Тарихтан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Тарихтың тереңіне бой тартсақ, қазіргі Қазақ мемлекетінің ел болып еңсе көтерген дәуірден бергі табиғи болмыс-бітімімен бірге қайнасып, бойына сіңген әдет ғұрып, салт-санасынан екшеліп шыққан заңдар үлгісі – билер бітімі сот ісін биік беделге жеткізгенін дәлелдейді.

Алтай тауынан Қап (кавказ) тауының баурайындағы Қара теңізге дейінгі аралықтағы ұлан-байтақ далада бірде күшейіп, бірде әлсіреп, сан ғасырды артқа тастаған Сақ, Ғұн, Үйсін, Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Қарахан, Оғыз, Алтын Орда, Ақ Орда, Дешті Қыпшақ тәрізді Еуразияда үстемдік құрған ұлыстар мен мемлекеттердің түпнұсқалық жүйелі заңы ел басқаруда, келелі кеңес айтуда өзінен кейінгілерге арқау болды. Бұл жөнінде Еуразия тарихын терең зерттеген ғұлама ғалым Л.Гумилев өте парасатты ойлар айтқан.

Жоғарыда аты аталған ежелгі мемлекеттердің құрамында болған қазақ ұлысының да өзіне тән заң ережелері, сот ісінің озық үлгісі - билер үкімі құқықтық нормалардың принциптерін атқарып келді. Бүгінгі ұрпағымыздың құлағына анық жетіп, көкейіне қонған: «Түгел сөздің түбі – бір, түп атасы – Майқы би» деген ұлы сөздің мағынасы тым тереңде жатыр.

Еліміздегі билер сотының осы Майқы биден бастау алатыны – тарихи шындық. Содан бері Қазақ елінде қалыптасқан билер бітімі әр кезеңдегі мемлекеттік құрылым-жүйеге қарай дамып, өркендеп отырды. XVI ғасырдағы Қасым хан шығарған «Қасым ханның қасқа жолы» деген заң жарлығы (1511 – 1523 жылдары билік құрған), Есім хан (1598 – 1628 жылдар аралығында билік құрған) жарлық еткен «Есім ханның ескі жолы» өз дәуіріндегі заң-жарғылардың, мемлекеттік құқықтардың жинақталған озық үлгісіне айналды.

Ғасырдан-ғасырға жалғасқан осындай дәстүрлі құқықтық әдет-ғұрып, заңдарды мемлекет мүддесіне сай жаңаша жасаған, «хан біткеннің қазығы болған» XVII – XVIII ғасырдағы Әз Тәуке ханның (1680 – 1717 жылдар аралығында билік құрған) «Жеті Жарғы» заңдар ережесінің маңызы зор болды.

Сегіз ғасырдан астам уақыт осындай ерекшелігімен халық мүддесіне, ұлттық салт-дәстүрге қызмет етіп келген көне заңдар ережесі, билер соты 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін өз күшін жоймай, дәстүрлі қазақ заң құқықтарының нормалық жиынтығы болып келген еді. Жаңа социалистік қоғам үстемдік құрған 1917 – 1922 жылдар аралығында билер соты талай мәрте айтыс-тартысқа түсіп, «ескіліктің қалдығы» есебінде ұлттық, мемлекеттік маңызын жоюға әкеп соқты.

1922 жылдың соңы Кеңестер еліндегі барлық республикалар үшін үлкен жаңалық әкелді. Яғни осы жылдың 31 желтоқсаны күні одақтас республикалар құрылып, Советтік Социалистік Республикалар Одағының салтанат құрған датасы тарихи құжат болып бекіді. Осы негізбен барлық Одақтас республикалар мeмлeкeттiк мәртебелерін белгілеп, қайта құрылды. Соған орай сот, заң шығару орындарын, басқару билігін одақтық саясат негізіне сай қайта жүйелеп, бекітті. Сот құрылымдары да Бүкілодақтық Атқару комитетінде қаралып, бip жүйеге түсірілді. Төменгі сатыдан алып қарағанда халық соттары негізгі сот құрылымы деп танылды. Одан кейін губерниялық соттар тұрды. Әpбip одақтас республикалардың Жоғарғы Соты құрылып, КСРО Жоғарғы Сотына мәлімет бepiп, бip орталыққа бағынған заңдылық негізінде сот icін жүргізуді үрдіске айналдырды. Сөйтіп, КСРО-дағы барлық сот жүйесі одақтық маңызға ие болды.

1923 жылдың алғашқы айларында барлық одақтас республикаларда Жоғарғы Сот құру туралы Бүкілодақтық Атқару комитетінің нұсқаулары шықты. Осыған орай РСФСР Жоғарғы Сотының 1923 жылдың 10 cәyipі күнгі N 31-шi бұйрығында (§ 8) былай деп көрсетілген:

"... При в сем объявляются для руководства типовые штаты для отделений Верховного Суда в г.г. Чита и Оренбурге, утвержденные постановлением Президиума Верховного Суда от 10 февраля с.г. и Центр. Штат. Комиссии при НКТ впредь до фактического обследования в количестве 52 штатных единиц. Приложение: штаты ". § 9: "При сем объявляется для руководства штат Туркестанского Отделения Верховного Суда в количестве 57 штатных единиц, утвержденный постановлением Президиума Верховного Суда от 17 марта с.г. Приложение: штат Туркестанского отделения, — деп қазіргі Қазақстан аймағына тән Жоғарғы Соттың штат кестесін анықтап берген. Осы бұйрықта (§ 7) БОАК-тың 1923 жылдың 28 наурызы күнгі қаулысы бойынша Түркістан Республикасы Жоғарғы Сотының бөліміне Төраға болып Шарафутдинов, оның орынбасарлығына Гайлис тағайындалғанын атап көрсеткен.

Сонымен, БОАК-тың 1923 жылдың 11 сәуірі күнгі қаулысымен РСФСР құрамында Қырғыз (Қазақ) бөлімінің Жоғарғы Соты құрылды. БОАК-тың (ВЦИК) Төрағасы М.Калинин, хатшысы Т.Сафронов қол қойып, бекіткен "РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Қазақ) бөлімінің ережесі туралы" N 0268 тарихи құжатын толығымен келтірейік:

"1. Қырғыз Жоғарғы Сотының бөлімі мынадай құрамда іс атқарсын: а) Төралқа, б) Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық алқа, в) Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы.

2. Жоғарғы Сот бөлімінің төралқасы: бөлім төрағасы, қылмыстық істер жөніндегі кассациялық және сот істері алқаларының төрағаларынан құрылсын.

3. Төралқа:

а) Жоғарғы Сот бөліміндегі сот мүшелерінің міңдетін айқындап, бөліп береді;

б) Арнайы тағайындалған сот құрамымен сот ісі жөніндегі алқа ісін жеке-дара қарайды;

в) Жоғарғы Сот бөлімі бойынша мәліметтерді жинақтап және де сот алқасының мәліметтерін қарап, бекітеді;

г) Республика Прокурорының ұсынысы бойынша облыстық соттарды арнайы тексеруді тағайындап, осы тексеру қорытындысын тыңдап бекітеді;

д) Республика Прокурорының жеке хабарлауымен әрі тексеру қорытындысы есебімен Қырғыз (Қазақ) Жоғарғы Соты бөліміндегі сот мүшелері, облыстық соттың төрағалары, олардың орынбасарлары үстінен өндірістік тәртіптілік ісін қозғайды.

Ескерту: РСФСР Жоғарғы Соты жанындағы Қырғыз республикасы Прокурорының орынбасары төралқа мөжілісіне кеңесу құқығы бойынша міндетті түрде қатысады.

4. Жоғарғы Сот бөлімінің Төрағасы бөлімдегі барлық жұмыстарға басшылық жасайды.

Төраға және оның орынбасары барлык алқадағы қаралатын сот істеріне төрағалык ету құқығын өзіне қабылдай алады.

5. Қылмыстық істер жөніндегі кассациялык алқа РСФСР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 437-447-баптарын негізге алып әрекет етеді. Сонымен қатар, бұл облыстық соттардағы кассациялық инстанциядағы қылмыстық істерге де қатысты.

6. Кассациялық алқаның сот мәжілісінің құрамы төрағалық етуші және екі мүшеден түрады (үш тұлға).

Жоғарғы Сот бөліміндегі кассациялық алқа жанында Прокурордың көмекшісі тіркеледі.

7. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Республикасына қатысты сот ісін РСФСР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 448 және 449-баптары бойынша сот алқасы жүргізеді.

Сот алқасындағы сот мәжілісінің құрамы үш тұлғадан тұрады: Төрағалық етуші және сот алқасы жанындағы Жоғарғы Сот өкілі мен прокурордың көмекшісі.

8. Жоғарғы Соттың бөлімі "Сот құрылымы туралы ережеде" көрсетілген 60-баптың 1,2-тармағына сәйкес пленум өткізбейді. Ондай құқық РСФСР Жоғарғы Сотына ғана берілген.

9. Жоғарғы Соттың бөлімінде тәртіптілік алқасы болмайды. Ондай құқықпен қызметті төралқа карайды (3-баптың "Д" тармағы).

10. Жоғарғы Сот бөлімінің құрамын бекітіп, тағайындау "Сот құрылымы туралы ереженің" 58-бабына сәйкес жүргізіледі,' — деп көрсетілген.

1923 жылғы 11 сәуірде құрылған РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Қазақ) бөлімінің алғашқы Төрағасы болъш 1921 жылдың қазан айынан Жоғарғы Революциялық трибуналдың Төрағасы қызметін атқарып келген Нығмет Нұрмақов тағайындалды Қазақстандағы сот құрылымына, Әділет министрлігі мен Бас прокуратураның қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан халқымыздың біртуар ұлы Нығмет Нұрмақов туралы атап айтқан жөн.

Жоғарғы Сот Төрағасы қызметінен кейін Қазақ АССР-нің Әділет министрі әрі Бас прокуроры болған Н.Нұрмақов 1924 жылдың соңында Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (қазіргі Премьер-министрдің орны) болып тағайындалған. Одан кейін 1931-1937 жылдары Москвада БОАК-тың төралқасыңда бөлім меңгерушісі болды. Халық үшін туған осындай аяулы азамат 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбандығына ұшырауы өкінішті-ақ.

1923 жылғы Жоғарғы Соттың құрамында 52 штаттық орын болған. Бірақ сот кадрларының жетіспеуінен ұзын саны 29 адам ғана нақты қызмет атқарған. Бұған мысал ретінде мына түпнұсқалық фотокөшірмені келтірейік.

РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Қазақ) бөлімінің бұл жылдардағы сот істеріне қатысты атқарған қызметтерін жан-жақгы саралап беруге тарихи архивтік құжаттар жеткілікті емес. Дегенмен, 1923 жылдың 18 тамызы күні алғаш рет Жоғарғы Соттың Қырғыз (Қазақ) бөлімінің төралқасы өзінің тікелей бұйрығымен сот алқасының негізгі құрамын бекіткені туралы сот алқасы төрағасының орынбасары А.А.Голубцовтың жасаған баяндамасы сақталған2. Онда 1923 жылдың 1 каңтарынан бастап сот алкасының төрағасы болып П.В.Алексеев тағайындалғаны, басқа алқа мүшелері жоқ болғаны айтылған. 1923 жылдың 18 тамыздағы Жоғарғы Сот төралқасының бұйрығынан кейін ғана аталған сот алқасының мүшелері бекітіліп, өз жұмыстарын ойдағыдай атқарып, сот ісін жетілдірген.

Ал, Жоғарғы Соттың Қырғыз (Қазақ) бөліміне бұл кезде И.И.Кочкин уақытша тағайыңдалып, төрағалық еткен. Жоғарыдағы аты аталған алқа мүшелерінен басқа Т.А.Арыстанбеков, М.Н.Демме сот алқаларына басшылық жасап, іс жүргізу талабын күшейте түсті.

РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Қазақ) бөлімінің 1924 жылғы атқарған қызметі жайлы айтар болсақ, бұл кезең кеңестік социалистік жүйе өзінің мемлекеттік билігін одан сайын күшейткен тұс болатын. Социалистік қоғамға тән заңдылық нормаларын жүзеге асыру үшін соттарға "қырағылық таныту" тапсырылды. Ел ішіндегі "жат элементтерді" жоюдағы тап күресінің саяси мәніне негізделген заңдарды тиянақты түрде қолдануды барлык сатылардағы соттардан талап етті.

1924 жылдың 1 наурызынан бастап РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Қазақ) бөлімінің төрағасы болып Тілеужан Мұқашев тағайындалған. Т.Мұқашев Қазақстандағы сот, прокуратура ісіне еңбегі сіңген заңгер еді. Ол да сталиндік қуғын-сүргіннен аман кетпеді. 1924 жылдан 1925 жылдың маусымына дейін Жоғарғы Соттың Төрағасы, 1926-1928 жылдары Орал губерниялык сотының төрағасы, одан кейін сол Орал округінің прокуроры, кейін Жоғарғы Соттың Қазақ бөлімінде алқа мүшесі, 1937 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары болған.

Т.Мұқашев РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Қазақ) бөлімінің 1924 жылғы бір жылдық жұмысы туралы есепті баяндамасында РСФСР Жоғарғы Соты Қырғыз (Казақ) бөлімінің сот ісін жүргізудегі ролі мен құзыры туралы айтып өткен. Онда Жоғарғы Сот — республикадағы ең жоғарғы құзыретті құқығы бар сот ұйымы ретінде Қазақстан аумағында барлық сатыдағы соттарға бақылау жасайтыны айтылған. Сондай-ақ, губерниялық және халық соттарының қылмыстық істер жөніндегі шығарған шешімдеріне риза болмаған талапкерлер шағымын қарауға, әскери көлік (транспорттық) трибуналы мен мемлекеттік аса маңызды істерді қарайтын бірінші сатыдағы соттан басқа барлық соттардың кез-келген ісін қадағалау тәртібімен бақылап, қарауға құқықты делінген.

Төралқа құрамы Жоғарғы Сот бөлімінің Төрағасынан және сот алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі кассациялық алқадан тұрды. Ал, атқаратын қызметі: а) "алқа мүшелері арасындағы жеке-жеке орындайтын міндеттерін бөліп беру, б) губерниялық соттардың қарамағындағы судьяларды тағайындау, в) өндірістік тәртіп жөнінде іс қозғап қарау, г) арнайы бұйрықтар мен инструкцияларды қарап бекіту", — деп көрсетілген.

1924 жылы Төралқа мәжілісі 31 рет шақырылып, 77 әртүрлі істерді қараған. Оның ішінде ұйымдастыру мәселесіне қатысты 11 іс, губерниялық соттарды тексеру жөнінде 7 баяндама, губерниялық соттардың тәртіптілік алқасы қараған шешім туралы 6, өндірістік тәртіптілік мәселесі жөнінде 4, ішкі циркуляр және түрлі түсіндірмелер, губерниялық соттарды тексерушілер туралы 3, қазақ тілінде іс жүргізуді жеделдету жөнінде 6, сот алқалары атқарған істер туралы 3, Жоғарғы Соттың ережесі туралы 5, соттарды қызметке тағайындау және ауыстыру жөнінде 6, өзге де ұйымдық жұмыстар туралы 10 іс қарап, шешім қабылданған. Соның ішінде қазақша іс жүргізу мәселесі өте баяу орындалған. Сотта қазақша іс қарайтын судьялар өте аз болған, үлттық кадр жоққа тән еді.

Т.Мұқашевтің жыл қорытындысында жасаған баяндамасында назар аударарлық нәрсе — 1924 жылы қазіргі Қазақстан территориясында Ақмола, Семей, Ақтөбе, Бөкей, Қостанай, Орынбор, Орал губерниясы және Адай уезі болған. Одан кейін Жетісу, Сырдария губерниялары және Қарақалпақ Автономиялық облысы қосылған. Осыншама ұлан-ғайыр аймақтағы барлық соттармен етене жұмыс жасау Жоғарғы Соттың Қазақ бөліміне жүктелген. Нақты айтқанда 2.845.273 шаршы метр аймақта шашыраңқы жатқан 6.216.672 халықтың құқықтарын қорғауда 4 губерниялық сот, 3 облыстық сот және губерниялық сот дәрежесіндегі Адай уездік соты жұмыс жасаған3.

Қазақстан үшін 1925 жыл елеулі оқиғаларға толы болды. Мемлекеттік құрылым жүйелерінде ішінара өзгерістер, территориялық басқаруда бірігулер жүріп жатты. Ең маңыздысы патшалық дәуірден жаңсақ аталып келе жатқан ұлтымыздың төл атауы — "Қазақ" сөзі өз орнын тапты. Бұдан былай "Қырғыз" атауы қолданылмайтын болды. Сонымен қатар, бұрын Ресейдің басқару билігімен қазақ халқы екіге бөлініп, оңтүстік облыстар Түркістан өлкесіне (республикасына) қарап келген еді. 1924 жылы Жетісу, Сырдария облыстары Қазақ АССР-нің қүрамына енді.

Бұл жылдары РСФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімі де өзінің сот құрылымы жөніндегі ережесін қайта қарап, бекітудің жобасын жасады. Бұған бірден-бір себеп болған нәрсе — 1925 жылға дейін Жоғарғы Соттың Казақ бөлімінде азаматгық сот істерін қарайтын алка болмаған еді. Азаматтық істер губерниялық (облыстық) соттарда ғана қаралып, шағымдану тәртібі мен наразылық келтіру тікелей РСФСР Жоғарғы Сотына жіберілетін.

Одақтас республика дәрежесіндегі Қазақ АССР-нің Жоғарғы Сотында азаматтық істер жөнінде сот алқасының міндетті түрде қажет екенін сезінген БОАК-тың Төралқасы 1925 жылғы 1 маусымдағы мәжілісінде "РСФСР Жоғарғы Сотының Қазақ бөлімі жанынан азаматтық сот істері жөніндегі алқа және кассациялық алқа құру туралы" мәселені тыңдап, қаулы алған. Онда:

"1. РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің жанынан:

а) Азаматтық істер жөніндегі кассациялық алқа белгілі мақсатпен құрылсын;

2. РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің 1923 жылғы 11 сәуірдегі БОАК-тың төралқасы бекіткен ережесіне жеке баптармен өзгерістер мен толықтырулар енгізу РСФСР Жоғарғы Сотына тапсырылсын. Аталған сот алқасының құзыреттік шегін, сондай-ақ қаншалықты талап құны мөлшерінде іс қарайтынын анықтасын.

3 РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің ережесі туралы жоба мәтініндегі өзгерістерді БОАК-тың төралқасы мен РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесіне ұсынсын4, — делінген. РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің 1925 жылы 24 тамыз күнгі өткен төралқа мәжілісінің № 9 хаттамасында: БОАК-тың 1923 жылғы 11 сәуірдегі және 1925 жылдың 1 маусымындағы қаулыларына сәйкес ережедегі 1-баптың "б", "в" тармақтары мынандай редакцияда жазылды:

б) Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы және азаматтық істер жөніндегі сот алқасы.

… 2) 2-баптағы "бөлімнің төрағасы" деген сөзден кейін "Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот алқасының және Азаматтық сот істері жөніндегі кассациялық алқаның төрағалары деп жазылсын", — делінген. Сондай-ақ, сот істеріне қатысты басқа да толықтырулар енгізген.

РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімі ережесінің жаңа жобасы мемлекеттік заң орындарының барлығында талқыланып, бекітілді. Ережеге енгізілген ең басты толықтыру — Азаматтық сот істері жөніндегі алқа және кассациялық алқа сатыларын Қазақ АССР-і Жоғарғы Сотының құрамына енгізу болды.

Сол 1925 жылғы БОАК-тың төралқасы қарап, қаулы алған жобадағы ереженің 6-бабында:

"... Жоғарғы Сот Қазақ бөлімінің азаматтық істер жөніндегі кассациялық алқа сатылары Қазақ Советтік Социалистік Республикасындағы облыстық және губерниялық соттардың азаматтық істер бойынша жіберген талап кұнын 10000 сомнан асырмайды. Егер іске қатысты талап құны 10000 сомнан асса, кассациялық шағым мен қадағалау тәртібі бұрынғыдай РСФСР Жоғарғы Сотында тікелей қаралады5, — делінген. Азаматтық сот алқасына жататын барлық сот істерінің талапкерлері және жауапкерлері болып ҚазОАК Халық Комиссарлар Кеңесі, Халық комиссариаттары мен оған теңестірілген орталық басқармалар, губерниялық, облыстық атқару комитеттері және астананың қалалық кеңесі танылды. Осы жобамен келіскен БОАК пен РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі 1926 жылғы 18 қаңтарда "РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінің ережесі туралы" қаулысын шығарды.

РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімінде азаматтық істер жөніндегі сот алқасының құрылуына айтарлықтай үлес қосып, тиісті мемлекеттік атқару орындарынан талап етуде Жоғарғы Соттың Қазақ бөлімінің Төрағасы Мырзағұл Атаниязовтың сіңірген еңбегі зор. 1925 жылдың маусым айынан 1927 жылдың каңтарына дейін Жоғарғы Соттың Қазақ бөлімін басқарған ол бұған дейін Ақтөбе губерниялық трибуналының әскери алқасында төрағаның орынбасары, төраға (1921-1922 жылдар) болған. Одан кейін 1922 жылы Қазақ АССР-нің Әділет Халық Комиссары лауазымын атқарған білікті заңгер ретінде республикаға кеңінен танылған маман еді. 1937 жылы сталиндік репрессияға М.Атаниязов та ұшырады...

Жоғарғы Соттың Қазақ бөлімі өзіне тән жүйесі мен құрылымын бір арнаға түсірген кезі 1926 жылмен шектеледі. Кеңестік социалистік заңдардың бағыт-бағдарына сүйеніп іс жүргізген соттар 1926 жылдан 1936 жылдар аралығында кеңестік социализм құру жолындағы коммунистік қоғамға лайықты заңдарды міндеттілікпен орындады, соған лайықты сот шешімдерін шығарып отырды.

1936 жылы кеңестік қоғамдағы мемлекеттік құрылым жүйесіндегі заңдылықтар Кеңестердің Бүкілодақтық VIII төтенше съезі бекіткен жаңа Конституциямен нығайтылды. Бұл кезде Қазақстанда да мемлекеттік басқару жүйесінде өзгерістер болып жатты. Автономиялық республикадан жеке одақтас республика болып құрылды. Одан кейін республиканың жеке мемлекеттік құрылымы, билік жүргізу, заң шығару, оны орындайтын өз республикасына тән Конституциясы қабылданды.

1936 жылы 9 шілдеде ҚазОАК-тың төралқасы Л.И.Мирзоянның төрағалық етуімен конституциялық комиссия құрылды. 1937 жылы 3 ақпанда ҚазОАК "Қазақ ССР-нің Конституциясы туралы" мәселе қарады. Комиссия талдап, пысықтаған Конституция жобасын көріп, енді еңбекшілер мен халық арасында кеңінен талқылау керек деп шешті.

1937 жылы 26 наурызда Бүкілқазақстандық Кеңестердің X съезі "Кеңестік Социалистік Қазақстанның жаңа Конституциясын" қабылдау туралы қаулы алды.6 СССР Конституциясының "IX тарауы мен Қазақ ССР Конституциясының VII тарауы сот ұйымдары мен прокуратура қызметін үйымдастыру, құру тәртібіне арналған. Қазақ ССР-інің Конституциясы бойынша сот жүйесі әкімшілік бөліністегі еңбекші депутаттардың кеңестік ұйымына негізделіп құрылды. Азаматтық, қылмыстық істерді қарайтын халық соттарының учаскесі барлық ауданда болды. Бүл ең төменгі сатыдағы сот ұйымы болып есептелінді. Бұдан кейінгі сатыда облыстық соттар тұрды. Ол облыс көлеміндегі азаматтық, қылмыстық істерді қарап, шешім кабылдады және халық сотының шешімдері мен үкімдері бойынша келіп түскен қассациялық шағым мен наразылықтарды қарап, билік айтты.

Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты — республикадағы ең жоғарғы сот үйымы болып танылды. Өзінен төменгі соттар қарап, шешім қабылдаған істер бойынша шыққан үкімдерді наразылық келтіру тәртібімен қайта қарауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, соттардың кассациялық шағымды қарау барысында күшінде қалдырылған шешімдерді немесе кассациялық шағым заңда көрсетілген мезгілде сотқа берілмесе, оны наразылық келтіріп, қайта қарау құқығын иеленді.

1936 жылғы СССР және Қазақ ССР-нің негізгі заңдары принциптеріне сәйкес халық соттарының судьяларын аудан халқы жалпыға тән төте және тең сайлау құқығымен жабық дауыста 3 жыл мерзімге сайлады. Халық соттарына судьялардың кандидаттарын, халық заседательдерін ұсынуға еңбекшілердің қоғамдық ұйымдары, коммунистік партия ұйымы, кәсіподақ ұйымдарының жалпы жиналысы құқықты болды. Облыстық соттың судьяларын еңбекшілердің облыстық депутаттарының кеңесі 5 жыл мерзімге сайлады. Ал, Жоғарғы Соттың судьяларын Казақ ССР-нің Жоғарғы Советі 5 жылға сайлады.

Конституцияда "сот ісін жүргізу тілі" қазақ тілінде, жекелеген аудандарда, яғни орыс, ұйғыр, өзбек ұлты басым жерлерде халық санының басымдылығына қарай белгіленді. Іс материадары толығымен қажетті тілге аудармашы арқылы тәржімаланып берілді. Әр ұлттың өкілі сотта өз ана тілінде жауап беруге құқықты деп көрсетілді.

Қазақстан өз алдына жеке республика болып одақтас республикалармен теңестірілген соң жарияланған алғашқы Конституция сот істерін жетілдіруде көптеген заң шараларын жүзеге асыруға септігін тигізді. Атап айтқанда, халық соттарының ықпалы артып, оларды ұйымдастыру барлық аудандарда кеңінен өрістеді. Мәселен, 1936 жылы Қазақстан бойынша 223 халық сотының учаскесі іс жүргізсе, Конституция жарияланған 1937 жылдың соңына қарай халық соттарының саны 240-қа жетті. Ал, 1938 жылы Қазақстан бойынша 287 халық соттарының учаскесі 192 аудан бойынша сот ісін жүргізген. Облыстық соттардың саны 1937 жылы 8 ғана болса, жаңадан құрылған облыстардың есебінен 1940 жылы 14-ке жеткен.

Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты Конституциядағы 85-баптың талабына сай республикадағы барлық сот істеріне билік етті. Аталған бапта: "Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты — Қазақ ССР-індегі ең жоғарғы сот ұйымы болып табылады. Қазақ ССР-нің Жоғарғы Сотына Қазақ ССР-індегі және облыстық сот ұйымдарындағы барлық сот істері мен қызметтерін қадағалау жүктелген", — деп көрсетілген. Мұндағы еске сақтар бір нәрсе — Қазақстан территориясындағы арнайы соттардың сот ісін, қызметтерін қадағалау КСРО Жоғарғы Сотының қарауында болған.

Республика Жоғарғы Сотының құрамын Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлап, бекітті. Оның құрамына Төраға, төрағаның орынбасары, Жоғарғы Соттың мүшелері және халық заседательдері енді. Қазақ ССР Жоғарғы Сотының құрамында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы және азаматтық істер жөніндегі сот алқасы іс жүргізді.

Аталған екі сот алқасы Жоғарғы Соттағы тең дәрежедегі, өз еркімен іс жүргізетін ұйым болып табылды. Өзінен төменгі сатыдағы соттардың ұйғарымдары мен шешімдерін, үкімдерін қадағалау тәртібімен заңды күшіне енген істерді қайта қарауды жүзеге асырды. Сондай-ақ, Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Төрағасы мен Қазақ ССР Бас прокурорының наразылығымен облыстық соттардың заңды күшіне енбеген ұйғарымдары мен шешімдеріне, үкімдеріне наразылық келтірілген шағымдар бойынша істі қайта қарауға құқық берілді. Мұның мынадай ішкі себептері болды.

1938 жылы "Сот құрылымы туралы" шыққан жаңа заңдағы ережелерге байланысты облыстық соттардың іс қарау құзырындағы төралқа мен пленум өткізу қысқартылып, қадағалау тәртібі Республика Жоғарғы Соты мен КСРО Жоғарғы Сотының қарауына берілген еді. Оған қоса облыстық соттың құзырындағы сот басқармасы қызметі де жойылған болатын. Қысқасын айтқанда, 1938 жылғы "Сот құрылымы туралы" заңға байланысты Қазақстандағы барлық соттар "белгіленген тәртіп" шеңберінде ғана сот істерімен айналысты.

1939 жылы Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің екінші сессиясы Жоғарғы Соттың судьялығына 25 мүше, 43 халық заседательдерін сайлап, бекітті.

"Ел басына күн туған" Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО-дағы барлық соттар әскери жағдайға көшірілді. Өйткені соғыс басталысымен сот ұйымдарын тез арада қайта құрып, соғыс жылдарының талаптарына сай қызмет жасауды жеделдете түсті. Осындай қиын кезеңге байланысты 1941 жылғы 22 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы "Әскери жағдай туралы" жарлығын шығарды. Бұл қоғамдық тәртіп пен мемлекет қауіпсіздігін сақтаудың негізгі бағдары болып есептелді. Соғыс қимылдары жүріп жатқан аудандардағы барлық сот ұйымдары қорғанысқа көшіп, майдандағы Әскери кеңестерге, Әскери округтерге қарады. Ал, соғыс майданынан тысқары жатқан аймақтар әскери соғыс жағдайына кірмеді. Қазақстандағы соттардың барлығы тылдағы ел тыныштығы мен халық байлығын талан-таражға түсірмей, майданға азық-түлік, киім-кешек жөнелтудегі социалистік зандылықтардың дүрыс сақталып, ел ішінде спекуляция мен мемлекет мүлкін жымқырудың етек алмауын кадағалады. Бұл тұрғыдан халық соттары ерекше қызмет көрсетті. Соғыс жылдарында Қазақстандағы халық соттары да белсенділік танытты. Мемлекетке, қоғамға аса кауіпті сатқындық ниеттегі қылмыскерлерді, соғыстан қашқандарды, жаудың жеңетіні туралы өсек-аяң таратқандарды сотқа тартып, тиісті кесім шығарып отырды.

Соғыс жылдарының алғашқы кезеңіңде Қазақстандағы халық соттары білікті кадрлары мен судьяларын майданға аттандыруға тура келді. Атап айтқанда, Кеңес әскерінің қатарына 1942 жылы 130 халық сотының судьясы, 31 облыстық соттың мүшесі соғыска аттанса, 1943 жылы 77 халық сотының судьясы, 13 облыстық сот мүшесі майдан шебіне кеткен. Олардың орнын майданнан жараланып қайтқан заң мамандары, өзге де партия ұйымының қызметкерлері ауыстырған...

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталуына байланысты 1945 жылғы 23 маусымда КСРО Жоғарғы Кеңесі әскер қатарыңдағы жасы егде жауынгерлерді босату туралы заң қабылдады. Бұл бейбіт өмірге көшкен еліміздегі қалпына келтіру жұмыстарында еңбек етіп жаткан еңбекшілер санын көбейте түсті.

Соғыс жылдарынан кейінгі бейбіт өмірде соғыс жағдайына негізделген төтенше ұйымдар, арнайы соттарға тән құқықтық актілер күшін жоя бастады. Әскери жағдайға көшірілген өндіріс орындары қайтадан халық шаруашылығына ауыстырылды. Соғыс жылдарында әкімшілік жазаға тартылғандардың көбі рақымшылық заңы бойынша жазасы жеңілдетілді. Істеген қылмыс түрлерінің жеңілдігіне қарай сотталған азаматтар да жазадан босатылды. 1947 жылы 26 мамырдағы социалистік гуманизмнің салтанат құруына орай бейбіт өмірде өлім жазасын қолдануды қысқарту үшін "Өлім жазасын жою туралы" Жарлық шықты. Мұның өзі халықтың жабырқаңқы көңілін бір көтеріп тастады.

Ұлы Отан соғысы елге үлкен ауыртпалық әкелгені тарихтан белгілі. Соғыс жылдары ер-азаматтардың жаппай майданға аттану салдарынан сот қызметіне, судьялыққа арнайы заң мамандығы жоқ кадрлар лажсыздан алынған болатын. Бұл үрдіс соғыстан кейінгі жылдары да саябырлай қойған жоқ. 1946 жылы Қазақстандағы сот ұйымдарыңда жоғары білімді заң маманы бар-жоғы 5-ақ процент болды. Орта дәрежелі білімі барлар — 14, қысқа мерзімді заң курсын бітіргендер — 45, заңгерлік білімі жоқтар — 36 процентті құраған. Бұл барлық Кеңестер одағына тән кемшіліктер еді.

1946 жылы үкімет пен партия заңгерлік оқу орындарының мүмкіндігін кеңейтіп, сот кадрларын көбейтудің алғышартын жасады. Мәселен, 1940 жылдары облыстық соттардағы қызметкерлердің 40 процентке жуығының заңгерлік білімі болмаған еді, ал 1959 жылы облыстық соттардың барлығындағы судьялардың жоғарғы дәрежелі заңгерлік білімі болған.

Мұның сот істеріне әжептеуір пайдасы тиіп, халық соттарының шығарған үкімдері мен шешімдерін кері қайтару облыстық сот тарапынан екі есеге азайған. Сот қызметкерлерінің білімін, судьялық біліктілігін жан-жақты арттыру тез арада өрістеді. 1959 жылы Қазақстан бойынша сот ұйымдарында қызмет атқарған судьялардың 66 процентінің жоғары дөрежелі заңгерлік мамандығы болды (Қазақ ССР Жоғарғы Советі мөжілісінің 5-шақырылуы, екінші сессиясынан).

Жеке республикалар мен одақтас елдердің жалпы мемлекеттік заңдарын талдап қарасақ, 1936 жылы қабылданған КСРО Конституциясында қылмыстық, азаматтық кодекстерді және сот өндірісі мен сот құрылымы туралы заңдылықтарды қолдану КСРО құзыретіңдегі одақтас республикаларға да тән екені айтылған. КСРО Жоғарғы Кеңесі жиырма жыл бойы тек қана КСРО мен одақтас республикалардың сот құрылымы туралы заң қабылдады. Ал, жалпы одақтық дәрежедегі кодекс болмады. Сол 1936 жылғы Конституцияға дейінгі республикалық кодекстер қолданылып келді. Оның өзінде бұл кодекстер 15 республиканың 9-ыңда ғана қолданылды (РСФСР, Украина, Беларус, Өзбекстан, Грузия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Армения, Түрікменстан). Ал 1936 жылы құрылған алты республикада республикалық кодекс қолданылмады. Олар Одақтың құзырына қарады. Оның ішінде Қазақстан мен Қырғызстан территориясында РСФСР кодекстері заң нормасы ретінде қолданылып келді. Бұл кодекстер жиырмасыншы жылдардан қолданылып келе жатқан көне заңдар болатын. Нормалық жағынан әбден ескірген, мемлекеттің жаңа заман талабына сай зандарына жауап бере алмайтын. Соған орай маңызын жойған кодекстің кейбір баптарына өзгертулер енгізілді.

Мысалы, 1926 жылы БОАК-тың екінші сессиясында қабылданған РСФСР-дың Кылмыстық кодексі Казақстанда 1959 жылға дейін қолданылды. Ал, Казақстандағы азаматтық істер жөніндегі БОАК-тың 1923 жылғы 7 маусымдағы екінші сессиясында қабылданған РСФСР-дың Азаматтық іс жүргізу кодексіндегі 479 баптың 157-сі тым ертедегі жекеменшік ендіріске тән істерге байланысты болып, әбден ескіріп кеткен еді.

Осы ретте 1959 жылы Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің II сессиясы аса маңызды үш бірдей заң қабылдады. Олар: Сот құрылысы туралы заң, Қылмыстық кодекс және Қылмыстық іс жүргізу кодексі болатын. Аталған бұл заңдар 1958 жылғы 25 желтоқсандағы КСРО мен одақтас республикалардың зандарын қарап бекіткен КСРО Жоғарғы Кеңесінде жан-жақты талданып, сараптаудан өткен еді. Казақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесі шығарған сот құрылымы туралы жаңа заң бойынша Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты жанынан Пленум құрылды. Бұдан бұрынғы заңдарда мұндай өкілеттілік РСФСР Жоғарғы Сотының құзырында ғана болғанын жоғарыда айтып өткенбіз.

Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумы бұдан былай республика аймағындағы сот істеріне қолданылатын заңдар бойынша сот басшыларына түсінік беру, статистикалық мәліметтерді сараптап көрсету, сот тәжірибесі туралы талдау жасаған материалдарды қарап, ұсыныс енгізу, республика Жоғарғы Соты Төралқасының шығарған қаулысы бойынша наразылықтарды қарау, Жоғарғы Соттың әрбір сот алқасының қызметі туралы алқа төрағасы жасаған есепті баяндамасьн тыңдап, бекіту құзырына ие болды. Сонымен қатар, Пленум көрсетілген заң тәртібімен Қазақ ССР-нің заңдарын талқылап, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасына маңызды мәселе қою құқығын иеленді. Сондай-ақ, республикадағы барлық соттардың іс жүргізудегі қызметтеріне басшылық жасап, біліктілігін арттыру жөнінде айрықша құқық берілді.

Қазақ ССР Жоғарғы Соты Төралқасының да құзыры кеңейтіліп, ауқымды жұмыс жасауына бөгет болмады. Жоғарғы Сот Төралқасының құрамы Төраға және оның орынбасары мен мүшелерінен құрылды. Төралқа Қазақ ССР Жоғарғы Сотындағы сот алқалары шығарған ұйғарымдар, шешімдері мен үкімдері бойынша келтірілген наразылықтарды қарап, қабылдады. Оған республика прокуроры немесе оның орынбасары міндетті түрде қатысып отырды.

Республика Жоғарғы Сотының Төралқасы мен Пленумының құзыреті "Қазақ ССР-нің сот құрылымы туралы" заңындағы 47 және 49-баптар бойынша белгіленіп көрсетілген еді. Онда Жоғарғы Соттың Төралқасы мен Пленумы бұған дейінгі белгіленген заң ережелерінен әлдеқайда пәрменді болды. Сондай-ақ, республика аймағындағы сот істері мен оның қызмет істеуіне және басқару жүйесіне де бақылау жасады.

Елуінші жылдардағы заң орындары мен сот істеріндегі ерекше орын алатын тарихи шындық — коммунистік партия мен кеңес үкіметінің "Жеке басқа табыну зардабын жою туралы" КПСС-тің әйгілі XX съезі өмірге келді. Осындай ерекше саяси бетбұрыстың әсерімен 1953 жылдың өзінде-ақ КСРО Ішкі істер министрлігіне қарайтын "Ерекше сот Кенесі" деп аталатын құпия ұйым жойылды. Бұрын бұл ұйым құпия түрде қарап келген кылмыстық істерге қатысты категориялардың барлығын әр сатыдағы жалпы сотгарға өткізіп берді. Сонымен қатар, 1956 жылғы 19 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 1934 жылы және 1937 жылы шыққан заңдылық күші бар "Диверсиялық, террорлық акт және знянкестік жөніндегі мемлекеттік кылмыстық істерді қараудағы шектен тыс тергеу тәртібін түпкілікті жою туралы" заң күшіне енді7. Мүның өзі Кеңес мемлекетін Сталин басқарған отыз жыл ішінде жазықсыздан-жазықсыз репрессия құрбандығына ұшыраған миллиондаған бейкүнә азаматтардың толық ақталуына себеп болды. Осыған орай адам құқығын қорғаудағы сот әділдігі салтанат құра бастады. Осы ретте одақтас республикалардың бәріне бірдей үлгі болған 1956 жылғы шілде айындағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы Республика Жоғарғы соттарына, өлкелік және облыстық соттарға шпиондық әрекеттен басқа барлық мемлекеттік қылмыстық істерді қарау туралы ұсынысын енгізді.

Бұл жөнінде мына бір маңызды датаны атай кеткен орынды болар еді.

1954 жылғы 14 тамызда КСРО Жоғарғы Кеңесі "Одақтас республикалар мен автономиялық республикалардың Жоғарғы Соты құрамында және өлкелік, облыстық соттарда, автономиялық облыстарда төралқа құру туралы Жарлық қабылдады ("Ведомости Верховного Совета СССР", 1954, N 17). Осыған орай 1955 жылғы 25 сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасында облыстық соттар төралқасының іс қарау тәртібі бекітілді. Онда заң күшіне енген халық соттарының ұйғарымдары мен шешімдеріне, үкімдеріне келтірілген наразылықтарды сот тәртібімен кадағалап қарау, сондай-ақ, облыстық соттардың сот алқалары өздері шығарған ұйғарымдары бойынша шешім қабылдау құқығы берілді...

1957 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Сотында Төралқа қайта құрылып, оның құрамы кеңейтілді. Сол жылы республика Жоғарғы Соты құрамында Төраға және екі орынбасар, 19 сот мүшесі болды. 10 халық заседательдері сот істеріне қатысып, қызмет көрсетті8. Одақгық дәрежеде еткен осындай сот құрылымдарына байланысты 1960 жылғы 23 наурызда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы "Қазақ ССР-нің Юстиция министрлігін қысқарту туралы" Жарлық қабылдады. Министрліктің сот мекемелері жөніндегі басшылық қызметі Қазақ ССР Жоғарғы Сотына берілді. Ал, жергілікті соттардың ұйымдастыру ісіне облыстық соттар басшылық етті. Казақстаңдағы сот ісін ұйымдастыру, облыс, аудандардағы халық соттарына қажетті құрал-жабдықтар мен қаржылай қамқорлық көрсету әр сатыдағы сот мекемелерінің міндетіне кірді. Бұл құзыретті Жоғарғы Сот он жыл қатарынан атқарып келді.

1970 жылы Одақ бойынша Әділет министрлігін құру туралы пікір туыңдап, осы жылдың 31 тамызы күні КСРО Жоғарғы Кенесінің "Одақтас республикаларда Юстиция министрлігін құру туралы" каулысы шықты. Одан кейін 1970 жылдың 27 желтоксанында "СССР Министрлер Кеңесінің одақтас республикаларда Юстиция министрлігін құру мәселесі жөніндегі" № 960-шы қаулысы жариялаңды. Осы қаулыны негізге алған Қазақ ССР Министрлер Кеңесі 1970 жылдың 30 желтоқсанында "Қазақ ССР-інің Юстиция министрлігін құру және оның жергілікті органдарын ұйымдастыру мәселесі туралы" № 799-шы қаулысын шығарды. Бұдан соң Әділет министрлігі ережесінің жобасы талқыланып, бекітілді.

Қаулыдағы көрсетілген тәртіп бойынша Казақ ССР Жоғарғы Сотындағы облыстық, аудандық халық соттарының штаттық кестесі, нотариалдық кеңсе, оларды материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесі, жасау-жабдықтары, өзге де материалдық құнды заттары Әділет министрлігіне берілді.

Сондай-ақ, Қазақ ССР Жоғарғы Сотының еншісіндегі сот істерін басқаруды жүзеге асыру, басшылық жасау, мемлекеттік нотариат ұйымын басқару, сот ісін талдаған статистикалық мәліметтердің архивтік құжаттары, соттарды және нотариаттарды қаржы-қаражат жағынан қамтамасыз еткен өзге де құжаттар Әділет министрлігінің құзырына берілді. Қазақстан Республикасының бұдан кейінгі сот құрылымы 1990 жылға дейін бірыңғай жүйеде дамып отырды.

1978 жылы КСРО-да "кемелденген социализм" жолында жеңіске жету үшін коғамның әл-ауқатын, саяси сипатын одан сайын арттыруда замана талабына сай келетін жаңа Конституция жариялауға тура келді. Дегенмен 1936 жылы (Қазақстанда 1937 жылы) қабылданған Конституция ескірген еді. Жаңа дәуір принциптері мен әлемдік саяси көзқарастарға икемделген жаңа Конституция мемлекет мүддесі үшін қажет-ақ еді.

1978 жылғы 20 сәуірде 9-сайланған Казақ ССР Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII-сессиясында қабылданған Казақ Советтік Социалистік Республикасы Конституциясы "Коммунизмнің биік мұраттарын басшылыққа ала отырып және СССР-дің қоғамдық құрылысы мен саясатының негіздерін баянды еткен, азаматтардың праволарын, бостандықтары мен міндеттерін, социалистік жалпы халықтық мемлекеттің ұйымдастыру принциптері мен мақсаттарын белгілеп берген ССР Одағының Конституциясына (негізгі заңына) сәйкес"9 шықкан еді.

1985 жылдан бастап Кеңестер Одағында демократиялық саяси үлкен бетбұрыс кезеңі жаңаша сипатқа ие болды. Яғни тарихтың өзі дәлелдегеніндей, "төмендегілер ескіше өмір сүруді қаламайтын, жоғарыдағылар бұрынғыша ел басқаруды қолдамайтын" саяси ситуация белең алған еді. Осы бір саяси шиеленісті демократиялық тұрғыдан оңды шешудегі қоғамдағы өзгеріске тән қайта құру процесін мемлекет Кеңес еліндегі ішкі саясатты ушықтырмай, тиімді тәсілмен жүргізе білді. Мүның соңы әрбір одақтас республикалар өз алдына жеке, тәуелсіз мемлекет болуға, Одақ құрамынан ерікті түрде шығуына алып келді.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының қоғамдық сипатын, мемлекеттік жүйесін түпкілікті өзгерткен 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Председателі1 ° Н.Назарбаевтың "Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау және Казақ ССР Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықгырулар енгізу туралы" № 6-ХІІ заңы және Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылғы 24 сәуірдегі "Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Президенті туралы" қаулысының Казақстан халқы үшін маңызы зор болды. Ал, 1990 жылдың 25 қазаны күні жарияланған "Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік Егемендігі туралы" Декларациясы қазақ халқы ғасырлар бойы армандап келген тәуелсіздікке қол жеткізудің алғышартын жасап берді. 1991 жылдың 16 желтоқсаны күні Казақстан Республикасы — тәуелсіз мемлекет екендігін дүние жүзіне жариялаған Президент Н.Назарбаевтың "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" № 1007-ХП Конституциялық Заңы жарияланды. Бұл Қазақ елінің Ұлы мерекесі есебінде тарихи датаға айналып, ұлттық мейрамға ұласты.

1993 жылғы 28 каңтарда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік өкімет пен басқарудың құрылымын жеңілдіру барысында және одан бұрынғы шыққан Конституциялық заңдар ережесін жинақтай келе жаңа қоғамға лайықты "Қазақстан Республикасының Конституциясы" жарияланды. Жаңа Конституциядағы 16-шы тарау сот билігіне арналды.

Конституцияның 95-бабында Қазақстандағы сот билігі Конституция-лық Сотқа, Жоғарғы Сотқа және Жоғарғы Төрелік Сотқа, сондай-ақ, заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екені атап көрсетілді. Онда: "Ешқандай өзге органның, лауазымды немесе өзге адамның сот билігі міндеттерін өз мойнына алуға қақысы жоқ" делінген. "Конституциялық Сот — Казақстан Республикасы Конституциясын қорғау жөніндегі сот билігінің жоғарғы органы деп табылатынын" атап, белгілеп берді.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті 1993-1994 жылдары дүние жүзіндегі өркениетті елдермен тең дәрежеде ынтымақтаса отырып, халықаралық қарым-қатынасты одан сайын нығайта түсті. Мұның өзі дүние жүзіндегі мемлекеттер қауымдастығында салмақты саясат пен әлемдік талап-тілекке сәйкес келетін халықаралық құқықтық нормалардың қажеттілігі және республиканың ішкі саяси құрылымындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңаша сипатына лайықты құқықтық реформа жүргізуді қолға алу — маңызды мәселе екенін көрсетті.

1994 жылдың 12 ақпаны күні Казақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы" № 1569 қаулысы шықты.

Қаулыда Республикадағы сот жүйесін реформалау туралы жан-жақты айтылды. Әсіресе, сот әділдігін өміршең етуде соттардың кәсіби деңгейін көтеру, оларды ұйымдық жағынан нығайту, іс қарауда соттардың ешкімге тәуелді болмауын тиімділікпен арттырудың жаңа жобасы жасалды. Сондай-ақ, жалпы соттар мен төрелік соттарға жіктелудің де қажет емес екенін анықтап берді. Республика Президенті Жоғары Сот Кеңесінің және Әділет біліктілік алқасының ұсынуымен судьялардың судьялық қызметтік міндетін түпкілікті бекітуді талап етті. Соттардың кызметін жан-жақты қамтамасыз етудегі кадр, ішкі шаруашылық істермен айналысуды сот істерінен бөліп, аппарат басшылығына жүктеу көзделді. Сондай-ақ, сот әділдігін жүзеге асыруда және сот қаулыларын орындауда аппарат ішкі ұйымдастыру жұмыстарына мейлінше көмек-жәрдем беруге тиіс делінді.

Аталған қаулыда судьялардың әлеуметтік жағдайларын арттыру да маңызды мәселе ретінде қаралды. Судьялардың құқықтарын мемлекеттік тұрғыдан қорғап, отбасы мүшелерін әлеуметтік тұрғыдан қорғап, қолдаудың принципті үлгілері нақтылы көрсетілді.

Жоғарғы Сот Республикадағы жалпы соттардың ең жоғарғы ұйымы болып табылатыны атап көрсетілді. Оның қүзыретіне ең жоғарғы лауазымды түлғалардың қылмыстық істері жөніңдегі сот істерін қарау, сондай-ақ, кассациялық, қадағалау сатыларының міндеттері және заңдарды қолдану жөніндегі мәселелерге түсінік беруді жүзеге асыру кірді.

Бұл қаулыда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты арнайы сот алқаларына бөлініп құрылатыны, судьялар құрамы да соған қарай іріктелетіні көрсетілді. Сондай-ақ, облыстық соттың құрылымы, оның төрағасы, алқа төрағалары, оған теңестірілген қалалық соттың да құрылым жүйесі осы негізде болды. Ал, Қазақстан аумағындағы әскери сот дәрежесіне міндетіне қарай Республика Жоғарғы Соты Пленумының құрамына кіретіні айтылды. Осы уақытқа дейін барлық сот сатыларында сот ісіне қатысып келген халық заседательдерінің институтын жою керектігі көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы осы қаулысының, еліміздегі құқық қорғау органдары мен заң шығару орындарында және сот құрылымындағы құқықтық реформалар негізінде 1995 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстан Республикасындағы соттар жөне судьялардың мәртебесі туралы" заң күші бар Жарлығы шықты. 84 баптан тұратын бұл жарлық республикадағы тәуелсіз сот билігі мен судьялардың мәртебесі туралы әлемдік өркениеттегі құқықтық нормаларға сай келетін жаңаша заңдар ережесін жасап, бекітіп берді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 75 жылдық тарихындағы еліміздегі құқықтық қатынастарға сай сот әділдігін жүзеге асыруда, оның құрылымдық жүйесін әр жылдардағы замана саясатына сәйкес жетілдіріп, қоғам мен халық мүддесіне орай сот әділдігін жүргізуде Жоғарғы Сот осындай биік белестен өтті.

1 ҚР МОА. 251 қор, оп. 1 а, 16-іс.

2 ҚР. МОА. 251. қор, оп. 1 "а", 63-іс.

3 ҚР МОА. 251 қор, оп. 1 "а ", 74 -іс.

4 ҚР МОА. 251 қор, оп. 1 "а ", 106- іс.

5 КР МОА, 251 қор, оп. 1 "а ", 106-іс.

6 ҚРМОА, 5қор оп., 17, 106-іс.

7 "Ведомости Верховного Совета СССР " 1956, N9, с. 119.

8 Заседание Верховного Совета Казахской ССР четвертого созыва, с. 212.

9 Казақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, N18,1978 ж., 7-10-66.

10 Ескершу: Н.Ә.Назарбаев сол кезде Казақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы және осы қызметті бірге атқарды. 1990 жылгы 24 сәуір күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Казақ ССР-нің Президенті болып сайланды