Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Талдау» форумы ақпараттық-сараптамалық қызметінің даму тұжырымдамасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Талдау» форумы ақпараттық-сараптамалық қызметінің даму тұжырымдамасы

 

Кіріспе

 

Сот төрелігі жүйесін одан әрі дамытудың негізгі басымдықтары «Қазақстан Республикасының 2010 – 2020 жылдарға арналған құқықтық тұжырымдамасында» айқындалған. Олар сот билігінің тәуелсіздігін нығайтуға, құқықтық дауларды тез арада және сапалы шешуді қамтамасыз етуге,  халықаралық құқық нормалары мен прицинптерін белсенді түрде ұлттық заңнамалар мен сот тәжірибелерімен ұштастыруға, ақпараттық технологияны кеңінен пайдалануға бағытталған.

Қазақстанда жүргізілген сот реформасы еліміздің сот төрелігі жүйесін азаматтардың сұраныстары мен мүдделеріне жақындатып, сот талқылауының сапасын елеулі түрде жақсартты. Қазақстандық судьяларға деген сенім деңгейін арттырды. 2000 жылдан бергі он бес жыл ішінде соттардың қараған істерінің саны бір миллионнан бір жарым миллионға дейін артты.

Сот тәжірибесі тұрақтанды. Тұтастай алғанда соңғы бірнеше жыл ішінде республика бойынша  бұзылған немесе өзгертілген сот актілерінің  жалпы көлемі 1,3% бен  1,4% аралығында болды. Осылайша республика бойынша шығарылған сот актілерінің  98,7% - 98,6%-ы заңды әрі негізді болып мойындалды.

Алайда, уақыт талабы сот жүйесін одан әрі реформалауды, оның ішінде Мемлекет басшысының бес институционалды реформасын жүзеге асыру мақсатында айқындалған жүз нақты қадам аясында жүзеге асыру сот қызметінің тиімділігін барынша арттыруға бағытталған шаралардың қабылдануын қажет етеді.   

Қазақстан Республикасы Конституциясы  мен заңнамалары еліміздің барлық соттарында  дұрыс әрі бірізді қолданылуы үшін Жоғарғы Cоттың сот тәжірибесінің б3рыңғайлығын қамтамасыз етудегі қызметі айрықша маңыз иеленеді. Сот тәжірибесінің біртұтастығын қамтамасыз етудің  өзектілігі бір қатар факторлармен айқындалады.

Сот-құқықтық реформасының маңызды қадамдары бес сатылы  сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшу және  осыған байланысты  аудандық, облыстық соттардың  рөлін арттыру, судьялардың құқық нормаларын тәпсірлеу мен қолдану барысында бірізділіктің бұзылу жағдайында сот актілерін Жоғарғы Соттың қарау мүмкіндігі көзделген жаңа іс жүргізу  заңнамаларын қабылдау өзекті болып отыр. Сонымен қатар, заңнамалардың серпінді өзгеруі құқық қорғау ісінде көптеген күрделі мәселелерді туындатады. Сот тәжірибесінің біртұтастығын қамтамасыз ету қажеттігі еліміздің әрбір азаматының сот қорғауына құқылығы, заң мен сот алдында бәрінің тең екендігі жөніндегі конституциялық ережелерді жүзеге асыру жағдайында  маңызды міндеттер болып саналады.

 

2. «Талдау» Форумының анықтамасы, құрылымы  және міндеттері

 

Сот жүйесін ақпараттандырудың қол жетіп отырған деңгейі сот тәжірибесінің біртұтастығын қамтамасыз ету міндеттерін жүзеге асыру үшін заманауи бағдарламалық өнімдердің кеңінен пайдаланылуын қажет етеді. Соттардың құқыққолдану  тәжірибесін жетілдірудің тиімді құралдарының бірі ретінде «Төрелік» ақпараттық-сараптамалық қызметі аясында Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотының «Талдау» форумы сараптамалық ақпараттық қызметі тәжірибеге енгізілді.

«Талдау» форумының осы тұжырымдамасы (одан әрі Тұжырымдама) оның ұйымдастырушылық, әдістемелік және технологиялық және Формуға орналастырылған ақпараттарды қолдану принциптерін айқындайды.

Тұжырымдама арқылы Істер санаттарының бірыңғай классификаторын қалыптастырудың негізгі міндеттері мен үдерісті басқарудың мәселелері тұжырымдалады. Сонымен қатар, Тұжырымдамада  «Талдау» Форумының одан арғы қызметін ұйымдастырудың негізгі бағыттары айқындалды.

 

«Талдау» Форумы мыналардан тұрады:

1)        Істер санаттарының бірыңғай классификаторы (ары қарай ІСБК);

2)        Сәйкес құқықтық қатынасты реттейтін заңнама жайлы ақпарат жоқ болған жағдайда сот тәжірибесін жалпылау;

3) Сот актілерінің банкі;

4) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;

 

«Талдау» Форумы мына міндеттерді шешуге бағытталған:

1) сот актілерін жүйелеп, оларға мониторинг жасауды қамтамасыз ету;

2) нақты істер сыныптары бойынша сот тәжірибесін талдау;

3) сот істерін қарау тәжірибесінің бірыңғай тәжірибесін қамтамасыз ету; тұрақты сот тәжірибесін қалыптастыру, оның ішінде жоғары тұрған сот сатылары үшін;

4) материалдық және процессуалдық нормалардың дұрыс қолданылуына ықпал ету;

5) заңнамалар мен сот тәжірибесіндегі өзгерістерге қатысты дер кезінде шешім қабылдау;

6) құқыққолданудың өзекті мәселелерін анықтау;

7) заңнамаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

8) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын әзірлеу барысында сот тәжірибесін жалпылау нәтижелерін қолдану;

9) барлық іс санаттары бойынша сот тәжірибесіне жедел қолжетімділікті қамтамасыз ету;

10) судьяларға тәжірибелік көмек көрсету;

11) пайдаланушылардың кең ауқымын (сот үрдісіне қатысушылар, тәжірибеден өтіп жатқан заңгерлер, ғалымдар) ақпараттық қамтамасыз ету;

12) құқыққолданудың орын алған пробемалары бойынша сот тәжірибесін  жалпылауға түсінік беру және талқылау үшін алаңмен қамтамасыз ету;

13) сот қызметтеріне тұрғындар сенімінің деңгейін арттыру.

 

3. Істер сыныптарының бірыңғай классификаторы

 

ІСБК кодекстердің, заңдардың құрылымдары және республика соттарында қаралған  істер сыныптарының нәтижелерін  жүйелеу мақсатында  түгендеу есебімен құрылады.

ІСБК қылмыстық, азаматтық, және әкімшілік істер сыныптарының  аталымдарынан тұратын болады.

ІСБК қылмыстық істер және әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу және Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстерінің тараулары мен баптарының атауларына сәйкес құрылады.  Егер оларға өзгеріс енгзілсе ІСБК-ге де түзетулер жасалады.

Азаматтық істер бойынша классификатор сыныптарының атаулары (бұйрықтық, талаптық т.б) Азаматтық және Азаматтық процессуалдық кодекстер және өзге де Қазақстан Републикасы заңнамаларының нормалары негізінде түзіледі.

Классификатордағы азаматтық мәселелер бойынша көзделген істер сыныптары мұнымен шектелмейді. Классификаторды жедел түрде түзету, соның ішінде, судья мен өзге де мүдделі  тұлғаның сұрауы бойынша өзгеру мүмкіндігі қарастырылады. 

 

4. «Сот тәжірибесін жалпылау» бөлімін қалыптастырудың тәртібі

 

«Талдау» Форумының «Сот тәжірибесін жалпылау» бөлімі ІСБК істер сыныптары тұрғысындағы сот актілері бойынша анықтамалардан тұрады.

Жалпылау (талдау) қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының  2005 жылдың  20 маусымындағы бұйрығына, сондай-ақ, сот тәжірибесін жалпылау құрылымының типтік үлгісіне сәйкес қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді қараудың сот тәжірибесін  жалпылаудың әдістемелік ұсынылымдары негізінде жүргізіледі.

Сот тәжірибесін жалпылау (талдау) мен  мониторингтеуді облыстық және оған  теңестірілген соттар (ары қарай облыстық соттар) республика соттарында қаралған істер мен материалдардың  сыныптарға бекітілуіне сәйкес жүргізеді. Осы мақсатта әрбір облыстық сотқа сәйкес электронды сот актісіне қолжетімділік ұсынылады.

Жалпылауда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және жергілікті, басқа соттарының Жоғарғы сот төрағасының №53  04.03.14 ж өкімімен бекітілген  Интернет-ресурсының жұмыс тәртібі  және оны сүйемелдеу жөніндегі ереженің  18 тармағында көрсетілген сот актілеріне сілтеме жасалған жағдайда онда бейнеленген мәліметтер дербессіздендіріледі.

Облыстық сот жүргізген сот тәжірибесін жалпылау (анықтама) сот органдарының «Талдау» форумының ведомстволық  ақпараттық жүйесіне орналастырылып, талқыланады. Оған басқа соттардың судьялары өз қосымшаларын тіркеу мүмкіндігін иеленіп, өз түсініктемелерін қалдыруға құқықты болады. Қажет жағдайда жалпылауға берілген түсініктемелер есепке алына отырып, толықтырылуы мүмкін.

Жалпылау облыстық сотта талқыланып және оны мақұлдату  қажет болғанда түзеу жөнінде шешім қабылдау немесе Жоғарғы Соттың сәйкес сот алқасының талқылауына шығару үшін  Жоғарғы Соттың тиісті сот алқасына (ары қарай судья-модератор) жолданылады.

Жалпылау сот алқасының мәжілісінде мақұлданғаннан кейін судья-модератор -Жоғарғы Соттың сәйкес сот алқасы төрағасы бекітетін қорытындыға дайындалады. Қорытынды бекітілгеннен кейін жалпылау «Талдау» Форумында жарияланады.

Облыстық соттар бекітілген санаттар бойынша қолжетімді  сот актілеріне тұрақты мониторинг жүргізіп, қажеттілігіне орай олардың келісімімен  сот тәжірибесін жалпылауды аяқтап, жоғарыда көрсетілген тәртіп бойынша жариялайды.

ІСБК-ні қолданыстағы заңнамаларға өзгеріс нәтижесі немесе сот тәжірибесі нәтижесінде  жаңа сыныптармен толықтыру жағдайында сәйкес жалпылау (анықтама) осы тәртіппен жүргізіліп,  «Талдау» Форумында орналастырылады.

Пайдаланушылардың кең ауқымына (сот үрдісінің қатысушылары, тәжірибеден өтуші заңгерлер, ғалымдар) сот тәжірибесін талқылап, түсіндіру үшін  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсынан арнайы алаң беріледі.

 

5. Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларын автоматтандыру және сот тәжірибесін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалпылау

 

         «Талдау» Форумының тиімді қызмет ету шарттарының бірі нормативтік-құқықтық актілердегі  өзгерістерге  дер кезінде назар аударып, жауап қату. Осыған байланысты жүйеде Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары мен сот тәжірибесін жалпылаудағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сілтемелерін қалыптастыратын қызмет көзделген.

         Нормативтік қаулыны жасаушы немесе жалпылауды құрастырушы нормативтік-құқықтық актіге сілтемені қалыптастырған кезде жекелеген қосымша парақ жолын сілтеме жасалған құқықтық норма мәтінін келтіріп толтыруға міндетті болады.

         Содан кейін жүйе енгізілген мәтінді заңнаманың негізгі базасындағы ұқсас өлшемдерімен автоматты түрде салыстырады. Нормалар сәйкес келмеген жағдайда жүйеде пайдаланушыны ақпараттандыру қызметі көзделеді.

 

 

7. Сыртқы мамандарға аутсорсинг

 

Істерді санатына қарай бірыңғай топтастырушы маманның келтірген дерегіне сүйенсек, 2015 жылы облыстық және оларға теңестірілген сот судьялардың ұсынысымен 241 азаматтық іс, 258 әкімшілік және 460 қылмыстық іс қаралған.

Орыс тіліндегі және мемлекеттік тілдегі барлық беттердің саны шамамен 16 528-ге жеткен. Облыстық және оларға теңестірілген сот судьяларының көмегімен қаралған сот актілерінің саны 2015 жылы 1 510 780-ге жеткен. Соттардың жүктемесінің көбеюіне орай жұмыс қабілеттілігін үздіксіз кәсіби қолдау, тиімділікті жоғарылату және «Талдау» форумын одан әрі дамыту қажет. Сондай-ақ Тұтынушылардың қажеттілігін талапқа сай қанағаттандырып отыру, жобаның ары қарай дамуына әсер етеді деп күтілуде.

Аутсорсинг бұл бағытта мониторинг талдауының дұрыс жүргізілуіне, түйінделуіне әсер етеді, сот тәжірибесінің ішкі қызметін жақсартады деп күтілуде. Мұндай жағдайда еңбекке жарамды мамандардың айтарлықтай бөлігі отставкадағы судьялардан құралуы керек.

Қызмет жеткізуші жаңа инновацияларды іздестіру жолында және әлемдік деңгейдегі ең тиімді тәжірибелерді өзімізге бейімдеу барысында үлкен жетістікке қол жеткізуі мүмкін. 

Тапсырыс берушіден талап етілер басты қызмет түрлері мынандай болуы керек:

Сот тәжіибелерінің талдамалары, стилистикалық сөз қолданыстары қолданыстағы заңға сәйкес болуы;

Жасалған қортындылардың аудармасы мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі түпнұсқалықпен сай келуі;

Сот актілерінің талдануы барлық жағдайда қолданыстағы заңға сай болуы керек;

Республика аумағында сот тәжірибелеріне талдау жасалып отыруы тиіс;

Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының нормативтік қаулыларын жүйелеу қажет;

Интернет русурстарда талдау қортындыларын таратып отыру;

Істерді санатына қарай бірыңғай топтастырушы маманның толықтыруымен өзгерістерді уақытылы енгізіп отыру қажет.

 

 

8. Халықаралық тәжірибе

 

Концепцияны дайындау барысында Ресей, Латвия, Эстония, Австрия, Финляндия және Түркия секілді дамыған елдердің сәтті тәжірибелері ескерілді.  

Ресей Федерациясының ұсынысын ескерсек, оларда сот актілерінің мәтіндерін іріктеудің негізгі қағидалары мен мәтіндерін сайтқа орналастырудың қалыптасқан ережелері белгіленген. Арнайы ресми сайтта талапқа сай таратылатын мәтіндер орналастырылып отырады.

Сондай-ақ, Ереже тәртібіне сай, қолданыстағы «Сот іс қағаздарын жүргізу және статистика» және «Сот шешімдері банкі (сот тәжірибелері)» мемлекеттік автоматтандырылған «Әділ сот» жүйелерінің техникалық және бағдарламалық мүмкіндіктеріне сай екендігі ескерілген.

Ереже өзіндік ерекшеліктен және нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Яғни, мемлекеттік және басқа да федералдық заңдық құпиялар басшылыққа алынған. Ресей Федерациясы Жоғары Сотының сайтында көпшіліктің қолдануына арналған Жоғары Сот Пленумының Қаулылары таратылады, нормативті құқықтық акті жобалары,  Ресей Федерациясы Жоғары сотының бастамасымен Мемлекеттік Думаның Федералдық жиынында талқыланған заң жобаларының мақсаттары, Жоғары соттың Бюллетендері, сот тәжірибелеріне және сот статистикаларына шолу орналастырылған.

Латвияда сот-ақпараттық жүйесіне қатысты ақпараттарды,  деректерді тарату арнайы деректерді тарату жүйесі арқылы кең таралады. Бұл деректер www.tiesas.lv сайтында қолжетімді.

Деректерді тарату жүйесі қолжетімді, көпшілікке жария ортадан, қосымша шешімдерден тұрады. Жүйенің жалпы қолданушылары: адвокаттар, студенттер, сот процестерінің қатысушылары (оның ішінде жеке тұлғалар мен заңдық тұлғалар да кіреді).

Эстонияның соты электронды қызметтердің кең дамыған инфрақұрылымымен, жылдамдығы жоғары ғаламторымен, әлеуметтік желіні кең түрде қолдануымен және ақпараттардың көптігімен ерекшеленеді.

Эстондық азаматтық құқықтық кодекс әлеуметтік желіде тіркелген жазбалардан деректер алуға мүмкіндік береді. Соттардың арнайы интернет парақшаларына қоса Facebook желісінде әр судьяның жеке парақшалары бар. Ол жерде сот отырыстары мен сот процестеріне қатысушылар туралы ақпараттармен жедел бөлісуге мүмкіндік берілген.

Эстония соттарында ІТ саласы бойынша дамыған тағы бір қадам – соттар мен адвокаттар ғаламторы бар кез келген жерде байланыс жасай алады. Мәселен, сот отырысы кезінде қажетті құжаттарды сұратып, іс қағаздарымен танысып, қажетті ескертулерін де бере алады.

Австрияда электронды құжат адвокат пен сот арасында құжат алмасуға негізделген. Мемлекеттік органдар мен соттар дәлелдер мен қажетті құжаттарды тез арада алмасуға, қайшылық туындаған жағдайда сұратуға, сот шешімдерін таратуға, көпшілікке жариялауға  пайдаланады.

Финляндияда сот актілері мәтіндеріне халықаралық стандарттарға сай шектеулер белгіленген (бұл мәселен кәмелет жасына толмағандарға, жабық сот отырыстарына қатысты). Ғаламторға қолдану үшін толық мәтін пайдаланылмайды, оның орнына сот шешімдерінің жалпы желісі ғана таныстырылады. Алайда, сот шешіміне қызығушылық танытқан кез келген тұлға сотқа барып, азғантай мөлшердегі төлем төлеп, сот актісінің көшірмесін ала алады.

Түркияда әділ соттың бірыңғай электрондық жүйесі қалыптасқан. Онда сот істерінің барлық көшірмелері табылады. Ол жерден судьялар мен адвокаттар қажетті электрондық сандық қолтаңба арқылы барлық сот істерін таба алады. 

Шетелдік тәжірибе көрсеткендей сот жүйесіне берілетін қоғамдық баға жүйедегі сапаның жақсы жаққа қарай өзгеруіне, соттардың тиімді жұмыс істеуіне ықпал етуде, сот жүйесі қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыруға, жалпы сот билігі мәртебесінің артуына септігін тигізуде. Осы орайда қандай да болмасын сот шешімдерін жариялап отыру, қоғам назарын аударту, соттардың өз міндетін жауапкершілікпен атқаруына ықпал ететіні байқалады. Сот шешімдері базасының ашықтығы көп жағдайда бұл саладағы жемқорлықпен күресуге, соттардың жауапкершілігін көтеріп қана қоймай, олардың шешім қабылдау кезінде жеке субъективті шешімінің әсер етпеуіне, бұрыс шешім қабылдамауына ықпал ете алады. Өйткені, әрбір сот шешімінің жариялы болуы оларға жауапкершілік жүктейді.

 

9. Қорытынды

 

Қолданыстағы заңның аясында біршама мәселелер кездесті. Ол мәселелерді заңға түзетулер енгізіп қана талапқа сай етуге болады.  Сот орындары бұрынғыдан әлдеқайда қолжетімді және қоғамға ашық бола түсті, халықтың оларға деген сенімі артты. Соңғы жылдары қызмет көрсету сапасының артқаны және сот істерін қарау бұрынғыдан тезірек жүзеге асатыны байқалады. Ғаламтор және оларға берілген басқа да мүмкіндіктерді халықтың тиімді пайдалана бастағаны байқалады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың судьялардың VI съезінде «Қазақстан Республикасының қазақстандық сот жүйесі барлық уақытта заман талабына сай болуы керек. Ол ашық және осы салада болып жатқан және алдағы уақытта болатын сот құқықтық инновацияларға сай болуы керек. Заңға бағына отырып, өз кәсіби шеберліктерін арттыра отырып, дамып, өзін одан әрі жетілдіру арқылы ұлттық сот жүйесі сенімді түрде құқықтық жетістікке жетіп, Стратегиялық дамуға ілесе алады. Барлық судьялар жаңа заңның аясында жұмыс істеуге, тез арада заңды, әділетті шешімдер шығаруға дайын болуы керек. Олардың негізгі міндеттері азаматтарымыздың барлық құқығының және құқықтық көзқарастарының қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады» деген еді.

«Талдау» форумын құрудағы және жүйелі түрде дамытуға негізгі мақсат  Қазақстанның сот жүйесінің талапқа сай жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады. 

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.
Пікірлер мен ұсыныстар