Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Халықаралық байланыстар және Протокол бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы

Сотының жанындағы соттардың

қызметін қамтамасыз ету департаментінің

(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының

2020 жылғы «__» _____________

№_____өкімімен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың

қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) Халықаралық байланыстар

бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

1. Халықаралық байланыстар бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Департамент туралы ережені және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының және Департамент басшысының өкімдерін, осы Ережені, шет мемлекеттер өкілдерімен жұмыс жасауда – халықаралық құқық нормаларын және жалпыға бірдей қабылданған халықаралық практиканы басшылыққа алады.

         3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Департамент басшысының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекітеді.

 

 

 

 

 

 

 

2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

4. Міндеті: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот төрелігін іске асыру және соттардың қызметін қамтамасыз ету саласындағы шетелдік мемлекеттік органдармен және сот билігінің өзге де мекемелерімен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын орнату және дамыту;

Фунциялары:

1) шетелдік әріптестермен сот қызметінің басым бағыттары бойынша ынтымақтастықты дамыту, ең үздік шетелдік тәжірибені зерделеу және
сот-құқықтық саласында тәжірибе алмасу мақсатында тиісті өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

2) халықаралық құқықтық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен шет мемлекеттердің сот органдары, халықаралық ұйымдар, шетелдік заңды бірлестіктер арасында халықаралық құжаттарды дайындау, сондай-ақ оларды жасасу жөніндегі ынтымақтастықты ұйымдастыру;

3) құзыреті шегінде халықаралық шарттардың жобаларына сараптама жүргізу;

4) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын халықаралық ұйымдарға жіберу және олардың қызметін қамтамасыз ету;

5) шет мемлекеттердің жоғары сот органдарының аппараттарымен практикалық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

 6) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының адам құқықтары саласындағы және БҰҰ-ның шарттық органдары ұсынымдарының орындалуы туралы Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін іске асыруға қатысу мәселелері жөніндегі Департамент бөлімдерінің жұмысын бақылау және үйлестіру;

7) халықаралық ұйымдармен жобаларды іске асыруда Департаменттің құрылымдық бөлімдеріне үйлестіру және жәрдемдесу;

8) шетелдік іссапарлардың мониторингі және Жоғарғы, жергілікті және басқа соттар судьяларының, сондай-ақ Департамент қызметкерлерінің қорытынды есептерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының порталында орналастыру;

 9) шетелдік хат-хабарларды алу, аудару және құзыретті құрылымдық бөлімшелермен құжаттарды орындауды сүйемелдеу.

5. Міндеті: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының, сот алқалары  төрағалары мен судьяларының, жергілікті және басқа соттар судьялары қызметтерінің протоколдық-ұйымдастыруын қамтамасыз ету;

Функциялары:

1) мемлекеттік протокол, жалпыға ортақ қабылданған халықаралық протоколдық тәжірибе нормалары бөлігінде алдағы мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларға қатысу мәселелері бойынша ҚР СІМ және басқа да уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл;

2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының қатысуымен шетелдік сапарларды, сондай-ақ кездесулер мен басқа да мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды жоспарлау және іске асыру;

 3) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының, сот алқалары  төрағалары мен судьяларының, жергілікті және басқа соттар судьяларының қатысуымен халықаралық іс-шараларға талдамалық және ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындау және жинақтау;

4) Жоғарғы, жергілікті және басқа соттар делегацияларының шет мемлекеттерге жұмыс сапарларын ұйымдастыру және ақпараттық сүйемелдеу;

5) шетелдік делегациялардың Қазақстан Республикасына сапарларын дайындау және қабылдау;

6) халықаралық конференцияларды, семинарларды және басқа да
іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;

7) мемлекеттік протокол, жалпыға ортақ қабылданған халықаралық протоколдық тәжірибе және шет мемлекеттер протоколының нормалары бөлігінде протоколдық-ұйымдастырушылық дайындық пен мемлекетішілік және халықаралық іс-шаралар өткізу мәселелері бойынша Департамент бөлімдерінің жұмысын бағдарлау және үйлестіру;

8) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының шет мемлекеттердің өкілдерімен протоколдық хат алмасуын қамтамасыз ету;

9) «Шетелдік іссапарлар» және «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламаларын, сондай-ақ имидждік өнімдерді қалыптастыруға қатысу, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының атынан кәдесыйларды дайындау және тапсыру.

6. Міндеті: Қазақстан Республикасы соттарының, шет мемлекеттер соттарының тапсырмаларын орындау және шешімдерін тану бойынша халықаралық құқықтық көмек көрсетуді ұйымдастыру.

Функциялары:

  1. Қазақстан Республикасы соттарының, шет мемлекеттер соттарының тапсырмаларын орындау және шешімдерін тану жөніндегі халықаралық құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарымен, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
  2. Қазақстан Республикасы соттарының, шет мемлекеттер соттарының тапсырмаларын орындау және шешімдерін тану бойынша халықаралық құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша жергілікті және басқа да соттармен, аумақтық органдармен және Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
  3. Қазақстан Республикасы соттарының шет мемлекеттердің соттарына құқықтық көмек көрсету және Қазақстан Республикасы соттарының құқықтық көмекпен жүгінуіне мониторинг жүргізу;
  4. халықаралық құқықтық көмек мәселелері бойынша өтініштерді

қарау;

  1. халықаралық құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша консулдық келіссөздерге қатысу;
  2. Департаменттің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын, сондай-ақ халықаралық құқықтық көмек мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды дайындау.

7. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

8. Міндеттер мен функцияларды тиімді іске асыру мақсатында Бөлім Департамент басшылығының келісімі бойынша:

  1. құрылымдық бөлімшелерден жұмыс үшін қажетті құжаттарды, талдау материалдарын және өзге де мәліметтерді сұрату;
  2. халықаралық форматтағы іс-шараларға шетелдік делегациялардың қатысуын сүйемелдеу және/немесе ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және өзге де іс-шараларды әзірлеу үшін Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін тарту;
  3. заңнамада және Жоғарғы Сот Төрағасының және Департамент басшысының актілерінде белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

9. Бөлім міндетті:

1) Департамент басшысы бекіткен бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттері туралы Ережеге сәйкес берілген өкілеттіктер шегінде қызметті жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға.

 

3. Бөлім қызметін ұйымдастыру

 

10. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын меңгеруші (бұдан әрі - Бөлім меңгерушісі) басқарады.

11. Бөлім меңгерушісінің 2 (екі) орынбасары бар.

12. Бөлім меңгерушісі Бөлімнің қызметіне жалпы басшылық етеді және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

13. Бөлім меңгерушісі Бөлімнің құрылымы және штаттық кестесі бойынша Департамент Басшысына ұсыныс береді.

14. Бөлім меңгерушісінің орынбасарлары:

1) Бөлім қызметін өз құзыреті шегінде үйлестіреді;

2) Бөлім меңгерушісі болмаған кезде Бөлімнің қызметіне жалпы басшылық етеді және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Бөлім меңгерушісі жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

15. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жолданатын құжаттарға Бөлім меңгерушісі, ал ол болмаған жағдайда - оны алмастыратын тұлға қол қояды.

16. Қазақстан Республикасы соттарының, шет мемлекеттер соттарының тапсырмаларын орындау және шешімдерін тану жөніндегі халықаралық құқықтық көмек жөніндегі құжаттарға осы жұмыс бағытына жетекшілік ететін Бөлім меңгерушісінің орынбасары, ал ол болмаған жағдайда - оны алмастыратын тұлға қол қоя алады.