Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамыту бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотының

жанындағы  Соттардың қызметін қамтамасыз

ету департаменті (Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының

2020 жылғы «___» ________ № __________

өкімімен бекітілген

 

 

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің

(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының)

Соттардың инфрақұрылымын

дамыту бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

         1. Соттардың инфрақұрылымын дамыту бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

         2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

         3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Департамент басшысының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекітеді.

4. Бөлім:

Бөлімнің құрамында:

         1) Мемлекеттік сатып алу секторы;

         2) Материалдық-техникалық жабдықтау секторы бар.

 

2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

5. Міндеттері:

1) тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

2) сот жүйесінің органдарының қызметін материалдық-техникалық жабдықтау;

3) соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету, ғимараттардың (үй-жайлардың) құрылысының салынуын, күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуді бақылауды жүзеге асырады.

6. Функциялары:

1) Департамент және оның аумақтық бөлімшелері үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу;

2) белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алулар жөнінде есеп жасау және ұсыну;

3) Департаменттың теңгеріміндегі негізгі құралдарды, құндылығы шамалы және тез тозатын заттар мен басқа да материалдық құндылықтардың ұтымды пайдаланылуын, сақталуын қамтамасыз ету;

4) түрлі құқықтық, анықтамалық және нұсқамалық материалдардың басып шығарылуын ұйымдастыруға көмек көрсету және ұйымдастыру;

         5) қызметтік автокөліктің үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырып, Жоғарғы Сот судьялары мен Департамент қызметкерлерін кезекші автокөлікпен қамтамасыз ету;

6) автокөлікпен көлік тұрағына арналған боксін техникалық қамтамасыз ету мен жөндеуді ұйымдастыруға көмек көрсетуді ұйымдастыру;

7) соттарды материалдық-техникалық жабдықтаудың өзекті мәселелерін анықтау мақсатында талдау жүргізу;

8) заңнамаға сәйкес судьялар (оның ішінде отставкадағы) мен қызметкерлерді мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан қызметтік үймен материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

9) санитарлық, гигиеналық және өндірістік нормаға сәйкес еңбектенуге жағдай жасау;

         10) сот жүйесі ғимараттарын, үй-жайларын және басқа да нысандарын салу, жөндеу және техникалық жабдықтауды ұйымдастыру;

11) ғимараттар мен құрылыстардың санитарлық-техникалық күйде ұсталуын, жақын жатқан аумақтардың абаттандырылуын бақылау;

12) Жоғарғы Сот Төрағасының және Департамент басшылығы жүктеген өзге де міндеттерді орындауды жүзеге асырады.

7. Бөлім өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру кезінде:

        1) Департаменттің басқа да құрылымдық бөлімшелері мен олардың лауазымды тұлғаларынан ақпараттарды, материалдарды, сондай-ақ бөлім қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да мәліметтерді сұратуға және алуға;

 2) Департаменттің және бөлімнің қызметін ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құықтарды жүзеге асыруға құқылы.

 

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

8. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

9. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

10. Бөлімінің менгерушісі құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

11. Бөлімінің менгерушісі мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

12. Бөлімінің менгерушісі осы мақсатта:

1) құрылымдық бөлімшенің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

13. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

 

 

_________________________