қатысушы тұлғалардың, сондай-ақ талап қоятын прокурордың іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге; қарсылықтарын мәлімдеуге; дәлелдемелерді табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға; іске қатысушы басқа да адамдарға, куәларға, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға; оның ішінде талапты қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану туралы, дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша, қосымша дәлелдемелерді талап ету туралы, бітістіру рәсімдерін қолдану туралы өтініш беруге; сотқа ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге; сот процесі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге; іске қатысушы басқа да тұлғалардың өтініштері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге; сот жарыссөздеріне қатысуға; сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге; соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға; оларға осы Кодекспен берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар.

2. Іске қатысушы тұлғалар істің нақтылы мән-жайлары туралы сотқа толық әрі шынайы түрде мәлімдеуге, сөз сөйлеуге немесе сотқа екінші тарап растаған фактілерді теріске шығаратын жазбаша дәлелдемелер ұсынуға міндетті.

Іске қатысушы тұлғаларға қандай да болмасын дәлелдемелерді жоюға немесе жасыруға не оларды зерттеуге оларға қандай да болмасын өзге тәсілмен кедергі келтіруге тыйым салынады.

 Іске қатысушы тұлғалардың процестік міндеттерін орындамауы осы Кодексте белгіленген процестік мән беру немесе мәжбүрлеу шараларын қолдануға әкеп соғады.

3. Іске қатысушы тұлғалар өздеріне тиесілі барлық процестік құқықтарды ерікті түрде пайдалануға, оларды асыра пайдаланбауға, басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін бұзбауға, істі мәні бойынша алдын-ала қарау мен шешуді қасақана созбалаңға салуға жол бермеуге және өзінің процестік міндеттемелерін орындауға міндетті.

4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген әрекеттер арыздар мен өтініштерді, жазбаша нысандағы немесе электрондық құжат нысанындағы құжаттарды беру арқылы жасалуы мүмкін.

 

36-бап. Бірнеше талапкердің немесе жауапкердің іске қатысуы

1. Бірнеше талапкер бірлесіп бір немесе бірнеше жауапкерге талап қоюы мүмкін. Талапкерлердің немесе жауапкерлердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады. Тараптар іс жүргізуді тиісінше тең талапкерлердің немесе тең жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады.

2. Егер:

1) бірнеше талапкердің ортақ құқықтары мен міндеттері даудың нысанасы болып табылса;

2) бірнеше талапкердің құқықтары мен міндеттерінің негізі бір болса;

3) бірнеше талапкердің біртекті (ұқсас) құқықтары мен міндеттері даудың нысанасы болып табылса, іске бірнеше талапкердің қатысуына жол беріледі.

         3. Егер:

         1) талапкер мәлімдеген талаптар бірнеше жауапкердің әрекеттерінен туындаса;

         2) бірнеше талапкердің ортақ құқықтары және (немесе) міндеттері даудың нысанасы болып табылса, іске бірнеше жауапкердің қатысуына жол беріледі.

4. Бірнеше талапкердің немесе жауапкердің іске кіруі туралы ұйғарым шығарылады, ол шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды.

5. Қатысушылар іске кірген соң алдын-ала іс жүргізу басынан бастап жүргізіледі.

        

37-бап. Тиісті емес жауапкерді ауыстыру 

1. Істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау басталғанға дейін жауапкерді ауыстыруға жол беріледі. Сот талап қою бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтап, талапкерді шақыртады, тиісті емес жауапкерге талап қоюдың салдарын түсіндіреді және оның келісімі бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыруға жол береді.

2. Егер талапкер тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыруға келіспесе, өз талабын талап етсе, сот істі қойылған талап бойынша қарайды және шешеді.

 

38-бап. Үшінші тұлға

1. Құқықтары істі қарау нәтижесінде қозғалатын немесе қозғалуы мүмкін және тараптардың біріне қатынасы бойынша олардың құқықтарына немесе міндеттемелеріне әсер ететін жеке немесе заңды тұлғалар үшінші тұлғалар болып табылады.

2. Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар алдын-ала іс жүргізу аяқталғанға дейін жауапкерге талап қою арқылы талапкердің (тең талапкердің) процестік мәртебесіне ие болады, барлық құқықтарды пайдаланады және талапкердің барлық міндеттерін орындайды.

Сот алдын-ала іс жүргізген және Қойылып отырған талаптар үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғауы және тараптардың біріне қатынасы бойынша олардың құқықтарына немесе міндеттемелеріне әсер етуі мүмкін екендігі туралы дәйекті деректер болған кезде сот аталған адамдарға тиісті түрде соттың іс жүргізуінде қозғалған істің және үшінші тұлғаның процеске кіруге құқығының бар екені туралы хабарлайды.

Егер үшінші тұлға іске қатысу құқығын немесе бірінші сатыдағы сотта дербес талап қою құқығын іске асырмаса, тиісті түрде хабардар бола тұра сотқа келмесе, сот істі талапкердің қойған талабы бойынша қарайды және шешеді.

3. Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемеген үшінші тұлғалар, егер іс тараптардың біреуіне қатысты олардың құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, алдын-ала іс жүргізу аяқталғанға дейін процеске кірісе алады. Олар тараптардың және іске қатысушы басқа да тұлғалардың өтінішхаты бойынша немесе егер олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды басқа әкімшілік процесте жүзеге асыру мүмкін болмаса соттың бастамасы бойынша іске қатыстырылуы мүмкін.

4. Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдемеген үшінші тұлғаның іске кірісуі туралы шешімді сот алдын-ала іс жүргізу сатысында шешеді, ол туралы ұйғарым шығарылады, ол шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды.

5. Дербес талаптарын мәлімдемеген үшінші тұлғалар процестік құқықтарын пайдаланады және талаптың негізін және (немесе) нысанын өзгерту, талаптардың мөлшерін арттыру немесе азайту, талаптан бас тарту, талапты мойындау, тараптардың бітісуі туралы келісім жасау, қарсы талап қою, сот шешімін мәжбүрлі түрде орындауды талап ету құқығын есептемегенде, талапкердің немесе жауапкердің процестік міндеттерін мойнына алады.

 

39-бап. Іс жүргізудің құқық мирасқорлығы

1. Даулы немесе сот шешімімен белгіленген құқықтық қатынастардан тараптардың біреуі шығып қалған жағдайда (жеке тұлғаның қайтыс болуы, ұйымның қайта ұйымдастырылуы, таратылуы) сот, егер мирасқорлыққа жол берілсе,  сол тарапты оның құқық мирасқорымен ауыстыра аладыды, ол туралы ұйғарым шығарады. Құқық мирасқорлығы процестің кез келген сатысында сот шешім шығанғанға дейін мүмкін болады.

2. Құқық мирасқоры процеске кіргенге дейін жасалған барлық әрекеттер құқық мирасқорын ауыстырған адам үшін қаншалықты міндетті болса, құқық мирасқоры үшін бұл әрекеттер сондай шамада міндетті болады.

3. Кассациялық сатыдағы соттарда сот актілерін қайта қарау сатысында тараптардың біреуі шығып қалған жағдайда, тараптың және іске қатысушы басқа да адамдардың шағымы, өтінішхаты, прокурордың наразылығы қараусыз қалдырылады. Құқық мирасқоры шағымды қайта беруі мүмкін. Наразылық құқық мирасқорының ол туралы өтінішхаты болған кезде қайта берілуі мүмкін.

 

40-бап. Прокурордың әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысуы

1. Прокурордың әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысуы бұл заңда көзделген, прокурордың осы іске қатысу қажеттілігін сот таныған жағдайларда, сондай-ақ прокурордың бастамасы бойынша қозғалған істер бойынша міндетті.

Прокурор өзіне заңмен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы бойынша процеске кіруге құқылы.

2. Прокурор өзіне берілген өкілеттіктерге сәйкес заңмен көзделген немесе мемлекеттік мүддесіне сотқа талап қоюға, егер ол іске қатысушы адам болып табылмаса, сот актілеріне наразылық келтіруге құқылы.

3. Егер мүддесіне прокурор талап қойған тұлға мәлімделген талапты қолдамаса, онда сот оны қараусыз қалдырады.

4. Талап қойған прокурор барлық процестік құқықтарын пайдаланады, сондай-ақ тараптардың бітісуі туралы келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық процестік міндеттерін мойнына алады. Прокурордың басқа адамның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан (арыздан) бас тартуы осы адамды «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы кодексінің талаптарына сәйкес мемлекеттік бажды төлегеннен кейін істі мәні бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды.

5.Прокурордың наразылығында:

1) наразылық білдірілген соттың атауы;

2) наразылық білдірілетін сот актiлерi көрсетілуге;

3) сот актiлерi шығарылған iстiң мәнi жазылуға;

4) заңсыз сот актiсiнiң шығарылуына себеп болған, материалдық не процестік құқық нормаларының елеулi бұзылуы нені білдіретіні көрсетілуге;

5) наразылық білдiрген лауазымды адамның ұсынысы немесе қорытындысы көрсетілуге тиiс.

 

41-бап. Басқа тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгіну

1. Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар немесе азаматтар олардың өтініші бойынша басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін, сол сияқты қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді де қорғау үшін талап қоя отырып, сотқа жүгіне алады.

2. Әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қойылуы мүмкін.

3. Бөгде мүдделерді қорғау үшін талап қойған адамдар барлық процестік құқықтарын пайдаланады және талап қоюдан бас тарту және тараптардың ымыраға келуі туралы келісім жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық процестік міндеттерін мойнына алады.

 

42-бап. Әкімшілік процеске қатысушы басқа да тұлғалар

Әкімшілік процеске қатысушы басқа да тұлғалар: сарапшы, маман, аудармашы, куә, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, іске қатысуға сот жол берген басқа да тұлғалар.

 

43-бап. Сарапшының құқықтары мен міндеттері

1. Сарапшының: сараптама объектісіне жататын іс материалдарымен танысуға; сарапшылық зерттеу үшін өзіне қажетті қосымша материалдарды беру туралы өтінішхатты мәлімдеуге; процестік әрекеттерді жүргізуге және сот отырысына қатысуға және соттың рұқсатымен оларға қатысатын адамдарға сарапшылық зерттеу объектісіне қатысты сұрақтар қоюға; өзі қатысқан жеке процестік әрекеттің хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының тиісті бөлігімен танысуға және жүргізілген әрекеттер мен алынған нәтижелердің толық және дұрыс тіркелуіне қатысты хаттамаға енгізілуге жататын ескертулер жасауға; сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, маңызы бар мән-жайлар бойынша, оның ішінде сот тұжырымдаған сұрақтар шегінен шығатын мән-жайлар бойынша қорытынды беруге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге; сараптаманы жүргізу кезінде адамдардың процестік құқықтарын бұзатын әрекеттеріне шағым жасауға; сараптаманы жүргізу кезінде шегілген шығыстардың өтелуіне құқығы бар.

2. Сарапшы: соттан бөлек, іске қатысатын адамдармен сараптаманы жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; сарапшылық зерттеу үшін материалдарды өз бетінше жинауға; егер сараптама тағайындаған соттың бұған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеліп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге құқылы емес.

3. Сарапшы: соттың шақыруы бойынша келуге; өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге, өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген жазбаша қорытынды беруге; осы Кодекстің 76-бабының сегізінші бөлігінде көзделген жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға және қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы уәжді жазбаша хабар жасауға және оны сотқа жіберуге; жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге; зерттеліп жатқан объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге; істің мән-жайы туралы мәліметтерді және сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етпеуге міндетті.

4. Сарапшы көрінеу жалған қорытынды бергені үшін заңда көзделген қылмыстық жауаптылықта болады.

 

44-бап. Маманның құқықтары мен міндеттері

1. Сот ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға консультациялар (түсiндiрмелер) беру және көмектесу арқылы дәлелдемелердi жинауда, зерттеуде және бағалауда жәрдем көрсету мақсатында сот отырысына немесе iс жүргiзу әрекеттерiне қатыстыру үшiн iстiң нәтижесiне мүдделi емес, арнаулы білiмi бар кәмелетке толған адамды маман ретiнде тартуы мүмкiн. 
      Сот тараптың өтініші бойынша да мамандарды тартуға құқылы. Iске қатысатын адамдар арнаулы бiлiмi бар және (немесе) дағдыға ие нақты адамды маман ретiнде тарту туралы сотқа өтiнiш жасай алады. 

2. Маман ретінде шақырылған адамның: өзінің шақырылуы мақсатын білуге; егер арналуы білімі және (немесе) дағдысы болмаса, іс бойынша іс жүргізуге қатысудан бас тартуға; соттың рұқсатымен іс жүргізу әрекетіне қатысушыларға сұрақтар беруге; іс жүргізу әрекетіне қатысушылардың назарын дәлелдемелердi жинауға, зерттеуге және бағалауға жәрдем көрсету кезінде, ғылыми-техникалық құралдарды қолдану, сараптама тағайындау үшін материалдарды дайындау кезінде өзінің іс-әрекетіне байланысты мән-жайларға аударуға; өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының тиісті бөлігімен танысуға және өзінің қатысуымен жүргізілген әрекеттердің барысы мен нәтижелері көрсетілуінің толымдығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізілуге тиісті мәлімдемелер мен ескертпелер жасауға; өзінің іс жүргізу әрекеттеріне қатысуға байланысты өзіне келтірілген шығындарға өтем және іс бойынша іс жүргізуге қатысу оның қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға құқығы бар.

4. Маман болып тағайындалған адам: соттың шақыруы бойынша келуге; арнаулы білімді және (немесе) дағдылар мен ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот ісін қарауға қатысуға; консультациялар беруге, өзі орындаған әрекеттер бойынша түсініктемелер беруге міндетті. Барлық туындаған мәселелер бойынша маманның қорытындысы сотқа жазбаша нысанда ұсынылуға тиіс.

5. Маман болып тағайындалған маман қасақана жалған қорытынды бергені үшін заңда көзделген жауаптылықта болады.

 

45-бап. Аудармашы 

1. Білуі аудару үшін қажет тілдерді білетін және осы Кодексте көзделген жағдайларда сот тағайындаған адам  аудармашы болып табылады.

2. Аудармашы процеске қатысушылар ұсынған адамдар арасынан тағайындалуы мүмкін. Процестің өзге қатысушылары аудару үшін қажетті тілдерді білсе де өзіне аудармашы міндеттерін  алуға құқылы емес.

3. Аудармашы соттың шақыруымен болуға және аударманы толық, дұрыс және уақытылы жүзеге асыруға міндетті.

4. Қасақана дұрыс емес аударған жағдайда аудармашы қасақана дұрыс емес аударғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады. Аудармашы сотқа келуден немесе өзінің міндеттерін орындаудан жалтарған жағдайда оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әкімшілік жаза қолданылуы не процестік ден қою немесе мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін.

 

46-бап. Куәнің құқықтары мен міндеттері

1. Соттың дауды дұрыс шешуі үшін маңызы бар мән-жайлар туралы  қандай да бір мәлімет белгілі болған кез келген жеке тұлға куә бола алады.

2. Куә тағайындалған уақытқа шақыру бойынша сотқа келуге және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар туралы өзіне белгілі болған  шынайы мәліметтерді хабарлауға міндетті. Егер куә науқастығының, қарттығының, мүгедектігінің немесе басқа да дәлелді себептерінің салдарынан соттың шақыруы бойынша келуге жағдайы болмаса, сот одан оның барған жерінде жауап алуы мүмкін.

3. Осы Кодекстің 64-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген адамдардан куә ретінде жауап алынбайды.

4. Көрінеу жалған айғақ бергені және заңда көзделмеген негіздер бойынша айғақтар беруден бас тартқаны үшін куә Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген негіздер бойынша жауаптылықта болады.

5. Куәнің сотқа шақырылуына байланысты шығыстарды өтеттіруге және уақытын жоғалтуына байланысты ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Шығыстар мен өтемақылардың мөлшері бюджет заңнамасында айқындалады.

 

7-тарау. Сотта өкілдік ету

47-бап. Өкілдердің әкімшілік процеске қатысуы

1. Сотта жеке тұлғаның өкілі адвокаттар және (немесе) жоғары заң білімі бар Қазақстан Республикасының әрекетке қабілетті азаматтары бола алады.

Талап қоюшы ретінде әрекет ететін және жоғары заң білімі бар жеке тұлға әкімшілік сот процесіне қатысуға және процестік әрекеттерді жеке жасауға құқылы. Егер талап қоюшының жоғары заң білімі болмаса, оның өкілі болуы міндетті. Егер материалдық жағдайына байланысты тиісті талаптарға жауап беретін өкілмен білікті заң көмегін көрсету туралы шарт жасасу мүмкіндігі талап қоюшыда болмаса,  онда мұндай көмек заңдарға сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

2. Сот  заңды тұлғалардың істерін заңдармен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін олардың басшылары және осы баптың бірінші бөлігінің талаптарына жауап беретін олардың өкілдері жүргізеді.

3. Әкімшілік органның лауазым бойынша өкілі ретінде осы органның басшысы және (немесе) осы баптың бірінші бөлігінің талаптарына жауап беретін оның өкілі әрекет етеді.

         4. Сенімхатқа, заңнамаға, соттың шешіміне не әкімшілік актіге негізделген, сотта істі жүргізуге тиісінше ресімделген өкілеттігі бар адам сотта өкіл бола алады.

5. Сотта тапсырма бойынша өкіл осы баптың бірінші бөлігінде көзделген талаптарға жауап беретін басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың бірі бола алады.

6. Кәмелетке толмаған, әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сотта оның заңды өкілі қорғайды. Егер заңды өкіл  осы баптың бірінші бөлігінің талаптарына жауап бермейтін болса және материалдық жағдайына қарай тиісті талаптарға жауап беретін басқа адаммен білікті заң көмегін көрсету туралы шарт жасасу мүмкіндігі болмаса, онда мұндай көмек заңдарға сәйкес және осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

 

48-бап. Сотта өкілдер бола алмайтын адамдар

1. Судьялар, тергеушілер, прокурорлар мен Парламенттің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың өкілдері немесе заңды өкілдері ретінде қатысуынан басқа жағдайларда сотта өкіл бола алмайды.

2. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар сотта тапсырма бойынша өкіл бола алмайды.

3. Адам, егер:

1) өзі өкілі болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса;

2) бұрын істі қараған және шешкен кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә немесе куәгер ретінде қатысса;

3) басқа тараппен немесе үшінші тұлғамен, судьямен, прокурормен, сот отырысының хатшысымен, іс бойынша қорытынды берген сарапшымен, маманмен, аудармашымен туыстық қатынастарда болса;

4) дене кемшіліктеріне немесе психикалық денсаулық жағдайына не жасына байланысты және басқа да себептер бойынша өз бетінше өкілдікті жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаса, тапсырма бойынша өкіл бола алмайды.

4. Сот осы баптың бірінші - үшінші бөліктерінде тізбеленген тапсырма бойынша іске қатысудан шеттетіледі, бұл туралы сот ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

5. Тапсырма бойынша өкілдерді іске қатысудан шеттету кезінде сот істі талқылауды басқа өкілдің өкілеттіктерін ресімдеу және оның іс материалдарымен танысуы үшін қажетті мерзімге кейінге қалдырады.

 

49-бап. Өкілдің өкілеттіктері 

1. Тапсырма бойынша өкіл осы Кодекстің 37бабының 1-бөлігінде көзделген процестік іс-әрекеттерді өзі өкілі болып отырған адамның атынан жасауға құқылы

2. Талап қоюға қол қоюға, тараптардың татуласуы туралы келісім жасасуға, талап қоюдан толық немесе ішінара бас тартудан немесе талап қоюды тануға, талап қою талаптарының нысанасын ұлғайтуға немесе азайтуға, талап қоюдың нысанасын немесе негізін өзгертуге, өкілеттіктерді басқа адамға беруге (сенімді басқа біреуге аударуға); сот актісіне апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібімен шағым жасауға, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы арыз беруге, сот актісін мәжбүрлеп орындатуды талап етуге, берілген мүлікті алуға, апелляциялық, кассациялық шағымнан және қадағалау өтінішхатынан бас тартуға өкілеттік өкілі болып отырған адам берген сенімхатта арнайы көзделуге тиіс.

 

8-тарау. Дәлелдемелер және дәлелдеу

 

50-бап. Дәлелдемелер

1. Сот іске қатысатын адамдардың талаптары мен қарсылықтары негізінде мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ дауды дұрыс қарау және шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды тәсілмен алынған фактілер туралы кез-келген мәліметтер әкімшілік іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

2. Дәлелдемелер ретінде, атап айтқанда, әкімшілік іске қатысатын адамдардың түсініктемелеріне, куәлердің айғақтары, оның ішінде бейне-конференц-байланыс жүйелерін пайдалану арқылы алынған айғақтар, сондай-ақ жазбаша және заттай дәлелдемелер, аудио- және бейне жазбалар, сарапшылар қорытындылары, электрондық құжаттар, өзге де құжаттар мен материалдарға жол беріледі.

 

51-бап. Дәлелдеу міндеті

1. Іске қатысатын адамдар, егер осы Кодексте дәлелдеу міндетін бөлудің өзге тәртібі көзделмесе, өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге міндетті.

2. Акті шығару қажеттігін туындататын нақты талаптарды, оның орындылығы  және әкімшілік істер бойынша сайма сайлығын дәлелдеу міндеті актілері, әрекеттері (әрекетсіздігі) дауланып отырған мемлекеттік басқару, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына,  лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілерге жүктеледі.

Осы Кодекстің 26-29-тарауларында көзделген істер бойынша  талаптар негізделетін мән-жайларды дәлелдеу міндеті талап қоюшыға жүктеледі.

2.  Мемлекеттік басқару органының әкімшілік актіні шығаруымен байланысты емес және адамның құқықтары мен бостандықтарын тікелей бұзатын заңсыз араласудан қорғау туралы талап қоюлар бойыншаосындай араласу қажеттігін туындататын нақты жағдайларды дәлелдеу бойынша міндет тиісті органда болады.

 

52-бап. Соттың бастамасы бойынша дәлелдемелерді талап ету тәртібі

1. Егер іске қатысатын адамдар ұсынған дәлелдемелер жеткіліксіз болып табылса, сот дауды дұрыс шешу мақсатында өзінің бастамасы бойынша қосымша дәлелдемелерді талап етеді.

2. Дәлелдемелерді талап ету  туралы сот ұйғарым шығарады, онда дәлелдемелерді ұсыну мерзімі мен тәртібі көрсетіледі. Ұйғарымның көшірмесі іске қатысатын адамдарға және сот талап еткен дәлелдемелер бар адамға жіберіледі. Қажет болған кезде мұндай дәлелдеме соттың тиісті сұрау салуы бар адамға берілуі мүмкін.

3. Сот талап еткен дәлелдеме бар адам оны тікелей сотқа жібере алады не сотқа ұсыну үшін тиісті сұрау салуы бар адамға бере алады.

4. Сот дәлелдемені талап еткен адамда оны ұсыну мүмкіндігі мүлдем болмаса немесе белгіленген мерзімде  ұсына алмаса, ол туралы дәлелдемені талап ету туралы ұйғарым және (немесе) сұрау салу көшірмесін алған күннен бастап бес күн ішінде сотқа хабарлауға және ол ұсынылуы мүмкін емес себептерді көрсетуге міндетті.

5. Дәлелдемені ұсыну мүмкін еместігі немесе белгіленген мерзімде ұсыну мүмкін еместігі туралы сотқа хабарламаған жағдайда, сондай-ақ сот себепсіз деп таныған себептер бойынша сот талап еткен дәлелдемені ұсыну міндетін орындамаған жағдайда дәлелдеме талап етілген адамға қатысты сот процестік мәжбүрлеу немесе ден қою шараларын қолдануға құқылы.

6. Процестік мәжбүрлеу немесе ден қою шараларын қолдану талап етілген дәлелдеме бар адамды оны сотқа ұсыну мінетінен босатпайды.

 

53-бап. Дәлелдемелердің қатыстылығы және жарамдылығы

1. Сот дауды дұрыс шешу үшін қатысы бар және оған маңызы бар, дәлелдемеде іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдарды растайтын, теріске шығаратын не оларға күмән келтіретін фактілер туралы мәліметтерді қамтитын дәлелдемелерді ғана қабылдайды.

2. Егер дәлелдеме Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен алынса, ол жарамды деп танылады. Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып алынған дәлелдемелердің заңды күші болмайды және сот шешімінің негізіне алынбайды.

3. Осы Кодекстің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес алынған аудио- немесе бейнежазбалар, оның ішінде бақылау құралдарымен алынған және (немесе) фото және киноға түсіру матералдарын, электрондық және цифрлық жеткізгіштердегі басқа да материалдарды тіркеп қою жарамды дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін.

4.  Заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс істің мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиісті емес.

 

54-бар. Дәлелдемелердің дұрыстығы

Егер тексерудің нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме дұрыс деп есептеледі.

 

55-бап. Дәлелдемелер ретінде жарамсыз мәліметтер

1. Нақты деректер, егер олар осы Кодекстің, Қазақстан Республикасының басқа заңдарының талаптарын бұза отырып, іске қатысушы адамдардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы, оның ішінде: 

1) күш қолдану, қорқыту, алдау, сол сияқты өзге де заңсыз әрекеттерді қолдана отырып;

2) осы адамға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылысқанын пайдалана отырып;

3) осы әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның процестік әрекетті жүргізуіне байланысты;

4) қарсылық білдіруге жататын адамның процестік әрекетке қатысуына байланысты;

5) процестік әрекеттің іс жүргізу тәртібін айтарлықтай бұза отырып;

6) белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын көзден;

7) дәлелдеу барысында қазіргі заманғы ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдана отырып;

8) тараптардың дәлелдерін негіздеу немесе іске қатысушы адамдардың дәлелдерін теріске шығару мақсатында арнайы дайындалып немесе өзгертіліп алынған болса (жалған дәлелдеме), алынған нақты деректерге әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса, сот дәлелдемелер ретінде жарамсыз деп таниды.

2. Іс бойынша іс жүргізу кезінде мәліметтердің дәлелдемелер ретінде пайдалануға жарамсыздығы соттың ішкі ұйғарымы бойынша іске қатысатын адамдардың іске қатысы бар басқа дәлелдемелерді  жан-жақты зерттеуге негізделген өтінішхаты бойынша анықталады.

3. Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелердің заңды күші жоқ деп танылады және сот шешімінің негізіне алынбайды, сондай-ақ іс үшін маңызы бар кез келген мән-жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды.

 

56-бап. Дәлелдеуден босатудың негіздері

1. Егер сот фактіні жалпыға белгілі деп таныса, ол дәлелдеуді қажет етпейді. Белгілі бір аумақта, оның ішінде сотқа және іске қатысушы адамдарға кеңінен танымал болуына орай іс бойынша дәлелдеу нысанасына кірмейтін мән-жайлар жалпыға белгілі деп танылады.

2. Күшіне енген сот шешімінің қарар бөлігінде анықталған фактіні әкімшілік істі қарау кезінде жаңадан дәлелдеуді талап етпейді.  Күшіне енген сот шешімінің дәлелдеу бөлігінде анықталған фактіні сол процеске қатысушылар қатысатын әкімшілік істі қарау кезінде жаңадан дәлелдеуді талап етпейді.

3. Қылмыстық іс бойынша заңды күшіне енген сот үкімі әкімшілік істі қарау кезінде белгілі бір әрекеттер және оларды жасаған адамдар анықталған фактілер бойынша ғана сот үшін міндетті болып табылады. 

4. Сот дәлелденуі қажет деп таныған жағдайларды қоспағанда қарама қарсы тарап дауламайтын фактілер де дәлелдеуді қажет етпейді.

5. Заңда белгіленген фактілер істі қарау кезінде дәлелдеуді қажет етпейді.

 

57-бап. Дәлелдемелерді бағалау

1. Әрбір дәлелдеме қатыстылығы, жарамдылығы, дұрыстығы ескеріле отырып, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы әкімшілік істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағалануға тиіс.

2. Сот істе бар дәлелдемелерді оларды жиынтығында бейтарап, жан-жақты, объективті және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, заңды басшылыққа алады.

3. Сот үшін ешқандай дәлелдемелердің күні бұрын белгіленген міндеттейтін күші болмайды.

4. Соттың шешімінде оның басқа дәлелдемеге қарағанда бір дәлелдемені неліктен жөн көргендігі және бір фактіні дәлелденді, ал екіншісі дәлелденбегені көрсетіледі.

 

58-бап. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету

1. Егер адамда ол үшін қажетті дәлелдемелерді ұсыну нәтижесінде мүмкін болмай қалуы немесе қиындауы мүмкін деп есептеуге негіз болса, ол осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінішпен сотқа жүгіне алады.

2. Дәлелдемелердің қамтамасыз ету туралы өтініш талап қоюмен бірге не алдын ала іс жүргізу кезеңінде сотқа берілуі мүмкін.

3. Істі мәні бойынша қарау кезеңінде  дәлелдемені қамтамасыз ету туралы өтініш дәлелдемелердің барлығы туралы әкімшілік процестің осы сатысында елгілі болған ерекше жағдайларда сотқа берілуі мүмкін.

4. Сот дәлелдемелерді қамтамасыз етуді куәлардан жауап алу, сараптама тағайындау және іс жүргізу, дәлелдемелерді олардың сақталған жерлерінде қарап тексеру, сот тапсырмасын жіберу және басқа да тәсілдер арқылы жүргізеді.

 

59-бап Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтініш

1. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтініште:

1) өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (заңды тұлға үшін – атауы және заңдық мекен-жайы);

2) қарау үшін дәлелдемені қамтамасыз ету қажет іс және оның ықтимал қатысушылары;

3) қамтамасыз етілуге қажетті дәлелдемелер;

4) растау немесе жоққа шығару үшін осындай қамтамасыз ету қажет мән-жайлар;

5) өтініш берушіні қамтамасыз ету туралы өтініш жасауға итермелеген себептер жәнеқажетті дәлелдемелерді ұсыну қиын немесе мүмкін емес болып табылатындығын куәландыратын дұрыс деректер көрсетіледі.

 

60-бап. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету  туралы өтінішті қарау тәртібі

1. Дәлелдемелерді қамтамасыз етуді судья алдын ала іс жүргізу немесе істі бірінші сатыдағы сотта қарау кезінде өтініш келіп түскен күннен бастап жүргізеді.

2. Өтініш беруші және іске қатысушы басқа да адамдар дәлелдемелерді қамтамасыз етудің уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда, олардың келмеуі соттың дәлелдемелерді қамтамасыз етуі бойынша жеке процестік әрекеттерді жасауына кедергі болып табылмайды.

3. Хаттамалар және қамтамасыз ету тәртібімен жиналған барлық дәлелдемелер іске қатысушы адамдарға хабарлана отырып, істі қарайтын сотқа беріледі. Егер қамтамасыз ету бойынша шара қабылдамау дәлелдемелерді жоғалтуға әкеп соғуы мүмкін болса, сот бұл мәселені дереу шешуге тиіс.

2. Әкімшілік процесте дәлелдемелерді қамтамасыз ету өтініш берушіні немесе іске қатысатын басқа адамдарды шақырмастан, бірақ қабылданған шаралар немесе өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы міндетті түрде хабардар ете отырып жүзеге асырылады.

3. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінішті қарау нәтижелері бойынша сот ұйғарым шығарады, оған сәйкес дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша процестік іс әрекеттер жасайды не одан бас тартады. Ұйғарым түпкілікті болып табылады, шағымдануға және наразылық келтіруге жатпайды, алайда оған наразылықтар шағымға немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін.

 

61-бап. Дәлелдемелерді ұсыну

1. Тараптар мен іске қатысушы басқа да адамдар дәлелдемелерді алдын ала іс жүргізу сатысындағы бірінші сатыдағы сотқа ұсынады.

Егер дәлелдемелерді ұсынған адамдар алдын ала іс жүргізу сатысында ұсынудың мүмкін еместігін негіздесе, дәлелдемелер сот талқылауы сатысында ұсынылуы мүмкін.

Осы Кодекстің 224-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда дәлелдемелер апелляциялық сатыдағы сотқа ұсынылуы мүмкін.

Тараптардың қолында бар дәлелдемелерді сотқа ұсынбау осы дәлелдемелерді апелляциялық, кассациялық, қадағалау сатыларындағы сотқа ұсыну мүмкіндігін болдырмайды.

2. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды сот тараптар мен іске қатысушы басқа да адамдардың талаптары мен қарсылықтарының негізінде, қолданылуға жататын материалдық және процестік құқық нормаларын ескере отырып анықтайды.

3. Сот тараптар мен іске қатысушы басқа да адамдарға істі дұрыс шешу үшін қажетті қосымша дәлелдемелер беруді ұсынуға құқылы. 

4. Іске қатысушы адамдар үшін дәлелдемелерді беру қиын болған жағдайда, сот осы адамның өтінішхаты бойынша оған дәлелдемелерді сұратып алдыруға жәрдем көрсетеді.

5. Дәлелдемелерді талап етуге жәрдем көрсету туралы өтінішхатта дәлелдеме, сондай-ақ іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлар осы дәлелдемемен анықталатыны немесе теріске шығарылатыны, дәлелдемелерді өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге тиіс.

6. Қажет кезінде сот іске қатысушы адамға дәлелдемелерді алу үшін сұрау салуды береді. Сот талап еткен дәлелдемесі бар адам оны тікелей сотқа жібереді немесе сотқа дәлелдемелерді ұсыну үшін соттың тиісті сұрау салуы бар адамның қолына береді.

7. Егер тарап сот талап еткен дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оны соттың сұрау салуы бойынша сот белгілеген мерзімде ұсынбаса, онда қамтылған мәліметтер осы тараптың мүдделеріне қарсы бағытталады деп болжанады және ол танылды деп есептеледі. 

 

62-бап. Сот тапсырмалары

1. Егер әкімшілік істі қарайтын сот осы Кодекстің 61-бабында көзделген тәртіппен басқа соттың юрисдикциясы  қолданылатын аумақтағы дәлелдемелерді ала алмайтын болса, ол тиісті сотқа белгілі бір процестік іс-әрекеттерді (бұдан әрі – сот тапсырмасы)  жүзеге асыруға тапсырма беруге құқылы, бұл туралы ұйғарым шығарылады.

2. Соттың тапсырмасы туралы ұйғарымда қаралатын әкімшілік істің мазмұны баяндалады, тараптар, олардың тұратын жері немесе орналасқан жері туралы мәліметтер, дәлелдемелерін сотқа жинау керек анықтауға жататын мән-жайлар көрсетіледі. Ұйғарымның көшірмесі тапсырма берілген сотқа жіберіледі.

3. Сот тапсырмасын орындау ол жіберілген  сот үшін міндетті болып табылады және ұйғарымның көшірмесі алынған күннен бастап бір ай ішінде орындалуға тиіс.

4. Егер сот тапсырмасын сот дауды мәні бойынша қарау барысында жіберген болса, іс бойынша іс жүргізу тоқтатыла тұруы мүмкін.

 

63-бап. Іске қатысушы тараптардың және басқа да адамдардың түсініктемелері

1. Іске қатысушы адамдардың олардың талаптары немесе наразылықтары негізделген  фактілер туралы мәліметтерді қамтитын түсініктемелері  егер олар қатыстылығы, жарамдылығы, дұрыстығы ескеріле отырып  баға берілген  басқа да дәлелдемелермен расталса дәлелдемелер деп танылады.

Сот егер екінші тарап өзінде дәлелдемелерді ұстап тұрса және соттың талап етуі бойынша ұсынбаса бір тарап хабарлаған түсініктемелер негізінде іс үшін маңызы бар мән-жайларды белгіленген деп есептей алады.

2. Егер басқа адам өзінің талаптарын немесе наразылықтарын негіздейтін  фактіні іске қатысатын адам мойындаса, сотта мойындау алдау, зорлық көрсету, қорқыту немесе адастырудың әсерінен  немесе шындықты жасыру мақсатында болды деген күдік туындамаса мұндай фактіні дәлелденді деп тануы мүмкін. Фактіні мойындау сот отырысы хаттамасына енгізіледі және оған фактіні мойындаған тарап қол қояды.

3. Көрсетілген адамдардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Егер мойындау жазбаша өтінімде баяндалған болса, ол іске қоса тігіледі, ауызша түсініктеме сот отырысы хаттамасына енгізіледі.

 

64-бап. Куәнің айғақтары

1. Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған адам куә бола алады. Адамның айғағы, егер ол хабардар болу көзін көрсете алмаса, дәлелдеме деп танылмайды.

2. Куәні шақыру туралы өтініш берген адам сотқа оның тегін, атын, әкесінің атын және тұрғылықты жерін немесе жұмыс орнын хабарлауға, осы куәден жауап алу қажеттілігін негіздеуге міндетті.

3. Куә ретінде: 

1) балаларды тәрбиелеу туралы даулар бойынша істерді қоспағанда, өзінің жастығына, дене немесе психикалық кемістігіне орай фактілерді дұрыс қабылдауға және олар туралы дұрыс айғақ беруге қабілетсіз адамдар;

2) өкілдің немесе қорғаушының міндеттерін атқаруына байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы – әкімшілік немесе азаматтық іс бойынша өкілдер, қылмыстық іс бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қорғаушылар;

3) шешім немесе үкім шығару кезінде істің мән-жайын талқылау кезінде кеңесу бөлмесінде туындаған мәселелер туралы – судья;

4) оларға тәубаға келу кезінде сенім білдірген адамдардан белгілі болған мән-жайлар туралы - дін қызметшілері;

5) заңда көрсетілген басқа да адамдар жауап алуға жатпайды.

4. Адам сотта өзіне, жұбайына (зайыбына) және қатары заңмен айқындалған жақын туыстарына қарсы куәлік айғақтар беруден бас тартуға құқылы.

 

65-бап. Жазбаша дәлелдемелер

1. Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, құжаттар, шарттар, анықтамалар, іскерлік хат алмасу, жеке сипаттағы хаттар, өзге де құжаттар мен материалдар, оның ішінде факсимилельдік, электрондық немесе өзге де  байланыс не тәсіл арқылы алынған жазбаша дәлелдемелер болып табылады.

2. «Электрондық құжаттың көшірмесі» міндетті белгісі бар және оның электрондық цифрлық қолтаңбасын тексеру рәсімінің нәтижелері көрсетілген, оларды ұсынатын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар, электрондық құжаттардың көшірмелері нысанындағы дәлелдемелер, Қазақстан Республикасының заңнамасы тек электрондық құжатты пайдаланылуға жол бермейтін жағдайларды қоспағанда, түпнұсқадағы жазбаша құжаттарға тең болады.

3. Жазбаша дәлелдемелерді тараптар және іске қатысатын басқа да адамдар ұсынуы, сондай-ақ олардың өтініші бойынша сот талап етуі мүмкін.

4. Сот талап еткен жазбаша дәлелдемелерді беруге немесе оны сот белгілеген мерзімде беруге мүмкіндігі жоқ адамдар, бұл туралы сот талабының орындалмау себептерін көрсете отырып, сотқа хабарлауға міндетті.

5. Сот жеке тұлғалардан немесе заңды тұлғалардан талап ететін жазбаша дәлелдемелер тікелей сотқа жіберіледі.

6. Жазбаша дәлелдемелер, әдетте, түпнұсқада ұсынылады. Егер құжаттың көшірмесі ұсынылған болса, сот қажет болған жағдайда түпнұсқаны ұсынуды талап етуге құқылы. Жазбаша дәлелдеменің түпнұсқасын сотқа ұсыну қиын болған кезде сот осы құжаттың тиісті түрде куәландырылған көшірмелері мен үзінділерін ұсынуды немесе басқа да жазбаша дәлелдемелерді олар сақталатын жерінде қарап-тексеру мен зерттеуді жүргізуді талап ете алады.

7. Шет мемлекетте алынған құжат егер ол белгіленген тәртіппен заңдастырылған болса, сотта жазбаша дәлелдеме  болып танылады. Шетелдік ресми құжаттар Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен ратификацияланған халықаралық шартта көзделген жағдайларда сотта оларды заңдастырмастан жазбаша дәлелдемелер  деп танылады.

8.Жазбаша дәлелдемелерді жинау осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

66-бап. Жазбаша дәлелдемелерді қайтару

1. Егер сот осы құжаттарда қамтылған фактілер істе бар басқа дәлелдемелермен белгіленген және расталады деген қорытындыға келетін болса, істе бар жазбаша дәлелдемелердің түпнұсқалары оларды ұсынған адамдардың өтініші бойынша олар зерттелгеннен кейін сдья оларға қайтарады.

2. Жазбаша дәлелдеменің түпнұсқасы қайтарылған кезде осы құжаттың нотариат куәландырған немесе судья куәландырған  көшірмесі (ксерокөшірмесі) істе қалады.

3. Арнайы жеткізгіштегі дәлелдемелер істе сақталады. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін сот осы дәлелдемелерді оларды ұсынған адамға қайтаруы мүмкін. Дәлелдеменің арнайы жеткізгіштегі көшірмесі барлық жағдайларда істе қалады.

Іске қатысатын адамның өтінішхаты бойынша оған оның есебінен жасалған жазба көшірмесі берілуі мүмкін. Жазбаның көшірмесін алу туралы қолхат алынады.

 

67-бап. Заттай дәлелдемелер

1. Өзінің сыртқы түрімен, ерекше белгілерімен немесе өздерінің  болуымен, орналасқан жерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мән-жайды анықтау құралы бола алатын заттар заттай дәлелдемелер болып табылады.

2. Заттай дәлелдемелерді беретін немесе оны талап ету туралы өтініш білдірген адам осы дәлелдемеде іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлар белгіленуі мүмкін екендігін көрсетуге міндетті.

 

68-бап. Заттай дәлелдемелерді талап ету және ұсыну тәртібі

1. Соттың алдында іске қатысатын немесе қатыспайтын тұлғалардан дәлелдеме ретінде қандай да бір затты талап ету туралы өтініш жасайтын тұлға осы затты егжей-тегжейлі сипаттауға, оларды өз бетінше алуға кедергі болатын себептерді, өзі затты сол адамда немесе ұйымда деп санайтын негіздерін көрсетуге тиіс.

2. Соттың азаматтардан немесе ұйымдардан талап ететін заттай дәлелдемелері тікелей сотқа жіберіледі. 

3. Сот заттай дәлелдеме талап ету туралы өтініш берген тұлғаға соңынан сотқа табыс ету үшін алу құқығын беретін сұрату бере алады.

4. Сот талап еткен заттай дәлелдемені ұстап тұрған және соттың талап етуі бойынша  оны ұсынбаған тарапқа қатысты аталған дәлелдеме  осы тараптың мүдделеріне қарсы бағытталған деп болжанады және ол мойындаған деп есептеледі.

5. Талап етілген затты ұсыну мүмкіндіші жоқ не сот белгілеген мерзімде оны ұсына алмайтын адамдар себептерін көрсете отырып сотты бұл туралы хабардар етуге міндетті.

 

96-бап. Заттай дәлелдемелерді сақтау және қарап-тексеру

1. Заттай дәлелдемелер істе сақталады немесе айрықша тізімдеме бойынша соттың заттай дәлелдемелер сақтау камерасына тапсырылады. Сот заттай дәлелдемелерді өзгеріссіз қалпында сақтауға шаралар қабылдайды.

2. Сотқа әкелу мүмкін емес заттар тұрған жерінде сақталады. Оларды сот істі алдын ала іс жүргізу кезінде немесе істі сотта талқылау барысында қарап-тексеруге тиіс. Қарап-тексеру кезінде заттардың сыртқы түрі, қасиеттері және жай-күйі жеке процестік әрекетінің хаттамасында немесе сот отырысының хаттамасында тіркелуге жатады, ал қажет болған жағдайда осы заттар фотосуретке, бейнежазбаға түсірілуге және мөрмен бекітілуге мүмкін.

3. Сот заттай дәлелдемелерді іске қатысатын адамдардың және қажет болған кезде сарапшылардың қатысуымен қарап-тексереді. Заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру хаттамасы іске қоса тіркеледі.

4. Заттай дәлелдемелерді сақтау бойынша шығыстар осы Кодекстің 87-бабына сәйкес тараптар арасында бөлінуі мүмкін.

 

 

70-бап. Арнайы жеткізгіштегі дәлелдемелер

1. Дәлелдемелер іс үшін маңызы бар және қатыстылық пен жол берілетінділігі өлшемшарттарына сай келетін аудио-, бейнежазбаларды, оның ішінде бақылау және тіркеу құралдарымен алынған аудио-, бейнежазбаларды, фото- және кинотүсірілім материалдарын қамтитын арнайы жеткізгіштерде және электрондық пен сандық жеткізгіштегі басқа да материалдар ұсынылуы мүмкін.

2. Дәлелдемелерді арнайы жеткізгіштерде ұсынған немесе оларды талап етіп алдыру үшін жәрдем көрсету туралы өтінішхат мәлімдеген адам жазбаларды қашан, кімнің, қандай жағдайда жазғанын және олар қандай мән-жайлар туралы жүзеге асырғанын көрсетуге міндетті. Адамның көрсетілген мәліметтерді хабарламауы осындай дәлелдемелерді сот отырысында зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарады.

 

71-бап. Арнайы жеткізгіштегі дәлелдемелерді сақтау және қайтару

1. Аудиожазбалар мен бейнежазбалар соттың заттай дәлелдемелердің сақтау қоймасында сақталады.

2. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін аудиожазбалар мен бейнежазбалар олар алынған адамға немесе ұйымға қайтарылады.

 

72-бап. Сараптама тағайындау

1. Сараптама сарапшы арнаулы ғылыми білім негізінде жүргізетін оның объектілерін зерттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталуы мүмкін жағдайда тағайындалады. Әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысушы өзге адамдардың мұндай білімінің болуы сотты тиісті жағдайларда сараптама тағайындау қажеттігінен босатпайды.

2. Істе ревизия, тексеру актілерінің, ведомстволық органдар немесе ұйымдар қорытындыларының, сондай-ақ мамандардың жазбаша консультацияларының, бағалаушылар есептерінің болуы сарапшының қорытындысын ауыстырмайды және сол мәселелер бойынша сот сараптамасын тағайындау мүмкіндігін жоққа шығармайды. 

3. Сот сараптаманы тараптың өтініші бойынша және өз бастамасы бойынша тағайындайды. 

4. Тараптың немесе іске қатысатын басқа адамдардың өтініші бойынша  сот жазбаша дәлелдеменің жалғанды туралы тиісті сараптаманы тағайындауға құқылы.

5. Сарапшы ретінде арнайы ғылыми білімі бар іске мүдделі емес адам шақырылуы мүмкін. Сот сараптамасын жүргізу: 

1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне; 

2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаларға;

3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен арнайы ғылыми деректері бар өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін. 

6. Іске қатысушы тұлғалар соттан сараптама ісін жүргізуді арнайы қажетті ғылыми білімі бар нақты адамға тапсыру туралы сұрай алады. 

Бір жолғы тәртіппен сараптама жүргізу тапсырылған адамды шақыру туралы сот талабы ол адам үшін және көрсетілген адам жұмыс істейтін ұйымның басшысы үшін міндетті.

7. Іске қатысушы әрбір адам сарапшының алдына қойылуы тиіс мәселелерді сотқа қоюға құқылы. Сарапшы қорытынды беруге тиіс мәселелердің түпкілікті шеңберін сот айқындайды. Ұсынылған мәселелерді қабылдамауды сот сараптама тағайындау туралы ұйғарымда дәлелдеуге міндетті.

8. Егер тарап сараптама жүргізуден жалтарса немесе оны өткізуге кедергі келтірсе (сараптамаға келмесе, сарапшыларға зерттеу үшін қажетті құралдарды бермесе), ал істің мән-жайлары бойынша мұндай тараптың қатысуынсыз сараптама жүргізу мүмкін болмаса, сот қай тараптың сараптамадан жалтарғанына, сондай-ақ ол үшін оның қаншалықты маңызы барлығына қарай анықтау үшін сараптама тағайындалған фактіні анықталған немесе жоққа шығарылған деп тануға құқылы.

 

73-бап. Сараптаманы тағайындау туралы ұйғарым

1. Сараптаманың тағайындалуы туралы сот ұйғарым шығарады, сарапшыға осы Кодекстің 43-бабында көзделген құқықтар мен міндеттерді түсіндіреді және қорытынды беруден бас тартқаны немесе қасақана жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.

2. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымда: соттың атауы, сараптаманы тағайындау уақыты, орны; қаралатын іс бойынша тараптардың атауы; сараптаманың түрі; сараптама тағайындау үшін негіздер; сараптамаға жіберілетін объектілер және олардың шығу тегі туралы ақпарат, объектілерді зерттеу барысында толық немесе ішінара жою; олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгерту мүмкіндігіне рұқсат; сот сараптамасы органының атауы және (немесе) сот сараптамасын біржолғы тәртіппен жүргізу тапсырылған адамның тегі, сараптама жүргізу мерзімдері және оның жүргізілгені үшін төлем жүргізу мерзімдері көрсетіледі.

3. Соттың сараптама тағайындау туралы ұйғарымы ол жіберілген және өз құзыретіне кіретін органдардың немесе адамдардың орындауы үшін міндетті. Сараптама тағайындау туралы ұйғарым шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды. Ұйғарыммен және қойылған мәселелермен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық және (немесе) кассациялық шағымға енгізілуі мүмкін.

 

74-бап. Сараптама жүргізу тәртібі

1. Сараптама сотта немесе зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкін еместігіне немесе қиындығына қарай соттан тыс жүргізіледі.

2. Сараптама жүргізілген кезде сараптама тағайындаған соттың рұқсатымен сараптама объектілері зерттеу жүргізу және қорытынды беру үшін қаншалықты қажет болса, сол шамада ғана бүлдірілуі немесе пайдаланылуы мүмкін. Аталған рұқсат сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымда немесе сот сарапшысының өтінішін қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан ішінара бас тарту туралы дәлелді ұйғарымда қамтылуға тиіс.

3. Сараптамалық зерттеу объектілерінің дұрыстығына және жол берілгендігіне сот кепілдік береді.

4. Сараптамалық зерттеу объектілері, егер олардың көлемдері және қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде беріледі. Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған сот сарапшыны зерттеу объектілері орналасқан жерге жеткізуді, оларға кедергісіз кол жеткізуді және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.

5. іске қатысушы адамдар сараптама жүргізу кезінде, осындай қатысу соттан тыс сараптама жүргізу кезінде сарапшылардың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, қатысуға құқылы. Сот іске қатысушы адамдардың сараптама жүргізу кезінде қатысуы туралы өтінішті қанағаттандырған жағдайда, аталған адамдарға сараптама жүргізілетін орын мен уақыт туралы хабарланады. Хабарландырылған адамдардың келмеуі сараптама жүргізуге кедергі келтірілмейді.

6. Соттан тыс сараптама жүргізу кезінде іске қатысушы адамдар қатысқан жағдайда, сот приставының міндетті түрде қатысуын сот айқындайды.

7. Сараптама жүргізу сот сараптамасы органына тапсырылған кезде, сот сараптама тағайындау туралы ұйғарымды және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органының ұйғарымда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер сараптама тағайындау туралы ұйғарымда нақты сарапшы көрсетілмесе, оны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асырады, бұл туралы сараптама тағайындаған сотқа хабарлайды.

8. Сот сараптамасы органының басшысы: осы сот сараптамасы органында қажетті арнаулы ғылыми білімі бар сарапшы болмаса, осы сот сараптамасы органының материалдық-техникалық базасы мен жағдайы нақты сараптама міндеттерін шешуге мүмкіндік бермесе; сарапшының алдына қойылған мәселелер оның құзыретінің шегінен тыс болса; сараптама жүргізуге арналған материалдар осы Кодексте көзделген талаптар бұзыла отырып ұсынылса, дәлелдерді көрсете отырып, сотқа сараптама тағайындау туралы ұйғарымды орындамастан, оны жүргізу үшін ұсынылған объектілерді қайтаруға; сот алдында осы сот сараптамасы органында жұмыс істемейтін адамдарды, егер олардың арнаулы ғылыми білімі қорытынды беру үшін қажет болса, сот сарапшылары комиссиясының құрамына енгізу туралы өтініш жасауға құқылы. Сот сараптамасы органы басшысының заңда көзделген өзге құқықтары да бар.

9. Сот сараптамасы органының басшысы: сот сараптамасын тағайындау туралы ұйғарымды және зерттеу объектілерін алысымен, заңның талаптарын ескере отырып, осы сот сараптамасы органының нақты сот сарапшысына немесе сот сарапшылары комиссиясына жүргізуді тапсыруға; сот сарапшысының тәуелсіздігі принципін бұзбастан сот сараптамасын жүргізу мерзімінің сақталуына, жүргізіліп жатқан зерттеулердің жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтілігіне, сот сараптамасы объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бақылауды қамтамасыз етуге; сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға байланысты өзіне белгілі болған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
      10. Егер сараптама жүргізуді сот сараптамасы органының қызметкері болып табылмайтын адамға тапсыру ұйғарылса, сот оны тағайындау туралы ұйғарым шығарылғанға дейін оның жеке басына және сарапшыдан бас тартуға осы Кодекстің 27-бабында көзделген негіздердің жоқ екендігіне көз жеткізуге тиіс.

11. Сараптама жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 87-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.

75-бап. Сарапшы қорытындысы

1. Сарапшы өз қорытындысын жазбаша нысанда баяндайды. Сараптама қорытындысы заңда белгіленген мерзім ішінде дайын болуға тиіс. Сараптаманы белгіленген мерзімде жүргізуге кедергі келтіретін мән-жайлар болғанда, сарапшы бұл туралы сотқа жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

2. Сарапшы қорытындысында жүргізілген зерттеулердің толық сипаттамасы, соның нәтижесінде жасалған түйіндер мен сот қойған сұрақтарға негізделген жауаптар қамтылуға тиіс. Егер сарапшы сараптама жүргізу кезінде өзіне қойылмаған сұрақтар бойынша іске маңызы бар мән-жайларды анықтаса, ол осы мән-жайлар туралы түйінді өз қорытындысына қосуға құқылы.

3. Сарапшы қорытындысы сот отырысында зерттеледі және сот оны басқа дәлелдемелермен қатар бағалайды және оның сот үшін алдын ала белгіленген күші жоқ. Соттың сарапшы қорытындысымен келіспеуі іс бойынша шешімде немесе ұйғарымда негізделуге тиіс.  

 

76-бап. Құжаттағы жазу мен қойылған қолдарды салыстырып

              зерттеу үшін жазу үлгілерін алу

1. Оның атынан орындалған құжаттағы адамның қойған қолының төлнұсқалығына шағым жасалған жағдайда, сот салыстырып зерттеу жүргізу үшін осы адамның жазуы мен қойған қолының үлгілерін алуға құқылы.

2. Сот адамның жазуы мен қол қою үлгілерін алу туралы ұйғарым шығарады.

3. Адамның жазуы мен қол қою үлгілерін салыстырып зерттеу үшін беруден жалтаруы, тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарына негіз ретінде сілтеме жасаған мән-жайларды осы адамның мойындағаны деп бағаланады.

4. Жазу мен қол қою үлгілерін алу сот отырысында жүргізіледі және хаттамада көрсетіледі.

 

77-бап. Комиссиялық сараптама

1. Комиссиялық сараптама тәжірибелі және зерттеу іс-әрекеттерінің айтарлықтай көлемін жүргізуді талап ететін күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда тағайындалады және оны бір мамандықтағы кемінде екі сарапшы жүргізеді.

2. Комиссиялық сараптама жүргізу кезінде сарапшылардың әрқайсысы сот-сараптамалық зерттеуді тәуелсіз және дербес түрде толық көлемде жүргізеді. Сарапшылық комиссияның мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келгенде, қорытындыға не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарға қол қояды.

3. Сарапшылар арасында келіспеушілік туындаған жағдайда, олардың әрқайсысы келіспеушілік туындатқан мәселелер бойынша жеке қорытынды береді.  Егер сарапшылардың түсініктемесін алу арқылы келіспеушіліктерді зерттеу және зерделеу кезінде сот белгіленген факт туралы біржақты қорытындыға келе алмаса, сот басқа сарапшыларға комиссиялық сараптама жүргізуді тапсыра отырып, оны тағайындауға құқылы.

4. Сарапшылық зерттеулерді сарапшылар құрамына кірмеген адамдардың толық немесе ішінара жүргізуіне жол берілмейді.

5. Соттың комиссиялық сараптама жүргізу туралы ұйғарымы сот сараптамасы органының басшысы үшін міндетті. Сот сараптамасы органының басшысы, егер сот ұйғарымында сараптама жүргізу тапсырылған нақты сарапшылар көрсетілмесе, оның жүргізуін дербес ұйымдастыруға құқылы.

 

78-бап. Кешенді сараптама

1. Кешенді сараптаманы іс бойынша мән-жайларды анықтау білімнің әртүрлі салаларын пайдалана отырып немесе білімнің бір саласы шегінде әртүрлі ғылыми бағыттарды пайдалана отырып, бір уақытта зерттеулер жүргізуді талап ететін жағдайларда сот тағайындайды. Кешенді сараптама өз құзыреті шегінде әртүрлі мамандықтағы бірнеше сарапшыларға тапсырылады.

2. Кешенді сараптаманың қорытындысында әрбір сарапшының қандай зерттеуді, қандай көлемде жүргізгені және оның қандай түйіндерге келгені көрсетілуге тиіс. Әрбір сарапшы қорытындының осы зерттеулер қамтылған бөлігіне қол қояды.

3. Сарапшылардың әрқайсысы жүргізген зерттеулер нәтижелерінің негізінде олар анықтау үшін сараптама тағайындалған мән-жайлар туралы ортақ түйінді (түйіндерді) тұжырымдайды. Ортақ түйінді (түйіндерді) алынған нәтижелерді бағалауға құзыреті бар сарапшылар ғана тұжырымдайды және қол қояды. Егер комиссияның түпкілікті түйінінің немесе оның бір бөлігінің негізі сарапшылардың бірі (жекелеген сарапшылар) анықтаған фактілер болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетілуге тиіс.

4. Сарапшылар арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, зерттеулердің нәтижелері осы Кодекстің 79-бабының үшінші бөлігіне сәйкес ресімделеді.

5. Сот сараптамасы органына тапсырылған кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру оның басшысына жүктеледі. Сот сараптамасы органының басшысы, егер сот ұйғарымында сараптама жүргізу тапсырылған нақты сарапшылар көрсетілмесе, оның жүргізуін дербес ұйымдастыруға құқылы.

 

79-бап. Қосымша және қайталама сараптама

1. Қосымша сараптама қорытындының анықтығы немесе толықтығы жеткіліксіз болған, сондай-ақ алдыңғы зерттеуге байланысты қосымша мәселелерді шешу қажеттігі туындаған кезде тағайындалады. 

2. Қосымша сараптама жүргізу нақ сол не өзге сарапшыға тапсырылуы мүмкін.

3. Егер сарапшының қорытындысы жеткілікті түрде негізді болмаса не оның түйіндері күмән туғызса не сараптама жүргізудің тәртібі мен әдістемесі елеулі түрде бұзылса, дәл сол объектілерді зерттеу және бұрын қойылған сұрақтарға жауап алу үшін қайталама сараптама тағайындалады.

4. Қайталама сараптама тағайындау туралы ұйғарымда алдыңғы сараптаманың нәтижелерімен келіспеу себептері келтірілуге тиіс.

5. Қайталама сараптама жүргізу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшылар қайталама сараптама жүргізген кезде қатысып, комиссияға түсініктемелер бере алады, бірақ олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды.

6. Қосымша және қайталама сараптаманы жүргізу тапсырылған кезде сарапшыға (сарапшыларға) алдыңғы сараптамалардың қорытындылары берілуге тиіс.

7. Егер екінші немесе реті бойынша келесі сараптама, олардың біреуі – қосымша сараптамаға, ал өзгелері қайталама сараптамаға жататын бірнеше негіздер бойынша тағайындалса, осындай сараптама қайталама сараптама жүргізу қағидалары бойынша жүргізіледі.

 

9- тарау. Сот шығыстары

80-бап. Сот шығыстарының ұғымы және құрамы 

Сот шығыстары мемлекеттік баж бен іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығыстардан тұрады

 

81-бап. Мемлекеттік баж

1. Мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшері, кейінге қалдыру, бөліп төлеу, оны төлеуден босату негіздері, сондай-ақ талап қоюшы артық төлеген мемлекеттік бажды қайтару және есепке жатқызу тәртібі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалады.

Мемлекеттік бажды бюджетке төлеу төлемдерді жүзеге асыру кезінде берілетін төлем құжаттарымен, оның ішінде қағаз немесе электрондық жеткізгіштегі түбіртектермен, сондай-ақ «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы банкоматтар және өзге де электрондық терминалдар арқылы төлемдерді жүзеге асыру кезінде берілетін чектермен, сауда чектерімен расталуға тиіс.

 

82-бап. Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығыстар 

1. Әкімшілік іс бойынша шығыстарды бөлуге байланысты мәселелерді істі қарайтын сот шешеді.

2. Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығыстарға:

1) өкілдің заң көмегіне шығыстар;

2) тараптардың және олардың өкілдерінің сотта іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығыстары;

3) куәларды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды тартуға және сот сараптамаларын жүргізуге байланысты шығыстар;

4) дәлелдемелерді орнында қарап-тексеруді жүргізуге және істі қарау үшін қажетті басқа да іс-әрекеттерді жасауға байланысты шығыстар;

5) істі қарауға байланысты пошта шығыстары;

6) сот өтелуге жатады деп таныған, оның ішінде тараптардың кейін сотқа жүгінген кезде дауды міндетті түрде сотқа дейінгі реттеу рәсімдеріне шеккен басқа да шығыстары жатады.

 

83-бап. Өкілдің заң көмегіне шығыстар

1.     Өкілдің заң көмегін төлеуге байланысты шығыстарды:

1) тараптар заңда көзделген, жасалған шарттарға сәйкес құқық саласында жоғары заң білімі бар адвокатпен немесе басқа да маманмен бірге;

2) мемлекет заңға сәйкес кепілдік берілген заң көмегіне орай шегеді.

2. Осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда өкілдің заң көмегіне шығыстар өтемінің мөлшерін сот жасалған шартқа сәйкес айқындайды.

Егер шартта белгіленген, заң көмегін төлеуге байланысты өтелуге жататын шығыстардың мөлшері парасаттылық пен әділдік өлшемшарттарына сай келмесе және тым артық болса, сот, атап айтқанда, бірінші және екінші сатылардағы сот отырыстарына қатысуға кеткен уақытты, әкімшілік істің заңдық күрделілігін, істі басқа да сот сатыларында қарауға қатысуды қамтитын нақты мән-жайларды ескере отырып, өтелуге жататын соманы азайтуға құқылы.

 

84-бап. Тараптардың және олардың өкілдерінің сотта іс бойынша іс

              жүргізуге байланысты шығыстары

1. Заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларды қоспағанда, тараптардың және олардың өкілдерінің басқа елді мекенге баруға, сондай-ақ тұрғын үйді жалға алуға, тәуліктік шығыстарға байланысты шығыстарын  тараптар көтереді.

 

85-бап. Куәларды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды

              тартуға және сот сараптамаларын жүргізуге байланысты

              шығыстар

1. Куәларды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды  тартуға және сот сараптамаларын жүргізуге байланысты шығыстарды куәларды шақыру, сарапшыларды, маманды, аудармашыны тарту және сот сараптамасын жүргіз туралы қолдаухатты мәлімдеген тарап көтереді.

2. Куәларға, сарапшыларға, мамандарға, аудармашыларға шығыстар олар басқа елді мекенге барған жағдайда төленеді. Сарапшыларға, мамандарға және аудармашыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес атқарылған жұмысы үшін сыйақы төленуге тиіс.

3. Тарап сот сараптамасын сот белгілеген мерзімде төлемеген жағдайда, сот оның тағайындалуы туралы ұйғарымның күшін жоюы мүмкін және, егер өз бастамасы бойынша сараптама жүргізу қажеттігін танымаса, істі істегі материалдардың мәні бойынша қарауы мүмкін.

4. Егер куәларды шақыру, сараптама тағайындау, аудармашыларды, сарапшыларды, мамандарды тарту сот бастамасы бойынша жүзеге асырылатын болса, тиісті шығыстар заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.

5. Куәларды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды тартуға байланысты өзге де шығыстарды өтеу мөлшері осы баптың алтыншы бөлігіне сәйкес айқындалады. 

6. Сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың атқарған жұмысы үшін сыйақыны өтеу мөлшері жұмыс орны бойынша - орташа айлық еңбекақы мөлшеріне, ал ондай болмаған кезде жергілікті жер үшін орташа айлық еңбекақы мөлшеріне тең есептеледі.

7. Сот сараптамасын жүргізу үшін өтеу мөлшері мемлекеттік басқарудың сот сараптамасын жүргізу жөніндегі уәкілетті органының ақылы көрсетілетін қызметтерінің бағасын негізге ала отырып айқындалады. 

 

86-бап. Дәлелдемелерді орнында қарап-тексеруді жүргізуге және

               істі қарау үшін қажетті басқа да іс-әрекеттерді жасауға

               байланысты шығыстар

1. Дәлелдемелерді орнында қарап-тексеруді жүргізуге және істі қарау үшін қажетті басқа да іс-әрекеттерді жасауға байланысты шығыстарды осы іс-әрекеттерді жасау туралы қолдаухатты мәлімдеген тарап көтереді. Егер тиісті іс-әрекеттерді жасау туралы қолдаухатты екі тарап та мәлімдеген болса, шығыстарды екі тарап тең көтереді.

2. Егер көрсетілген іс-әрекеттер сот бастамасы бойынша жасалған болса, шығыстар заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі.

 

87-бап. Сот шығыстарын тараптар арасында бөлу

1. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, сот өз тарапына шешім шығарылған талапкерге іс бойынша шеккен барлық сот шығыстарын жауапкерден толық не бөлігін алып береді.

2. Егер талап қоюдан бас тартылса, істі қарау кезіндегі өкілдің қызметтер көрсетуге байланысты барлық шығыстары талапкер есебінен мемлекетке өтеледі.

3. Егер талап қоюдан бас тартылса, істі сотта қарауға байланысты әкімшілік орган шеккен шығыстарды талапкер толық көлемде өтейді. 

4. Егер апелляциялық, кассациялық сатыдағы сот шығарылған шешімді өзгертсе немесе істі қайта қарауға бермей, жаңа шешім шығарса, ол тиісінше тарап тиісті дәлелдемелерді берген кезде сот шығыстарын бөлуді де өзгертеді.

5. Бірінші сатыдағы сот тараптың өтініші бойынша, егер аталған мәселе сот сатыларында істі қарау кезінде талқыланған болса, бірақ олар тексеру не дәлелдемелер беру қажеттігіне байланысты өтелмеген болса, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда істі қарау барысында шеккен сот шығыстарын өндіріп алу туралы ұйғарым шығарады.

6. Сот шығыстарын өндіріп алу туралы өтінішті сот тараптарға хабарлай отырып, сот отырысында қарауға жатады.  Сот отырысының уақыты мен күні туралы тиісінше хабардар етілген тараптардың келмеуі өтінішті қарау үшін кедергі болмайды. Өтініш мәні бойынша істі қарау аяқталғанда қабылданған соңғы сот актісі күшіне енген күннен бастап үш ай ішінде берілуі мүмкін.

 

88-бап. Талапкер талап қоюдан бас тартқан жағдайда шығыстарды

              бөлу

Егер талапкер талап қоюдан талап қою бергеннен кейін жауапкер оның талаптарын ерікті түрде қанағаттандыруы салдарынан бас тартса, онда сот талапкердің өтініші бойынша өзі іс бойынша  шеккен барлық шығыстарды жауапкерге тағайындайды.

Егер талапкер талап қоюдан өзге негіздер бойынша бас тартса, онда жауапкер шеккен шығыстар талапкер есебінен өтеледі.

 

89-бап. Тараптардың бітісуіне байланысты сот шығыстары

Егер дау бітісу арқылы шешілсе және тараптар со шығыстарын бөлу бөлігінде келісімге келмесе, онда әрбір тарап шығыстарды тең үлесте көтереді. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес талапкер мемлекеттік бажды төлеуден босатылған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік баждың төленген сомасы талапкерге ішінара немесе толық қайтарылуға жатады. 

 

90-бап. Мемлекетке сот шығыстарын өтеу

1.                Талапкер төлеуден босатылған мемлекеттік баж, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығыстар жауапкерден мемлекет кірісіне толық немесе талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігіне тең өндіріліп алынады.

2.                Талап қоюдан бас тартылған жағдайда іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығыстар талапкерден мемлекет кірісіне өндіріліп алынады.

 

 

10-тарау. Процестік мәжбүрлеу, ден қою және сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары

 

91-бап. Процестік мәжбүрлеу шаралары

1. Сотта бекітілген қағидаларды бұзатын және әкімшілік сот ісін жүргізуді жүзеге асыруға кедергі келтіретін адамдарға қолданылатын, осы Кодексте белгіленген іс-әрекеттер процестік мәжбүрлеу шаралары болып табылады.

2. Процестік  мәжбүрлеу шараларына:

1) сот отырысы залынан шығарып жіберу;

2) сот айыппұлы;

3) еріксіз келтіру жатады.

3. Адамға процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану, сол адамды осы Кодексте белгіленген тиісті міндеттерді орындаудан босатпайды.

 

92-бап. Процестік ден қою шаралары

1. Адам тиісті бұзушылықты жасағаннан кейін осы Кодекстің талаптарын орындамаған адамға процестік ден қою шаралары қолданылады.

2. Процестік ден қою шараларына:

1) ескерту;

2) сот айыппұлы жатады.

3. Процестік ден қою шараларын сот осы Кодекстің нормаларын бұзудың алдын алу және оған жол бермеу мақсатында қолданады.

 

93-бап. Процестік мәжбүрлеу, ден қою шараларын қолдану

             негіздері мен тәртібі

1. Процестік мәжбүрлеу шаралары адам тиісті бұзушылықты жасағаннан кейін дереу қолданылады.

2. Процестік ден қою шаралары осы Кодекстің ережелерін бұзу фактісі анықталған кезден бастап, әкімшілік істі қарау кезінде мәні бойынша шешім шығарылғанға дейін қолданылуы мүмкін.

3. Бір бұзушылық үшін бір мәжбүрлеу, ден қою шарасы қолданылуы мүмкін.

4. Осы Кодекстің тиісінше 91-бабы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында, 92-бабының екінші бөлігі 2) тармақшасында көзделген процестік мәжбүрлеу, ден қою шарасын қолдану туралы сот осы Кодекстің 184-бабы 7-бөлігіне сәйкес келуге тиіс қаулы шығарады.

Көрсетілген мәжбүрлеу шарасы қолдану туралы сот қаулысы шағымдануға, наразылық келтіруге болады.

5. Осы Кодекстің 91-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасында көзделген процестік мәжбүрлеу шаралары және 92-бабының 2-бөлігінде 1) тармақшасында көзделген процестік ден қою шараларын қолдану сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

 

94-бап.  Ескерту

Істі сотта талқылаудың қалыпты барысында тәртіп бұзатын, өзге түрде кедергі келтіретін не өзге түрде осы Кодекстің ережелерін бұзатын адамға сот отырысына төрағалық етуші сотқа құрметтемеушілік білдіргені үші, сондай-ақ осы Кодекстің ережелерін бұзушылыққа жол бермеу туралы әкімшілік жауаптылық туралы ескерту жасайды.

 

95-бап. Сот отырысы залынан шығарып жіберу

1. Іске қатысатын адамдар, сондай-ақ куә, сарапшы, маман немесе аудармашы сот залындағы тәртіпті өздеріне жарияланған ескертуден кейін бұзған жағдайда сот отырысына төрағалық етуші оларды істі қараудың бүкіл кезеңіне немесе оның бір бөлігіне шығарып жіберуге құқылы.

2. Тәртіпті бұзатын басқа да қатысып отырған адамдар сот отырысына төрағалық етушінің өкімімен алдын ала ескертусіз де шығарылуы мүмкін.

 

96-бап. Сот айыппұлын салу

1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, егер жасалған іс-әрекеттер әкімшілік не қылмыстық жауаптылыққа әкелмесе, сот айыппұлын сот салады.

2. Әкімшілік істі қарап жатқан судья  мынадай:

1) сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша сот талап ететін дәлелдемені белгіленген мерзімде беру міндеті орындалмаған;

2) процестік міндеттер орындалмаған жағдайларда, процестік мәжбүрлеу шарасы ретінде іске қатысатын адамдарға айыппұл салуға құқылы.

3. Әкімшілік істі қарап жатқан судья  мынадай:

1) талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шара бұзылған;

2) атқару парағы жоғалған;

3) дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен айлық мерзім өтіп кеткен;

4) негізделмеген қарсылық;

5) процестік құқықтар теріс пайдаланылған жағдайларда, процестік ден қою шарасы ретінде іске қатысатын адамдарға айыппұл салуға құқылы.

4. Сот мемлекеттік басқару органдарының және ұйымдардың лауазымды адамдарына салған сот айыппұлдары олардың  жеке қаражатынан өндіріледі.

5. Процестік мәжбүрлеу немесе ден қою шарасы ретінде салынатын айыппұл мөлшері 20 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

6. Сот айыппұлы мемлекеттік бюджет кірісіне өндіріліп алынады.

 

97-бап. Еріксіз келтіру.

Еріксіз келтіру – бұл сот қаулысы бойынша келуін сот міндетті деп таныған адамдарды мәжбүрлеп жеткізу арқылы ішкі істер органдары жүзеге асыратын, сотқа келуден дәлелді себептерсіз жалтарғаны үшін қолданылатын процестік мәжбүрлеу шарасы.

 

98-бап. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық

             шаралары

1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 653-бабында көзделген сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін кінәлі адамдар, егер олардың іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 410-бабында көзделген қылмыс белгілері байқалмаса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 818-бабы екінші бөлігінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатады.

 

 

11-тарау. Процестік мерзімдер

 

99-бап. Процестік мерзімдерді есептеу

1. Процестік іс-әрекеттер осы Кодексте белгіленген процестік мерзімдерде жасалады.

2. Егер іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзім заңда белгіленбеген жағдайда, оны сот тағайындайды. Сот тағайындаған процестік мерзім процестік іс-әрекетті жасау үшін жеткілікті болуға тиіс.

3. Процестік әрекеттерді жасауға арналған мерзімдер сөзсіз болуға тиіс оқиға көрсетіле отырып, дәлме-дәл күнтізбелік күнмен немесе жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңімен белгіленеді. Соңғы жағдайда әрекет бүкіл кезеңнің ішінде жасалуы мүмкін.

4. Жылдармен, айлармен немесе күндермен есептелетін процестік мерзім ағымы оның басталуы белгіленген күннен немесе оқиға болған күннен кейінгі күні басталады.

5. Сағаттармен есептелетін процестік мерзім ағымы оның басталуы белгіленген күннен немесе оқиға болған күннен басталады

6. Егер процестік іс-әрекет жереу жасалуға тиіс болса, онда мерзім ағымы оның басталуы белгіленген күннен немесе оқиға болғаннан дереу басталады.

 

100-бап. Процестік мерзімдердің аяқталуы

1. Жылдармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы жылының тиісті айында және күнінде бітеді.

2. Айлармен есептелетін мерзім сол мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде бітеді. Егер айлармен есептелетін мерзімнің соңы тиісті күні жоқ айға сәйкес келсе, мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді.

3. Күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күні бітеді.

4. Мерзімнің соңғы күні демалыс күніне дәл келген жағдайда жылдармен, айлармен және күндермен есептелетін мерзімнің аяқталатын күні одан кейінгі жұмыс күні болып есептеледі. 

5. Сағаттармен айқындалатын процестік мерзім белгіленген мерзімнің соңғы сағаты өткеннен кезде аяқталады.

Жасалуына мерзім белгіленген процестік іс-әрекет мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін орындалуы мүмкін. Егер шағым, құжаттар мерзімнің соңғы күніне жиырма төрт сағат қалғанға дейін почтаға, телеграфқа тапсырса немесе байланыстың өзге де құралдары бойынша берілсе, онда мерзім өтіп кеткен болып есептелмейді. 

6. Егер процестік іс-әрекет тікелей сотта немесе басқа ұйымда жасалуы тиіс болса, белгіленген ереже бойынша бұл сотта немесе сол ұйымда жұмыс күні аяқталатын немесе тиісті операциялар тоқтатылатын сағатта мерзім бітеді.

7. Осы бапта көзделген процестік мерзімдерді есептеу тәртібі сотқа берілетін электрондық құжаттарға да қолданылады. 

 

101-бап. Процестік мерзімдерді өткізіп алу салдары

1. Процестік іс-әрекеттерді жасауға құқық осы Кодексте белгіленген немесе сот тағайындаған процестік мерзімнің аяқталуымен жойылады.

2. Процестік мерзімдер аяқталғаннан кейін берілген шағымдар мен құжаттарды, егер өтіп кеткен процестік мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, сот оларды берген адамға қайтарады. 

3. Процестік мерзімдердің бітуі іске қатысатын адамды процестік міндеттерін орындаудан босатпайды.

 

102-бап. Процестік мерзімдерді тоқтата тұру

1. Барлық аяқталмаған процестік мерзімдердің ағымы іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрумен тоқтатыла тұрады. Мерзімдерді тоқтата тұру сот осы Кодексте көзделген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымды шығарған күннен басталады. 

2. Сот іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап процестік мерзімдердің ағымы жалғасады.

 

103-бап. Процестік мерзімдерді ұзарту және қалпына келтіру

1. Сот тағайындаған мерзімдерді сот ұзарта алады. 

2. Егер Кодексте белгіленген мерзімдерді өткізіп алу себептерін сот дәлелді деп таныса, сот оларды қалпына келтіруі мүмкін. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда өткізіп алынған процестік мерзім оны өткізіп алу себептеріне қарамастан қалпын келтірілуге жатпайды.

3. Сот осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген сот актілеріне шағымдануға, заң бұзылған жағдайларда, процеске қатысушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін (іске қатысатын адамға сот актісінің көшірмесін уақтылы жібермеу, егер сот актісі адам білетін тілге аударылмағанда сот ісін жүргізу тілін білмеу, құқық мирасқорлығын ресімдеу) қорғауға мүмкіндігін шектейтін наразылық келтіруге, сондай-ақ уақтылы шағым беруге немесе наразылық келтіруге кедергі жасаған өзге де мән-жайлар болған кезде өткізіп алған мерзімдерді қалпына келтіруге міндетті.

4. Өткізіп алынған процестік мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат өтініш беруші өзінің құқықтары немесе заңды мүдделері бұзылғаны туралы мәлім болған күннен бастап бір айдан кешіктірмей процестік іс-әрекетті жасауға тиіс болған сотқа беріледі. Өтінішхатты қарау уақыты мен күні туралы іске қатысатын адамдар хабардар етіледі, алайда олардың келмеуі өтінішхатты қарау үшін кедергі облмайды.

5. Мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат берумен бір уақытта құқық қорғау туралы талап қойылуға, мерзімді өткізіп алу себебін растайтын құжат (адамның ауыр аурумен ауыруы, оның дәрменсіз жай-күйі және басқа да себептер) берілуге тиіс

6. Соттың өткізіп алынған процестік мерзімді ұзартудан немесе қалпына келтіруден бас тартуы туралы ұйғарымына шағымдануға және оған наразылық келтіруге болады.

7. Соттың процестік мерзімді ұзарту немесе қалпына келтіру туралы ұйғарымына шағымдануға, оған наразылық келтіруге жатпайды.

 

 

12-тарау. Сот хабарлаулары мен шақырулары

 

104-бап. Сот хабарлаулары және шақыру қағаздары

1. Сотқа қатысатын адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар және аудармашылар сот отырысының немесе жекелеген процестік іс-әрекеттерді жасаудың уақыты мен орны туралы хабардар етіледі және соттың шақыру қағаздарымен сотқа шақырылады.

2. Іске қатысатын адамдар, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар және аудармашылар да тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хат, телефонограмма немесе жеделхат, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі арқылы немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарлама  арқылы не хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып хабарландырылуы немесе шақырылуы мүмкін.

3. Хабарлаулар, шақырулар хабарландырылған немесе шақырылған адамның сотқа уақтылы келуі және істі қарауға қатысуға даярлануы үшін жеткілікті мерзімі болуы есептеле отырып жолдануға тиіс.

4. Хабарлау немесе шақыру хабарландырылатын немесе шақырылатын адамға тарап немесе іске қатысатын басқа да адам көрсеткен мекенжай, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберіледі. Егер сотқа хабарланған мекенжай бойынша адам іс жүзінде тұрмайтын болса, хабарлау немесе шақыру оның жұмыс орнына жіберілуі мүмкін. Ұйымға арналған хабарлау немесе шақыру оның орналасқан жеріне жіберіледі.

5. Егер хабарлаудың түспегені не кеш түскені дәлелденбесе, сотқа шақырылатын және хабарландырылатын адамның отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі алған, тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілген хабарлама, телефонограмма немесе жеделхат, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша, сондай-ақ хабарлаудың немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып, мәтіндік хабарламаның жеткізілгені туралы есептің алынғанын растайтыны тиісті хабарлама болып табылады.

6. Осы бапта көзделген сот хабарлаулары, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзге тәртіп белгіленбесе, шетелдік тұлғаларға да қатысты қолданылады.

 

105-бап. Сотқа шақыру қағазының немесе өзге де хабарлаудың,

                шақырудың мазмұны

1. Сотқа шақыру қағазында немесе өзге де хабарлауда, шақыруда мыналар: 

1) соттың атауы мен нақты мекенжайы;

2) сот отырысының немесе жекелеген процестік іс-әрекетті жүргізудің күні, айы, жылы (бұдан әрі - күні) уақыты және орны; 

3) адресатқа хабарлау немесе оны шақыру жүргізілетін істің атауы; 

4) шақыру (хабарлау) арналған адамның атауы, сондай-ақ ол кім ретінде шақырылғаны (хабарландырылғаны);

5) хабарландырылатын немесе шақырылатын адам қандай іс-әрекеттерді және қандай мерзімде жасауға құқылы немесе міндетті екендігін көрсету;

6) адресаттың болмауына байланысты шақыру қағазын (хабарлауды), шақыруды алған адамның оны алғашқы мүмкіндігі болған кезде адресатқа тапсыруға міндеттілігін көрсету;

7) сотқа келмей қалу салдарын және оның келмеу себебін сотқа хабарлауға міндетті екенін көрсету; 

8) шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды, шақыруды жіберген адамның қолы қамтылуға тиіс. Хабарлау немесе шақыру туралы телефонограмма жіберген адам оны кімге және қай уақытта бергендігін көрсете отырып, өзінің қол қоюымен куәландыруы тиіс.

2. Ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша жіберілетін хабарламада:

1) хабарландырылатын немесе сотқа шақырылатын адамды көрсету (хабарлама жолданатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) не ұйымның атауы);

2) соттың атауы мен нақты мекенжайы;

3) келетін жері мен уақытын көрсету;

4) адресатқа хабарлау немесе оны шақыру жүргізілетін істің қысқаша атауы;

5) адресат кім ретінде хабарланып немесе шақырылып отырғандығын көрсету;

6) хабарлама жіберген адамның тегі мен аты қамтылуға тиіс.

Хабарламаның жіберілгендігін растайтын құжат істің материалдарына қоса тіркеледі.

 

106-бап. Сотқа шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды жеткізу  

1. Сотқа шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау хабардар етіліп, тапсырыс хатпен почта арқылы жеткізіледі немесе мұны судья тапсырған адамдар жеткізеді. Шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды адресатқа тапсыру уақыты сотқа қайтарылуға жататын шақыру қағазының түбіршегінде немесе өзге де хабарлаудың көшірмесінде белгіленеді.

2. Судья іске қатысатын адамның келісімімен оның қолына хабарландырылатын немесе іс бойынша шақырылатын адамға тапсыру үшін шақыру қағазын немесе өзге де сот хабарлауын беруі мүмкін. Сотқа шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды жеткізу тапсырылған адам оны тапсырған күні көрсетілген және адресаттың оларды алғандығы жөнінде қолхатты шақыру қағазының түбіршегін немесе өзге де хабарлаудың көшірмесін сотқа қайтаруға міндетті.

3. Сотқа шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау осы тараудың талаптары сақталған кезде жеткізілген деп есептеледі.

 

107-бап. Сотқа шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды

               тапсыру

1. Сотқа шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау жіберілген жеке тұлғаға табыс етіліп, сотқа қайтарылуға жататын шақыру қағазының түбіршегіне немесе өзге де хабарлаудың көшірмесіне оның өз қолы қойылады.

2. Егер шақыру қағазын (хабарлауды) жеткізуші адам іс бойынша хабарландырылатын немесе шақырылатын жеке тұлғаны тұрғылықты жерінен немесе жұмысынан таба алмаса, онда шақыру қағазы (хабарлау) олардың келісімімен - онымен бірге тұратын отбасының кәмелетке толған мүшелеріне, ал олар болмаған жағдайда тұрғын үй-пайдалану ұйымына, адресаттың тұрғылықты жері бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органына немесе оның жұмыс орнындағы әкімшілікке тапсырылады.

3. Осы баптың 2-бөлігінде көрсетілген жағдайларда шақыру қағазын (хабарлауды) қабылдап алған адам шақыру қағазының түбіршегіне немесе хабарлаудың екінші данасына өзінің тегін, атын, әкесінің атын, сондай-ақ адресатқа қатыстылығын (жұбайы, әкесі, анасын, ұлы, қызы және т.с.с.) немесе атқаратын қызметін көрсетуге міндетті. Шақыру қағазын (хабарлауды) қабылдап алған адам алғашқы мүмкіндік болған кезде кідіртпей оны адресатқа тапсыруға міндетті. Көрсетілген жағдайларда сотқа шақыру қағазы тиісінше жеткізілді деп есептеледі.  

4. Ұйымға жіберілген сотқа шақыру қағазы немесе өзге де хабарлама оның өкіліне, немесе басқару функцияларын атқаратын тиісті адамға, күзет қызметінің қызметкеріне не шақырылатын, хабарландырылатын адамның басқа қызметкеріне табыс етіледі, ол шақыру қағазының түбіршегіне немесе өзге де хабарлаудың көшірмесіне оны алғандығы жөнінде өзінің қызметін, тегін және аты-жөнін көрсетіп қол қояды. Егер бұл ұйым көрсетілген мекенжай бойынша болмаса да, сотқа шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау ұйымға оның орналасқан жері бойынша жеткізілді деп есептеледі.

5. Адресат уақытша болмаған жағдайда, шақыру қағазын жеткізуші адам шақыру қағазының немесе өзге де хабарлаудың түбіршегіне адресаттың қайда кеткендігін және оның қашан қайтып келуі мүмкін екендігін белгілейді. Бұл мәліметтерді онымен бірге тұратын отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі, басқа адамдар растауға не үй-жай (пәтерлер) иелері кооперативінің уәкілетті адамы, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету қызметі не тұрғын үйді басқарушы, адресаттың тұрғылықты жері бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе тиісті атқарушы органның немесе оның жұмыс орны бойынша әкімшіліктің уәкілетті адамы, сондай-ақ сотқа шақыру қағазын немесе хабарлауды жеткізген адам куәландыруға тиіс.

6. Егер хабарлау әкімшілік органның немесе заңды тұлғаның өкіліне тікелей сотта табыс еткен жағдайда, мұндай табыс ету қолхат арқылы жүзеге асырылады.

7. Хабарлауды сот процеске қатысушы көрсеткен мекенжай бойынша не әкімшілік немесе заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша жібереді. Заңды тұлғаның орналасқан жері, егер заңға сәйкес құрылтай құжаттарында өзгеше белгіленбесе, оның мемлекеттік тіркелу орны деп айқындалады.

8. Сот жіберген хабарлауды және оларды осы бапта белгіленген тәртіппен алуды растайтын құжаттар іс материалдарына қоса тіркеледі.

 

108-бап. Сотқа шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды

                қабылдаудан бас тартудың салдары

1. Адресат сотқа шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды қабылдаудан бас тартқан кезде оны жеткізуші немесе табыс етуші адам сотқа қайтарылатын шақыру қағазына немесе өзге де хабарлауға, шақыруға тиісті белгі қояды, сондай-ақ бұл туралы акт жасауға құқылы.

2. Адресаттың шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды алудан бас тартуы туралы белгіні үй-жай (пәтерлер) иелері кооперативінің уәкілеттік берілген адамы, тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету қызметі не тұрғын үйді басқарушы, адресаттың тұрғылықты жері бойынша жергілікті өзін-өзі басқару органының немесе тиісті атқарушы органның немесе оның жұмыс орны бойынша әкімшіліктің  уәкілетті адамы куәландырады.

3. Адресаттың шақыру қағазынан немесе өзге де хабарлауды қабылдаудан бас тартуы істі қарауға немесе жекелеген процестік іс-әрекеттерді жасауға кедергі болмайды және адам тиісінше хабарландырылды деп есептеледі.

 

109-бап. Іс бойынша іс жүргізу кезінде мекенжайды, ұялы

               байланыстың абоненттік нөмірін және электрондық

               мекенжайды ауыстыру

Іске қатысатын адамдар мен олардың өкілдері іс бойынша іс жүргізген уақытта сотқа өз мекенжайының, ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің өзгергені, электрондық мекенжайының ауысқаны туралы сотқа хабарлауға міндетті. Мұндай хабарлау болмаған жағдайда шақыру қағазы немесе өзге де хабарлау, шақыру сотқа белгілі соңғы мекенжай, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжайы бойынша жіберіледі және адресат бұл мекенжай бойынша енді тұрмаса да немесе болмаса да, ұялы байланыстың бұл абоненттік нөмірін немесе электрондық мекенжайды пайдаланбаса да, жеткізілді деп есептеледі. Бұл тиісінше хабарлау болып табылады.

 

110-бап. Сот хабарлаулары

1. Процеске қатысатын адамдар, егер сот отырысы, жекелеген процестік іс-әрекетті жүргізу басталғанда, сотта адресаттың өзіне жіберілген шақыру қағазын (хабарлауды) алғаны туралы мәліметтер болса, тиісінше хабарландырылған деп есептеледі.

2. Процеске қатысатын адамдар:

1) егер пошталық хабарлауға қарамастан, адресат соттың белгіленген тәртіппен жіберілген соттың шақыру қағазын (хабарлауын) алуға келмесе, бұл туралы байланыс органы сотты хабардар етсе;

2) егер сот заңды тұлғаның орналасқан жерінің, жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің өзіне белгілі соңғы мекенжайы бойынша жіберген шақыру қағазы (хабарлауы) адресаттың көрсетілген мекенжай бойынша болмауына байланысты табыс етілмеген болса, бұл туралы байланыс органы сотты хабардар етсе, сот оларды тиісінше хабарландырды деп есептеледі.

 

II- БӨЛІМ. БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ

 

13-тарау. Талап қою

 

111-бап. Талап қою нысаны

Талап қою жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында бірінші сатыдағы сотқа беріледі.

 

112-бап. Талап қоюды беру мерзімдері

1. Дауды сотқа дейін шешу тәртібі міндетті болып табылмайтын азамат және (немесе) заңды тұлға, ұйым сотқа өздеріне құқықтардың, бостандық пен заңды мүдделердің бұзылғаны туралы белгілі болған күннен бастап бір ай ішінде талап қоюмен жүгінуге құқылы.

2. Дауды сотқа дейін шешу тәртібі міндетті болып табылатын азамат және (немесе) заңды тұлға, ұйым сотқа наразылыққа жауап алғаннан кейін бір ай ішінде не осы Кодексінің 22-бабының бесінші бөлігінде белгіленген мерзімде алмаған кезде талап қоюмен жүгінуге құқылы.

         3. Әкімшілік істердің жекелеген санаттарын жүргізу бойынша талап қоюды беруге арналған мерзімдер осы Кодекстің 26-29-тарауларына сәйкес белгіленген.

 

113-бап. Талап қоюдың мазмұны

1. Талап қоюда:

1) талап қою берілетін соттың атауы;

2) талап қоюшының тегі, аты және әкесінің аты, оның туған күні, тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, ал егер талап қоюшы заңды тұлға болса, онда оның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi мен банктік деректемелері; егер талап қоюды өкіл берсе, өкілдің атауы мен оның мекенжайы көрсетілуге тиіс. Талап қоюда, егер бар болса, талап қоюшы мен өкілдің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;

         3) жауапкердің атауы (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрғылықты жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол талап қоюшыға белгілі болса). Егер жауапкер заңды тұлға болса, оның толық атауы, орналасқан жері, банктік деректемелері  мен бизнес-сәйкестендiру нөмiрi. Талап қоюда, егер талап қоюшыға белгілі болса, жауапкердің ұялы байланысының абоненттік нөмірі мен электрондық мекенжайы туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс;

4) осы Кодекстің 119-122-баптарына сәйкес талап қоюлардың мазмұны және талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлардың жазылуы, ал талап қоюды бірнеше жауапкер берген жағдайда әрбір жауапкерге өатысты талап қоюлардың мазмұны;

5) қажет болған жағдайда – мемлекеттік бажды төлеуді кейінгі қалдыру, ұзарту, одан босату туралы; сот сараптамасын тағайындау туралы; дәлелдемелерді талап етіп алдыру туралы; куәні шақыру туралы; талап қоюды қамтамасыз ету туралы және т.б. жазбаша өтінішхат;  

6) егер бұл заңнамалық актілерде белгіленсе, жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер;

7) құжаттардың тізбесі мен басқа да қоса берілетін материалдар көрсетілуге тиіс.

2. Талап қою негізделетін мән-жайларды растау үшін талап қоюшы дәлелдемелер ұсынады, ол мүмкін болмаған жағдайда мұндай дәлелдемелерді ұсынудың мүмкін еместігін көрсете отырып, өздігінен ұсына алмай отырған дәлелдемелерді көрсетеді.

3. Талап қоюға жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына сәйкес оның көшірмесі және оған қоса берілетін барлық құжаттардың көшірлемелері қоса беріледі.

4. Талап қоюға талап қоюшы немесе оған қол қоюға өкілеттігі болған кезде оның өкілі қол қояды. Талап қою электрондық құжат нысанында берілген кезде ол талап қоюшының (және) немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

5. Егер талап қоюды өкіл берсе, онда өкілдің атауы, оның пошталық мекенжайы, егер олар болса, телефондарының нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы  көрсетіледі. Талап қоюмен бір мезгілде өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат немесе басқа да құжат беріледі.

6. Прокурордың мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін берген талап қоюында мемлекеттік немесе қоғамдық мүдденің мәні неден көрінетіндігіне, қандай заңды мүдделердің бұзылғанына негіз, сондай-ақ қолдануға жататын заңға сілтеме болуға тиіс. Прокурор азаматтың мүдделері үшін өтініш жасаған жағдайда талап қоюда азаматтың өзінің талап қоюдың мүмкін еместігі себептеріне негіз болуға тиіс. Талап қоюда прокурордың талап қоюмен сотқа жүгінуіне азаматтың келісім беруін растайтын құжат қоса берілуге тиіс.

 

114-бап. Талап қоюға қоса берілетін құжаттар

1. Талап қоюға қоса берілетін құжаттар, әдетте төлнұсқаларда беріледі. Құжаттарды төлнұсқаларда беру мүмкін болмаған кезде олар заңда белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелерде ұсынылуы мүмкін. Егер құжаттың көшірмесі төлнұсқасының болмауына орай расталмайтын болса, талап қоюда мұндай әрекеттер жасалуының мүмкін еместігінің себебі жазылуға тиіс.

2. Талап қоюға:

1) жауапкерге немесе оның өкіліне, үшінші тұлғаларға талап қою мен оған қоса берілген құжаттар көшірмелерінің жіберілгенін растайтын құжат;

2) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

3) өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат;

4) адвокаттың өкілеттігін растайтын ордер және, егер сенім білдіруші осы Кодекстің 49-бабы екінші бөлігінде көзделген қосымша өкілеттіктер ұсынса, сенімхат;

 

5) талап қоюшы өзінің талаптарын негіздеген мән-жайларды растайтын құжаттар, егер бұл құжаттар оларда болмаса, осы құжаттардың жауапкерге және үшінші тұлғаларға арналған көшірмелері;

6) егер осы тәртіп заңда белгіленсе, дауды сотқа дейін реттеу тәртібінің сақталғанын растайтын құжаттар;

7) егер дәлелдеме жауапкерде немесе үшінші тұлғада болса, талап қоюшының дәлелдемелерді талап етіп алдыру туралы өтінішхаты;

7) егер талап қоюды заңды тұлға берсе, жарғының, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелері;

8) жарғының, мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмелері;

9) тізбесі заңнамада айқындалған, өкілдің мемлекет есебінен заң көмегін көрсету фактісін растайтын құжаттар;

10) жауап берушілердің және үшінші тұлғалардың саны бойынша талап қою көшірмелері қоса беріледі.

3. Электрондық құжат нысанында берілетін талап қоюда осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың электрондық нысандағы көшірмелері қоса беріледі.

 

115-бап. Талап қоюды іс жүргізуге қабылдау

1.Судья талап қою келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешеді.

2. Талап қоюды қабылдап, судья азаматтық іс қозғау және сот ісін жүргізу тілін белгілеу туралы ұйғарым шығарады.

 

116-бап. Талап қоюды қабылдаудан бас тарту

1. Егер:

1) талап қою азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса;

2) сол бір тараптардың арасындағы, нақ сол нысана туралы және нақ сол негіздер жөніндегі шығарылған дау бойынша, талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына байланысты іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы не тараптардың татуласу келісімін бекіту туралы заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот ұйғарымы болса;

3) егер даулы құқық қатынастары құқық мұрагерлігіне жол бермесе, талап қоюшы жүгінген немесе талап қою берілген жеке тұлға қайтыс болған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, судья талап қоюды қабылдаудан бас тартады.

2. Судья талап қоюды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады, ол белгіленген тәртіппен талап қоюшыға табыс етіледі немесе жіберіледі.

3. Талап қоюды қабылдаудан бас тарту талап қоюшының нақ сол жауапкерге нақ сол нысана және нақ сол негіздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі келтіреді.

 

4. Осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген негіздер бойынша іс жүргізуге қабылдаудан бас тартылған жағдайда, егер іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, сот оны қарау қай соттың соттылығына жататынын түсіндіреді.

5. Талап қоюды қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымға шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

 

117-бап. Талап қоюды қайтару

1. Егер:

1) талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңнамада белгіленген дауды сотқа дейін реттеудің тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса;

2) іс осы соттың соттылығына жатпаса;

3) талап қою осы Кодекстің113-бабының талаптарына сәйкес келмесе;

4) талап қоюды әрекетке қабілетсіз адам берсе;

5) талап қоюға оған қол қоюға немесе оны беруге өкілеттігі жоқ адам қол қойса;

6) осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде сол тараптардың арасындағы, сол нысана туралы және сол негіздер жөніндегі дау бойынша іс болса;

7) талап қоюшы өзі берген талап қоюды қайтару туралы мәлімдесе, судья талап қою арызын қайтарады.

2. Судья талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады, онда, егер іс осы соттың соттылығына жатпаса, адам қандай сотқа жүгіну керектігін, не әкімшілік істі қозғауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жоюға болатындығын көрсетеді. Ұйғарым қоса берілген барлық құжаттарымен бірге талап қоюшыға тапсырылуға немесе жіберілуге тиіс.

3. Талап қоюды қайтару, егер талап қоюшы жіберілген бұзушылықты жоятын болса, сол жауапкерге, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша талап қоюшының талап қоюмен сотқа қайтадан жүгінуіне кедергі болмайды.

4. Талап қоюды қайтару туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады

5. Осы баптың бірінші бөлігі 7) тармақшасының негізінде талап қоюды қайтару туралы сот ұйғарым шығарады, ол шағым жасалуға және наразылық білдіруге жатпайды.

 

14-тарау. Талап қою түрлері

118-бап. Талап қою түрлері

Ұсынылатын талаптарға қарай талап қою:

1) әкімшілік актіге дау айту туралы;

2) құқықты қорғау туралы;

3) міндетті орындау туралы;

4) әрекеттің (әрекетсіздіктің) заңдылығын тексеру туралы;

5) осы Кодекстің 26-29-тарауларына сәйкес қаралатын талап қоюларға бөлінеді.

 

119-бап. Акімшілік актіге дау айту туралы талап қою

1. Әкімшілік актіге дау айту туралы талап қоюды беру арқылы талап қоюшы соттан әкімшілік органның талап қоюшыға белгілі бір ауыртпалықтар жүктейтін шешімін толық немесе ішінара күшінің жойылуын, сондай-ақ өзгертілуін талап ете алады.

2. Дау айту туралы талап қою, егер талап қоюшы өзінің құқығы әкімшілік органның ауыртпалық әкелетін әкімшілік актісі арқылы бұзылғанын мәлімдесе, соттың қарауына жіберіледі. 

3. Егер әкімшілік акті іс қаралғанға дейін мәні бойынша күші жойылса немесе талап қоюшының мүддесі бар бөлігі өзгертілсе, онда сот талап қоюшының өтінішхаты бойынша, егер талап қоюшының бұл анықтауға ақталған мүддесі болса, әкімшілік актінің құқыққа сыйымды болғаны-болмағаны және талап қоюшының құқығын кемсіткені-кемсітпегені туралы шешім қабылдайды. Егер әкімшілік актіні қайта шығару немесе оның құқыққа сыйымсыздығы зиянды өтеу талабы құқығы үшін қажетті шарт болып табылған жағдайда,  мұндай ақталған мүдде бар болып есептеледі.

4. Талап қоюшының өтінішхаты болмаған кезде жауапкер дау айтылған әкімшілік актінің құқыққа сыйымдылығы туралы мәселені шешуді талап етуге құқылы.

 

120-бап. Құқықты қорғау туралы талап қою

Құқықты қорғау туралы талап қою ұсыну арқылы талап қоюшы талап қоюшыға ауыртпалық әкелетін әкімшілік актінің қабылданбауын немесе әкімшілік органның өзге әрекет жасауына тыйым салуын талап ете алады.

 

121-бап. Міндетті орындау туралы талап қою

1. Міндетті орындау туралы талап қою бойынша талап қоюшы әкімшілік орган қабылдаудан бас тартқан немесе ол қабылдамаған қолайлы әкімшілік актінің қабылдануын талап ете алады.

2. Егер заңда өзгеше белгіленбесе, әкімшілік органның әкімшілік актіні шығарудан бас тартуы талап қоюшының заңды құқықтарына немесе мүдделеріне тіке және тікелей (жеке) зиян келтіретін кезде, талап қою қарауға жіберіледі.

 

122-бап. Әрекеттің (әрекетсіздіктің) заңдылығын тексеру туралы талап қою

1. Әрекеттің (әрекетсіздіктің) заңдылығын тексеру туралы талап қою арқылы талап қоюшы әкімшілік актінің шығарылуын білдірмейтін мұндай әрекеттің жүзеге асырылуын немесе мұндай әрекеттен тартынуды талап ете алады.

2. Егер әкімшілік органның қандай да бір әрекетті жүзеге асыруы немесе қандай да бір әрекетті жүзеге асырудан тартынуы талап қоюшының заңды құқықтарына немесе мүдделеріне тіке және тікелей (жеке) зиян келтірсе, талап қою қарауға жіберіледі.

3. Егер әкімшілік органның қандай да бір әрекетті жүзеге асыруы немесе қандай да бір әрекетті жүзеге асырудан тартынуы заңсыз болып табылса және бұл талап қоюшының заңды құқықтарына немесе мүдделеріне тіке және тікелей (жеке) зиян келтірсе, сот әкімшілік органға осы әрекетті жүзеге асыруды немесе осы әрекетті жүзеге асырудан тартынуды тапсыратын шешім шығарады.

 

15-тарау. Талап қоюды қамтамасыз ету

 

123-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету үшін негіздер

1. Іске қатысатын адамдардың арызы бойынша сот істің қандай жағдайында болмасын, егер осындай шараларды қабылдамау соттың шешімін орындауды қиындатса немесе мүмкін етпейтіндей болса, талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдай алады.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) оларға қосымшалардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі дауланып отырған құқықтық актісінің, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларының қолданылуын тоқтата тұруға қатысты талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға жол берілмейді.

 

124-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары

1. Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар:

1) жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу;

2) борышкер сот тәртібімен даулайтын атқарушылық құжат бойынша өндіріп алуды тоқтата тұру;

3) кепіл нысанасын соттан тыс сату жөніндегі сауда-саттықтарды тоқтата тұру;

4) дауланып отырған актілерді және сот орындаушысының өндіріп алуды мүлікке айналдыруға байланысты атқарушылық іс жүргізуде жасайтын әрекеттерін тоқтата тұру;

5) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының дауланып отырған құқықтық актісінің (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) оларға қосымшалардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актісін, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұру болуы мүмкін.

2. Қажетті жағдайларда сот осы Кодекстің 123-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарға сай келетін, талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шараларды қабылдауы мүмкін. Сот талап қоюды қамтамасыз етудің бірнеше шараларын қабылдауы мүмкін. Осы бапта көрсетілген тыйым салулар бұзылған кезде кінәлі адамдарға осы Кодекстің 96-бабынің бірінші бөлігі 1) тармақшасында көзделген тәртіппен соттық айыппұл салынады және  заңнамалық актілерде белгіленген  жауапты болады.  Бұдан басқа, талап қоюшы талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындамаудан келтірілген залалдарды осы адамдардан сот тәртібімен өндіруді талап етуге құқылы.

3. Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талап қоюшының мәлімдеген талабына сай болуға және үшінші тұлғалардың жария мүдделері мен мүдделерін бұзбауға тиіс.

 

125-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау

1. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды, егер ол талап қоюға қоса берілсе немесе бұл туралы талап қоюда көрсетілсе, әкімшілік іс қозғау туралы ұйғарым шығарылған күні судья қарайды және шешеді. Қалған жағдайларда талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья ол сотқа келіп түскен күні шешеді.

2. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья іске қатысатын адамдарға хабарламай, сот отырысын өткізбей қарайды және шешеді.

3. Судья арызды қараудың нәтижелері бойынша осы Кодекстің 124-бабында көзделген қамтамасыз ету шараларын көрсете отырып, талап қоюды қамтамасыз ету туралы немесе арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

 

126-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау

1. Сот:

1) осы Кодекстің 124-бабы бірінші бөлігінің 2), 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру үшін аумақ бойынша тиісті әділет органына;

2) егер, осы Кодекстің 118-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайда шығарылса, жауапкерге;

3) осы Кодекстің 124-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайда кепіл ұстаушыға;

4) осы Кодекстің 124-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайда әділет органына немесе мүлікке шектеулі билік етуді іске асыратын уәкілетті органға оны дереу ұсыну үшін қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішхатты берген адамға талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды жібереді немесе табыс етеді.

2. Өздеріне ұйғарым жіберілген органдар мен адамдар талап қоюды қамтамасыз ету туралы сот ұйғарымының орындалуы туралы оны орындау жөнінде қажетті әрекеттерді жасағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сотқа хабарлауға міндетті. Көрсетілген міндетті орындамау заңда көзделген жауаптылықтың туындауына әкеп соғады.

3. Қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы мәселе бойынша атқару парағы жазылмайды.

 

127-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шарасын ауыстыру

1. Іске қатысатын адамның арызы бойынша талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыруға болады.

2. Сот іске қатысатын адамдарға арызды қараудың уақыты мен орны туралы хабарлап, талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыру туралы мәселені осындай арыз келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шешеді, алайда олардың келмеуі осы мәселені мәні бойынша қарауға кедергі болмайды.

3. Судья талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыру туралы ұйғарым шығарады.

Арызды қанағаттандырудан бас тартқан кезде сот бұрын таңдалып алынған талап қоюды қамтамасыз етудің шарасын ауыстыруға болмайтын уәждерді ұйғарымда көрсетеді.

 

128-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету шарасының күшін жою

1. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін сол сот іске қатысатын адамның арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша жоюы мүмкін.

Судья іске қатысатын адамдарға арызды қараудың уақыты мен орны туралы хабарлап, талап қоюды қамтамасыз ету шарасының күшін жою туралы мәселені бес жұмыс күнінен кешіктірмей шешеді, алайда олардың келмеуі осы мәселені мәні бойынша қарауға кедергі болмайды.

2. Талап қоюдан бас тартылған жағдайда талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар шешім заңды күшіне енгенге дейін сақталады. Алайда, сот шешімнің заңды күшіне енуімен бірге немесе оның қаулысынан кейін талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы ұйғарым шығара алады. Талап қою қанағаттандырылған кезде оны қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған шаралар сот шешімі орындалғанға дейін өзінің қолданысын сақтайды. Қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы мәселе бойынша атқару парағы жазылмайды.

 

129-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері бойынша

ұйғарымдарға шағым жасау

1. Талап қоюды қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ұйғарымдарға апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

2. Егер талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарым шағым берген адамға хабарланбай шығарылса, шағым беру үшін мерзім оған осы ұйғарым туралы белгілі болған күннен бастап есептеледі.

3. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымға жеке шағым жасау осы ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрмайды.

4. Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін жою туралы немесе талап қоюды қамтамасыз ету шарасының бірін басқасымен ауыстыру туралы ұйғарымға жеке шағым жасау немесе наразылық білдіру ұйғарымның орындалуын тоқтата тұрады.

5. Қабылданған ұйғарымға қатысты материал істен бөлініп алынып, жеке шағыммен бірге апелляциялық сатыдағы сотқа жіберіледі.

 

130-бап. Жауапкерге талап қоюды қамтамасыз етумен келтірілген залалдарды өтеу

Жауапкер талап қоюдан бас тартылған шешім заңды күшіне енгеннен кейін, талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шара қабылдау туралы талапты мәлімдеген адамға азаматтық процестік заңнамада көзделген тәртіппен оның арызы бойынша қабылданған шаралармен келтірілген залалдарды өтеу туралы талап қоюға құқылы.

 

16-тарау. Алдын ала іс жүргізу

 

131-бап. Алдын ала іс жүргізу

Талап қоюды іс жүргізуге қабылдап, әкімшілік іс қозғалғаннан кейін сот істің бір сот отырысында мәні бойынша қаралуына бағытталған әрекеттерді жасайды.

Алдын ала іс жүргізу істі сот талқылауына дайындауды және сот сұхбатын жүргізуді қамтиды.

 

132-бап. Істі сот талқылауына дайындау

1. Талап қоюды іс жүргізуге қабылдап, әкімшілік іс қозғалғаннан кейін судья оның уақтылы және дұрыс шешілуін қамтамасыз ету мақсатында істі сот талқылауына дайындауды жүргізеді.

2. Әкімшілік істі сот талқылауына дайындаудың міндеттері:

1) іс материалдарын алдын ала зерделеу;

2) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау;

3) тараптардың және сот басшылыққа алуға тиіс заңның құқықтық қатынастарын айқындау;

4) іске қатысатын адамдардың құрамы туралы мәселені шешу;

5) әрқайсысы өз талаптарының немесе қарсылықтарының негіздемелерін ұсынуға тиіс тараптардың дәлелдемелерді айқындауы және толықтай ашуы;

6) осыған ұқсас дауларды шешуге байланысты сот практикасын зерделеу болып табылады.

                                       

133-бап. Істі сот талқылауына дайындау мерзімдері

1. Істі сот талқылауына дайындау осы Кодекстің 132-бабының екінші бөлігінде көзделген міндеттерді орындау үшін жеткілікті ойға қонымды мерзімде жүргізіледі, оны сот нақты әкімшілік іске (күрделілігі, көлем үлкендігі т.б.), жасалуы тиіс процестік әрекеттердің орындалуына (дәлелдемелер ұсыну, қамтамасыз ету шараларын қолдану, тараптама тағайындау т.б.), осы Кодекстің
26-29-тарауларында белгіленген ерекшеліктері бар оның көлемін және күрделілігін ескере отырып, даулы құқықтық қатынастарға қолданылатын заңнаманы зерделеуге қатысты мән-жайларды ескеріп, дербес белгілейді.

2. Істі аппеляциялық саты сотында сот талқылауына дайындау іс түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

134-бап. Сот сұхбаты

1. Сот сұхбатының міндеттері істің нақты мән-жайларын айқындау, сотқа талап қоюмен жүгінген адамға және әкімшілік процестің жауапкеріне процестік әрекеттерді жасаудың немесе жасамаудың құқықтық салдарларын түсіндіру, талап қою шектерін белгілеу, тараптар ұсынуға тиіс дәлелдемелердің тізбесін, оларды алу әдістері мен тәсілдерін анықтау болып табылады. 

2. Судья сот сұхбаты барысында мынадай әрекеттерді жасайды:

1) Істің мән-жайын және даудың жағдайын талқылау (түсіндіру), сондай-ақ татуластыру және тараптардың татуласуына жәрдем көрсету арқылы дауды реттеу үшін тараптарды шақырады;

2) тараптарға мәлімделген талаптары мен қарсылықтарын толықтыруды немесе нақтылауды, қосымша құжаттар (арыз, өтінішхат, түсініктеме, қарсылық) дайындауды және оларды тараптармен келісіліп, сот белгілеген мерзімде беруді ұсынады;

3) өздері мәлімдеген талаптардың мәні бойынша талап қоюшыдан жауап алады, одан өзі дау айтып отырған фактілерді, жауапкер тарапынан болатын ықтимал қарсылықтарды анықтайды, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдеме беруді ұсынады,  талап қоюшыға оның процестік құқықтары мен міндеттерін, процестік әрекеттерді жасаудан немесе жасамаудан болатын салдарларды, сот айыппұлын қолдану мүмкіндігі, процестік мәжбүрлеу және (немесе) ден қою туралы түсіндіреді;

4) талап қоюшы мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауапкерден жауап алады, оны сот белгілеген мерзімде дәлелдерді негіздеген дәлелдемелерді қоса, дау айтылатын фактілерді көрсете отырып, талап қоюшы мәлімдеген талаптарға жазбаша пікір ұсынуды міндеттейді және процестік құқықтар мен міндеттерді, пікірді ұсынбаудан, процестік әрекеттерді жасаудан немесе жасамаудан болатын салдарларды, сот айыппұлын қолдану мүмкіндігі, процестік мәжбүрлеу және (немесе) ден қою туралы түсіндіреді;

  5) егер жауапкер немесе іске қатысатын басқа да адамдар сотқа талап қоюға қоса берілген құжаттарды толық алмағаны туралы мәлімдеген жағдайда, сот олармен қол қоя отырып, сотта таныстыруды қамтамасыз етеді,бұл адамдардың өтінішхаты болған кезде талап қоюшыны көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуды міндеттейді;

6) даулы құқықтық қатынастардың сипатын, талап қоюдың нысанасы мен негізін және заңнаманың тиісті қолданылуын анықтайды және нақтылайды;

7) іске қатысатын адамдардың құрамы туралы, оның ішінде іске үшінші адамдардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді;

8) тараптармен дәлелдемелерді талап ететін фактілер тобын талқылайды, осы Кодексте белгіленген дәлелдеме ауыртпалығын бөлу қағидаларына сәйкес тараптар арасындағы дәлелдеме міндеттерін бөледі. Талқыланған фактілер тобын сот өзінің көзқарасы бойынша дауды шешу үшін елеулі болып табылатын фактілермен де толықтырады. Істі дайындау сатысында дәлелдемелерді талап ететін фактілер тобын айқындау соттың әрбір сот талқылауы сатысында жаңа фактілердің дәлелдемесін талап ету құқығын шектемейді;

9) дәлелдемелер ұсыну мерзімдерін, сондай-ақ тараптардың заттай және басқа да дәлелдемелермен танысу тәртібін белгілейді;

10) тараптардың өтінішхаты бойынша, сондай-ақ өзінің бастамасымен сараптама тағайындау туралы, сот отырысына сарапшыларды, мамандарды, куәларды шақыру, аудармашыны тарту туралы, заттай және жазбаша дәлелдемелерді орнында қарап-тексеру туралы мәселелерді шешеді;

11) тараптардың өтінішхаты бойынша, сондай-ақ өзінің бастамасымен талап қоюды мәселелерін шешеді;

12) бірнеше талаптарды біріктіру және ажырату туралы мәселені қарайды;

13) сот тапсырмаларын жібереді;

14) процеске қатысушылармен істің дауға байланысты нақты да заңды жақтарын талқылайды, тараптардың әрқайсының бір біріне өз талаптары бойынша сұрақтар қою мүмкіндігін жасайды;

15) істің дұрыс қаралуы мен шешілуіне бағытталған өзге де әрекеттерді жасайды.

3. Қатысуы міндетті болып табылатын тараптар сот сұхбатының жүргізілу уақыты мен орны туралы хабарландырылады. Сот сұхбатын осы баптың екінші бөлігінің 2) – 11),14) тармақшаларында көрсетілген, жасалған әрекеттер мен қабылданған шешімдерді міндетті түрде тіркей отырып, тараптардың қатысуымен сот өткізеді, олар хаттамаға енгізіледі.

4. Жүргізілген сұхбат нәтижесі бойынша сот тараптар өздеріне жүктелген процестік міндеттерді орындауға тиіс ақылға қонымды мерзімді келісім бойынша айқындайды, дәлелдемелер туралы ақпаратты толық ашу міндетін және оларды ақылға қонымды мерзімде сотқа дәлелсіз себептермен ұсынбай салдарларын түсіндіреді, дауды татуласу арқылы реттемеудің теріс салдарлары туралы, ұсынылған дәлелдемелермен танысу күні мен істі мәні бойынша қарау күнін ескертеді. Ұсынылған дәлелдемелермен танысу және істі сот талқылауына тағайындау күні туралы тараптарға және (немесе) олардың өкілдеріне қол қойдыру арқылы, ал өзге адамдарға осы Кодекстің 12-тарауында белгіленген тәртіппен хабарланады.

 

135-бап. Талап қою арызына пікір ұсыну тәртібі

1. Жауапкер талап қоюды іс жүргізуге қабылдау және әкімшілік істі қозғау туралы ұйғарым алынғаннан кейін бес күндік мерзімде сотқа пікір жіберуге міндетті.

2. сот істің ерекшелігін ескере отырып, пікірді жіберудің мейілінше ұзақ мерзімін белгілеуі не жауапкердің өтінішхаты бойынша пікірді  ұзартуы мүмкін.

3. Талап қоюға пікір мыналарды қамтуға тиіс:

1) талап қоюшының аты, тегі (атауы);

2) жауапкердің аты, тегі (атауы), тұрғылықты (орналасқан) жері, хабарлау мекенжайы (егер ол тұрғылықты жерінен өзгеше болса), егер талап қою лауазымды адамға берілген болса (мемлекеттік басқару органы) оның өкілінің аты, тегі, мекенжайы, сондай-ақ  осы тұлғаның (мемлекеттік басқару органының) аты, тегі (атауы), лауазымы;

3) пікір мәні (қысқаша сипаттамасы);

4) мәлімделген талап қоюдағы қабылданған әрбір талапқа қатысты жауапкердің ұстанымы не бұл талаптың бөлігіне немесе толықтай қатысты қарсылығы.

4. Қарсылық болған кезде жауапкер ұстанымы мынадай мәселелерді қамтуға тиіс:

1) талап қою негізіндегі өзі қабылдайтын фактілер;

2) талап қоюшы ұсынған фактілер шындығында істі шешу үшін елеулі маңызының бар-жоғы көрсетуі;

3) қарсылықтар негізіндегі фактілер және тиісті белгісі бар, бұл фактілердің әрқайсысын растайтын, олардың  қандай фактіге бағытталғанын растайтын дәлелдемелер туралы ақпаратты толық ашу;

4) құжаттардың пікіріне және ұсынылған дәлелдемелерге қоса берілетін тізбе.

5. Пікірлер мыналарды:

1) істі қарау және шешу үшін маңызы бар басқа да мәліметтерді, сондай-ақ жауапкердің өтінішхатын;

2) жуапкердің факсінің, телефонының нөмірлерін, электрондық мекенжайын қамтуға тиіс.

6. Жауапкер пікірмен бірге мыналарды ұсынады:

1) куәні немесе сарапшыны шақыру, жазбаша немесе заттай дәлелдеме шешуі, соттың сарапшы тағайындауы туралы өтінішхат;

2) оның иелігіндегі барлық ықтимал жазбаша дәлелдемелер, егер бұларды дәлелдеу міндетіне ол жауапты болса және егер оларды талап қоюға қоса беру мүмкіндігі болса, ол талап ететін растау фактілері;

3) жауапкер өкілінің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге құжат (егер сот процесіне қатысушы өкіл арқылы сөз алса);

4) құжаттарды жіберудің арнайы тәртібіне сәйкес талап қоюға пікірді және қоса берілген құжаттарды талап қоюшыға және іске қатысатын басқа да тұлғаларға жіберілгенін растайтын дәлелдеме.

7. Пікірге жауапкер немесе оның өкілі қол қояды. Өкіл қол қойған пікірге оның пікірге қол қою өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе басқа құжат қоса беріледі.

 

136-бап. Талап қоюдан бас тарту және талап қоюды мойындау

1. Талап қоюшы талап қоюдан сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін іске қоса тігілетін жазбаша арыз беру арқылы толық немесе бір бөлігін, ал жауапкер – талап қоюды  толық немесе бір бөлігін мойындауға құқылы.

2. Жауапкердің талап қоюды мойындауы сотты дәлелдемелерді зерттеу міндетінен босатады. Талап қоюдың бөлігі мойындалған жағдайда дәлелдемелерді зерттеу жауапкердің талап қоюды мойындамаған бөлігінде ғана жүргізіледі.

3. Сот талап қоюды мойындау қабылданғанға дейін талап қоюшыға немесе тараптарға тиісті процестік әрекеттердің салдарын түсіндіреді.

4. Талап қоюдан бас тартуды қабылдау туралы сот ұйғарым шығарады, онда іс бойынша іс жүргізілу тоқтатылады.

5. Егер жауапкердің талап қоюдан бас тартуы, талап қоюды мойындауы туралы арыз сот сұхбаты сатысында түссе, сот осы баптың үшінші бөлігінде көзделген талаптарды орындағаннан кейін  істі сот отырысында қарауға тағайындайды және мәселенің қаралу нәтижелері бойынша талап қоюдан бас тартуды қабылдау, талап қоюды жауапкердің мойындауы немесе тиісті өтінішхатты қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

6. Сот, егер талап қоюшының немесе жауапкердің бұл әрекеттері заңға қайшы болса, не қайсы біреудің құқықтарын, бостандығын немесе мүдделерін бұзса, жауапкердің талап қоюдан бас тартуын, талап қоюды тануын қабылдамайды және  әкімшілік істі сот сұхбаты сатысынан бастап қарауды жалғастырады. 

7. Соттың жауапкердің талап қоюдан бас тартуын, талап қоюды тануын қабылдау немесе жауапкердің талап қоюды қабылдауы, талап қоюды тануын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымына белгіленген тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

8. Егер талап қоюшы немесе жауапкер талап қоюдан бас тарту немесе тиалап қоюдың бір бөлігін мойындау туралы арыз берсе сот даудың мәні бойынша шешім шығарған кезде тиісті мәселені шешеді.

 

137-бап.  Талап қоюдың нысанасын немесе негізін өзгерту, талап қою талаптарын ұлғайту немесе азайту

1. Талап қоюшы алдын ала іс жүргізу аяқталғанға дейін не қосымша процестік әрекеттерді жүргізу қажет болмаған кезде сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін жазбаша арыз беру арқылы талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға құқылы.

2. Талап қоюдың негізін немесе нысанасын өзгерту, талап қою талаптарының мөлшерін ұлғайту немесе азайту туралы дауларды сотқа дейін реттеудің тәртібі сақталғаннан кейін, егер осындай тәртіп заңда белгіленсе, мәлімделуі мүмкін.

3. Сот талап қоюдың нысанасын немесе негізін өз бастамасы бойынша өзгертуге құқылы емес.

 

138-бап. Бірнеше талап қою талаптарын біріктіру және ажырату

1. Егер талаптарды бөлек қарау анағұрлым орынды болса, судья талап қоюшы біріктірген талаптардың біреуін немесе бірнешеуін жеке іс жүргізуге бөліп шығарады.

2. Бірнеше талап қоюшы талап қойған немесе бірнеше жауапкерге талап қойылған кезде судья, егер талаптарды бөлек қарау анағұрлым орынды деп тапса, бір немесе бірнеше талапты жеке іс жүргізуге бөліп шығаруға құқылы.

3. Судья осы соттың іс жүргізуінде дәл сол тараптар қатысатын бірнеше ұқсас іс не бір талап қоюшының әр түрлі жауапкерге немесе әр түрлі талап қоюшының сол бір жауапкерге (сол жауапкерге) қойған талаптары бойынша бірнеше іс бар екенін анықтап, егер осындай біріктіруді орынды деп тапса, өзінің қалауы не тараптардың өтінішхаты бойынша осы істерді бірлесіп қарау үшін бір іс жүргізуге біріктіруге құқылы.

4. Бір талап екіншісінен бөлінгеннен кейін істі қарау мерзімі істі бөлінген талап бойынша сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап есептеледі.

Істер бір іс жүргізуге біріктірілгеннен кейін істі қарау мерзімі бұрын мәлімделген талап бойынша істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап есептеледі.

5. Бірнеше талап қоюды біріктіру немесе бөлу туралы ұйғарым шағым жасауға, наразылық білдіруге жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық және (немесе) кассациялық шағымда көрсетілуі мүмкін.

 

139-бап. Алдын ала іс жүргізуде іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, тоқтату және арызды қараусыз қалдыру

1. Осы Кодексті 200, 202-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде алдын ала іс жүргізу кезінде іс бойынша іс жүргізу тоқтататылуы не арыз қараусыз қалдырылуы мүмкін.

2. Тараптарға мұндай процестік әрекеттің салдарлары түсіндіріледі.

 

140-бап. Сот төрағасының қатысуы (қызметтік қадағалау)

1. Егер талап қою соттың іс жүргізуіне қабылданғаннан кейін әкімшілік іс ұзақ уақыт бойы қаралмаған және сот процесі анық созлған жағдайда сот төрағасы мүдделі адамның істі қарауды жеделдету туралы тиісті арызының негізінде әкімшілік істің қаралуын жеделдету туралы ұйғарым шығаруға құқылы.

2. Әкімшілік істі қарауды жеделдету туралы арызда, атап айтқанда арыз берген адам өз талабын негіздейтін мән-жайлар көрсетілуге тиіс. Әкімшілік істі қарауды жеделдету туралы арызды сот төрағасы осы арыз сотқа түскеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей арыз берген адамға және іске қатысатын өзге адамдарға хабарламай қарайды. Арызды қарау нәтижелері бойынша сот дөрағасы арызды қанағаттандыру және істі қарауды жеделдету немесе бұдан бас тарту туралы уәжделген ұйғарым шығарады. 

3. Әкімшілік істі қарауды жеделдету туралы ұйғарымда оны қарауды жеделдету үшін жасалуы тиіс әрекеттер көрсетілуі, сондай-ақ сот отырысы өткізілуге тиіс мерзім белгіленуі мүмкін.

4. Әкімшілік істі қарауды жеделдету немесе одан бас тарту туралы ұйғарым көшірмесі іске қатысатын адамдарға ұйғарым шығарылғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.

5. Ұйғарым шағым жасалуға және наразылық білдіруге жатпайды, алайда оған қарсылықтар аппеляциялық шағымға енгізілуі мүмкін.

 

141-бап. Істі сот талқылауына тағайындау

Судья істі дайын деп танып, оны сот отырысында талқылауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады, тараптарды және іске қатысатын басқа да тұлғаларды істің қаралатын уақыты мен орны туралы хабарландырады.

 

17-тарау. Тараптардың татуласу туралы келісімі

 

142-бап. Тараптардың татуласу туралы келісімі

1. Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында, оның ішінде шешімдердің орындалу сатысында реттеуде оларға жәрдемдеседі.

2. Тараптар татуласу туралы келісімін жасап, өзара басқаға беру негізінде дауды толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады. Тараптардың татуласуы даулы жария құқықтық қатынастар субъектісі және талап қою нысанасы ретінде олардың құқықтары мен міндеттеріне ғана қатысты болады және егер тараптар шешім қабылдауға құқықты болса дау нысанасына қатысты иелік ету құқығын иеленеді.

3. Дауды реттеу туралы өтінішхат, іс жүргізу осы Кодекстің
26-29- тарауларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын істерді қоспағанда, кез келген іс бойынша мәлімделінуі мүмкін.

4. Іске қатысатын адамдарды өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша сот істі мәні бойынша қарау сатысында іс бойынша іс жүргізуді тараптарға татуласу туралы келісім жасасу үшін қажетті уақытқа тоқтата тұруға құқылы.

 

143-бап. Тараптардың татуласу туралы келісімінің нысаны мен мазмұны

1. Татуласу туралы келісім жазбаша нысанда жасалады және оған тараптар немесе олардың өкілдері қол қояды.

2. Татуласу туралы келісім тараптар келіскен оны орындау мерзімі мен тәртібі туралы шарттарды қамтуға тиіс. Келісім шарттары дәл жазылуға, орындалуы әрбір тарапқа жүктелетін нақты әрекеттерді айқындауға және ерікті түрде орындалуға тиіс. Келісім шарттары олар орындалмаған жағдайда атқару парағын беру арқылы мәжбүрлеу тәртібімен орындала алатындай түрде тұжырымдалуы тиіс.   

3. Татуласу туралы келісім оны орындау мерзімі мен тәртібі көрсетіле отырып, тараптар келіскен шарттарды қамтуға тиіс.

4. Татуласу туралы келісімін кейінге қалдыру шартымен жасауға жол берілмейді.

5. Татуласу туралы келісімінде кейінге қалдыру немесе ұзарту мерзімдері көрсетіле отырып, жауапкердің міндеттемелерді орындауын кейінге қалдыру немесе ұзарту, талап ету құқығын басқаға беру, сот шығыстарын бөлу, татуласу келісімін мәжбүрлеп орындау шарттары және заңға қайшы келмейтін өзге де шарттар қамтылуы мүмкін. Егер келісімде сот шығыстарын бөлу туралы шарт болмаса, олар өзара өтелді деп есептеледі.

         6. Татуласу туралы келісімі татуласу келісімін жасасқан тұлғалардың санынан бір дана артық жасалады және оған қол қойылады. Татуласу келісімін бекіткен сот осы даналардың біреуін іс материалдарына қоса тіркейді.

 

144-бап. Тараптардың татуласу туралы келісім жасасуы

1. Егер татуласу туралы келісім шарты заңға қайшы келмесе, үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және (немесе) мүдделерін бұзбаса, сот осындай келісімді бекіту туралы ұйғарым шығарады.

2. Сот ұйғарымы осы Кодекстің 143-бабының бесінші бөлігінде көзделген ережелерге сәйкес келуге, сондай-ақ татуласу туралы келісімнің шарттарын қамтуға тиіс.

 

145-бап. Тараптардың татуласу туралы келісімін соттың бекітуі

1. Сот тараптардың татуласу туралы келісімін бекіту туралы өтінішхатын сот отырысында қарайды. Іске қатысатын адамдар сот отырысының өтетін уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуі татуласу туралы келісімді бекіту туралы мәселенің қаралуы үшін кедергі болып табылмайды.

2. Сот татуласу туралы келісімді жасаудың құқықтық салдарын ол бекітілгенге дейін тараптарға түсіндіреді.

3. Сот қарау нәтижелері бойынша татуласу туралы келісімді бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату не мұндай келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.

4. Егер татуласу туралы келісім заңға қайшы келсе немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, сот оны бекітпейді. Сот келісімді бекітуден бас тартқан жағдайда, ұйғарым шығарады, ол шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы уәждер апелляциялық шағымда көрсетілуі мүмкін.

5. Соттың татуласу туралы келісімді бекіту туралы ұйғарымында:

1) келісімді бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату;

2) татуласу туралы келісімнің шарттары және оны орындау мерзімдері;

3) осы Кодекстің 89-бабы бесінші бөлігінің қағидаларына сәйкес сот шығыстарын бөлу;

4) талап қоюшы төлеген мемлекеттік бажды оған бюджеттен қайтару көрсетіледі.

6. Сот актісін орындау сатысында жасалған татуласу  туралы келісімі сот актісі орындалатын жердегі бірінші сатыдағы соттың немесе көрсетілген сот актісін қабылдаған соттың бекітуіне ұсынылады.

7. Татуласу келісімін бекіту туралы ұйғарымға шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

 

146-бап. Тараптардың татуласу туралы келісімін орындауы

1. Татуласу туралы келісімді оны жасасқан тұлғалар осы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімдерде ерікті түрде орындайды.

2. Ерікті түрде орындалмаған татуласу туралы келісім тиісті мүдделі тұлғаның өтінішхаты бойынша сот берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.

Татуласу туралы келісімді бекіту туралы сот ұйғарымын мәжбүрлеп орындату туралы мәселені сот тараптардың өтінішхаты бойынша сот отырысында қарайды. Тараптар сот отырысының өтетін уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуі мәселенің қаралуы үшін кедергі болып табылмайды.

Татуласу туралы келісімді мәжбүрлеп орындату туралы сот ұйғарымы шағым жасалуға және наразылық білдіруге жатпайды.

 

18-тарау. Сот талқылауы

 

147-бап. Бірінші сатыдағы соттың әкімшілік iстердi қарау мерзiмдерi

1. Бірінші сатыдағы сот істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір ай ішінде әкімшілік iсті қарайды және шешеді.

2. Осы Кодексте әкімшілік iстердiң жекелеген санаттары үшін оларды қараудың және шешудің қысқартылған мерзiмдері белгiленуi мүмкiн.

3. Негізгі істен бөліп алынған істі, сондай-ақ бірлесіп қарау үшін бір іске біріктірілген істерді қарау және шешу мерзімінің өтуі осы Кодекстің 138-бабының төртінші бөлігіне сәйкес есептеледі.

4. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен соттың ұйғарымына шағым жасалған кезде істі қарау және шешу мерзімінің өтуі, талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымға шағым жасау жағдайларын қоспағанда, істі жоғары сатыдағы сотқа жіберген кезден бастап ол бірінші сатыдағы соттың іс жүргізуіне түскенге дейін үзіледі.

 

148-бап. Сот отырысы

1. Әкімшілік істі соттық талқылау іске қатысатын адамдарды міндетті түрде шақыра отырып, сот отырысында жүзеге асырылады.

2. Сот отырысы  арнайы жабдықталған үй-жай – сот отырысы залында өткізіледі. Жекелеген процестік әрекеттер қажет болған жағдайда соттың үй-жайынан тысқары жерлерде өткізілуі мүмкін.

 

149-бап. Сот отырысында төрағалық етушi

1. Істі бірінші сатыдағы сот қараған кезде алдын ада іс жүргізуді жүзеге асыратын судья сот отырысына төрағалық етуші болып табылады.

Төрағалық етушi әкімшілік сот ісін жүргізу қағидаттарына сәйкес процестік әрекеттер жасаудың сабақтастықтығы мен тәртiбінiң сақталуын, процеске қатысушылардың процестік құқықтарын жүзеге асыруын және олардың процестік міндеттерді орындауын қамтамасыз ете отырып, отырыстың барысына басшылық жасайды, сот талқылауынан істі шешу үшін маңызы жоқ мәселелерді жоя отырып, сот талқылауын іс бойынша мән-жайларды толық, жан-жақты және объективті анықтауға бағыттайды.  

  2. Іске қатысатын қандай да бір тұлғаның төрағалық етушiнiң процестік әрекеттерiне қарсылық бiлдiруі сот отырысының хаттамасына енгiзiледi.

3. Төрағалық етушi сот отырысында тәртiптi қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қолданады, олар іске қатысатын барлық тұлғалар және олардың өкілдері, мамандар, сарапшылар, аудармашылар үшiн, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар үшiн мiндеттi.

Төрағалық етушінің сот отырысында тәртіпті сақтау жөніндегі талаптарын орындамау осы Кодекстің 10-тарауына пройцестік мәжбүрлеу немесе ден қою, сондай-ақ сотқа құрмет көрсетпеу үшін жауаптылыққа әкеп соғады.

 

150-бап. Сот отырысындағы тәртiп

1. Судья сот отырысы залына кiрген кезде залдағы қатысып отырған адамдар орындарынан тұрады, өз айғақтары мен түсініктемелерін түрегеліп тұрып береді.  Бұл қағидадан ауытқуға төрағалық етушiнiң рұқсатымен ғана жол берілуі мүмкiн.

2. Процеске қатысушылар судьяға «Құрметті сот» деп сөйлейді.

3. Істі сот талқылауы тиісті тәртіпті және процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайында өтеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында төрағалық етуші істі талқылау кезінде қатысуға ниеттенген адамдарды, жеке басты куәландыратын құжаттарды тексеруді, олар алып кіретін заттарды қарап тексеруді қоса алғанда,  тексеру жүргізу туралы өкім бере алады.

4. Сот талқылауы кезінде кино және фото түсіру, бейнежазба, тікелей радио және телетрансляциялауға іске қатысатын адамдардың пікірлері ескеріле отырып, соттың рұқсаты бойынша жол беріледі. Бұл әрекеттер сот отырысының қалыпты жүруіне кедергі келтірмеуге, сот отырысы залында сот көрсеткен орындарда жүзеге асырылуға  тиіс және уақыт бойынша шектелуі мүмкін.

5. Процеске қатысушылар, сондай-ақ сот отырысы залында қатысып отырған азаматтар белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.

6. Сот актілерін барлық сот отырысы залында қатысып отырғандар түрегеліп тұрып тыңдайды.

 

151-бап. Сот отырысындағы тәртiпті бұзушыларға қолданылатын шаралар

1. Iстi талқылау кезiнде тәртiпті бұзған адамға төрағалық етушi соттың атынан ескерту жасайды.

2. Тәртiптi қайталап бұзған жағдайда процеске қатысатын адам сот отырысының хаттамасына енгізілетін сот ұйғарымы бойынша сот талқылауының барлық уақытына немесе оның бiр бөлiгiне сот отырысы залынан шығарып жiберiлуi мүмкiн. Төрағалық етушi соңғы жағдайда сот отырысы залына қайта жiберiлген адамды ол болмаған кезде жасалған процестік әрекеттермен таныстырады. Істі талқылау кезінде  қатысатын азаматтар қайталап тәртіп бұзғаны үшін төрағалық етушінің өкімімен отырыс залынан шығарып жіберіледі, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

3. Iстi талқылау барысында оған қатысушылар жаппай тәртiп бұзған жағдайда сот процестің қатысушысы болып табылмайтын барлық азаматтарды сот отырысы залынан шығарып жіберуі немесе iстi талқылауды кейiнге қалдыруы мүмкiн.

4. Процеске қатысушы тұлға тарапынан тікелей сот талқылауы барысында сотты құрметтемеу фактісі анықталған кезде сот кінәлі адамға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

5. Егер сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық белгілер болса, сот материалдарды тиісті прокурорға жібереді.

 

152-бап. Сот отырысын ашу

1. Талқылау үшін тағайындалған уақытта төрағалық етушi сот отырысын ашады және қардай ікімшілік іс және дау қаралуға жататыны туралы хабарлайды.

2. Сот отырысын аудио-, бейнежазба құралдарын сот пайдаланған кезде төрағалық етуші бұл туралы хабарлайды.

Сот отырысын  аудио-, бейнежазба құралдарын қолдану мүмкін болмаған жағдайларда сот отырысының хатшысы осы мәліметтерді сот отырысының хаттамасында көрсете отырып, бұл туралы сотқа баяндайды.

         3. Сот отырысының хатшысы сотқа бұл іс бойынша шақырылған адамдардың қайсысы келмегенін, келмеген адамның хабардарлығы-хабардар еместігі және олардың болмау себептері туралы қандай мәліметтер бар екенін баяндайды.

4. Төрағалық етуші келушілердің жеке басын анықтайды, сондай-ақ өкілдердің өкілеттіктерін тексереді.

 

153-бап. Аудармашыға оның міндеттерін түсіндіру

1. Төрағалық етушi аудармашыға сот пікір алмасу жүргізіліп отырған тiлдi бiлмейтiн адамдардың түсiндiрмелерiн, айғақтарын, мәлiмдемелерiн, ал осы адамдарға iске қатысатын тұлғалар мен куәлардың түсiндiрмелерiнiң, айғақтарының, мәлiмдемелерiнiң, жария етiлетiн және iсте бар құжаттардың, дыбысжазбалардың, сарапшылар қорытындыларының, мамандар консультацияларының, сондай-ақ судья өкiмдерiнiң, сот шығарған сот актілерінің мазмұнын аудару мiндетiн түсiндiредi.

2. Төрағалық етушi аудармашыға көрiнеу қате аударма жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген жауаптылық туралы ескертедi. Аудармашының бұл туралы қолхаты сот отырысының хаттамасына қоса тiркеледi. Аудармашы сотқа келуден немесе өз мiндеттерiн орындаудан дәлелді себептерсіз жалтарған жағдайда, оған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес әкiмшiлiк жаза қолданылуы не осы Кодексте көзделген өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.

3. Осы баптың қағидалары мылқау немесе құлағы естімейтін адамдардың белгілерін түсінетін адамға (сурдоаудармашы) және істі талқылауға қатысу үшын шақырылғандарға қолданылады.

 

154-бап. Куәларды сот отырысы залынан шығарып жіберу

1. Келген куәлар, төрағалық етуші олардың жеке басын куәландырғаннан кейін сот отырысы залынан шығарып жіберіледі.

2. Төрағалық етушi жауап алынған куәлардың жауап алынбаған куәлармен сөйлеспеуі үшін шаралар қолданады.

 

155-бап. Сот құрамын жария ету және қарсылық бiлдiру құқығын түсiндiру

1. Төрағалық етушi сот құрамын жариялайды, прокурор, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы ретiнде кiмдердiң қатысып отырғанын хабарлайды және iске қатысатын тұлғаларға олардың қарсылық бiлдiру құқығын түсiндiредi.

2. Қарсылықтар бiлдiру үшiн негiздер, мәлiмделген қарсылықты шешу тәртiбi және осындай мәлiмдеулердi қанағаттандырудың салдары осы Кодекстiң 26-30-баптарында айқындалады.

 

156-бап. Iске қатысатын тұлғаларға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру

1. Төрағалық етуші іске қатысатын адамдардың процестік құқықтарымен және міндеттерімен танысқандығына көз жеткізеді, ал таныспаған жағдайда оларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.

2. Төрағалық етуші тараптарға дауды татуласу келісімімен шешу құқығын және олардың құқықтық салдарын түсіндіреді.

 

157-бап. Сарапшыға және маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру

Төрағалық етуші сарапшыға және маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сарапшыға - көрінеу жалған қорытынды бергені үшін, ал маманға көрінеу жалған айғақтар бергені үшін жауапкершілікті ескертеді, бұл туралы олардың қолы алынып, ол сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.

 

158-бап.  Соттың iске қатысатын тұлғалардың өтiнiшхаттарын шешуi

Iске қатысатын тұлғалардың және өкiлдердiң iстi талқылауға байланысты мәселелер бойынша өтiнiшхаттары iске қатысатын тұлғалардың пiкiрлерi тыңдалғаннан кейін шешіледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда соттың ұйғарымы шығарылады.

 

159-бап. Iске қатысатын тұлғалардың және өкiлдердiң сот отырысына келмеуінің салдары

1. Iске қатысатын тұлғалар сот отырысына келмеу себептерi туралы сотқа алдын ала хабарлауға және осы себептердiң дәлелдi екендiгiне дәлелдемелердi ұсынуға мiндеттi.

2. Iске қатысатын тұлғалардың қайсыбiрі сот отырысына келмеген жағдайда, олардың тиiстi түрде хабарландырылғаны туралы мәлiметтер жоқ болса, iстi талқылау кейiнге қалдырылады.

3. Егер iске қатысатын тұлғалар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiстi түрде хабарландырылса, олардың келмеу себептерi тек дәлелдi деп танылған жағдайда ғана сот iстi талқылауды кейiнге қалдырады.

4. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiстi түрде хабарландырылған iске қатысатын тұлғалардың қайсыбiрi келмеген жағдайда, егер олардың келмеу себептерi дәлелсiз деп танылса, сот iстi қарауға құқылы.

5. Тараптар соттан iстi олардың қатысуынсыз қарау және оларға шешiмнiң көшiрмелерiн жiберу туралы жазбаша нысанда өтiнуге құқылы.

6. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiстi түрде хабарландырылған iске қатысатын тұлға өкілінің келмеуі істі қарауға кедергі болмайды.

7. Іске қатысатын адамдардың сот отырысына дәлелсіз себептермен қайталап келмеген жағдайда, егер олардан өздері жоқта істі талқылау туралы арыз түспесе және олар жоқта істі қарау мүмкін болмаған кезде, сот істі талқылауды кейінге қалдыра отырып, заңнамалық актілерге сәйкес бұл адамдардың жауапкершілігі туралы мәселені шешеді. 

 

160-бап. Сот отырысына куәның, сарапшының, маманның, аудармашының келмеу салдары

1. Сот отырысына куә, сарапшы немесе маман келмеген жағдайда сот iске қатысатын тұлғалардың iстi олар жоқта қарау мүмкiндiгi туралы пiкiрiн тыңдайды және сот талқылауын жалғастыру немесе оны кейiнге қалдыру туралы ұйғарым шығарады.

2. Сот отырысына аудармашы келмеген жағдайда, егер аудармашыны алмастыру мүмкiн болмаса, сот iстi талқылауды кейiнге қалдыру туралы ұйғарым шығарады.

3. Егер куә, сарапшы, маман немесе аудармашы сот отырысына сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша келмесе, аталған адамдардың әрқайсысы сотты құрметтемегені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.

 

161-бап. Iстi талқылауды кейiнге қалдыру

1. Егер сот іске қатысатын адамдардың қайсыбiрінің келмеуi қосымша дәлелдемелерді ұсыну немесе талап ету қажеттігі,  өзге де процестік әрекеттер жасау қажеттігі салдарынан осы сот отырысында істі қарау мүмкін емес деп тапса, iстi талқылауды кейiнге қалдыруға жол беріледі.

3. Iс кейiнге қалдырылған кезде iстiң жаңа сот отырысында қаралуын және шешiлуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн уақыт ескерiле отырып, жаңа сот отырысының күнi белгiленедi, бұл туралы келген адамдарға қол қойдыру арқылы хабарланады. Келмеген және процеске қатысуға жаңадан тартылған тұлғаларға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы (хабар) жiберiледi.

 

162-бап. Iстi талқылау кейiнге қалдырылған кезде куәлардан жауап алу

Істі талқылау кейінге қалдырылған кезде, егер тараптар сот отырысында қатысып отырса, сот келген куәлардан жауап алуға құқылы. Осы куәларды қажет болған жағдайда ғана жаңа сот отырысына екінші рет шақыруға жол беріледі.

 

163-бап. Iстi мәнi бойынша қараудың басталуы

1. Істі мәні бойынша сот талқылауы төрағалық етушінің талап қою талаптарының мазмұны туралы, тараптардың алдын ала іс жүргізу кезінде белгілі бір мән-жайларды мойындауы туралы баяндамасынан басталады, бұдан соң ол: талап қоюшының талап қоюды қолдайтынын-қолдамайтынын, оны жауапкердің мойындайтынын-мойындамайтынын және тараптардың татуласуға ниетінің бар-жоғын анықтайды.

2. Істі іске қатысушы тұлғаның қатысуынсыз қарау кезінде сот отырысында төрағалық етуші алдын ала іс жүргізу кезінде жазылған талап қою талабына қатысты оның ұстанымын баяндайды.

 

164-бап. Iске қатысатын тұлғалардың түсiнiктемелерi

1. Істі баяндағаннан кейін сот талап қоюшының, оның өкілінің және оның жағынан қатысатын үшінші тұлғаның, жауапкер өкілінің және оның жағынан қатысатын үшінші тұлғаның, сондай-ақ іске қатысатын өзге де тұлғалардың түсініктемелерін тыңдайды. Прокурор, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, заңды тұлғалардың өкілдері, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген азаматтар бірінші болып түсініктеме береді.Процеске қатысушылар бір біріне сұрақ қоюға құқылы. Судья іске қатысатын адамға ол түсініктеме беріп жатқан кез келген сәтте сұрақ қоюға құқылы.

2. Егер іс бойынша бірнеше талап қою талабы мәлімделсе, сот тараптарды және үшінші тұлғаларды олардың әрқайсысы бойынша жеке түсініктеме беруді міндеттей алады.

3. Іске қатысатын тараптар, үшінші тұлғалар бір біріне төраға белгілеген тәртіппен сұрақ қояды.

4. Егер іске қатысатын тараптардың, үшінші тұлғалар мен өзге де адамдардың жазбаша түсініктемелері болса, төрағалық етуші, егер мұндай қажеттілік болса, бұл түсініктемелердің мазмұнын хабарлайды.  

 

165-бап. Дәлелдемелерді зерттеу

1. Талап қою талабы қарсылық негізделетін немесе істі шешу үшін өзгеше маңызы бар (сотқа жүгіну үшін мерзімді өткізіп алу себептері т.б.) және іс бойынша сот шешімін шығару кезінде анықталуға жататын мән-жайлар дәлелдеу нысанасы болып табылады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайларды белгілеу үшін сот отырысында іске қатысатын адамдардың түсініктемесі, куәлардың айғақтары тыңдалады, жазбаша және заттай дәлелдемелер, оның ішінде жазылған ақпараты бар ақпарат жеткізгіштер, сарапшылардың қорытындылары, мамандардың түсіндірмелері зерттеледі.

 

166-бап. Айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергені үшін куәға жауаптылық туралы ескерту

1. Куәдан жауап алынғанға дейiн төрағалық етушi куәның жеке басын анықтайды, оның мiндеттерi мен құқықтарын түсiндiредi және оған айғақтар беруден бас тартқаны үшiн және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертедi. Куәға, оның ішінде он алты жасқа толмаған куәға өзіне, өзінің жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақтар беруден, сондай-ақ діни қызметшіге - тәубаға келіп, өзіне сырын ашқандарға қарсы айғақтар беруден бас тарту құқығы түсіндіріледі.

2. Он алты жасқа толмаған куәға судья оған iс бойынша белгілі болғанның бәрiн шынайы түрде айтып беру мiндетiн түсiндiредi, бiрақ оған айғақтар беруден бас тартқаны үшiн және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы ескертiлмейдi.

 

167-бап. Куәдан жауап алу тәртiбi

1. Әрбiр куәдан жауап жеке-жеке алынады.

2. Төрағалық етушi куәның iске қатысатын тұлғаларға қатысын анықтайды және куәға iс бойынша жеке өзiне істің мән-жайларының бәрiн сотқа хабарлауды ұсынады.

3. Айғақтар қандай да бір цифрлармен немесе басқа деректермен байланысты болған кезде куә айғақтар беру кезiнде жазбаша материалдарды пайдалана алады. Куә осы құжаттарды сотқа және iске қатысатын тұлғаларға ұсынады және ол iске қоса тiркелуi мүмкiн, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.

4.    Куәға оның айғақтарына қатысты қолында бар құжаттарды жария етуіне рұқсат етiледi, олар іске қоса тiркелуi мүмкiн, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.

5. Осыдан кейiн куәға сұрақтар қойылуы мүмкiн. Бiрiншi болып өзінің арызы бойынша куәны шақырған тұлға мен оның өкiлi, содан соң процеске басқа да қатысушылар мен өкiлдер сұрақ қояды.

Судья куәдан жауап алудың кез келген сәтiнде оған сұрақ қоюға құқылы.

6. Қажет болған жағдайда сот нақ сол немесе келесi отырыста куәдан екiншi рет жауап ала алады, сондай-ақ олардың айғақтарындағы қайшылықтарды анықтау үшiн куәлардан жауап ала алады.

7. Әлi айғақтар бермеген куәлар iстi талқылау кезiнде сот отырысы залында қала алмайды. Жауап алынған куә, егер сот ертерек кетуіне рұқсат бермесе, істі талқылау аяқталғанға дейін сот отырысы залында қалады.

 

168-бап. Кәмелетке толмаған куәдан жауап алу

1. Он төрт жасқа толмаған куәдан жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрттен он алты жасқа дейінгі куәдан жауап алу сотқа шақырылатын педагогтың және заңды өкілдердің қатысуымен жүргізіледі. Көрсетілген адамдар төрағалық етушiнiң рұқсатымен куәға сұрақтар қоя алады, сондай-ақ куәның жеке басына және оның берген айғақтарының мазмұнына қатысты өз пiкiрiн айта алады.

2. Iстiң мән-жайларын анықтау үшiн қажет болатын ерекше жағдайларда, кәмелетке толмаған куәдан жауап алынған уақытта iске қатысушы қандай да өзге адам сот ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан шығарып жіберілуі мүмкiн. Осы адам отырыс залына қайта келгеннен кейін оған кәмелетке толмаған куәның айғақтарының мазмұны хабарлануға және куәға сұрақтар қою мүмкiндiгi берiлуге тиiс.

3. Он алты жасқа толмаған куә, сот бұл куәны сот отырысы залында болуы қажет деп таныған жағдайларды қоспағанда, одан жауап алу аяқталған соң сот отырысы залынан шығарылады.

 

169-бап. Куәның айғақтарын жария ету

Куәлардың заңда көзделген тәртiппен сот отырысынан тыс берген айғақтары сот отырысында жария етiледi, iске қатысатын тұлғалар осыдан кейін олар бойынша түсiнiктемелер беруге құқылы.

 

170-бап. Жазбаша дәлелдемелерді зерттеу

1. Жазбаша дәлелдемелер, оның ішінде сот тапсырмасы бойынша немесе дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібімен жасалған оларды қарап-тексеру хаттамалары сот отырысында жария етiледi және iске қатысатын тұлғаларға, ал қажет болған жағдайда куәларға, сарапшыларға, мамандарға немесе аудармашыларға көрсетiледi.

2. Процеске қатысушылар жазбаша дәлелдемелерге қатысты куәларға, сарапшыларға, мамандарға сұрақ қоя алады.

 

171-бап. Азаматтардың жеке хат жазысуын және телеграфтық хабарларын жария ету және зерттеу

Азаматтардың жеке хат жазысу және жеке телеграфтық хабарлар беру құпиясын қорғау мақсатында хат жазысу мен телеграфтық хабарлар тек олардың арасында жүрген тұлғалардың келiсiмiмен ғана ашық сот отырысында жария етiлуi және зерттелуi мүмкiн. Осы тұлғалардың жеке хат жазысулары мен жеке телеграфтық хабарламалары жабық сот отырысында олардың келісімінсіз жария етiледi және зерттеледi. Іске қатысатын адамдар осыдан кейін түсiнiктемелер бере алады.

 

172-бап. Заттай дәлелдемелердi зерттеу

1. Сот заттай дәлелдемелердi қарайды, сондай-ақ процеске қатысушыларға, ал қажет болған жағдайларда - сарапшыларға, мамандарға және куәларға танысу үшін көрсетiледi. Заттай дәлелдемелер танысу үшін ұсынылған тұлғалар ұсынылған дәлелдемелерге және оны қарап-тексеруге байланысты сол және басқа да мән-жайларға сот назарын аудара алады.

2. Дәлелдемелерді қамтамасыз етуғ сот тапсырмасын орындау тәртібімен немесе дәлелдемелерді орнында қарап-тексеру нәтижесі бойынша жасалған заттай дәлелдемелердi қарап тексеру хаттамалары сот отырысында жария етiледi. Іске қатысатын тұлғалар бұл хаттамаларға қатысты өз түсiнiктемелерін бере алады.

3. Процеске қатысушылар заттай дәлелдемелерге қатысты оларды қарап-тексерген сарапшыларға, мамандарға, куәларға сұрақ қоя алады.

 

173-бап. Дыбысжазбаны тыңдау, бейнежазбаны, фото- және киноматериалдарды көрсету және оларды зерттеу

1. Дыбысжазбаны тыңдау, бейнежазбаны, фото- және киноматериалдарды көрсету сот отырысы залында не осы мақсат үшiн арнайы жабдықталған өзге үй-жайда сот отырысының хаттамасында материалдың ерекше белгiлерi жазылып және көрсету уақыты көрсетiлiп жүргiзiледi. Осыдан соң сот iске қатысушы тұлғалардың түсiнiктемелерiн тыңдайды.

2. Қажет болған жағдайда дыбысжазбаны тыңдау және бейнежазбаны, фото- және киноматериалдарды көрсету толығымен немесе олардың қандай да бір бөлiктерi қайталануы мүмкiн.

3. Дыбысжазбалардағы және бейнежазбалардағы, фото- және киноматериалдардағы мәлiметтердi анықтау мақсатында сот маманды тартуы, сондай-ақ сараптама тағайындауы мүмкiн.

 

174-бап. Дәлелдемелерді орнында қарап-тексеру

1. Сотқа ұсынылуы қиын немесе жеткiзуге болмайтын құжаттар мен заттай дәлелдемелер тұрған орнында қарап тексеріледі және зерттеледi. Сот орнында қарап-тексеру жүргізу туралы ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

2. Қарап-тексеру уақыты мен орны туралы iске қатысатын тұлғаларға, олардың өкiлдерiне хабарланады, алайда олардың келмеуi қарап-тексеруді жүргiзуге кедергi болмайды. Қажет болған жағдайларда сарапшылар, мамандар және куәлар да шақырылады.

3. Қарап-тексерудің нәтижелерi сот отырысының хаттамасына енгiзiледi. Хаттамаға қарап-тексеру кезiнде жасалған немесе тексерiлген жоспарлар, схемалар, сызбалар, есептеулер, құжаттардың көшiрмелерi, сондай-ақ қарап-тексеру кезiнде жасалған құжаттардың және заттай дәлелдемелердiң фотосуреттерi, бейнежазбалар мен киноматериалдар қоса тiркеледi.

 

 

175-бап. Сарапшының қорытындысын зерттеу

1. Сарапшының қорытындысы сот отырысында жария етiледi. Қорытындыны түсiндiру және толықтыру мақсатында сарапшыға сұрақтар қойылуы мүмкiн.

2. Бiрiншi болып арызы бойынша сараптама тағайындалған тұлға және оның өкiлi, ал содан соң iске қатысатын басқа тұлғалар мен өкiлдер сұрақтар қояды. Сот тағайындаған сараптаманы жүргiзу тапсырылған сарапшыға бiрiншi болып талап қоюшы мен оның өкiлi сұрақтар қояды. Сот сарапшыға одан жауап алудың кез келген сәтiнде сұрақтар қоюға құқылы.

3.Сарапшының қорытындысы сот залында зерттеледі және сот басқа дәлелдемелермен қатар бағалайды.

 

176-бап. Маманның консультациясы (түсiндiрмесi)

1. Арнайы зерттеулер жүргiзу талап етiлмейтiн жағдайларда маман coтқa ауызша немесе жазбаша нысанда консультация (түсiндiрме) бередi.

Маманның жазбаша нысанда берген консультациясы іске тіркеледі және сот отырысында жарияланады. Ауызша консультация тiкелей сот отырысының (процестік әрекеттің) хаттамасына енгiзiледi.

2. Консультацияны түсiндiру және толықтыру мақсатында маманға сұрақтар қойылуы мүмкiн. Бiрiншi болып өтінішхаты бойынша маманды қатыстырған тұлға және оның өкiлi, ал содан соң iске қатысатын басқа тұлғалар мен өкiлдер сұрақтар қояды. Сот қатыстырған маманға бiрiншi болып талап қоюшы және оның өкiлi сұрақ қояды. Сот маманға кез келген сәтте сұрақтар қоюға құқылы.

 

177-бап. Істі қарауды кейінге қалдыру немесе оны қарауда үзіліс жариялау

1. Сот осы Кодексте белгіленген жағдайларда, сондай-ақ судьяны алмастыру (қарсылық туралы арыз қанағаттандырылу нәтижесінде  не басқа да себептер бойынша)  немесе іске қатысуға басқа тұлғаларды тарту қажеттілігіне байланысты істі қарау мүмкін болмаған кезде істі қарауды кейінге қалдырады

2. сот жаңа дәлелдеме алу қажеттілігіне байланысты немесе басқа да қажетті жағдайларда үзіліс жариялайды. Үзілістің ұзақтығын сот істің мән-жайына қарай белгілейді.

3. Сот істі қарауды кейінге қалдыра немесе оны қарауға үзіліс жариялай отырып, жаңа сот отырысы күні мен уақытын белгілейді, бұл туралы іске қатысатын адамдарға, сот отырысына қатысқан куәларға, сарапшыларға, мамандарға, аудармашыларға қол қойдыра отырып, хабарлайды. Келмеген немесе сот әкімшілік процеске бірінші рет қатыстырып отырған процеске қатысушылар, куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар сот отырысына белгіленген тәртіппен шақырылады.

4. Істі қарау кейінге қалдырылған кезде сот келген куәлардан жауап алуға тиіс. Тек ерекше жағдайларда соттың ұйғарымы бойынша куәлардан жауап алынбайды және қайта шақырылмайды.

5. Егер істі қарау кейінге қалдырылса, оны жаңадан қарау қайта басталады. Егер тараптар іске қатысқан адамдардың бұрын берген түсініктемелерін қайталануын талап етпесе, егер соттың құрамы өзгермесе және іске қатысуға дау нысанасына дербес талаптарды мәлімдейтін үшінші тұлғалар тартылмаса, сот істі қарау кейінге қалдырылған сатыдан бастап іс бойынша іс жүргізуді жалғастырады.

6. Егер істі қарауда үзіліс жарияланса, ол аяқталғаннан кейін іс бойынша іс жүргізу ол үзілген сатыдан бастап жалғасады.

 

178-бап. Iстi мәнi бойынша қараудың аяқталуы

Барлық дәлелдемелер зерттелгеннен кейiн судья iске қатысатын тұлғалар мен өкiлдерден толықтырулардың бар-жоғын анықтайды. Төрағалық етуші мұндай мәлiмдемелер болмаған жағдайда iстi зерттеу аяқталды деп жариялайды және сот жарыссөздеріне көшеді.

 

179-бап. Сот жарыссөздерi

1. Сот жарыссөздері іске қатысатын адамдардың және олардың өкілдерінің сөздерінен тұрады.

Сот жарыссөздеріне қатысушылар өз сөздерінде сот анықтамаған мән-жайларға, сондай-ақ сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқылы емес.

2. Алдымен - талап қоюшы мен оның өкiлi, ал содан кейін жауапкер мен оның өкiлi сөйлейдi.

3. Даудың нысанасына өз бетінше талап қойған үшiншi тұлға мен оның өкiлi талап қоюшы мен оның өкiлiнен кейiн сөйлейдi. Даудың нысанасына өз бетiнше талаптар қоймаған үшiншi тұлға мен оның өкiлi үшiншi тұлға iске қатысатын жақтағы талап қоюшыдан немесе жауапкерден кейiн сөйлейдi.

4. Іс бойынша тарап болып табылмайтын және осы Кодекстiң 40-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген тәртіппен процеске қатысқан прокурор сот жарыссөздері аяқталғаннан кейін тұтастай алғанда, даудың мәні бойынша жазбаша қорытынды береді, ол азаматтық істің материалдарына қоса тіркеледі.

5. Сот іске қатысатын адамдар сөздерінің ұзақтығын айқындайтын олардың регламентін белгілей алады. Соттың рұқсатымен сот жарыссөздері аяқталғаннан кейін сөз сөйлеушілер репликалар айта алады.

6. Егер сот жарыссөздері кезінде іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайларды қосымша анықтау немесе жаңа дәлелдемелерді зерттеу қажеттілігі туындаса  сот істі мәні бойынша қарауды қайта бастау туралы ұйғарым шығарады. Істі мәні бойынша айқындау және дәлелдемелерді тексеру аяқталғаннан кейін сот жарыссөздері жалпы тәртіппен жүргізіледі.

 

180-бап. Соттың шешiм шығару үшiн шығып кетуi

Сот жарыссөздерiнен кейiн, ал осы Кодекстiң 179-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайда, прокурор іс бойынша қорытынды бергеннен кейін сот актісін шығару үшін сот кеңесу бөлмесiне кетедi, төрағалық етушi бұл туралы сот отырысы залындағы адамдарға жариялайды және сот шешімі жария етілетін уақыт туралы хабарлайды.

 

181-бап. Кеңесу бөлмесінің құпиясы

1. Судья сот шешімін қабылдаған кезде ешкімнің кеңесу бөлмесінде болуға құқығы болмайды.

2. Кеңесу бөлмесінде болған кезде судьяның басқа сот істерін қарауға құқығы болмайды.

3. Судьяның кеңесі бөлмесіндегі талқылау және шешім қабылдау барысын жария ету құқығы болмайды.

4. Жұмыс уақыты біткеннен кейін, сондай-ақ жұмыс күні ішінде сот (судья) демалу үшін кеңесу бөлмесінен шығып, үзіліс жасауға құқылы.

 

182-бап. Шешiмдi жария ету

1. Соттың шешiмi қабылданғаннан және оған қол қойылғаннан кейiн судья сот отырысы залында сот шешiмiнiң қарар бөлiгiн жария етедi.

Сот шешіміне сот отырысы залындағы қатысушы азаматтар түрегеліп тұрып тыңдайды.

2. Төрағалық етуші сот шешімінің қарар бөлігі жария етілгеннен кейін шешімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімдерін түсіндіреді, шешімнің толық көлемде дайын болатын және іске қатысатын адам оның көшірмесін ала алатын күнді жариялайды.

3. Төрағалық етушi осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер жасалғаннан кейiн сот отырысын жабық деп жариялайды.

 

19-тарау. Сот актілері

 

183-бап. Сот актілерінің түрлері

1. Сот дауды мәні бойынша шешетін сот актісі шешім нысанында жазылады.

2. Сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұратын не тоқтататын, талап қоюды қараусыз қалдыратын немесе басқа да процестік әрекеттер, өтінішхаттар, өзге де мәселелер бойынша шешім қабылдайтын сот актісі ұйғарым нысанында жазылады.

         3. Сот процестік мәжбүрлеу шарасын немесе осы Кодексте белгіленген тәртіппен ден қою қолданылатын сот актісі қаулы нысанында шығарылады.

 

184-бап. Сот актілерін қабылдау тәртібі, олардың нысандары

1. Сот шешімді Қазақстан Республикасының атынан сот талқылауы аяқталғаннан кейін дереу қабылдайды.

2. Шешімді істі қараған судья кеңесу бөлмесінде қабылдайды, жасайды және оған қол қояды.

3. Айрықша жағдайларда істің күрделілігіне қарай шешімді толық көлемде жасау істі қарау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін, алайда сот істі қарау аяқталған сол отырыста шешімнің қарар бөлігін жариялауға тиіс. Қарар бөлігін қамтитын шешімге жарияланар алдында судья қол қоюға және іске қоса тіркелуге тиіс.

4. Іс мәні бойынша шешілетін күрделі емес мәселелер жөніндегі сот актісі ұйғарым нысанында шығарылады, ол хаттамаға енгізіледі.

5. Дербес процестік құжат түріндегі ұйғарымды сот осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда шығарады.

6. Әкелу және сот айыппұлын салу туралы қаулы кеңесу бөлмесінде қабылданады, оған судья қол қояды және дереу жария етіледі.

         7. Әкелу, сот айыппұлын салу туралы қаулы мыналарды қамтуға тиіс:

         1) қаулының шығарылған күні мен орны;

2) қаулы шығарылған соттың атауы, сот құрамы мен сот отырысының хатшысы;

3) іске қатысатын адамдар және дау нысанасы;

4) қандай процестік бұзушылық орын алды;

5) бұзушылық туралы куәландыратын дәлелдемелер;

6) салынатын айыппұл мөлшері;

7) сот қорытындыға келген дәлелдер мен сот басшылыққа алған заңға сілтеме;

8) оған шағым беру тәртібі мен мерзімі

 

20-тарау. Сот шешімі

 

185-бап. Шешімнің заңдылығы мен негізділігі

1. Сот шешiмi заңды және негiздi болуға тиiс.

Шешім ол процестік құқық нормалары сақталып және осы құқық қатынасына қолдануға жататын материалдық құқық нормаларына толық сәйкестікте шығарылған немесе қажетті жағдайларда ұқсас қатынастарды реттейтін заңды қолдануға негізделген не әкімшілік заңнаманың жалпы негіздері мен мағынасын және адалдық, ақылға қонымдылық пен әділдік талаптарын негізге ала отырып, шығарылған кезде заңды болып табылады.

Дәлелдемелер соттың зерттеулерімен расталған, заңның олардың қатыстылығы, жарамдылығы мен анықтығы туралы талабын қанағаттандыратын немесе дәлелдеуді қажет етпейтін және жиынтығында дауды шешу үшін жеткілікті жалпыға белгілі мән-жайлар болып табылатын, осы іс үшін маңызы бар фактілер көрсетілген шешім негізді болып саналады

2. Сот шешiмдi сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негiздейдi.

 

186-бап. Сот шешiм қабылдау кезінде шешiлетiн мәселелер

Шешім қабылдаған кезде сот мыналарды шешеді:

1) талаптар мен қарсылықтар негізделген мән-жайлардың орын алғаны-алмағаны және олар қандай дәлелдемелермен расталатыны;

2) істі шешу үшін маңызы бар басқа да деректердің және олардың растайтын дәлелдемелердің болғаны-болмағаны;

3) қандай құқықтық нормалардың даулы құқықтық қатынастарға қолдануға жататындығы;

4) талап қою талабын қанағаттандырған жөн бе не оларды қанағаттандырудан бас тарту керек пе;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мәселелерді шешеді.

 

187-бап. Соттың істі шешу кезіндегі өкілеттіктері

1. Істі мәні бойынша шешу кезінде сот талап қоюды толық немесе бір бөлігін қанағаттандыруы не оны толық немесе бір бөлігін қанағаттандырудан бас тартуы мүмкін.

2. Талап қою қанағаттандырылған жағдайда сот мынадай:

1) әкімшілік орган актісін толық не бір бөлігін жарамсыз деп тану туралы;

2) әкімшілік органға талап қоюшыға ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні қабылдамау немесе өзге әрекетті жасамау міндетін жүктеу туралы;

3) әкімшілік органға әкімшілік актіні қабылдау немесе белгілі бір әрекеттер жасау міндетін жүктеу туралы;

4) әкімшілік органның заңға тәуелді нормативтік құқықтық актісін жарамсыз деп тану туралы;

5) әкімшілік органның немесе лауазымды тұлғаның әрекетін (әрекетсіздігін) заңсыз деп тану туралы шешім қабылдауы мүмкін.

3. Сот адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін сақтауға және қорғауға, жария-құқықтық қатынастар саласындағы басқа да субектілердің билік өкілеттіктері субъектілері тарапынан болатын бұзушылықтардан қорғауға кепілдік беретін басқа да шешім қабылдауы мүмкін.

 

188-бап. Шешімнің мазмұны

1. Шешiм кiрiспе, сипаттау, уәждеу және қарар бөлiктерiнен тұрады.

2. Шешiмнiң кiрiспе бөлiгiнде шешiмнiң шығарылған күнi мен орны, шешiм шығарған соттың атауы, соттың құрамы, сот отырысының хатшысы, тараптар, iске қатысатын басқа тұлғалар мен өкiлдер, даудың нысанасы немесе мәлiмделген талап көрсетiледi.

3. Шешiмнiң сипаттау бөлiгi талап қоюшының талаптарын көрсетуді, жауапкердің қарсылықтарын және iске қатысатын басқа да тұлғалардың түсініктемелерін қамтуға тиіс.

4. Шешiмнiң уәждеу бөлiгiнде iстiң сот анықтаған мән-жайлары, соттың құқықтар мен міндеттер туралы түйіндері негізделген дәлелдемелер, соттың сол немесе өзге дәлелдемелерді қабылдамау дәлелдері және сот басшылыққа алған заңдар мен нормативтік құқықтық актілер көрсетілуге тиіс.

5. Шешiмнiң қарар бөлiгiнде соттың талап қоюды қанағаттандыру туралы немесе талап қоюдан толық немесе бір бөлігінде бас тарту туралы түйіні, сот шығыстарын бөлуді, шешімге шағым беру тәртібі қамтылуға тиіс.

6. Жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда осы шешімінің уәждеу бөлігінде талап қоюды мойындау ғана көрсетілуі мүмкін.

 

189-бап. Шешімді жария ету, сот шешімін процеске қатысушыларға және егер сот олардың құқықтары, бостандықтары, мүдделері немесе міндеттері туралы мәселені шешсе, іске қатыспаған адамдарға беру немесе жіберу

1. Сот шешімі сот кеңесу бөлмесінен шыққаннан кейін дереу жария түрде жария етіледі. Сот отырысында төрағалық етуші шешімнің мазмұнын, оған шағым беру тәртібі мен мерзімін түсіндіреді. 

2. Іске қатысушы адамның, сондай-ақ іске қатыспаған, бірақ оған қатысты сот оның құқықтары, бостандықтары, мүдделері немесе міндеттері туралы мәселені шешкен адамға сот сол күні шешімнің (немесе оның қарар бөлігінің) немесе сот ұйғарымының көшірмесін береді. Сот отырысында шешімнің қарар бөлігі ғана жария етілген жағдайда сот іске қатысқан адамдардың шешімнің толық көлемдегі көшірмесін ала алатын уақытты хабарлайды. 

3. Сот отырысына қатыспаған процеске қатысушыларға сот шешімі ол қабылдаған немесе толық көлемде жасалған күннен бастап үш күн ішінде, оның тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі немесе олар жүгінген жағдайда қол қойғыза отырып, тікелей сотта тапсырылады. Егер шешім көшірмесі өкілге жіберілсе, онда ол өзі өкілдік ететін адамға жіберілген болып саналады.

Сот шешімі, оның ішінде пошта жөнелтімі сотқа байланысты емес себептер бойынша адресатқа тапсырылмай қайтарылған жағдайда және іске қатысатын адамның осы адам сотқа хабарлаған мекенжай бойынша болмаған жағдайда, тапсырылған болып есептеледі.

 

190-бап. Қосымша шешім

1. Iс бойынша шешiм шығарған сот өз бастамасы бойынша немесе iске қатысатын адамдардың арызы бойынша мынадай жағдайларда:

1) егер iске қатысатын адамдар дәлелдемелер ұсынған және түсiнiктемелер берген қандай да бiр талап бойынша шешiм шығарылмаса;

2) егер сот құқық туралы мәселенi шешіп, жауапкер жасауға міндетті әрекеттердi көрсетпесе;

3) егер сот шығыстары туралы мәселенi сот шешпесе, қосымша шешiм шығара алады.

2. Қосымша шешім шығару туралы мәселе шешім заңды күшіне енгенге дейін қойылуы мүмкін. Сот отырысында мәселе қаралғаннан кейін сот қосымша шешім қабылдайды және оған шешіммен бірге шағым берілуі мүмкін. Іске қатысатын адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуі арызды қарауға қосымша шешім шығару туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.

3. Соттың қосымша шешім шығарудан бас тарту туралы ұйғарымына жеке шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

 

191-бап. Шешiмдегi анық қате жазулар мен арифметикалық қателердi түзету

1. Iс бойынша шешiм жарияланғаннан кейiн шешiм шығарған сот өзі оның күшін жоюға немесе өзгертуге құқылы емес.

2. Сот шешiмде жiберiлген анық қате жазуларды немесе арифметикалық қателердi өз бастамасы бойынша немесе iске қатысатын тұлғалардың арызы бойынша түзете алады. Сот Түзетулер енгізу туралы мәселе сот отырысында ұйғарым шығарыла отырып, шешіледі. Iске қатысатын адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуi түзетулер енгiзу туралы мәселенi қарау үшін кедергi болмайды.

3. Соттың шешімде жіберілген анық қате жазуларды немесе (немесе) арифметикалық қателердi түзетуден бас тарту туралы ұйғарымына жеке шағым берілуі мүмкін.

 

192-бап. Шешiмдi түсiндiру

1. Шешiм түсiнiксiз болған жағдайда істi шешкен сот iске қатысатын тұлғалардың арызы бойынша, шешiмнің мазмұнын өзгертпей, оны түсiндiруге құқылы.

2. Егер шешім әлi орындалмаса және оның мәжбүрлi түрде орындалуы мүмкiн мерзiмі өтпесе, шешiмді түсіндіруге жол беріледі.

3. Шешімді түсіндіру туралы мәселе сот отырысында бес жұмыс күні шешіледі. Іске қатысатын адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуі шешімді түсіндіру туралы мәселені қарау үшін кедергі болмайды.

4. Соттың шешiмді түсiндiру туралы ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

 

193-бап. Сот шешiмiнiң заңды күшiне енуi

1. Бiрiншi сатыдағы соттың шешiмi, егер оған шағым жасалмаса немесе наразылық білдірілмесе, оған апелляциялық шағым жасау, наразылық білдіру мерзімі өткеннен кейін заңды күшіне енеді.

2. Апелляциялық тәртіппен шағым берілген немесе наразылық келтірілген жағдайда шешім, егер оның күші жойылмаса, апелляциялық сатыдағы сот қаулысы жарияланған кезден бастап заңды күшіне енеді.

3. Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін тараптар және іске қатысатын басқа тұлғалар, сондай-ақ олардың құқық мирасқорлары сол талап қою талаптарын сол негіздер бойынша сотта қайтадан мәлімдей алмайды, сондай-ақ сот анықтаған фактілер мен құқықтық қатынастарды басқа процесте даулай алмайды.

 

21-тарау. Сот ұйғарымы

 

194-бап. Ұйғарым шығару тәртібі

1. Ұйғарымды соткеңесу бөлмесінже дербес процестік құжат түрінде шығарады.

2. Сот күрделі емес мәселелерді шешкен кезде сот отырысы залынан шықпай-ақ ұйғарым шығара алады. Мұндай ұйғарым сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.

3. Ұйғарым ол қабылданғаннан кейін дереу жария етіледі.

4. Судьялардың сот отырысынан тыс процестік әрекеттері туралы ұйғарым шығарылады, ол  жеке процестік құжат түрінде ресімделеді.

5. сот ұйғарымына осы Кодексте белгіленген тәртіппен жеке шағым берілуі мүмкін.

 

195-бап. Ұйғарымның мазмұны

1. Ұйғарымда:

1) ұйғарымның шығарылған күні мен орны;

2) ұйғарым шығарған соттың атауы, сот отырысындағы сот құрамы және хатшы;

3) іске қатысатын адамдар, және даудың нысанасы;

4) ұйғарым шығарылатын мәселе;

5) соттың өз түйіндерін шығару себептері және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;

6) соттың мәселені қарау нәтижесі бойынша түйін;

7) егер ұйғарымға шағым жасалуға болатын болса, оған шағым жасау тәртібі мен мерзімі көрсетілуге тиіс.

2. Сот отырысы хаттамасына енгізілетін ұйғарым осы баптың бірінші бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшаларында санамаланған мәліметтерді де қамтуға тиіс.

 

 

 

196-бап. Соттың жеке ұйғарымы

         1. Сот залында заңдылық бұзылған жағдайлар анықталған кезде сот жеке ұйғарым шығаруға және оны мемлекеттік органдарға,  жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, заңды тұлғаларға және (немесе) олардың лауазымды адамдарына жіберуге құқылы, олар өздері қолданған шаралар туралы жеке ұйғарымның көшірмесін алған күннен бастап бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті.

         2. Қолданған шаралар туралы хабарламау заңға сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады. Әкімшілік жаза қолдану тиісті тұлғаларды соттың жеке ұйғарымы бойынша қолданған шаралар туралы хабарлау міндетінен босатпайды.

3. Егер істі қарау кезінде сот тараптардың, процеске басқа да қатысушылардың, лауазымды немесе өзге де тұлғаның әрекеттерінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін тапса, ол бұл туралы прокурорға хабарлайды.

4. Өздерінің мүдделерiне жеке ұйғарымның қатысы бар тұлғалар оған осы Кодекстiң 246-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртiппен шағым жасай білдіре алады.

 

197-бап. Процеске қатысушыларға сот ұйғарымының көшірмелерін жіберу

         Сот отырысына келмеген, процеске қатысушыларға іс бойынша іс жүргізудің тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы туралы не арыздың қараусыз қалдырылуы туралы сот ұйғарымының көшірмелері, сондай-ақ талап қоюды қамтамасыз ету туралы сот ұйғарымының көшірмесі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.

 

 

22-тарау. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру

 

198-бап. Іс бойынша істі жүргізуді тоқтата тұру

         1. Сот:

         1) егер даулы құқықтық қатынас құқық мирасқорлығына жол беретін болса, адам қайтыс болған, сондай-ақ әкімшілік органның іс бойынша тарапы болған органы, заңды тұлға қайтадан ұйымдастырылған деп заңда белгіленген тәртіппен жариялаған;

         2) тараптың не үшінші тұлғаның заңды өкілін тағайындау немесе ауыстыру қажет болған;

3) конститутциялық, әкiмшiлік, азаматтық немесе қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібімен қаралып жатқан басқа істің шешілуіне дейін бұл істі қараудың мүмкіндігі болмаған;

4) құқықтық көмек көрсету туралы сот тапсырмасымен шетел сотына немесе шет мемлекеттің басқа да құзыретті органына тапсырмаға жауап келгенге дейін өтініш жасалған;

5) осы Кодекстің 39-бабына сәйкес әкімшілік істі қарау кезінде тараптардың бірі шығып қалған;

6) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында болған талап қоюшы келген;

7) егер ол осы іс бойынша қолданылуға тиіс заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтындығын байқаған және осы актінің конституцияға сәйкес еместігін тану туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасаған, сондай-ақ, егер Конституциялық Кеңестің басқа соттың бастамашылығымен осы іс бойынша қолданылуға тиісті нормативтік құқықтық актінің конституцияға сәйкес келетіндігін тексеріп жатқандығы белгілі болған;

8) азамат заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайларда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті.

2. Сот:

1) талап қоюшы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында шақыру бойынша әскери қызметте болған немесе ол басқа да мемлекеттік міндетті орындау үшін тартылған;

2) заңды тұлғалар өкілдерінің іске қатысатын жағдайларын қоспағанда, талап қоюшы және (немесе)  оның өкілі істі қарау мерзімінен асатын уақытта қызметтік іссапарда болған;

3) заңды тұлға өкілдерінің іске қатысатын жағдайларын қоспағанда, талап қоюшы және (немесе) оның өкілі емдеу мекемесінде стационарлық емдеуде болған;

4) қаралып жатқан іс бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сотқа тапсырылған өтініш;

5) сот сараптама тағайындаған жағдайларда;

6) тараптардың татуласу келісімін жасасу үшін уақыт беру туралы өтінішхатымен  іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұра алады.

3. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы сот ұйғарым шығарады, оған осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

4. Егер іс жүргізуді тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар жойылса, іске қатысатын адамдардың арызы бойынша немесе соттың бастамасымен іс бойынша іс жүргізу қайта басталады. Іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау туралы сот ұйғарым шығарады. Іс бойынша іс жүргізу қайта басталған күннен бастап процестік мерзімдер барысы қайта басталады. Іс бойынша іс жүргізу ол тоқтатыла тұрған кезеңнен жалғасады.

 

199-бап. Іс жүргізуді тоқтата тұру мерзімдері

Іс бойынша іс жүргізу:

1) осы Кодекстің 198-бабының бірінші бөлігінің 1) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда - шығып қалған тұлғаның құқық мирасқоры анықталғанға немесе әрекетке қабілетсіз тұлғаға қорғаншы тағайындалғанға дейін;

2) осы Кодекстің 198-бабының бірінші бөлігінің 7) тармақшасында және екінші бөлігінің 1) - 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда - тарап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамында болуын тоқтатқанға дейін, ол мемлекеттік міндетті орындауды аяқтағанға дейін, қызметтік іссапардан оралғанға дейін, емдеу мекемесінен шыққанға немесе сырқатынан айыққанға дейін, сарапшының қорытындысын сотқа табыс еткенге дейін;

3) осы Кодекстің 198-бабының бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайларда - соттың шешімі, үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енгенге дейін;

4) осы Кодекстің 198-бабының бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген жағдайларда - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің шешімі күшіне енгенге дейін;

5) осы Кодекстің 198-бабының бірінші бөлігінің 4) тармақшасында, екінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайларда - сот құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындағанға дейін тоқтатыла тұрады.

 

23-тарау. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату

 

200-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың негіздері

         Сот, егер:

         1) іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса;

         2) сол тараптардың арасындағы дау бойынша сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі немесе талап қоюшының талап қоюдан бас тартуына немесе тараптардың татуласу келісімін бекітуіне байланысты іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы сот ұйғарымы болса;

         3) сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын қабылдаса;

         4) тараптар татуласу келісімін жасасса және оны сот бекітсе;

         5) іс бойынша тараптардың бірі болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін даулы құқықтық қатынас құқық мирасқорлығына жол бермесе;

         6) iс бойынша тарап ретiнде әрекет ететін ұйым қызметi тоқтатылуына және құқық мирасқорларының болмауына байланысты таратылса, iс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

                                                                                          

201-бап. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың тәртібі мен салдары

         1. Іс бойынша іс жүргізу сот ұйғарымымен тоқтатылады.

         2. Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді.

         3. Осы Кодекстің 200-бабы 1)-4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, сот ұйғарымда мемлекеттік бажды осы Кодекстің 91, 92-бабының талаптарына сәйкес қайтару туралы көрсетеді.

Сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата отырып, талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қолданылған шаралардың күшін жою туралы шешім қабылдайды.

4. Соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарымына осы Кодексте көзделген тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

 

24-тарау. Талап қоюды қараусыз қалдыру

 

202-бап. Талап қоюды қараусыз  қалдыру

1. Сот:

1) егер талап қоюшы заңда белгіленген жағдайларда дауды сотқа дейін реттеу шараларын қолданбаса және осындай реттеу мүмкіндігі жойылмаса;

2) егер талап қоюды әрекетке қабілетсіз адам берсе;

3) егер талап қоюға қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ тұлға мүдделі тұлғаның атынан қол қойса немесе оны берсе;

4) егер осы немесе басқа бiр соттың іс жүргізуінде сол бір тараптар арасындағы дау бойынша, сол бір нысана туралы және сол бір негiздер бойынша iс болса;

5) егер істің тыңдалу уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған талап қоюшы немесе оның өкілі сот отырысына келмесе және істі оның қатысуынсыз қарау туралы мәлімдемесе;

6) егер талап қоюшы талап қоюды қайтарып алу туралы өтінішпен жүгінсе, ал жауапкер істі мәні бойынша талқылауды талап етпесе;

7) мемлекеттік баж төленбесе талап қоюды қараусыз қалдырады.

2. Талап қоюды қараусыз қалдыру туралы сот іс бойынша ұйғарым шығарады.

 

203-бап. Талап қоюды қараусыз қалдырудың тәртібі мен салдары

         1. Талап қоюды қараусыз қалдырылған жағдайда іс бойынша іс жүргізу соттың ұйғарымымен аяқталады. Бұл ұйғарымда сот істі қарауға кедергі келтіретін, осы Кодекстің 202-бабының 1)-3) тармақшаларында санамаланған мән-жайларды қалай жою керек екенін көрсетуге міндетті. Осы Кодекстің 202-бабының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша талап қоюды қараусыз қалдыра отырып, сот ұйғарымда мемлекеттік бажды қайтару және талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде қолданылған шаралардың күшін жою туралы көрсетеді.

2. Соттың талап қоюды қараусыз қалдыру туралы ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы немесе наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

         3. Арызды қараусыз қалдыруға негіз болған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі тұлға жалпы тәртіппен сотқа тағы да талап қою беруге құқылы.

Ұйғарымның көшірмесі талап қоюшыға үш жұмыс күні ішінде жіберіледі немесе тапсырылады. Талап қоюға қоса берілген материалдар шағым жасауға арналған мерзім өткеннен кейін қайтарылады.

 

25-тарау. Хаттамалар

 

204-бап. Хаттама жүргізудің міндеттілігі

1. Осы Кодекстің 134-бабы 2)-11), 14) тармақшаларында көзделген жағдайларда  сот сұхбатын жүргізген кезде хаттама жасалады. 

2. Соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жеке процестік әрекет туралы жазбаша нысанда хаттама не сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізіледі.

Іске қатысатын адамдардың бәрі сот отырысына келмеген жағдайда аудио-, бейнежазба жүргізілмейді.

3. Бірінші сатыдағы соттың сот отырысында хаттама жүргізіледі. Апелляциялық сатыдағы сотта хаттама соттың қалауы бойынша жүргізіледі. Қосымша дәлелдемелер зерттелген жағдайда апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысында хаттама жүргізу міндетті емес

4. Кассациялық сатыдағы сотта сот отырысының хаттамасы жүргізілмейді.

 

 

 

 

205-бап. Хаттаманың мазмұны

1. Сот отырысының немесе отырыстан тыс жасалған жеке процестік әрекеттің хаттамасы істі талқылаудың немесе жеке процестік әрекет жасаудың барлық елеулі мән-жайларын көрсетуге тиіс.

2. Хаттамада:

1) сот отырысының немесе сұхбаттың жылы, айы, күні және орны;

2) сот отырысы немесе сұхбат басталған және аяқталған уақыт;

3) істі қарайтын соттың атауы, сот отырысы судьясының, хатшысының тегі мен аты-жөні;

4) істің атауы;

5) соттың стенографияны қолданғаны туралы мәліметтер және процесте аудио-, бейнежазба жүргізудің мүмкін еместігінің себептері;

6) іске қатысатын адамдардың, өкілдердің, куәлардың, сарапшылардың, мамандардың, аудармашылардың келгені туралы мәліметтер;

7) іске қатысатын адамдарға, өкілдерге, сондай-ақ аудармашыға, сарапшылар мен мамандарға олардың процестік құқықтары мен міндеттерінің түсіндірілгені туралы мәліметтер;

8) төрағалық етушінің өкімдері және сот отырысы залында шығарылған ұйғарымдар;

9) іске қатысатын адамдар мен олардың өкілдердің арыздары, өтінішхаттары мен түсініктемелері;

10) куәлардың ауызша айғақтары, сарапшылар мен мамандардың түсіндірмелері;

11) дәлелдемелер мен құжаттардың жария етілгені, аудиожазбаларды тыңдаудың нәтижелері және бейнежазбаларды, киноматериалдарды қарау туралы мәліметтер;

12)  сот отырысы залында орын алған сұрақтар мен жауаптардың мазмұны;

13) сот жарыссөздері мен репликалардың мазмұны;

14) осы Кодекстің 42-бабының негізінде іске қатысқан прокурордың қорытындысы;

15) шешімнің және ұйғарымдардың мазмұны жария етілгені және түсіндірілгені туралы, оларды толық көлемде дайындау мерзімдері, шағым берудің тәртібі мен мерзімін түсіндіру туралы мәліметтер;

16) іске қатысатын адамдарға сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертулер беру құқықтарының түсіндірілгені туралы мәліметтер;

17) хаттаманың жасалған күні көрсетіледі.

 

206-бап. Хаттама жасау

1. Сұхбат, сот отырысының (хаттама) немесе жеке процестік әрекеттің хаттамасын сот отырысының хатшысы жасайды.

2. Хаттама, компьютерлік, машинкада жазу не қолмен жазу тәсілдерімен дайындалады.

3. Іске қатысатын адамдар мен өкілдер хаттаманың қандай да бір бөлігін жария ету туралы, өздері іс үшін елеулі деп есептейтін мән-жайлар жөніндегі мәліметтерді хаттамаға енгізу туралы өтінішхат беруге құқылы.

4. Хаттама сұхбат, сот отырысы аяқталғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, ал жеке процестік әрекет туралы хаттама ол жасалғаннан кейінгі келесі күннен кешіктірмей дайындалуға және оған қол қойылуға тиіс. Күрделі істер бойынша сот отырысының хаттамасы сұхбат, сот отырысы аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей дайындалуға және оған қол қойылуға тиіс.

5. Хаттамаға төрағалық етуші мен хатшы қол қояды. Барлық өзгерістер, түзетулер, толықтырулар хаттамада ескерілуге және олардың қолы қойылып куәландырылуға тиіс.

6. Сот іске қатысатын адамдардың өтінішхаты бойынша төрағалық етушінің және сот отырысы хатшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хаттаманы танысу үшін беруге міндетті.

7. Егер іске қатысатын адамдар өздерінің ауызша нысанда берген түсіндірмелерін, арыздарын, өтінішхаттарын, қорытындыларын қосымша жазбаша нысанда берсе, сот жазбаша құжаттарды олардың мазмұнын хаттамада толық көрсетпей-ақ іске тіркейді.

8. Егер алдын ала іс жүргізу кезеңінде тараптармен болған сұхбат арнайы техникалық құралдармен тіркелген болса және мұндай тіркеу нәтижелерімен тараптар танысып, келіскен болса, хаттамада осындай тіркеу фактісі ғана көрсетілуі мүмкін.  

 

207-бап. Хаттамаға және аудио-, бейнежазбаға ескертулер

         Іске қатысатын адамдар немесе олардың өкілдері сот отырысының хаттамасымен, аудио-, бейнежазбамен олар дайындалған және оларға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде танысуға құқылы. Көрсетілген тұлғалар танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде хаттамаға, аудио-, бейнежазбаға жасалған процестік әрекеттердің және олардың нәтижелерінің тіркелуінің толық еместігін көрсете отырып, жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ескертулер беруге құқылы.

 

208-бап. Хаттамаға, аудио-, бейнежазба жасалған ескертулердi қарау

         1. Хаттамаға, аудио-, бейнежазбаға жасалған ескертулерді оларға қол қойған төрағалық етуші қарайды, ол ескертулермен келіскен жағдайда олардың дұрыстығын өзінің бұрыштамасымен және қойған қолымен куәландырады.

         2. Төрағалық етуші берілген ескертулермен келіспеген жағдайда олар істі қарауға қатысқан тұлғалар хабарландырыла отырып, сот отырысында қаралады. Істі қарауға қатысатын тұлғалардың келмеуі хаттамаға, аудио-, бейнежазбаға ескертулерді қарауға кедергі болмайды.

Төрағалық етуші ескертулерді қараудың нәтижелері бойынша оларды қанағаттандыру туралы не оларды толық немесе ішінара қабылдамау туралы ұйғарым шығарады. Ескертулердің бәрі іске қоса тігіледі.

3. Ескертулерді қараудың нәтижелері бойынша шығарылған соттың ұйғарымы шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер апелляциялық шағымға немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін.

         4. Хаттамаға, аудио-, бейнежазбаға ескертулер олар берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

         5. Егер төрағалық етуші дәлелді себептермен хаттамаға, аудио-, бейнежазбаға ескертулерді қарай алмаса, олар іс материалдарына қоса тіркеледі.

 

 

 

III БӨЛІМ. ӘКІМШІЛІК ІСТЕРДІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

26-тарау. Сайлауларға, референдумдарға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын қорғау туралы талап қоюлар бойынша іс жүргізу

 

209-бап. Талап қоюды беру

Әкімшілік органның, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органының, сайлау комиссиясының, кәсіпорынның, ұйымның, олардың лауазымды адамдарының шешімімен, әрекетімен (әрекетсіздігімен) сайлау немесе сайлану, сайлауға, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азамат, қоғамдық бірлестік, сайлау комиссиясының мүшесі, кандидаттар мен саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғалары, кеңесші дауыс беру құқығы бар саяси партиялардың өкілдері, саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың байқаушылары осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылық бойынша талап қоюмен тікелей сотқа жүгінуге құқылы.

 

210-бап. Талап қоюды қарау

1. Егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе, сайлауға, республикалық референдумға әзірлік және оны өткізу кезеңінде, сондай-ақ дауыс беру күнiнен бастап бір ай ішінде келіп түскен талап қою – істі сот талқылауға дайындау уақытына қосылатын бес күн мерзімде, ал дауыс беру күніне дейін бес күннен аз уақытта, дауыс беру күні және сайлаудың, республикалық референдумның қорытындылары жарияланғанға дейін түскен арыз дереу қаралуға тиіс.

Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмдерiндегі түзетулердің қажеттiлігi туралы сайлау комиссиясының шешiмiне шағым жасау туралы талап қою келiп түскен күнi қаралуға тиiс.

2. Сот талап қоюды талап қоюшының, тиісті сайлау комиссиясы немесе мемлекеттік орган, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органы, кәсіпорын, ұйым өкілінің, прокурордың қатысуымен қарайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылған аталған адамдардың сотқа келмеуі істің қаралуы мен шешілуіне кедергі болмайды.

 

211-бап. Соттың шешімі және оны орындау

         1. Арыз негiздi деп танылған сот шешiмi бұзылған сайлау құқығын қалпына келтiру үшiн негiз болып табылады.

         2. Егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе, шешімнің көшірмелері тапсырылған күннен бастап үш күн ішінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды.

3. Егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ осы Кодекстің 17-бабында көзделген соттылық қағидалары бойынша шығарылған, Референдумның орталық комиссиясының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы істер бойынша сот шешіміне шешімнің көшірмелері тапсырылған күннен бастап үш күн ішінде қадағалау тәртібімен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

         4. Егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында өзгеше көзделмесе, осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген шешімдерге шағым жасау немесе өтінішхат беру олар сотқа келіп түскен күннен бастап үш күн мерзімде, ал дауыс беру күніне дейін бес күннен аз, дауыс беру күні және сайлаудың, республикалық референдумның қорытындылары жарияланғанға дейін келіп түскендер дереу қаралады.

5. Заңды күшіне енген сот шешімі тиісті мемлекеттік органға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару органына, кәсіпорынға, ұйымға, сайлау комиссиясының төрағасына жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапты болады.

 

27-тарау.Жергілікті атқарушы органдардың азаматтардың алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу құқықтарын бұзатын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы талап қоюлар бойынша іс жүргізу

 

212-бап. Талап қоюды беру

         1. Әкімшілік органның шешiмiмен, әрекетiмен (әрекетсiздiгiмен) азаматтың алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу үшiн iрiктеу рәсiмiне қатысу құқығы бұзылып отыр деп санайтын азамат осы Кодекстiң 3-тарауында белгiленген соттылық бойынша сотқа тікеле талап қоюмен жүгiнуге құқылы.

         2. Азаматтың алқабиге кандидаттардың тізіміне енгізу және қылмыстық сот ісін жүргізуге алқаби ретінде қатысу құқығы бұзылғаны туралы куәландыратын дәлелдемелер талап қоюға қоса тіркелуге тиіс.

         3.Талап қоюды Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңнамасына сәйкес алқабилерге кандидаттардың алдын ала тізімдерімен азаматтарды таныстыру мерзімі аяқталған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде сотқа беруге болады.

 

213-бап. Талап қоюды қарау

         1. Осы Кодекстің 212-бабының үшінші бөлігінде белгiленген мерзiмде келіп түскен талап қою – істі сот талқылауына дайындау мерзімін қоса алғанда екi жұмыс күні ішінде, ал осы мерзім аяқталатын күні келіп түскен талап қою дереу қаралуға тиіс.

         2. Сот талап қоюды арыз берушінің, тиісті жергілікті атқарушы орган өкілінің қатысуымен қарайды. Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiсті түрде хабарландырылған көрсетілген адамдардың сотқа келмей қалуы iстi қарау және шешу үшін кедергi болмайды.

 

214-бап. Соттың шешімі және оны орындау

         1. Азаматтың алқаби ретiнде қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысу үшiн iрiктеу рәсiмiне қатысу құқығының бұзылғаны белгіленген сот шешімі алқабиге кандидаттардың алдын ала тізіміне түзетулер енгізу үшiн негiз болып табылады.

2. Сот шешімі тиісті жергілікті атқарушы органға жіберіледі. Сот шешімінің орындалмауына кінәлі лауазымды адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапты болады.

 

28-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын

даулау туралы істер бойынша іс жүргізу

 

215-бап. Талап қоюды беру

         1. Өздерiне нормативтiк құқықтық актiнiң күшi қолданылатын, заңда көзделген тәртіппен қабылданған және жарияланған нормативтік құқықтық актімен олардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлген құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылып отыр деп санайтын азамат немесе заңды тұлға осы нормативтік құқықтық актiнi заңға толық немесе жекелеген бөлiгiнде қайшы келедi деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгiнуге құқылы.

Заңға сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актіге наразылықты заңсыз нормативтік құқықтық актіні шығарған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам қабылдамай тастаған жағдайда прокурор нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінеді.

2. Талап қою осы Кодекстің 113-бабында көзделген талаптарға сәйкес келуге және онда дауланып отырған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, лауазымды адамның атауы, оның қабылданған күні туралы деректер, осы нормативтік құқықтық актімен немесе оның жекелеген ережелерімен азаматтың немесе заңды тұлғаның қандай құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылып отырғаны, дауланып отырған нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасы Конституциясының қандай баптарына, Қазақстан Республикасы заңдарының қандай баптарына немесе ережелеріне қайшы келетіндігі қосымша қамтылуға тиіс.

3. Талап қоюға дауланып отырған нормативтік құқықтық актінің немесе оның бір бөлігінің көшірмесі нормативтік құқықтық актіні қандай бұқаралық ақпарат құралының органы және оны қашан ресми жариялағаны көрсетіле отырып, қоса тіркеледі.

         4. Прокурордың сот қарағанға дейін наразылық келтірілген нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінген жағдайларын қоспағанда, сотқа талап қою беру нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтата тұрмайды.

 

 

216-бап. Істі сот талқылауына дайындау

         Осы Кодекстің 132-бабында көзделген тәртіппен талап қою соттың іс жүргізуіне қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде судья істі сот талқылауына дайындауды жүргізеді. Бұл мерзімді ұзартуға жол берілмейді.

 

217-бап.Талап қоюды қарау

1. Талап қоюшы, сондай-ақ нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік орган (лауазымды адам) сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабардар етіледі.

2. Сот отырысында сот нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының құзыретін не лауазымды адамның өкілеттігін, бүкіл нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін тексереді.

3. Нормативтік құқықтық актіні заңға қайшы деп тану туралы талап қоюды қарау кезінде көрсетілген нормативтік құқықтық актіні қабылдауға негіз болған мән-жайларды дәлелдеу міндеті нормативтік құқықтық актiні қабылдаған әкімшілік органға не лауазымды адамға жүктеледі.

4. Сотқа жүгінген тұлғаның өзінің талабынан бас тартуы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға әкеп соқпайды. Нормативтік құқықтық актіні қабылдаған әкімшілік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, лауазымды адамның қойылған талапты мойындауы сот үшін міндетті емес.

 

218-бап. Сот шешімі

 1. Соттың шешімі осы Кодекстің  188-бабында  көзделген  талаптарға  сәйкес келуі тиіс.   

         Сот нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы талап қоюды негізді деп тани отырып, талап қоюды қанағаттандыру туралы шешім шығарады. Шешімде дауланып отырған нормативтік құқықтық актінің қай заңнамалық актіге және қай бөлігінде қайшы келетіні және нормативтік құқықтық актіні толық немесе оның жекелеген бір бөлігін акт қабылданған кезден бастап жарамсыз деп тану туралы көрсетіледі.

2. Соттың нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы шешімі немесе ол туралы хабар нормативтік құқықтық акт жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында оны қабылдаған (шығарған) органның қаражаты есебінен жариялануға тиіс. Жариялау соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап он күннен кешіктірмей жүзеге асырылуға тиіс.

         3. Сот талап қоюды негізсіз деп тани отырып, оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.

4. Нормативтік құқықтық актіні толығымен немесе оның жекелеген бөлігін заңға сәйкес емес және жарамсыз деп таныған сот шешімі осы нормативтік құқықтық актiні қабылдаған әкімшілік орган немесе лауазымды адам үшін міндетті. Шешім дауланып отырған заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің күші құқықтары мен бостандықтарына, заңды мүдделеріне қолданылған белгісіз тұлғалар тобы үшін міндетті.

5. Нормативтік құқықтық актінің заңдарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы сот шешімінің преюдициялық күші бар. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің заңдылығын басқа азаматтар немесе заңды тұлғалар оның сот тәртібімен бұрын тексерілмеген бөлігінде ғана қайта даулай алады.

 

29-тарау. Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуі 

 

219-бап. Наразылықтың қабылданбауына байланысты прокурордың жүгінуі

1. Прокурордың заңға сәйкес емес нормативтік құқықтық актіге және (немесе) жеке қолданылатын құқықтық актіге, сондай-ақ әкімшілік органның немесе лауазымды адамның әрекетіне наразылығын заңсыз актіні шығарған немесе заңсыз әрекеттік жасаған орган немесе лауазымды адам  не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам қабылдамаған жағдайда прокурор  наразылық білдірілген актіні немесе әрекетті заңсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінеді. Талап қою сотқа  наразылықты қарау нәтижелері туралы хабарламаны алған кезден бастап немесе заңда оны қарау үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін он күн мерзімде беріледі.  

2. Прокурордың сотқа жүгінуі наразылық білдірілген актінің қолданысын сот қарағанға дейін тоқтата тұрады, ол бұл туралы ұйғарым шығарады және оны тиісті мемлекеттік басқару органына жібереді.

 

220-бап. Соттың қарауы

1. Прокурордың талап қоюын сот, істі сот талқылауына дайындау уақытын қоса алғанда, он күн мерзімде қарайды.

2. Прокурордың талап қоюы оның қатысуымен және наразылықты қабылдамау туралы шешім шығарған мемлекеттік басқару органының, лауазымды адамның немесе оның өкілінің қатысуымен қаралады.

3. Сот отырысына наразылықты қабылдамау туралы шешім қабылдаған орган басшысының, лауазымды адамның немесе оның өкілінің келмеуі прокурордың талап қоюын қарауға кедергі болмайды, алайда сот бұл тұлғалардың келуін міндетті деп тануы мүмкін.

 

221-бап. Сот шешімі

 1. Сот прокурордың талап қоюының негізді екенін белгілей отырып, талап қоюды қанағаттандыру және нормативтік құқықтық актіні, жеке қолданылатын құқықтық актіні немесе әрекеттерді заңсыз деп тану туралы шешім шығарады.

2. Егер сот, наразылық білдірілген акт немесе әрекет заңға және органның немесе лауазымды адамның өкілеттіктеріне сәйкес емес деп таныса, ол талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.

 

IV БӨЛІМ. СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

 

30-тарау. Аппелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу

 

222-бап. Шешімге аппелляциялық шағым жасау және наразылық білдіру құқығы

1. Осы тараудың ережелеріне сәйкес заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

         2. Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы тараптарға, іске қатысатын басқа да тұлғаларға тиесілі.

3. Сот шешіміне апелляциялық наразылық білдіру құқығы істі қарауға қатысатын прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары істі қарауға қатысу-қатыспауына қарамастан, өздерінің құзыреті шегінде шешімге наразылық білдіруге құқылы.

         4. Іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот олардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты шешім қабылдаған адамдар да апелляциялық шағым жасауға құқылы.

 

223-бап. Апелляциялық шағымдар, наразылықтар беру тәртібі мен мерзімдері

1. Аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге апелляциялық шағымды, наразылықты  облыстық және оларға теңестірілген соттың кемінде үш судья бар алқа құрамында азаматтық және әкімшілік істері бойынша апелляциялық сот алқасы қарайды. 

         2. Апелляциялық шағым, наразылық шешім шығарған сот арқылы беріледі. Тікелей апелляциялық сатыға келіп түскен шағым немесе наразылық шешім шығарған сотқа осы Кодекстің осы бабы екінші бөлігінің және 225-бабының талаптарын орындау үшін жіберілуге жатады.

3. Апелляциялық шағым, наразылық іске қатысатын адамдардың саны бойынша көшірмелермен сотқа беріледі.

4. Осы Кодексте белгіленген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық шағым, наразылық - шешім түпкілікті нысанда дайындалған күннен бастап берілуі, ал сот талқылауына қатыспаған тұлғалар өздеріне шешімнің көшірмелері жіберілген күннен бастап он бес күн ішінде беруі мүмкін.

         5.  Апелляциялық шағымды немесе наразылықты беру үшін мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 103-бабында белгіленген тәртіппен қарайды.

 

224-бап. Апелляциялық шағымның немесе наразылықтың мазмұны

         1. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта:

1) шағым немесе наразылық жіберілетін соттың атауы;

2) шағым немесе наразылық беретін тұлғаның атауы;

3) шағым жасалатын немесе наразылық білдірілетін шешім және осы шешімді шығарған соттың атауы;

4) қолданылуға жататын заңдарға және іс материалдарына сілтеме жасай отырып, сот шешімінің заңсыздығы немесе негізсіздігі неден көрінетіндігіне нұсқау;

5) шағым жасалатын немесе наразылық білдірілетін шешімнің заңдылығын қандай бөлігінде тексеру керек екендігі және шағым немесе наразылық беретін тұлғаның қандай өзгерістер енгізуін талап ететініне нұсқау;

6) шағымға немесе наразылыққа қоса берілген құжаттардың тізбесі;

7) шағымды немесе наразылықты беру күні және шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның қолтаңбасы қамтылуға тиіс. Өкіл қол қойған шағымға сенімхат немесе істе ондай құжат болмаса, өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын өзге құжат қоса берілуге тиіс.

Шағымды, наразылықты электрондық құжат нысанында берген кезде олар оны беретін тұлғаның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Электрондық құжат нысанындағы шағымға, наразылыққа құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

2. Апелляциялық шағымда, наразылықта бірінші сатыдағы сотқа мәлімделмеген талаптар болмауға тиіс.

Бірінші сатыдағы сотта зерттеу және (немесе) талап етіп алу туралы тараптар  немесе іске қатысатын басқа да тұлғалар мәлімдемеген, сондай-ақ егер бірінші сатыдағы сотта  оларды зерттеу және (немесе) талап етіп  алу туралы өтінішхат мәлімделсе, бірақ ол қанағаттандырусыз қалдырылса жаңа дәлелдемелерге сілтеме жасауға жол беріледі.

 

225-бап. Бiрiншi сатыдағы соттың апелляциялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейiнгi әрекеттерi

1. Осы Кодекстің 224-бабында белгіленген мерзімде берілген және оның талаптарына сәйкес келетін апелляциялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейін бірінші сатыдағы соттың судьясы мынадай әрекеттерді жасайды:

1) шағым немесе наразылық келіп түскен күннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей іске қатысатын адамдарға шағымның, наразылық білдірудің және оларға қоса берілген жазбаша дәлелдемелердің түскені туралы хабарлайды не соттың интернет-ресурсы арқылы бұлардың электрондық көшірмелерімен танысу мүмкіндігі хабарлайды.

Тараптарға олардың шағымға, наразылыққа жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында қарсылық білдіру құқығы түсіндіріледі.

Сот тарапты шағымға, наразылыққа қарсылық ұсынуды міндеттеуге және ұсыну мерзімін белгілеуге құқылы.

2) шағым жасау, наразылық білдіру үшін белгіленген мерзім өткен соң істі апелляциялық сатыдағы сотқа жібереді.

2. Апелляциялық шағым жасау, наразылық білдіру үшін белгіленген мерзім өткенге дейін әкімшілік істі соттан ешкім талап етіп ала алмайды. Іске қатысатын адамдар, сондай-ақ іске қатысуға тартылмаған, бірақ құқықтары мен міндеттеріне қатысты сот шешім қабылдаған тұлғалар сотта іс материалдарымен, сондай-ақ келіп түскен шағымдармен және оларға берілген қарсылықтармен танысуға құқылы.

 

226-бап. Апелляциялық шағымды, наразылықты қайтару

1. Апелляциялық шағым, наразылық оларды берген тұлғаға мынадай жағдайларда:

1) осы Кодекстің 224-бабында көзделген талаптарға сәйкес емес апелляциялық шағым беру немесе наразылық білдіру

2) шағымды берген, наразылық білдірген тұлғаның өтінуі бойынша;

3) егер шағым жасау немесе наразылық білдіру мерзімі өтіп кетсе және шағымда, наразылықта оны қалпына келтіру туралы арыз болмаса немесе оны қалпына келтіруден бас тартылса;

4) егер шағымды, наразылықты оны беруге немесе оған қол қоюға құқығы жоқ тұлға берсе, қайтарылады.

2. Апелляциялық шағым берген, наразылық білдірген және осы Кодекстің 224-бабында көзделген талаптарға сәйкес емес бұзушылықтарды жойған адам  белгіленген мерзімде тағы да тиісті шағым беруге, наразылық білдіруге құқылы.

3. Апелляциялық шағымды, наразылықты қайтарып алу туралы ұйғарымды сот олар түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.

Апелляциялық шағымды, наразылықты қайтарып алу туралы ұйғарымға облыстық және оларға теңестірілген азаматтық және әкімшілік істері бойынша апелляциялық сот алқасына белгіленген тәртіппен шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

 

227-бап. Апелляциялық шағымға, наразылыққа пікір

1. Іске қатысатын адам апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, апелляциялық шағымға, наразылыққа пікірді апелляциялық сатыдағы сотқа, іске қатысатын басқа да тұлғаларға жібереді.

Пікірге іске қатысатын басқа да тұлғаларға пікірдің жіберілгенін растайтын құжат та қоса беріледі.

         2. Пікір сот белгілеген, апелляциялық сатыдағы сотта сот отырысы басталғанға дейін іске қатысатын адамдардың онымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін мерзімде жіберіледі.

         3. Пікірге іске қатысатын адам немесе оның өкілі қол қояды. Пікірді электрондық құжат нысанында берген кезде ол оны берген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкіл қол қойған пікірге сенімхат немесе оның өкілеттігін растайтын өзге құжат қоса берілуге тиіс. Электрондық құжат нысанында берілген пікірге осы бапта көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

 

228-бап. Апелляциялық шағымнан, наразылықтан бас тарту

1. Апелляциялық шағым берген тұлға, оның ішінде іс бойынша тарап ретіндегі прокурор апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін жазбаша арыз беру арқылы одан бас тартуға құқылы.

Прокурор апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін наразылықты кері қайтарып алуға құқылы.

2. Апелляциялық шағымнан бас тартуды немесе наразылықты кері қайтарып алуды қабылдау туралы апелляциялық сатыдағы сот, егер шешімге басқа тұлғалар шағым жасамаса және жоғары тұрған прокурор наразылық білдірмесе, апелляциялық іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарады.

Ұйғарым шағым жасауға, наразылық білдіруге жатпайды. Шағымды қайтадан беруге жол берілмейді.

3. Егер бірінші сатыдағы соттың шешіміне апелляциялық шағымды басқа тұлғалар берсе, онда ол осы тарауда белгіленген тәртіппен мәні бойынша қаралуға тиіс.

 

 

229-бап.Тараптардың апелляциялық сатыдағы сотта татуласу туралы келісімі

1. Апелляциялық шағым берілгеннен кейін жасалған тараптардың татуласу келісімі апелляциялық сатыдағы сотқа жіберілген арыздарда көрсетілуге тиіс.

         2. Апелляциялық сатыдағы сот мұндай арыздарды осы Кодекстің
17-тарауында белгіленген тәртіппен қарайды.

         3. Апелляциялық сатыдағы сот тараптардың татуласу келісімі бекітілген жағдайда сот шешімінің күшін жояды және осы Кодекстің 200-бабының
4)
тармақшасында белгіленген негіздер бойынша іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

4. Егер апелляциялық сатыдағы сот тараптардың татуласу туралы келісімін бекітпесе, апелляциялық шағым мәні бойынша қаралады.

5. Апелляциялық сатыдағы сот  істі мәні бойынша қарайды  және егер прокурор наразылық білдірмесе және оны кері қайтарып алмаса,  тараптардың татуласу туралы келісімін  бекітпейді

 

230-бап. Апелляциялық қараудың нысанасы

Апелляциялық шағым, наразылық бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және осы Кодекстің 231-бабының екінші бөлігінің талаптарына сәйкес қосымша ұсынылған материалдар бойынша істің нақты мән-жайларының анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде әкімшілік процестік құқық нормаларының сақталуын тексереді.

 

231-бап. Апелляциялық қараудың шектерi

         1. Сот істi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде бiрiншi сатыдағы сот шешiмiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемде тексередi.

         2. Апелляциялық сатыдағы сот істе бар, сондай-ақ қосымша ұсынылған жаңа дәлелдемелерге мәлімделген талап қою шегінде баға береді.

Егер апелляциялық сатыдағы сот жаңа дәлелдемелердің бірінші сатыдағы сотқа ұсынылуы дәлелді себептермен мүмкін болмағанын таныса, сондай-ақ егер бірінші сатыдағы сотта дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) талап етіп алу туралы өтінішхат мәлімделсе, бірақ ол қабылданбаса, сот жаңа дәлелдемелерді қабылдайды. Апелляциялық сатыдағы сотқа қосымша дәлелдемелерді ұсынатын тұлғалар олардың қандай жолмен алынғанын және оларды ұсыну қажеттілігі қандай мән-жайларға байланысты туындағанын көрсетуге міндетті.

3. Бірнеше талап қою талаптарын біріктіру және бөлу, талап қою талаптарының мөлшерін өзгерту, талап қою нысанасы мен негізін өзгерту, талап қоюды тану немесе талап қоюдан бас тарту, тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы қағидалар апелляциялық сатыдағы сотта қолданылмайды.

 

232-бап. Істі апелляциялық сатыдағы сотта қарауға дайындау

         1. Істі апелляциялық шағыммен немесе наразылықпен бірге алған апелляциялық сатыдағы соттың судьясы бірінші сатыдағы соттың осы Кодекстің 225-бабының талаптарын орындауын тексереді. Бірінші сатыдағы сот осы Кодекстің 225-бабының талаптарын орындамаған жағдайда іс кемшіліктерді жою үшін бірінші сатыдағы сотқа қайтарылуы мүмкін.

         2. Судья апелляциялық шағымда немесе наразылықта жазылған дәлелдерді ескере отырып, істі осы Кодекстің 132, 133-баптары тәртібімен және оларға сәйкес жүзеге асырылатын қарауға дайындау туралы ұйғарым шығарады.

         3. Апелляциялық сатыдағы сот іске қатысатын адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлайды.

 

233-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың істі қарау мерзімі

         Іс апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға дайындау аяқталған  күннен  бастап он бес жұмыс күні ішінде  қаралуы тиіс.  

 

234-бап. Апелляциялық сатыдағы  сотта іс жүргізу 

1. Апелляциялық сатыдағы сотта  істер бойынша іс жүргізу  осы тарауда көзделген  ережелер бойынша  жүзеге асырылады. 

2. Осы Кодекстің 40-бабының екінші  бөлігінде  көзделген жағдайларда апелляциялық сатыдағы соттың отырысына прокурор қатысады, ол іс бойынша қорытынды береді.

         3. Бірінші сатыдағы сот үшін көзделген қағидалар бойынша апелляциялық сатыдағы сот істі дұрыс шешу үшін маңызы бар, тараптар ұсынған немесе егер, олар бірінші сатыдағы сотқа дәлелді себептер бойынша ұсынылмаса, олардың өтінішхаттары бойынша талап етіліп алынған қосымша материалдарды, алынған сараптамалық қорытындыларды зерттейді, отырысқа шақырылған тұлғалардан жауап алады.

 

235-бап. Істі талқылаудың басталуы 

         1. Төрағалық етуші апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысын ашады және қандай іс, кімнің апелляциялық шағымы, наразылығы бойынша және қай соттың шешімі қаралуға жататынын, апелляциялық сатыдағы сот құрамын, сот отырысының хатшысының, приставының кім екенін хабарлайды. Төрағалық етуші іске қатысатын адамдардың және өкілдердің қайсысы келгенін анықтайды, келген тұлғалардың жеке басын анықтайды, лауазымды адамдар мен өкілдердің өкілеттіктерін тексереді және іске қатысатын адамдардың құқықтарымен және міндеттерімен таныстырылғанына көз жеткізеді. Егер қарсылық білдірулер мәлімделсе, олар осы Кодекстің 29-бабында белгіленген тәртіппен шешіледі.

         2. Сот отырысына келген іске қатысатын адамдардың және өкілдердің түсініктемелерін сот тыңдайды. Шешімге екі тарап та шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөйлейді. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаның және іске қатысатын басқа тұлғалардың, олардың өкілдерінің түсініктемелерінен кейін апелляциялық сатыдағы сот дәлелдемелерді зерттеуге көшеді.

 

236-бап. Іске қатысатын адамдардың сот отырысына келмеуінің салдарлары

1. Істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілмеген іске қатысатын адамдардың қайсыбіреуі апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысына келмеген жағдайда сот істі талқылауды кейінге қалдырады.

         2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген, істі қараудың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген тұлғалардың келмеуі істі талқылауға кедергі болмайды. Алайда, сот бұл жағдайларда да келмеу себептерін дәлелді емес деп тани отырып, істі талқылауды кейінге қалдыруға және сотқа құрмет көрсетпегені үшін кінәлілерді әкімшілік жауапқа тарту туралы мәселені шешуге құқылы.

         3. Iстi талқылау кейiнге қалдырылған кезде апелляциялық сатыдағы сот iске қатысатын тұлғаларға iстi қараудың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарлайды. Егер іске қатысатын адамдар істі басынан бастап талқылауды талап етпесе, істі қайта отырыста талқылау жалғастырылады.

 

237-бап. Соттың іске қатысатын адамдардың арыздары мен өтінішхаттарын шешуі

         1. Іске қатысатын адамдардың апелляциялық сатыдағы істі талқылауға байланысты барлық мәселелер бойынша арыздары мен өтінішхаттарын сот іске қатысатын басқа да тұлғалардың пікірлерін тыңдағаннан кейін шешеді.

         2. Тараптар бірінші сатыдағы сот жауап алудан, дәлелдемелерді зерттеуден  бас тартқан куәларды шақыру және жауап алу туралы және дәлелдемелерді зерттеу және (немесе) талап етіп алу туралы өтінішхаттарды мәлімдеуге құқылы.

         3. Істің мән-жайларын зерттеуге байланысты арыздар мен өтінішхаттарды шешу осы Кодекстің 158-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.

 

238-бап. Дәлелдемелерді зерттеу

         1. Дәлелдемелерді зерттеу тәртібі мен шектерін іске қатысатын адамдардың пікірлерін ескере отырып, сот айқындайды.

         2. Тараптардың, іске қатысатын басқа да адамдардың түсініктемелерінен кейін сот істе бар дәлелдемелерді, сондай-ақ осы Кодекстің 237-бабының екінші бөлігінің қағидалары бойынша  ұсынылған дәлелдемелерді зертте         йді.

         3. Сот іске қатысатын, сот отырысына келмей қалған адамдардың түсініктемелерін, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сот отырысына шақырылмаған куәлардың айғақтарын жария етуге құқылы.

         4.  Егер апелляциялық шағым, наразылық берген тұлға олардың қатыстылығы, жарамдылығы, анықтығы жағынан дәлелдемелерді дауласа бұл дәлелдемелер апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысында осы тұрғыдан зерттелуге жатады және істегі басқа дәлелдемелердің жиынтығымен бірге бағалануға жатады.

 

239-бап. Сот жарыссөздері

         1. Төрағалық етушi іс мәні бойынша қарау аяқталған соң іске қатысатын адамдардан өтінішхаттардың бар-жоғы туралы сұрайды. Сот осы өтінішхаттарды шешіп, содан соң сот жарыссөздеріне көшеді.

         2. Сот жарыссөздері осы Кодекстің 179-бабында көзделген қағидалар бойынша өткізіледі, алайда апелляциялық шағым немесе наразылық берген тұлға және оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Шешімге екі тарап та шағым берген жағдайда бірінші болып талап қоюшы және оның өкілі сөз сөйлейді.

         3. Сот жарыссөздері және прокурордың қорытынды сөзiн тыңдау аяқталғаннан кейін сот қаулы шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді.

 

240-бап. Сот отырысының хаттамасы

         Апелляциялық сатыдағы сотта сот отырысының хаттамасы осы Кодекстің  205-бабының екінші бөлігінде  көзделген  мәліметтерді  қамтуы тиіс.

 

 

241-бап. Сот актісін шығару және оны жариялау

         1. Сот актісін шығару және оны жариялау осы Кодекстің 181, 182-баптарында  көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.

         2. Сот осы баптың бірiншi бөлiгiнiң талаптарын сақтай отырып, сот актісін толық көлемде дайындау мерзімін көрсете отырып, оның қарар бөлiгiн шығарып, жариялай алады. Сот актісінің қарар бөлігі іс материалдарына қоса тігіледі.

         Уәжді сот актісін іс қаралған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде судья дайындап, оған қол қояды. Уәжді сот актісінің көшірмесі ол дайындалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде іске қатысатын адамдарға жіберілуге (табыс етілуге) тиіс.

 

242-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттіктері

         Апелляциялық сатыдағы сот:

         1) шешімді - өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;

         2) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге;

         3) бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға;

         4) шешімнің күшін толық немесе бір бөлігін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не осы Кодекстің тиісінше 200-бабының 1),2),4),5),6) тармақшаларында және 202-бабының 2), 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арызды қараусыз қалдыруға;

         5) егер жіберілген процестік бұзушылықтарды істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде жою мүмкін болмаса, бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін толық немесе бір бөлігін жоюға және істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберуге құқылы.

 

243-бап. Апелляциялық сатыдағы сот актілері

         Апелляциялық сатыдағы сот мынадай актілерді:

         1) осы Кодекстің 242-бабының  1), 2), 3), 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда қаулы;

         2) осы Кодекстің 228-бабының екінші бөлігінде, 242-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ іс мәні бойынша қаралмаған, сот актісін шығару талап етілетін өзге де жағдайларда ұйғарым шығарады.

 

244-бап. Апелляциялық қаулының мазмұны

         1. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында:

         1) қаулының шығарылған күні мен орны;

         2) қаулыны шығарған соттың атауы және сот құрамы;

         3) апелляциялық шағым немесе наразылық берген адам, іске қатысатын басқа да адамдар және олардың өкілдері;

         4) даудың нысанасы немесе мәлімделген талап;

         5) бірінші сатыдағы сот анықтаған істің мән-жайлары, шешімді немесе ұйғарымды шығарған кезде ол басшылыққа алған уәждер; бірінші сатыдағы сот шешімінің қысқаша мазмұны;

         6) апелляциялық шағымның немесе наразылықтың және оларға пікірдің қысқаша мазмұны,апелляциялық сатыдағы соттың істі қарау нәтижелері бойынша түйіндері;

         7) апелляциялық сатыдағы соттың бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдыру, күшін жою не өзгерту негіздері;

         8) апелляциялық сатыдағы соттың өз түйіндерін жасауға алып келген уәждер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме;

         9) сот шығыстарының бөлінуі;

         10) қаулыға шағым жасаудың, наразылық білдірудің мерзімдері мен тәртібі көрсетілуге тиіс.

         2. Жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырған жағдайда қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Апелляциялық шағымда немесе наразылықта бірінші сатыдағы соттың қарау нысанасы болып табылмайтын дәлелдерге сілтеме жасалған жағдайда, апелляциялық қаулының уәждеу бөлігінде сот отырысында көрсетілген сілтемелер мен дәлелдер бойынша олар қарауға және зерттеуге қабылданбаған негіздер көрсетілуге тиіс.

         3. Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 191, 192-баптарында көзделген жағдайларда және тәртіппен апелляциялық сатыдағы соттың қаулысында кеткен қате жазуларды және анық арифметикалық қателерді түзету туралы немесе апелляциялық қаулының мәнін өзгертпестен, ұйғарым шығару арқылы қаулыны түсіндіру туралы мәселені қарауға құқылы.

Апелляциялық сатыдағы соттың көрсетілген мәселелер бойынша ұйғарымы шығарылған күнінен бастап күшіне енеді және оған кассациялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

         4. Осы Кодекстің 190-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен апелляциялық сатыдағы сот қосымша қаулы шығаруға құқылы.

 

245-бап. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жою не оны өзгерту негіздері

         1. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға не оны өзгертуге:

         1) іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымының дұрыс айқындалмауы және анықталмауы;

         2) бірінші сатыдағы сот анықтаған, іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі;

         3) шешімде баяндалған бірінші сатыдағы сот түйіндерінің істің мән-жайларына сәйкес келмеуі;

         4) материалдық немесе процестік құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы;

         5) сот отырысының хаттамасын жүргізу міндеттілігі осы Кодексте көзделген сот отырысы хаттамасының істе болмауы негіз болып табылады.

         2. Егер сот:

         1) қолданылуға жататын заңды қолданбаса;

         2) қолданылуға жатпайтын заңды қолданса;

         3) заңды дұрыс түсіндірмесе, материалдық құқық нормалары бұзылған немесе дұрыс қолданылмаған деп есептеледі.

3. Егер:

         1) істі соттың заңсыз құрамы қараған;

         2) сот істі сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылмаған іске қатысатын адамдардың қайсыбіреуі болмағанда қараған;

         3) істі қарау кезінде сот ісін жүргізу тілі туралы қағида бұзылған;

         4) сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселені шешкен;

         5) іске қатысуға тартылған және сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарландырылған үшінші тұлға сот отырысына дәлелді себептер бойынша келмеген;

6) судья шешімге қол қоймаған немесе істі қарап, шешкен судьядан басқа судья қол қойған кез келген жағдайда бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылуға және істі бірінші сатыдағы соттың жаңа соттық қарауына жіберілуге жатады.

4. Мәні бойынша дұрыс сот шешімінің күші бір ғана формальды пайымдаулар бойынша жойылмайды. Егер осы баптың бірінші және екінші баптарында көзделген бұзушылықтар анықталса, бірақ, іс мәні бойынша дұрыс шешілсе апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот жіберген кемшіліктерді толықтырады, қолдануға жататын материалдық құқық нормасын қолданады және істі жаса сот қарауына жібермей шешім шығарады

 

246-бап. Бірінші сатыдағы сот ұйғарымына (қаулысына) шағым жасаудың, наразылық білдірудің тәртібі мен мерзімдері

         1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, сондай-ақ сот ұйғарымы істің одан әрі қозғалу мүмкіндігіне бөгет болатын жағдайларда бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына осы Кодекстің 222-бабында көрсетілген тұлғалар жеке шағым жасауы, наразылық білдіруі мүмкін.

Жеке шағым, наразылық ұйғарым шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.

         2. Бірінші сатыдағы соттың қалған ұйғарымдарына, оның ішінде сол жерде сот отырысының хаттамасына енгізіле отырып шығарылған ұйғарымдарға жеке шағым, наразылық берілмейді, бірақ қарсылықтар апелляциялық шағымға немесе наразылыққа енгізілуі мүмкін.

3. Шешім шығарылып аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған ұйғарымға шағым жасалған, наразылық білдірілген жағдайда, шешімге шағым жасау үшін белгіленген мерзім өткен соң ғана іс жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі. Егер шешімге апелляциялық шағым, наразылық берілсе, жеке шағымды, наразылықты тексеруді істі апелляциялық тәртіппен қарайтын сот сатысы жүргізеді.

         4. Жеке шағым, наразылық іске қатысатын адамдардың саны бойынша құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып, осы ұйғарымды шығарған сотқа беріледі, оларды судья соларға жібереді немесе табыс етеді. Судья жеке шағымды немесе наразылықты алғаннан кейін азаматтық істі немесе материалдарды апелляциялық сатыдағы сотқа жібереді.

5. Жеке шағымдар мен наразылықтар осы тарауда белгіленген тәртіппен апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қабылдау және қарау үшін қабылданады және қаралады.

Осы Кодекстің 232-бабында көзделген тәртіппен апелляциялық сатыдағы сот іске қатысатын адамдарға жеке шағымды немесе наразылықты қарау уақыты мен орны туралы хабарлайды. Іске қатысатын адамдардың апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысына келмеуі оларды қарауға кедергі болмайды.

         6. Жеке шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша апелляциялық сатыдағы сот:

1) сот ұйғарымын - өзгеріссіз, жеке шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру;

2) сот ұйғарымының күшін толық немесе бір бөлігін жою және мәселені бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға беру;

3) сот ұйғарымының күшін толық немесе бір бөлігін жою және мәселені мәні бойынша шешу;

4) ұйғарымды өзгерту туралы ұйғарым шығарады.

7. Жеке шағым немесе наразылық бойынша, талап қою арыздарын қайтару, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, талап қою арыздарын қарамай қалдыру мәселелері бойынша шығарылған апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымдары шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда істің одан әрі жылжыту мүмкіндігіне бөгет болатын апелляциялық сатыдағы соттың ұйғарымына шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

8. Процестік мәжбүрлеу немесе ден қою шараларын қолдану мәселелері бойынша шығарылған бірінші сатыдағы соттың қаулысына осы Кодекстің
222-бабында көрсетілген адамдар шағым беруі, наразылық білдіруі мүмкін.

Шағым, наразылық  осы бапта белгіленген тәртіппен қаулы шығарылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі.

 9. Процестік мәжбүрлеу немесе ден қою шараларын қолдану мәселелері бойынша шығарылған сот қаулысына шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша апелляциялық сатыдағы сот:

1) сот қаулысын – өзгеріссіз, шағым, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;

2) сот қаулысының күшін жою және шағымды, наразылықты қанағаттандыру туралы ұйғарым шығарады.

 

247-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың жеке ұйғарымы

         1. Апелляциялық сатыдағы сот осы Кодекстің 196-бабында көзделген негіздер бойынша жеке ұйғарым шығара алады.

         2. Жеке ұйғарымға осы Кодекстің 246-бабында   көзделген тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

 

248-бап. Сот актісін жіберу және істі бірінші сатыдағы сотқа қайтару

         1. Апелляциялық сатыдағы сот істі қарағаннан және іске қатысатын адамдарға сот актісінің көшірмелерін жібергеннен (табыс еткеннен) кейін істі бірінші сатыдағы сотқа қайтарады.

 

 

249-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілерінің заңды күші

         Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілері олар жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді.

 

31-тарау. Кассациялық сатыдағы сотта іс жүрізу

 

250-бап. Кассациялық тәртiппен қайта қарауға жататын сот актiлерi (кассациялық қарауға жіберу туралы)

         1. Жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерiн оларға шағым жасаудың апелляциялық тәртібі сақталған жағдайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, егер

         1) қабылданған қаулының орындалуы адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соғуы мүмкін болатын жағдайларда;

2) қабылданған қаулы адамдардың әлдеқандай тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын жағдайларда;

3) қабылданған қаулы соттардың құқық нормаларын түсіндіруіндегі және қолдануындағы бірізділікті бұзатын жағдайларда кассациялық тәртiппен қайта қарауы мүмкiн.

2. Мынадай:

         1) осы Кодекстің 26-29-тарауларында тәртіппен қаралған;

         2) тараптар арасында тараптардың татуласу келісімі туралы бекітілген және оны сот бекіткен істер бойынша заңды күшіне енген сот актiлері кассациялық тәртiппен қайта қарауға жатпайды.

 

251-бап. Апелляциялық сатыдағы соттың сот актілеріне кассациялық шағым беру, наразылық білдіру құқығы

1. Апелляциялық сатыдағы сот актілеріне кассациялық шағым беру, наразылық білдіру құқығы тараптарға, іске қатысатын басқа да тұлғаларға, егер құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері апелляциялық сатыдағы сот актілері арқылы бұзылса, іске қатысуға тартылмаған адамдарға тиесілі болады.

2. Сот актілеріне кассациялық наразылық білдіру құқығы апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысатын прокурорға да тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар апелляциялық сатыдағы сот актілеріне істі қарауға қатысу-қатыспауына қарамастан наразылық білдіруге құқылы.

 

252-бап. Кассациялық шағым, наразылық беру тәртібі

1.Кассационная жалоба, протест адресуются и подаются непосредственно в суд кассационной инстанции с копиями по числу лиц, участвующих в деле.

1. Кассациялық шағым, наразылық іске қатысатын адамдардың саны бойынша көшірмелермен кассациялық сатыдағы сотқа тікелей жіберіледі және беріледі.

 

253-бап. Кассациялық шағымды, наразылықты беруге арналған мерзім

1. Кассациялық шағым, наразылық апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы немесе ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде берілуі мүмкін.

         2. Осы Кодекстің 251-бабының 2-бөлігінде білдірілген прокурор наразылығы бірінші сатыдағы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде берілуі мүмкін.

 

254-бап. Кассациялық шағымның, наразылықтың мазмұны 

         1. Кассациялық шағымда,  наразылықта:

1) шағым немесе наразылық жіберілетін соттың атауы;

2) шағым немесе наразылық беретін тұлғаның атауы мен мекенжайы, сондай-ақ мүддесі үшін берілетін тұлғаның атауы мен мекенжайы;

3) іске қатысатын адамдардың санамалануы;

4) шағым жасалатын немесе наразылық білдірілетін сот актісіне нұсқау;

5) істі бірінші, апелляциялық сатыларда қараған соттарға нұсқау және олар қабылдаған шешімдердің мазмұны;

6) шағым жасалатын, наразылық білдірілетін сот актісінің заңсыздығы неден көрінетіндігіне нұсқау, сондай-ақ осы Кодекстің 250-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздерге сілтеме;

7) шағым берген немесе наразылық білдірген адамның өтінуі;

8) шағымға немесе наразылыққа қоса берілген жазбаша құжаттардың тізбесі қамтылуға тиіс

2.  Кассациялық шағымға, наразылыққа оны беретін адам және (немесе) оның өкілі қол қояды. Шағым, наразылық электрондық құжат нысанында берілген кезде ол оны берген адамның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Өкіл қол қойған кассациялық шағымға  оның өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге құжат қоса берілуге тиіс.

Электрондық құжат нысанында берілген шағымға, қарсылыққа осы бапта көрсетілген құжаттардың  электрондық нысандағы көшірмелері қоса беріледі

3. Кассациялық шағымға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен және мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат, сондай-ақ іске қатысатын адамға кассациялық шағым көшірмелерінің жіберілгенін куәландыратын құжаттар қоса берілуге тиіс.

 

255-бап. Кассациялық шағымды, наразылықты қайтарып алу

1. Кассациялық шағым, наразылық оларды берген тұлғаға мынадай жағдайларда:

1) егер шағым, наразылық осы Кодекстің 254-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

2) шағымды, наразылықты берген тұлғаның өтінуі бойынша;

3) егер шағым жасау немесе наразылық білдіру мерзімі өтіп кетсе және өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш  болмаса;

4) егер шағым жасау немесе наразылық білдіру мерзімі өтіп кетсе және өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіру үшін негіздер болмаса;

 5) егер алдын ала қарағанға дейін не кассациялық алқа отырысында қарағанға дейін мәні бойынша кассациялық шағым берген, оның ішінде іс бойынша тарап ретіндегі прокурор дейін жазбаша арыз беру арқылы одан бас тартса;

6) егер кассациялық қарсылық білдірген прокурор кассациялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін оны кері қайтарып алса;

7) егер шағымды, наразылықты оны беруге немесе оған қол қоюға құқығы жоқ адам берсе;

8) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат қоса берілмесе, қайтарылады.

2. Шағымды, наразылықты осы баптың бірінші бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қайтару туралы тиісінше алдын ала қарау кезінде қатысатын судья не кассациялық сатыдағы сот қаулы шығарады.

Қалған жағдайларда шағым, наразылық үш жұмыс күні ішінде хатпен қайтарылады.

3.Кассациялық шағым берген, наразылық білдірген және осы Кодекстің 254-бабында көзделген талаптарға сәйкес емес бұзушылықтарды жойған адам  белгіленген мерзімде тағы да тиісті шағым беруге немесе наразылық білдіруге құқылы.

 

256-бап. Кассациялық шағымды, наразылықты  алдын ала қарау

1. Кассациялық шағым, наразылық алқа төрағасының тапсырмасы бойынша кассациялық кассациялық саты судьясының бірі зерделейді, ол он күн мерзімде мынадай:

1) осы Кодекстің 255-бабының бірінші бөлігінде көзделген, өтінішхатты қайтаруға негіздердің бар немесе жоқ екендігі туралы;

2) әкімшілік істі талап етіп алдыруға негіздердің бар немесе жоқ екендігі туралы;

3) касациялық сатының сот отырысында істі қарау үшін негіздердің бар немесе жоқ екендігі туралы мәселелерді шешеді.

Кассациялық шағым, наразылық олар келiп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде, ал iс талап етіп алдырылған жағдайда - iс келiп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қаралады.

2.  Судья шағымды, наразылықты алдын ала қарау нәтижелерi бойынша:

1) осы Кодекстің 250-бабының 1-бөлігінде көзделген негіздер болған кезде, кассациялық сатыдағы сот отырысында қарау үшін шағымды, наразылықты іспен бірге беру туралы;

2) сот актілерін қайта қарау үшін негіздер болмаған кезде кассациялық сатыдағы сот отырысында қарау үшін өтінішхатты беруден бас тарту туралы;

3) осы Кодекстің 255-бабының 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша өтiнiшхатты қайтару туралы қаулы шығарады.

3. Қаулыда:

1) шығарылған күнi мен орны;

2) өтiнiшхатты қараған судьяның тегі мен аты-жөні;

3) қайта қарау туралы өтінішхат берілген сот актiсi көрсетіле отырып, қаулы шығарылған iс;

4) шағым берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) немесе атауы, наразылық білдірген адамның лауазымы;

5) шағымда, наразылықта келтiрiлген дәлелдер;

6) қабылданған процестік шешімнің уәждері;

7) шағымды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша түйіндер көрсетілуге тиіс.

4. Сот актілерін қайта қарау үшін негіздер болған кезде қаулы, шағым, наразылық және оған қоса берілген құжаттар іспен бірге қаулы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей кассациялық сатыдағы сотқа беріледі.

5. Шағымды, наразылықты алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулының көшірмесі шағым берген, наразылық білдірген адамға жіберіледі. Шағым, наразылық қайтарылған жағдайда, оған қоса берілген құжаттар қайтарылуға жатады.

 

257-бап. Сот актiсiнiң орындалуын тоқтата тұру

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бір уақытта iстi талап етіп алдырып, кассациялық тәртiппен тексеру үшiн сот актiсiнiң орындалуын үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.

Сот актісінің орындалуын тоқтата тұру қажеттілігі өткен соң тоқтата тұру туралы қаулының күші жойылады.

Сот актісінің орындалуын тоқтата тұру туралы немесе тоқтата тұрудың күшін жою туралы қаулы әділет органына және тараптарға жіберіледі (тапсырылады).

 

258-бап. Кассациялық шағымға, наразылыққа пікір

1. Іске қатысатын адам шағымдарға қатысты қарсылықты растайтын құжаттарды қоса бере отырып, кассациялық шағымға, наразылыққа пiкiрдi iске қатысатын басқа да адамдарға және кассациялық саты сотына жiбереді. Кассациялық сатыдағы сотқа жіберілген пікірге іске қатысатын басқа да адамдарға пiкiрдiң жiберiлгенiн растайтын құжат та қоса беріледi.

2. Пiкiр кассациялық сатыдағы сототырысы басталғанға дейiн пікірмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн, мерзiмде жiберiледi.

3. Пiкiрге iске қатысатын адам және (немесе) оның өкiлi қол қояды.

Пікір электрондық құжат нысанында берілген кезде ол оны берген адамның немесе оның өкілінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.. Өкіл қол қойған пікірге, егер олар бұрын берілмеген болса, оның өкілеттігін растайтын сенімхат немесе басқа құжат қоса беріледі. Электрондық құжат нысанында берілетін пікірге осы бапта көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі

 

259-бап. Кассациялық шағымнан, наразылықтан бас тарту

1. Кассациялық шағым берген тұлға, оның ішінде іс бойынша тарап ретіндегі прокурор кассациялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін жазбаша арыз беру арқылы одан бас тартуға құқылы.

Кассациялық наразылық білдірген прокурор немесе жоғары тұрған прокурор кассациялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін наразылықты кері қайтарып алуға құқылы.

2. Кассациялық шағымнан, наразылықтан бас тартуды қабылдау туралы судья алдын ала қарау кезінде немесе кассациялық сатыдағы сот, егер шешімге басқа тұлғалар шағым жасамаса, кассациялық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарады.

3. Егер дауланатын сот актісіне кассациялық шағымды басқа тұлғалар берсе, онда ол осы тарауда белгіленген тәртіппен мәні бойынша қаралуға тиіс.

 

 

260-бап. Тараптардың татуласу туралы келісімі

1. Кассациялық шағымды бергеннен, наразылық білдіргеннен кейін жасалған тараптардың татуласу және оларды осы Кодекстің 250-бабының 1-бөлігінде көзделген негіздер болған кезде іспен бірге кассациялық сатыдағы сот отырысына беру туралы келісімі  кассациялық саты сотына жазбаша нысанда берілуге тиіс.

 Сот отырысында тараптардың татуласу туралы келісімі бекітілгенге дейін сот тараптарға олардың процестік әрекеттерінің құқықтық салдарын түсіндіреді.

2. Кассациялық сатыдағы сот тараптардың татуласу келісімі бекітілген кезде бірінші және апелляциялық сатыдағы сот актілерінің күшін жояды және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.

 

261-бап. Кассациялық қараудың нысанасы

Кассациялық шағым, наразылық бойынша кассациялық сатыдағы сот апелляциялық сатыдағы соттың сот актілерінің немесе егер ол осы Кодекстің 250-бабының 3-бөлігінде көзделген тәртіппен дауланса, бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығын тексереді.

 

262-бап. Істі кассациялық тәртіппен қараудың шектерi

         1. Сот істi кассациялық тәртiппен қарау кезiнде бiрiншi, апелляциялық  сатыдағы сот шығарған сот актілерінің, шағымдардың, наразылықтардың дәлелдері шегінде істе бар материалдар бойынша, заңдылығын тексередi.

         2. Кассациялық сатыдағы сот сот практикасының заңдылығы мен тұрақтылығы мүддесінде шағымның, наразылықтың шегінен шығуға және шағым берілген, наразылық білдірілген сот актісінің заңдылығын толық көлемсде тексеруге құқылы.

3. Кассациялық сатыдағы сот бірінші немесе апелляциялық сатылардағы соттарда қосымша ұсынылмаған делелдемелерді қабылдамайды.

 

263-бап. Кассациялық сатыдағы сотта істі қарау мерзімдері

         Іс кассациялық сатыдағы сотта кассациялық сатыдағы сот отырысында қарау үшін іспен бірге шағымды, наразылықты беру туралы қаулы шығарылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

 

264-бап. Iске қатысатын тұлғалардың және өкiлдердiң сот отырысына келмеуінің салдары

Істі қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған іске қатысатын тұлғалардың немесе олардың өкілдерінің кассациялық сатыдағы сот отырысына келмеуі істі қарауға кедергі болмайды.

 

265-бап. Кассациялық шағымды немесе наразылықты қарау тәртібі

1. Кассациялық сатыдағы сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің шағымы, наразылығы бойынша қаралып жатқаны, сот құрамына кімдердің кіретіні және іске қатысатын адамдардың қайсысы со отырысы залында қатысып отырғаны туралы хабарландырумен басталады.  Істі қарау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабардар етілген шағым, нарызылық берген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Қадағалау сатысындағы сотта прокурордың қатысуы істі қарау кезінде міндетті болып табылады.

         2. Мәлімделген қарсылықтар мен өтінішхаттар шешілгеннен кейін сот істі тыңдауды жалғастыру не оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Сот істі тыңдауды жалғастыру туралы шешім қабылдаған кезде төрағалық етуші шағым, наразылық берген адамға сөз береді.Егер мұндай адамдар бірнешеу болса, олар сөз алудың өздері ұсынатын кезектілігін сот назарына жеткізеді. Егер, олар келісімге қол жеткізбесе, онда сөз сөйлеу кезектілігін сот айқындайды.

3. Шағым, наразылық берген адам өздерінің пiкiрi бойынша шағым берілетін шешім заңсыз болып табылатын уәждер мен дәлелдерді жазып бередi. Төрағалық етушi содан кейiн сот белгiлейтін тәртiппен iске қатысатын басқа да тұлғаларға сөз бередi. Олар сөз сөйлегеннен кейiн прокурор iс бойынша қорытынды бередi.

 

266-бап. Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттіктері

1.  Сот істі кассациялық тәртіппен қарай отырып:

1) апелляциялық сатыдағы соттың қаулысын - күшінде, ал кассациялық шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;

2) осы Кодекстің 445-бабының 3-бөлігінде көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайда, апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін толық не бір бөлігін жоюға және істі апелляциялық сатыдағы сотқа судьялардың басқа құрамымен жаңадан қарауға жіберуге құқылы. Кассациялық сатыдағы сот қандай да бір дәлелдеменің анықтығы немесе анық еместігі туралы, бір дәлелдеменің басқалардың алдындағы басымдығы туралы, сондай-ақ істі жаңадан қарау кезінде қандай шешім шығарылуға тиіс екені туралы мәселелерді алдын ала шешуге құқылы емес.

3) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімінің, қаулысы мен  ұйғарымының күшін толық не бір бөлігінде жоюға және байланысты осы Кодекстің  200-бабында, 202-бабының  2), 3), 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша iс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не өтінішті қараусыз қалдыруға;

4) бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың ұйғарымдарының күшін жоюға және егер іс мәні бойынша қаралмаса, істі бірінші сатыдағы сотта жаңадан қарауға жіберуге;

5) бірінші сатыдағы сот шешімін немесе ұйғарымын күшінде қалдыра отырып, апелляциялық сатыдағы сот қаулысының, ұйғарымының күшін толық не бір бөлігінде жоюға;

6) бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың шағым жасаудың процестік мерзімдерін қалпына келтіру мәселелері жөніндегі ұйғарымдарының күшін жоюға және апелляциялық шағымды қарау үшін істі апелляциялық сатыдағы сотқа жіберуге;

7) бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттардың шешімін, қаулысын ұйғарымын, өзгертуге немесе бiрiншi сатыдағы сот шешімінің, ұйғарымының немесе апелляциялық сатыдағы сот қаулысының, ұйғарымының күшін толық не бір бөлігінде жоя отырып, егер істің мән-жайын бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот толық және дұрыс анықтаған, бірақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қателік жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей жаңа сот актісін шығаруға құқылы.

 

 

267-бап. Заңды күшіне енген сот актілерінің кассациялық тәртіппен күшін жоюға немесе өзгертуге негіздер

Заңды күшіне енген сот актілерінің осы Кодекстің 245-бабында көзделген негіздер бойынша кассациялық тәртіппен, сондай-ақ 250-бабының 1-бөлігінде көзделген негіздер болған кезде күші жойылуға немесе өзгертілуге жатады. 

 

268-бап. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуын және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығын қарау

1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының заңды күшіне енген сот актісіне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы осы Кодекстің 250-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде кассациялық  сатыдағы тікелей сот отырысында өз бастамасы бойынша да, осы Кодекстің 251-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаты бойынша да енгізіледі, ол ұсынуға, наразылыққа қоса берілуге тиіс. 

2. Осы баптың 1-бөлігінде көрсетілген адамдардың өтінішхаты бойынша алдын ала қарау осы Кодекстің 256-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.

3. Ұсынуды, наразылықты қарауды осы тарауда белгіленген тәртіппен кассациялық сатыдағы сот жүзеге асырады.

 

269-бап Кассациялық сатыдағы сот актілері

         1. Кассациялық сатыдағы сот актісі қаулы және ұйғарым нысанында шығарылады.

2. Кассациялық сатыдағы соттың қаулысында (ұйғарымында) мыналар көрсетілуге тиіс:

1) қаулының (ұйғарымның) шығарылған күні мен орны;

         2) қаулыны (ұйғарымды) шығарған соттың атауы және құрамы;

         3) кассациялық (жеке) шағым, ұсыну немесе наразылық берген адам;

         4) іс бойынша шығарылған сот актілерінің қысқаша мазмұны және кассациялық сатыдағы сотта істі қарау кезінде қатысатын адамдардың түсініктемелері;

5) соттың өз түйіндерін жасауға алып келген уәждер және сот басшылыққа алған заңдарға сілтеме, кассациялық (жеке) шағымдарды, ұсынуды, наразылықты қарау нәтижелері бойынша түйіндер.

2. Кассациялық (жеке) шағымды, ұсынуды немесе наразылықты қараусыз қалдырған жағдайда кассациялық қаулының уәждеу бөлігінде апелляциялық сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодекстің 250-бабында  көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

Кассациялық (жеке) шағымда, ұсынуда немесе наразылықта соттың қарау нысанасы болып табылмайтын дәлелдерге сілтеме жасалған жағдайда, уәждеу бөлігінде осы Кодекстің 262-бабының үшінші бөлігінде  көзделген,  қабылданбаған негіздер көрсетілуге тиіс.

3. Кассациялық сатыдағы сот осы баптың бірінші бөлігінің талаптарын сақтай отырып, сот актісінің қарар бөлігін шығаруға және жария етуге және оны толық көлемде дайындау күнін хабарлауға құқылы. Сот актісінің қарар бөлігі іс материалдарына қоса тіркеледі.

Кассациялық сатыдағы сот қаулысы бес жұмыс күні ішінде толық көлемдей дайындалуға тиіс.

4. Осы Кодекстің 191, 192-баптарында көзделген жағдайларда және тәртіппен кассациялық сатыдағы сот анық қате жазулар мен арифметикалық қателерді түзету немесе шығарылған қаулыны, қаулы мәнін өзгертпей түсіндіру туралы мәселені қарауға құқылы.  

Осы Кодекстің 190-бабында көзделген негіздер бойынша кассациялық сатыдағы сот қосымша қаулы шығаруға құқылы.

5.Осы Кодекстің 196-бабында көзделген жағдайларда және тәртіппен кассациялық сатыдағы сот жеке ұйғарым шығаруға құқылы.

 

270-бап. Кассациялық сатыдағы соттың сот актілерінің заңды күші

Кассациялық сатыдағы соттың қаулылары және ұйғарымдары олар жария етілген күннен бастап заңды күшіне енеді, түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға, наразылық білдіруге жатпайды.

 

271-бап. Сот шешімінің, ұйғарымының, қаулысының күші жойылғаннан кейін істі қарау

Сот актілерінің кассациялық тәртіппен күші жойылғаннан кейін іс бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сотқа қайтарылуға жатады.

 

32-тарау. Жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша іс жүргізу 

 

272-бап. Қайта қарау негіздері

1. Заңды күшіне енген шешімдер, ұйғарымдар мен қаулылар жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.

Туындаған немесе орын алған, алайда олар туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін белгілі болған, бұрын қаралған істі дұрыс шешу үшін айтарлықтай маңызы бар заңды фактілер шешімдерді, ұйғарымдарды және қаулыларды жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін негіздер болып табылады.

2. Шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін:

1) қайта қарау туралы өтініш берілген, бірақ арыз берушіге мәлім болмаған және мәлім бола алмайтын сот актісі шығарылған кезде іс жүзінде бар іс үшін айтарлықтай мән-жайлар;

2) заңды күшіне енген сот үкімімен, қаулысымен, қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың қаулыларымен анықталған куәгердің көрінеу жалған айғақтары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, заңсыз не негізсіз шешім шығаруға әкеп соққан құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;

3) заңды күшіне енген сот үкімімен, қаулысымен, қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың қаулыларымен анықталған тараптардың, іске қатысатын басқа да адамдардың не олардың өкілдерінің қылмыстық құқық бұзушылығы немесе судьялардың осы істі қарау кезінде жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы;

4) осы шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығаруға негіз болған сот шешімінің, үкімінің, ұйғарымының немесе қаулысының не өзге де мемлекеттік орган қаулысының күшін жою негіздер болып табылады.

3. Жаңа мән-жайларға:

1) істі қарау және шешу кезінде преюдициалдық маңызы болған сот актісінің күшін жою;

2) сот актісі шығарылғанда негізге алынған мәмілені жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі;

3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң сот актiсi шығарылған кезде қолданылған заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді конституциялық емес деп тануы жатады.

 

273-бап. Сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар

1. Бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енген шешімін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша осы шешімді шығарған сот қайта қарайды.

2. Бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерткен немесе жаңа шешім шығарылған апелляциялық және кассациялық сатылардың ұйғарымдарын, шешімдерін, қаулыларын жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарауды шешімді өзгерткен немесе жаңа шешім шығарған сот жүргізеді.

 

274-бап. Арыз беру

1. Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды іске қатысқан тараптар, басқа да адамдар немесе прокурор шешім, ұйғарым немесе қаулы шығарған сотқа қайта қарау үшін негіз болған мән-жайлар белгіленген күннен бастап үш ай ішінде береді.

2. Арыз бірінші сатыдағы сотқа келіп түскен күннен бастап - он бес жұмыс күні ішінде, ал апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттарға іс тиісті сотқа келіп түскен күннен бастап көрсетілген мерзімде қаралуға тиіс.

 

275-бап. Арыздың нысаны мен мазмұны

1. Сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз сотқа жазбаша нысанда немесе электрондық құжат түрінде беріледі. Арыз беретін тұлға және (немесе) оның өкілі арызға қол қояды.

2. Сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызда:

1) арыз берілетін соттың атауы;

2) арыз беретін тұлғаның және іске қатысатын басқа да тұлғалардың атауы, олардың орналасқан жері немесе тұрғылықты жері;

3) арыз беруші жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтініп отырған сот актісін қабылдаған соттың атауы, сот актісінің қабылданған күні, даудың нысанасы;

4) арыз беретін тұлғаның талаптары; арыз берушінің пікірінше осы мән-жайдың ашылуын немесе белгіленуін растайтын құжаттарға сілтеме жасала отырып, жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы мәселені қоюға негіз болған жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар;

5) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

Арызда іске қатысатын адамдардың телефон, факс нөмірлері, электрондық поштасының мекенжайы және өзге де мәліметтер де көрсетілуі мүмкін.

3. Арыз беретін тұлға іске қатысатын басқа да тұлғаларға оларда жоқ арыздың және қоса берілген құжаттардың көшірмелерін жіберуге міндетті.

4. Арызға:

1) жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайларды растайтын құжаттардың көшірмелері;

2) арызданушы қайта қарау туралы өтініш жасаған сот актісінің көшірмесі;

3) іске қатысатын басқа да тұлғаларға оларда жоқ арыздың және құжаттардың көшірмелері жіберілгенін растайтын құжат;

4) сенімхат немесе тұлғаның арызға қол қою өкілеттігін растайтын өзге де құжат қоса берілуге тиіс.

 

276-бап. Жаңадан ашылған мән-жайлар мен жаңа мән-жайлар бойынша арыз беруге арналған мерзімнің есептелуі

Арыз беруге арналған мерзім:

1) осы Кодекстің 271-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайларда – істі шешу үшін елеулі негізі бар мән-жай анықталған күнен бастап;

2) осы Кодекстің 271-бабының екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда - сот үкімі, қаулысы, қылмыстық іс бойынша қылмыстық қудалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қаулылары заңды күшіне енген күннен бастап;

3) осы Кодекстің осы Кодекстің 271-бабының екінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайларда - шешім шығаруға негіз болған, аталған актілердің күшін жойған соттың үкімі, шешімі, ұйғарымы, қаулысы немесе өзге де мемлекеттік органның қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап;

4) осы Кодекстің 271-бабының үшінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайларда - преюдициалдық маңызы бар сот актісінің күшін жойған сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап;

5) осы Кодекстің 271-бабының үшінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайларда - мәмілені жарамсыз деп таныған сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап;

6) осы Кодекстің 271-бабының үшінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген жағдайларда - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулысы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап есептеледі.

 

277-бап. Арызды соттың іс жүргізуіне қабылдау

1. Арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды сақтай отырып берілген сот актісін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз тиісті соттың іс жүргізуіне қабылданады.

2. Арызды соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені ол сотқа келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті соттың судьясы жеке-дара шешеді.

3. Тиісті соттың судьясы арызды іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарады.

4. Ұйғарымда арызды қарау жөніндегі сот отырысын өткізу күні мен орны көрсетіледі.

5. Ұйғарымның көшірмелері іске қатысатын адамдарға жіберіледі.

 

278-бап. Арызды қайтару

1. Тиісті соттың судьясы, егер сот актісін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешу кезінде:

1) арыздың осы Кодекстің 272, 273-баптарында белгіленген қағидаларды бұза отырып берілгенін;

2) арыздың белгіленген мерзім өткеннен кейін берілгенін және оны қалпына келтіру туралы өтінішхаттың жоқ екенін немесе арыз берудің өткен мерзімін қалпына келтіруден бас тартылғанын;

3) арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтаса, арыз берген арыз берушіге оны қайтарады.

Арыз осы Кодексте көзделген басқа да негіздер бойынша қайтарылуы мүмкін.

2. Арызды қайтару туралы ұйғарым шығарылады.

Ұйғарымның көшірмесі арызбен және оған қоса берілетін құжаттармен бірге ұйғарым шығарылған күннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей арыз берушіге жіберіледі.

3. Түпкілікті болып табылатын және одан кейін шағым жасауға, наразылық білдіруге жатпайтын кассациялық сатыдағы сот шығарған ұйғарымдарды қоспағанда, соттың арызды қайтару туралы ұйғарымына шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

 

279-бап. Арызды қарау

Сот жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны қайта қарау туралы арызды сот отырысында қарайды.

Арыз берушіге және іске қатысатын адамдарға арызды қарау уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмей қалуы арызды қарауға кедергі болмайды.

 

280-бап. Соттың істі қайта қарау туралы ұйғарымы

1. Сот шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қарай келіп, арызды қанағаттандырады және шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күшін жояды не оны қайта қараудан бас тартады.

2. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттардың жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша сот актісінің күшін жою туралы ұйғарымдары шағым жасауға және наразылық білдіруге жатпайды. Ұйғарыммен келіспеу туралы дәлелдер істі жаңадан қарау кезінде қабылданған апелляциялық және кассациялық шағымдарға енгізілуі мүмкін.

 

3. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттардың сот актісін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарымдарына шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

4. Шешімнің, ұйғарымның немесе қаулының күші жойылған жағдайда сот істі осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша қарайды.

 

V БӨЛІМ. СОТ АКТІЛЕРІНІҢ ОРЫНДАЛУЫ

 

33-тарау. Сот актілерінің орындалуы

 

281-бап. Соттың шешімін орындауға жіберу

1. Шешiм заңды күшiне енгеннен кейiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен орындауға жіберіледі.

2. Атқару парағы тараптардың арызы бойынша жазылып берілетін сот бекіткен татуласу келісімінің шарттарын орындау жағдайларын қоспағанда, соттың шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылып беріледі.

3. Атқару парағын бiрiншi сатыдағы сот шешiм заңды күшiне енген немесе iс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде жазып береді.

Атқару құжатында:

1) шешім шығарған соттың атауы;

2) iстiң нөмiрi және шешiм шығарылған күн;

3) шешімнің қарар бөлігі (сөзбе-сөз);

4) шешiмнiң заңды күшiне енген күні;

5) атқару құжаты берiлген күн;

6) өндiрiп алушының тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған күнi, оның тұрғылықты немесе орналасқан жері, оның тұрғылықты жері бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер және жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе егер өндiрiп алушы ұйым болып табылса, оның атауы, іс жүзінде орналасқан жерi, банктік деректемелері мен бизнес-сәйкестендiру нөмiрi;

7) борышкердiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетiлсе), туған күнi, оның тұрғылықты немесе орналасқан жерi, оның тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, оның жұмыс орны және борышкер жұмыс істейтін заңды тұлғаның банктік деректемелері туралы мәлiметтер (егер iстiң материалдарында бар болса), банктік деректемелер мен жеке сәйкестендiру нөмiрi (егер iстiң материалдарында бар болса) немесе егер борышкер ұйым болып табылса, оның атауы, іс жүзінде орналасқан жерi, банктік деректемелері мен бизнес-сәйкестендiру нөмiрi көрсетiлуге тиiс.

4. Соттың әрбiр шешiмi бойынша бiр атқару құжаты берiледi.

Егер сот талап қоюды қамтамасыз ету шаралары қолданылса, қосымша құжатқа қамтамасыз ету бойынша қолданылған шаралар туралы құжаттарды көшірмелері қоса беріледі.

Егер атқару әртүрлі орындарда жүргізілуі тиіс болса не егер шешім бірнеше талап қоюшының пайдасына немесе бірнеше жауапкерге қарсы шығарылса, сот өндіріп алушылардың өтінуі бойынша  атқарудың дәл орнын не осы атқару құжаты бойынша атқарылуға тиіс шешімнің сол бөлігін көрсете отырып, бірнеше атқару құжатын жазып береді.

5. Сот атқару құжатына сот актiсiнiң көшiрмесiн не соттың мөрiмен куәландырылған оның үзiндi көшірмесін қоса береді.

6. Сот процестік құқық мирасқорлығы туралы ұйғарым шығарған жағдайда сот шешімі шығарылғаннан және ол орындауға жіберілгеннен кейін жаңа борышкер көрсетіле отырып, атқару құжаты жазып беріледі.

7. Сот орындаушысы атқару құжаты орындалған жағдайда шешiм шығарған сотты бұл туралы он жұмыс күнi iшiнде хабардар етуге не «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген орындау мерзімі өткен соң орындалмау себептерi туралы ақпарат беруге міндетті. Мәжбүрлеп орындатуға атқару құжаты ұсынылғанға дейін сот шешімін орындаған борышкер шешім шығарған сотты бұл туралы үш жұмыс күні ішінде хабардар етуге тиіс.

 

282-бап. Соттың атқару парағының телнұсқасын беруі

1. Атқару парағының төлнұсқасы жоғалған жағдайда шешім шығарған сот өндіріп алушының арызы немесе сот орындаушысының ұсынуы, атқарушылық іс жүргізу органының өтінішхаты бойынша атқару құжаттарының телнұсқаларын бере алады.

2. Атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арыз атқару құжатын орындауға ұсыну үшін белгіленген мерзім өткенге дейін сотқа берілуі мүмкін.

Егер атқару құжаты орындау барысында жоғалған болса және бұл туралы өндіріп алушыға оны орындауға беру үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін белгілі болса, атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арыз атқару құжатының жоғалғаны туралы өндіріп алушыға белгілі болған күннен бастап бір ай ішінде сотқа берілуі мүмкін.

3. Сот атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арызды ол сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және шешеді.

Атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арыз іске қатысатын адамдарға отырыстың өткізілетін уақыты мен орны хабарлана отырып, сот отырысында қаралады, алайда олардың келмеуі телнұсқаны беру туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.

4. Атқару құжатының телнұсқасын беру туралы арызды қарау кезінде сот атқару құжатының жоғалғаны туралы дәлелдемелерді тексереді және зерттейді.

5. Соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

 

283-бап. Соттың шешiмдi дереу орындауға жiберу құқығы

 Егер айрықша мән-жайлардың салдарынан шешiмдi орындау мүмкін емес немесе қиын болатын заңда көзделген жағдайларда сот талап қоюшының өтініші бойынша шешiмдi дереу орындауға жiбере алады.

 

284-бап. Шешiмнiң орындалуын қамтамасыз ету

Сот дереу орындалуға жiберiлмеген шешiмдi орындауды осы Кодекстің 15-тарауының қағидалары бойынша қамтамасыз ете алады.

Сот атқару парағын аумақ бойынша атқарушылық іс жүргізу органына орындауға жiбергенге дейiн осы әрекеттердi жүргiзедi.

 

285-бап. Сот шешiмiн орындауды кейiнге қалдыру және оның мерзiмiн ұзарту, оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту, татуласу келiсiмiн бекiту

1. Іс бойынша шешім шығарған сот, сондай-ақ шешім орындалатын жердегі сот өндіріп сот орындаушысының өтінішхаты бойынша және  тараптардың арызы бойынша, егер атқарушылық әрекеттер жасауды қиындататын немесе мүмкiн емес ететiн мән-жайлар туындаса, шешімді орындау тәсiлiн немесе тәртiбiн өзгертуі, атқарушылық iс жүргiзудегі тараптардың арызы бойынша сот шешімін орындауды кейінге қалдыруы немесе оның мерзімін ұзартуы мүмкін.

2. Атқарушылық іс жүргізу тараптарының арызы бойынша сот олардың арасында жасалған татуласу келісімін бекітуге құқылы.

3. Мемлекеттік сот орындаушысының өтінішхаты немесе атқарушылық iс жүргiзудегi тараптардың арызы, сондай-ақ олардың арасында жасалған татуласу келiсiмі сот отырысында қаралады. Iске қатысатын тұлғалар отырыстың уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуi өтінішхатты немесе арызды шешу үшін кедергi болмайды.

Сот шешiмiн орындауды кейiнге қалдыру және оның мерзiмiн ұзарту, оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту, татуласу келiсiмін бекiту туралы арызды, өтінішхатты сот арыз сотқа келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

4. Соттың осы Кодекстің 145-бабына сәйкес сот шешiмiн орындауды кейiнге қалдыру, оның мерзiмiн ұзарту туралы, оны орындау тәсілі мен тәртiбiн өзгерту туралы ұйғарымдарына шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

 

286-бап. Сот шешiмiн орындауды бұру

1. Заңды күшіне енген, толық немесе бір бөлігінде орындалған бірінші сатыдағы сот шешiмiнің, апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күшi жойылған және сот талап қоюдан толық немесе оның бір бөлігінен бас тарту туралы жаңа шешiм шығарған жағдайда талап қоюшыдан күшi жойылған шешiм бойынша ол алғанның барлығы өндiрiп алынады (шешiмнiң орындалуын бұру).

2. Шешiмнiң орындалуын бұру орындалған сот шешімі толық немесе бір бөлігінде күшін жойған және іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым немесе талапты қараусыз қалдыру туралы ұйғарым шығарылған жағдайда да жүргізіледі.

 

287-бап.  Сот шешiмінiң орындалуын бұру туралы арызды қарау

1. Бұрын шығарылған шешім толық немесе бір бөлігінде орындалған іс бойынша жаңа шешiм шығарған сот шешімнің орындалғаны туралы дәлелдемелер ұсынылған кезде жаңа шешімде жауапкердің орындалуды бұру туралы арызын қарайды және шешеді.

2. Егер сот iстi жаңадан қараған кезде күшi жойылған шешiм бойынша орындалуды бұру туралы мәселені шешпесе, жауапкер шешiмнің орындалуын бұру туралы арызбен бірінші сатыдағы сотқа жүгінуге құқылы.

3. Сот шешiмінiң орындалуын бұру туралы арызды ол сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Арыз талап қоюшы мен жауапкерді, ал қажет болған кезде, сотқа күші жойылған сот шешімінің орындалуы туралы мәліметтерді табыс етуге тиіс атқарушылық іс жүргізу органын да хабарландыра отырып, сот отырысында қаралады.

Көрсетілген тұлғалардың сот отырысына келмеуі орындалуды бұру туралы арызды шешу үшін кедергі болмайды. Сот шешімі орындауда жатқан жағдайда іс жүргізуінде тиісті атқарушылық ісі жатқан сот орындаушысы сот отырысына келуге және оны сотқа ұсынуға міндетті.

4. Шешiмнiң орындалуын бұру туралы бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкiн, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

 

288-бап. Сот орындаушысының ұсынуларын қарау

1. Сот орындаушысының ұсынуында атқарушылық іс жүргізу тараптарының деректемелері мен орналасқан жері, оны қозғау күні, атқарушылық құжаттың орындалу барысы туралы мәліметтер, өтініштің негіздері қамтылуға тиіс.

Ұсыну көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ сот орындаушысы ұсынуды қайтарып алу туралы арыз берген жағдайда, сот ұсынуды оған қоса берілген құжаттармен қоса қайтарады.

2. Сот орындаушысының ұсынуын судья ол сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шешеді. Сот борышкерге және өндіріп алушыға сот орындаушысының келіп түскен ұсыну туралы хабарландырады, сот отырысының өткізілетін уақыты мен орнын хабарлайды. Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабарландырылған борышкердің немесе өндіріп алушының келмей қалуы істі қарауға кедергі болмайды. Судья сот орындаушысының ұсынуын қарап, ұйғарым шығарады, оған апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

Сот ұйғарымының көшірмесі борышкер мен өндіріп алушыға бес жұмыс күні ішінде салып жіберіледі.

 

VI БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

34-тарау. Қорытынды ережелер

 

289-бап. Осы Кодекстің қолданысқа енгізілу тәртібі

Осы Кодекс 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

35-тарау. Өтпелі ережелер

 

290-бап. Өтпелі ережелер

1. Осы Кодекс күшіне енгеннен кейін соттардың іс жүргізуіне бұрын қабылданған әкімшілік істерді олар мәні бойынша осы Кодекстің ережелеріне сәйкес қарауға тиіс. 

2. Осы Кодекс енгенге дейін соттарға түскен, бірақ іс жүргізуге қабылданбаған  әкімшілік талап қоюлар бес күн мерзімінде тиісті мамандандырылған әкімшілік сотқа беріледі, бұл туралы талап қоюшыға хабарланады.

Пікірлер
Пікірлер мен ұсыныстар