Қазақстан Республикасында соттар имиджінің кейбір мәселелері туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасында соттар имиджінің кейбір мәселелері туралы

 

               А.О. Сарсенбаев, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы.

                Имидж (ағылш. тілінен image – «образ», «кейіп», «бейне», «кескін») – бұқаралық коммуникация және психологиялық әсер ету құралдарымен қоғамдық және жеке санасында қалыптасатын жасанды образ. Имидж бұқаралық санада объектіге белгілі бір көзқарасын қалыптастыру мақсатында пиармен, насихаттаумен, жарнамамен жасалады. Ол объектінің нақты да, жоқ және тіркелген қасиеттерін де үйлестіруі мүмкін.

                Имидж – бұл көп жақты түсінік. Судьяның немесе кез келген соттың нақты образына көптеген факторлар әсер етеді: ең алдымен, судья өз қызметінде басшылыққа алатын заңнама, биліктің басқа екі тармағы – заңнамалық және атқарушылықтың сот жүйесіне қатынасы. Тағы бір құрамдас бөлігі маңызды – бұл судьяның жеке қасиеті, оның имидж мәселесіне жеке көзқарасы – сыртқы келбетінен бастап кәсіби ерекшеліктеріне дейін. Сондықтан имидж сот жүйесінің ішінен де, белгілі бір сыртқы факторлардың негізінде де қалыптасуы тиіс.

                Қазақстандық соттардың имиджі жалпы сот жүйесіне жүктелген міндеттерге тікелей байланысты.

                Бірінші кезекте бұл азаматтардың сот қорғауына конституциялық құқықтарын іске асырудың қолжетімділігі мен қарапайымдылығына  байланысты.

                Сот жүйесінің имиджіне әсер ететін екінші факторы жеңілдетілген құжат айналымы мен  сот төрелігін жүргізу кезіндегі бюрократтық кедергілердің төмендеуі болып табылады.

                Сотқа сенім білдіру сот шешімдерін орындаудың тиімді тетіктерісіз мүмкін емес.

                Бүгінгі күні заңнамалық деңгейде азаматтардың сот қорғауына конституциялық құқықтарын іске асырудың қолжетімділігі мен қарапайымдылығын қамтамасыз етуде, оның ішінде сот актілеріне шағымдану тәртібінің қарапайымдылығы мен қолжетімділігі бөлігінде белгілі бір кедергілер бар, бұл қоғамдағы сот имиджіне кері әсерін тигізеді.

                 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221- ҚРЗ Заңымен құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді іске асыру және қорғау мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін беру және қараумен қоғамдық қатынастарды реттейді.

                Осыған байланысты көрсетілген заңның ережелерін басшылыққа ала отырып, азаматтар түрлі арыздармен, шағымдармен, өтініштермен, сұранымдармен, ұсыныстармен, пікірлермен мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін өзі басқару органдарына, жүз пайыз мемлекет қатысуымен немесе мемлекеттік тапсырыс және (немесе) мемлекеттік сатып алу шарттарына сәйкес тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) жеткізетін заңды тұлғаларға жүгінуге құқылы.

               Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 3-бабы 2-тармағының күшімен қатар, оның күші қарау тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасымен, Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңнамасымен орнатылған  жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне таралмайды.

              Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне, атап айтқанда ҚР АІЖК 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары соттардың осы Кодекспен және басқа заңдармен өз құзыретіне жатқызылған талап қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

                ҚР АІЖК 7-бабы, 1 және 4-тармақтарына сәйкес Азаматтық істер бойынша сот төрелігін азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады. Соттың биліктік өкілеттілігін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады.  Азаматтық іс бойынша сот шешімдерін осы Кодексте көзделген тәртіппен тек тиісті соттар ғана тексеріп, қайта қарай алады.

                Практика жүзінде, әдетте, азаматтардың төмен құқықтық білімділігі салдарынан ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының нормаларын азаматтар түрлі мемлекеттік органдарға нақты бір істерді қарау кезінде соттар мен судьялардың әрекеттеріне шағым беру кезінде қолданатын жағдайлар кездеседі.

                Мысалы, іс сотта қаралуда, алайда ол қаралуы мүмкін емес, себебі онымен бір уақытта мемлекеттік органда өтініш берушінің сот немесе судьяның әркетіне жазған шағымы қарастырылып жатыр, онда есепке алынған. Нәтижесінде азаматтар соттың жаман жұмысына шағымданады, шын мәнісінде мұндай шағымдар негізінен іс бойынша шығарылған сот актілерімен келіспеушілік туралы дәлелдерді қамтиды, және тек ҚР АІЖК-мен орнатылған сот актілеріне шағымдану тәртібінде ғана (апелляциялық, кассациялық, бақылау ісін жүргізу) берілуі тиіс.

                Біздің пікірімізше, қазіргі таңда ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңында тікелей норма жоқ, яғни егер азаматтар ҚР АІЖК-нің арнайы нормалары бойынша жүгінсе, онда олардың өтініш қарайтын басқа субъектілерге шағымдануға құқығы болмайды.

                Біріншіден, бұл халықтың құқықтық білімін көтеруге септігін тигізеді; екіншіден, түрлі мемлекеттік мекемелер мен соттарға негізсіз шағымдарды азайтады; үшіншіден, түрлі мемлекеттік органдарға шағым түсіру арқылы сотта іс қарауына әсер еткісі келетін, сол арқылы сот төрелігінің орындалуына кедергі жасайтын, немесе сот жүйесінің жұмысы туралы теріс пікір қалыптастырғысы келетін қара ниет қатысушылардың мүмкіндіктерін шектейді. 

                Азаматтардың өз конституциялық құқықтарын іске асырудың қолжетімділігі мен қарапайымдылығын қамтамасыз етуге әсер ететін келесі мәселе азаматтық іс жүргізу заңнамасының жеке-құқықтық даулар мен көпшілік-құқықтық даулар туралы нормаларды бір уақытта өзіне біріктіруі болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, бүгінгі күні жалпы не арнайы азаматтық құзыреті бар соттар бір уақытта үрдіс қатысушыларының бірдей мәртебесі бар талап арыздық іс жүргізу істерін де, негізінен тараптардың қатынасы бір жақтың екіншісіне бағынышты болуына негізделген және мемлекет мүдделерін қозғайтын көпшілік-құқықтық даулар бойынша істерді де қарауы тиіс.

                Көпшілік-құқықтық даулар бойынша істер талап арыз берудің орнына арыз бойынша қозғалады, талап арыз ісін жүргізудегідей екі ай емес қысқартылған қарау тәртібі бар, сот шешімінің күшіне ену және орындалу тәртібі талап арыздан өзгеше, барлық жағдайда дерлік мемлекет мүдделері қозғалады, және де бір субъектілердің екіншісіне бағыныштылығы байқалады.

  Сонымен қатар, көпшілік-құқықтық даулар бойынша істерде мақсаттары, арызды (шағымды) беру және қарау мерзімдері, арыз беруге құқылы субъектілері,  үрдіс қатысушылары, сот шешімінің күшіне ену тәртібі мен оның орындалу тәртібі бойынша өзгеше сипаттамалары бар.

                Азаматтар үшін жоғарыда айтылған заңдық іс жүргізу ерекшеліктерінің еш мәні жоқ, себебі олар сотты олардың дауларын қабылдауға және қарауға, олардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндетті орган ретінде қабылдайды.

              Бұл ретте жеке-құқықтық даулар мен көпшілік-құқықтық дауларды ажыратпайтын азаматтар үнемі ҚР АІЖК-нен талап арыз ісін жүргізудің жалпы нормаларын алып, көпшілік-құқықтық даулар нормаларына қолдануға тырысады. Соттардың азаматтық істерді нақтысында оларға қатысты нормаларға сәйкес келтіруі азаматтардың түсінбеушіліктерін, қабылдамаушылығын тудырады және шағымдарға әкеп соғады, сондай-ақ соттың имиджіне әсер етеді.

                Осыған байланысты әкімшілік әділет институтын енгізу бүгінгі күннің қажеттілігі. Осы институт азаматтық және әкімшілік юрисдикция соттарының арасындағы сотқа жататын істерді бөлуге мүмкіндік береді, жалпы соттарға түсетін шағымдар ағынын азайтады, сонымен қатар азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерін қорғайтын орган ретінде сот имиджін көтереді. Онымен бір уақытта әкімшілік әділет институтын енгізу мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының өздерін тәртіпке шақырады, әрене, бұл да мемлекеттік басқару сапасына жалпылама оң әсерін тигізеді.

                Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»  Заңына жоғарыда айтылған жаңалықтарды енгізу сот имиджін көтереді және соттарда істердің нақты күйін көрсетеді, сондай-ақ сотты жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғайтын орган, билікті бөлудің конституциялық принципті бекітіп, Қазақстан Республикасында биліктің үшінші тармағының өкілі ретінде қоғамдағы рөлін көтереді.