Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Жалпы бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

                                          Қазақстан Республикасы Жоғарғы

                                         Сотының жанындағы Соттардың

                                                                                                                                                                                                                                                                  қызметін қамтамасыз ету

                                                                                                                                                                                                                                                                  департаменті (Қазақстан Республикасы

                                                                                                                                                                                                                                                                  Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының

                                             «____»___________2020 жылғы №

                    өкімімен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы

соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің

(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының)

Сот кеңсесі туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

1.Сот кеңсесі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2.Бөлім өз қызметі барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қамтамасыз ету Департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ережені, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2009 жылғы 4 маусымдағы № 01-30.13 бұйрығымен бекітілген (Әкімшілік Басшысының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 01-38.97, 2015 жылғы 1 шілдедегі № 01-38.14, 2019 жылғы 15 қарашадағы № 19-01-38.39 бұйрықтарымен бекітілген өзгерістермен және толықтырулармен) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құжаттарымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында жұмыс істеу ережелерін, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

         3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Департамент басшысының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекітеді.

 

 

Бөлімнің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

         4. Мақсаты: Жоғарғы соттың және Департаменттің іс жүргізуін қамтамасыз ету.

Функциялары:

  1. қызметтік кіріс хат-хабарларды және сот істерін тіркеу; ҚБПҮ белгісі бар құжаттарды бірыңғай тіркеу-бақылау формасын құру арқылы «Төрелік» мәліметтер базасында тіркеу және ішкі деректемелерін толтыру;
  2. шығыс хат-хабарларды және сот істерін тіркеу, жіберу;
  3. істердің (нарядтардың), кассациялық өндірістердің сақталуын қамтамасыз ету, тұрақты сақтауға беру мақсатында құжаттардың құндылығы бойынша сараптама жұмысын ұйымдастыру;
  4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында және Департаментінде құжаттама жасау және құжаттаманы басқару Қағидаларларының жобасын әзірлеу;
  5. Жоғарғы Сот пен Департамент бойынша құжат айналымы туралы мәліметтерді құру;
  6. уәкілетті органдар мен ұйымдарға өтініштер бойынша мәліметтерді статистиканы қалыптастыру үшін уақытылы ұсыну, ал қажет болғанда, электрондық құжат айналымы және қаралған өтініштер бойынша есепті беру.

         5. Мақсаты: қызметтік хат-хабарлар және өтініштер бойынша орындауға берілген Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі басшысының, Жоғарғы Сот Төрағасының тапсырмаларын уақытылы орындалуына бақылау жасау;

Функциялары:

1) қызметтік хат-хабарларды тіркеу, Жоғарғы Сот Төрағасының және Департамент Басшысының бұрыштамаларының жобаларын әзірлеу;                         

2) Департамент басшысын, құрылымдық бөлімшелері басшыларын бақылау тапсырмаларының уақытылы орындалуы туралы хабарлау.

         6. Мақсаты: жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

         Функциялары:

  1. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін  алдын-ала қарау, мыналарға бөлу:

2) сот өндірісімен байланысты өтініштер;

3) судьялардың іс-әрекетіне шағымдар;

4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша хат-хабарлар;

5) жеке қабылдауға жазылу бойынша өтініштер;

6) жалпы сипатағы өтініштер;

7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін  құзырлы мемлекеттік органдарға жіберу және түсіндіру мақсатында жауап беру;

8) Шешілуі бөлім құзыретіне кірмейтін өтініштер мен хат-хабарларды Департаменттің тиісті  құрылымдық бөлімшелеріне жіберу;

9) Түскен өтініштерді талдау және мониторингілеу, олардың қаралу практикасын жалпылау;

10) Жоғарғы Сотта азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру;

11) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарауын жетілдіру және оны ұйымдастыру бойынша Жоғарғы Сот Төрағасына және Департамент Басшысына ұсыныстар енгізу;

12) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы сот органдарының статистикасын қалыптастыру мәселесі бойынша мемлекеттік құқықтық статистика ауқымында уәкілетті органмен әрекеттесу.

      7. Бөлім өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру кезінде келесі құқықтары мен міндеттері бар:

1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;

2) Департаменттің және Бөлімнің қызметін ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

3) заңмен, Жоғарғы Сот Төрағасының және Департамент Басшысының актілерімен белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

 

3.     Бөлім қызметін ұйымдастыру

 

8. Бөлім басты міндеттерін және функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, заңнамалық актілеріне,  Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілеріне сәйкес және осы Ережедегі өкілеттіктерге  иеленеді.

9. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын меңгеруші басқарады (бұдан әрі - Бөлім меңгерушісі).

10. Бөлім меңгерушісінің екі орынбасары болады. 

11. Бөлім  меңгерушісі  Бөлімнің қызметін жалпы басқаруын қамтамасыз етеді және Бөлімге жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуына тікелей  жауап береді.

12.Бөлім меңгерушісі  бұл мақсатта:

1) Бөлім меңгерушісі бөлімнің штаттық кестесі және құрылымы бойынша басшыға ұсыныстар ұсынады.

2) Бөлім қызметкерлердің және өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтап, Департамент Басшысына бекітуге ұсынады;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

 

         13.Бөлім меңгерушісінің орынбасары:

          1) өзінің өкілетті шегінде Бөлімнің қызметін үйлестіреді;

           2) Бөлім  меңгерушісі болмаған кезеңде Бөлімнің қызметін жалпы басқаруын қамтамасыз етеді және Бөлімге жүктелген функциялары мен міндеттердің орындалуына тікелей  жауап береді;

           3) оған басқа да жүктелген функцияларды жүзеге асырады.

          14. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан Жоғарғы Сот Төрағасына, Департамент Басшысына, басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға, және де өзінің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша түсіндірмелерге Бөлімнің меңгерушісі, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.