Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Талдау және жоспарлау бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз

ету департаменті (Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының

2016 жылғы «09» ақпандағы

№ 6001-16-7-6/34 өкімімен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің

(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының)

Талдау және жоспарлау бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Талдау және жоспарлау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

         2. Бөлім өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңды, Департамент туралы ережені, Жоғарғы Сот Төрағасы мен Департамент басшысының өкімдерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алып жүзеге асырады.

3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Жоғарғы Сот Төрағасы бекітеді.

4. Талдау және жоспарлау бөлімінің құрамында:

1) сот практикасын қорыту секторы;

2) сот жұмысын талдау секторы;

3) ұйымдастыру жұмысы және жоспарлау секторы;

4)  жалпы отырыстың ұйымдастырушылық-құқұқтық қызметтерін қамтамасыз ету секторы.

 

2. Бөлімнің негізгі мақсаттары, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

5. Мақсаты: Бөлімнің құзіреті шеңберінде Жоғарғы Соттың және Департаменттің қызметтін ұйымдастыру және ақпараттық-талдауды қамтамасыз ету;

Функциялары:

1) Жоғарғы Сот судьяларымен бірлесе отырып Жоғарғы Сот жоспарымен қарастырылған сот практикасын қорытуды жүргізу;

2) құзіреттілігі шеңберінде судьялар жұмысының сапасын бағалауды жүзеге асыру;

3) жергілікті және басқа да соттарының процессуалдық заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері бойынша талдау жүргізу;

4) есепті кезеңдердің нәтижелері бойынша облыстық және оған теңестірілген соттар төрағаларының қызметін талдау және бағалау; 

5) судьялар жүктемесінің нормативтерін талдау;

6) жергілікті соттардың сот төрелігін жүзеге асыру жағдайы туралы ақпараттық анықтамаларды дайындау;

7) Жоғарғы Соттың жартыжылдық жұмыс жоспарларын, Жоғарғы Сот судьяларының кеңейтілген кеңестерінің хаттамалық шешімдерін құру және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

8) Жоғарғы Соттың Стратегиялық және Операциялық жоспарларын жасау, оларға өзгерістер енгізу және олардың орындалуы туралы жиынтық анықтамалар мен есептерді жасау және оларды Президент Әкімшілігіне жолдау;

9) Жоғарғы Сот Төрағасының қатысуымен Жоғарғы Сот судьяларының кеңейтілген кеңестерін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

10) Президент Әкімшілігіне сот төрелігін жүзеге асыру және республика соттарының аса маңызды және резонансты істерді қарау бойынша жоспарланған ақпараттарды дайындау және жолдау;

11)  жергілікті соттарға және соттардың кеңселеріне тәжірибелік көмек көрсетуді ұйымдастыру және оған қатысу;

12) Бөлімнің қызметіне қатысты мәселелер бойынша құқықтық актілер, ұсынымдар, түсіндіру сипатындағы хаттар және басқа да құжаттарды дайындау;

13) Жоғарғы Соттың Интернет-ресурсының тиісті айдарларын сүйемелдеу.

6. Мақсаты: Жоғарғы Соттың жалпы отырысының, Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының және Жоғарғы Сот жанындағы Ғылыми-консультациялық кеңестің қызметін құқықтық-ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

Функциялары:

1) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының жобаларын дайындауға қатысу;

2) Жалпы отырысының және жалпы отырысы төралқасының регламенттеріне сәйкес, орындалуы Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелеріне тапсырылған мәселелерді қоспағанда, Жоғарғы Соттың жалпы отырысының, Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының және Жоғарғы Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің қызметтерін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

3) сот қызметінің мәселелері бойынша ғылыми зерттеулердің  жүргізуін ұйымдастыру.

4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысы төралқасының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

7. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

Бөлім бекітілген тәртіппен құқылы:

1)   өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;

2) Заңнамамен, Жоғарғы Сот Төрағасы және Департамент басшысының актілерімен белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Бөлім бекітілген тәртіпте:

1) Жоғарғы Соттың және Департаменттің жұмыс жоспарына, Департамент Басшысымен бекітілген Бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулығына сәйкес қызметті жүзеге асыруға;

2) өзінің жұмысын Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара тығыз қызметтестікте жүргізуге міндетті.

 

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

8. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

9. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын меңгеруші (бұдан әрі – Бөлім меңгерушісі) басқарады.

10. Бөлім меңгерушісінің екі орынбасары бар.

11. Бөлім меңгерушісі Бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілік көтереді.

12. Бөлім меңгерушісі Департамент басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

13. Осы мақсаттарда Бөлім меңгерушісі:

1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Бөлімнің құрамына енетін сектор меңгерушілерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды; 

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне,  Департамент туралы ережеге, Жоғарғы Сот Төрағасы мен Департамент басшысының өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

14. Бөлім меңгерушісінің орынбасарлары:

1) өз құзіреті шегінде Бөлімнің қызметін үйлестіреді;

2) Бөлім меңгерушісі болмаған кезеңде оның орынбасарларының бірі Бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілік көтереді;

3) Жоғарғы Сот пен Департамент басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

15. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлім меңгерушісі, ал ол болмаған жағдайда оның орнын басатын тұлға қол қояды.