Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) туралы ЕРЕЖЕ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының

                                                                                   2020 жылғы «_______»________________

№ _________________ өкімімен бекітілген

                                

                                        

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің

 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының)

Персоналды  басқару бөлімі (кадр қызметі)  туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) (бұдан әрі-Департамент) Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) (бұдан әрі-Бөлім) Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Департамент туралы ережені, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, сондай-ақ  уәкілетті органның актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Департамент басшысының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекітеді.
  4. Бөлім:
  1. Мемлекеттік қызметкерлер бойынша секторынан;
  2. Судьялар кадрлары бойынша секторынан тұрады.

 

2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Бөлімнің міндеттері:
    1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (Жоғарғы Сот), Департаменттің және облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдарының (Соттар әкімшілері) персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру;
    2. Департаменттің персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету;
    3. Департаментте ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту;
    4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (Жоғарғы Сот), Департаменттің және оның аумақтық органдарының кадр жұмысын қамтамасыз ету.
  2. Бөлімнің функциялары:
  1. Жоғарғы Соттың және Департаменттің персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
  2. Жоғарғы Соттың және Департаменттің кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;
  3. Жоғарғы Соттың және Департаменттің кадр құрамын қалыптастыру;
  4. Кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-кадр» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу;
  5. Департаментте кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;
  6. Кадрлардың кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолымен қамтамасыз ету;
  7. Конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  8. Мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және  тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету, қызметтік тексерістерді жүргізу, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау, аттестаттау және оқыту жүргізу, соның ішінде «Е-кадр» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу;
  9. Кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру;
  10. Департаментте еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету;
  11. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу;
  12. Жоғарғы сот судьяларын және сот алқасы төрағаларын,  облыстардағы және оларға теңестірілген соттардағы, сонымен қатар аудандық және оған теіңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларын лауазымға тағайындау және босату туралы Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымдарын әзірлеу, қажетті құжаттарды жинақтау;
  13. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің жұмысының нәтижесі бойынша сот кадрларының қозғаласын, құрылымдық санын өзгерту және құрамын есепке алуды жүргізу;
  14. Жергілікті және басқа да соттардың судьялары лауазымдарына Жоғары Сот Кеңесінің отырысына ұсынылған құжаттарды дайындау, өңдеу, талдау;
  15. Сот Төрағаларының ұсынымдары бойынша жергілікті сот судьяларының штаттық санын анықтау;
  16. Жергілікті соттарды құру, қайта ұйымдастыру, тарату сұрақтары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  17. Судьялыққа кандидаттардың тағлымдамадан өтуі сұрақтары бойынша  бақылау жүргізу және ұйымдық қамтамасыз ету, аталған сұрақтар бойынша  талдау және қорытындылау жүргізу;
  18. Сот жүйесі қызметкерлерін және судьяларды марапаттау және көтермелеу сұрақтары бойынша құжаттарды әзірлеу және жұмыс жүргізу;
  19. Судьялар мен Департамент қызметкерлерінің жеке мәліметтерін, олардың қызметін бағалау бойынша ақпараттарды есепке алуды жүргізу;
  20. Жоғарғы Сот судьяларының, Департамент қызметкерлерінің, сонымен қатар штаттан тыс қызметкерлердің жеке істерін, еңбек кітапшаларын есепке алуды жүргізу;
  21. Әскери міндетті Жоғарғы Сот судьялары мен қызметкерлерінің  есепке алу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  22. Жоғарғы соттың судьяларына және орнынан түскен судьяларға, Департаменттің қызметкерлеріне, Департаменттің аумақтық органдарының  басшылары мен басшының орынбасарларына қызметтік куәліктерді беру және оларды есепке алу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  23. Сот оқуын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша облыстық және  оған теңестірілген соттардың оқу орталықтарының қызметін  үйлестіру;
  24. Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің білктілігін арттыру  және оқу процессіне қатысу;
  25. Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің білім бағдарламаларының тиімділігін талдау және мониторинг жүргізу;
  26. Өз құзіреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
  27. Жоғарғы Соттың және Департаменттің корпоративтік іс-шараларын жүргізу жән ұйымдастыру;
  28. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Жоғары Сот Кеңесімен, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен, құқық қорғау органдарымен өз құзіреті шегінде қарым-қатынасты қамтамасыз ету;.

7. Бөлім өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру кезінде:

        1) Департаменттің басқа да құрылымдық бөлімшелері мен олардың лауазымды тұлғаларынан ақпараттарды, материалдарды, сондай-ақ бөлім қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да мәліметтерді сұратуға және алуға;

 2) Департаменттің және бөлімнің қызметін ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құықтарды жүзеге асыруға құқылы.

                                

 

         

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

8. Бөлімнің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктері бар.

9. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын меңгеруші басқарады. 

10. Бөлім меңгерушісінің орынбасары болады.

11. Бөлім меңгерушісі бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілік көтереді.

12. Бөлім меңгерушісі Департамент басшысына бөлімнің құрылымы мен штат кестесі туралы ұсыныстар енгізеді.

13. Бөлім меңгерушісі осы мақсатта:

1) өз орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Департамент туралы ережеге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

14. Бөлім меңгерушісінің орынбасары:

1) өз өкілеттіктері шегінде бөлімнің қызметін үйлестіреді;

2) Бөлім меңгерушісі болмаған кезде бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін  дербес жауапкершілік көтереді;

3) басшылық жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

15. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім меңгерушісі, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

16. Бөлімнің қызметі Жоғарғы Соттың және Департаменттің Жұмыс жоспарларына, бөлім қызметкерлерінің Департамент басшысы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

17. Бөлімнің жұмысы өзара алмасу, есептілік, бөлімнің алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін дербес жауапкершілік негізінде құрылады.

 

 

                            _________________________________________