Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Хатшылығы туралы ЕРЕЖЕ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

(Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының Аппараты)

жанындағы соттардың қызметін

қамтамасыз ету Департаменті

басшысының

№ ___ «__» _____ 2020 жылғы

өкімімен би екітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)

азаматтық істер жөніндегі сот алқасының Хатшылығы туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының Хатшылығы (бұдан әрі – Хатшылық) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Хатшылық өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын (бұдан әрі – Конституциялық Заң), Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Департамент туралы Ережені және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

        3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Департамент басшысының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекітеді.

4. Хатшылық:

1) хат-хабарларды тіркеу секторы;

2) судьялардың консультанттары тобынан;

3) сот тәжірибесін талдау секторынан құрылады.

 

2. Хатшылықтың негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері:

5. Міндет:

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының (бұдан әрі - Алқа) сот төрелігін іске асыру және Алқаға жүктелген басқа да ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бойынша функциялар Конституциялық заңдар мен процестік заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Функциялары (судьялардың консультанттарының топтары):

1) сот актілерін және соттардың дауланатын сот актілерін қайта қарау туралы келіп түскен өтініштерді зерделеу;

2) өтінішхаттарды қайтару туралы шешімді қабылдау үшін оларды зерделеу нәтижелерін, өтінішхатты алдын ала қарауын тағайындау немесе істі талап ету туралы судьяға баяндау;

4) өтінішхаттар бойынша келіп түскен істерді зерделеу және судьяға баяндау;

5) тиісті процестік құжаттарының жобаларын дайындау;

6) істерді қайтару және қаулылардың көшірмелерін тараптарға жіберу;

7) судьяның сот тәжірибесін қорытындылауды жүргізуін ұйымдық қамтамасыз ету:

-қорытындылау жоспарының жобасын құрастыру және судьямен келісімдеу;

-зерделенетін істер санаты бойынша статистикалық деректерді дайындау;

-қорытындылау тақырыбы бойынша шетелдік сот тәжірибесі туралы материалдар дайындау;

-қорытынды жобасын дайындау және судьяға баяндау;

-қорытындылауды қоса берумен, жергілікті соттарға анықталған ескертулер бойынша түсіндіру сипатындағы хаттардың жобасын дайындау;

8) судьяның тапсырмасы бойынша нормативтік қаулының жобасын әзірлеуге қатысу;

9) кассациялық саты өндірісінде қаралуда жатқан істер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне түсіндірме жауап дайындау;

10) кассациялық сатыда процестік шешімдерін қабылдаған өтініштер мен істері бойынша Алқа төрағасының азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын жүргізу үшін анықтамалық материал дайындау;

11) Хатшылықтың құзыреті шегінде бақылау тапсырмаларын қарау;

12) басшылықтың тапсырмасы бойынша БАҚ, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды зерделеу және олар бойынша ақпарат дайындау.

 

6. Міндет:

Алқада құжат айналымы мен сот ісін жүргізуді ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету.

Функциялары (хат-хабарларды тіркеу секторы):

1) Алқада номенклатура бойынша іс жүргізу, өтінішхаттарға /наразылықтарға және кассациялық тәртіппен келіп түскен істерге тіркеу-бақылау карточкаларын тіркеу және жүргізу;

2) «Істі іздеу» 2.1 – бөлімінде бірінші және апелляциялық сатыдағы сот актілерін «Төрелік» АЖ іздеу және оларды келіп түскен өтінішхаттарға жалғау, Жоғарғы Сот мұрағатынан қайтадан келіп түскен өтінішхаттар бойынша кассациялық іс жүргізуді талап ету;

3) алқаның судьяларына мамандануы бойынша автоматтандырылған бөлу үшін келіп түскен өтінішхаттар, істер мен наразылықтардың санатын айқындау;

4) Жоғарғы Соттың кассациялық сатысындағы азаматтық істер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және оларды қарау мерзімдерін бақылау;

5) алқадағы өтініштер мен істердің қозғалысын есепке алу, талдау және бақылау. Басшылыққа келіп түскен, қаралған өтініштердің саны және өтінішхаттар, істер мен наразылықтардың қалдықтары туралы апта сайынғы мәліметтерді ұсыну;

6) Алқаның отырысында істердің қаралуын ұйымдық-техникалық қамтамасыз ету:

-кассациялық сатының отырысына тағайындалған істер бойынша тараптарға сот хабарламаларын дайындау және жіберу, тараптарға хабарламалардың тапсырылуын және олардың отырысқа телефон және өзге де байланыс түрлері арқылы қатысуын тексеру;

-іске қатысушы адамдардың алқа отырысына келуін тіркеу және сот отырыстарын өткізуді ұйымдастыру, оның ішінде облыстық және оларға теңестірілген соттармен өзара іс-қимыл жасау жолымен бейнеконференция байланысы (бұдан әрі-БКБ) және ұялы БКБ арқылы тіркеу;

-қарауға тағайындалған істер тізімін қалыптастыру және интернет-ресурста азаматтық істер кестелері бойынша мәліметтерді апта сайын жаңартуын қамтамасыз ету;

7) «Төрелік» АЖ-ға өтініштерді алдын ала қарау нәтижелерін және Бас Прокурордың наразылықтары бойынша істерді мәні бойынша қайта қарау туралы деректерді енгізу;

8) алқа қаулыларының көшірмелерін іске қатысушы адамдарға жіберу, талап етілген істерді сотқа қайтару, кассациялық іс жүргізуді Жоғарғы Соттың мұрағатына тапсыру;

9) азаматтық істерді кассациялық тәртіппен қарау қорытындылары туралы статистикалық есепті қалыптастыру (тоқсан, жартыжылдық, жыл).

 

7. Міндет:

Алқа қызметін ұйымдық-құқықтық және талдамалық қамтамасыз ету.

Функциялары (сот практикасын талдау секторы):

1) алқа төрағасының тапсырмасы бойынша істердің белгілі бір санаттары бойынша судьялардың сот тәжірибесіне талдау жүргізу үшін нормативтік-құқықтық базаны, статистиканы, өзге де анықтамалық материалдарды дайындау;

2) статистикалық есептерде көрсетілмеген істердің нақты санаттары бойынша жергілікті соттардың ақпаратын зерделеу және алқа судьяларының жұмыс кеңестерінде талқылау үшін қысқаша шолу жасау;

3) сот тәжірибесін қалыптастыру жөніндегі соттардың ұсыныстарын қарау және алқа судьяларының талқылауы үшін ұсыныстар енгізу. Жергілікті соттарға ақпараттық хаттарды дайындау;

4) азаматтық істерді қарайтын маманданған жергілікті соттар мен судьялардың жұмыс сапасы туралы көрсеткіштердің тоқсан сайынғы салыстырмалы талдауын жүргізу, талдамалық анықтамалар дайындау;

5) талдау нәтижелерін талқылау үшін БКБ арқылы жергілікті соттармен жұмыс кеңестерін ұйымдастыру және жергілікті соттарға хаттамалық тапсырмалар дайындау;

6) сот актілерін құрастыру сапасына Жоғарғы Соттың «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулысының талаптарына сәйкестігіне тоқсан сайын талдау жүргізу;

7) кассациялық сатыда істерді қарау нәтижелері бойынша сот практикасына ай сайынғы шолулар дайындау және жергілікті соттарға жіберу;

8) нақты істер санаттары бойынша сот тәжірибесін қалыптастыруға қатысты заңнаманы жетілдіру және келіп түскен заң жобалары бойынша толықтырулар мен ескертулер енгізу бойынша ұсыныстар дайындауға ұйымдық көмек көрсету;

9) алқа семинарларын, дөңгелек үстелдерді өткізу жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету.

8. Құқықтары мен міндеттері:

1) Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелерінен және олардың лауазымды тұлғаларынан алқа қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат пен материалдарды, сондай-ақ басқа да мәліметтерді сұратуға және алуға;

2) Департаменттің және Хатшылықтың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

3)    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

3. Хатшылықтың қызметін ұйымдастыру

 

9. Хатшылық заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

10. Хатшылықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Хатшылық меңгерушісі басқарады, және оның 3 (үш) орынбасары болады.

11. Хатшылық Меңгерушісі:

1) Хатшылықтың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Хатшылыққа жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асырылуына жеке жауаптылық жүктейді.

2) құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штат кестесі бойынша Департамент басшысына ұсыныстар енгізеді;

3) Хатшылық құрамындағы өз орынбасарларының және басқа да қызметкерлердің  қызметтік міндеттері мен өкілеттіктерін Департамент басшылығына бекітуге енгізеді;

4) Кассациялық сатыда қарау барысындағы істер мен өтінішхаттар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне түсіндіру сипатындағы жауаптарды тексеру және оларға қол қою;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

12. Хатшылық меңгерушісінің орынбасары:

1) өз өкілеттігі шегінде өзіне жүктелген функционалдық міндеттерді орындау;

2) Хатшылықтың қызметін өз өкілеттігі шегінде үйлестіру және бекітілген Сектордың жұмысын бақылау;

3) Кассациялық сатыда қарау барысындағы істер мен өтінішхаттар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне түсіндіру сипатындағы жауаптарды тексеру және оларға қол қою, сондай-ақ тараптардың хабарламаларына қол қою;

4) Хатшылық қызметкерлерінің орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылау, өзара алмасушылықты қамтамасыз ету және өзге де мәселелерді шешу;

5) Хатшылық меңгерушісі болмаған кезеңде Хатшылыққа жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілікті жүктей отырып, хатшылық қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру.

13. Хатшылықтың атынан Алқа төрағасына, Департамент басшылығына, Хатшылықтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға, сондай-ақ Хатшылықтың құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша түсіндірмелерге Хатшылық меңгерушісі, ал болмаған жағдайда - оны алмастыратын тұлға қол қояды.