Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының Хатшылығы туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз

ету департаменті (Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының

2016 жылғы «09» ақпандағы

№ 6001-16-7-6/34 өкімімен бекітілген

 

 

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының

Хатшылығы туралы

 

Е Р Е Ж Е

 

1. Жалпы ережелер

 

1.       Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының хатшылығы (бұдан әрі–Хатшылық) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) (бұдан әрі–Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2.       Хатшылық өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Департамент туралы ережеге, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, осы Ережені басшылыққа алады.

 

2. Хатшылықтың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

1.       Хатшылықтың  негізгі міндеті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының қызметін ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.

2.       Хатшылық өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, заңнамада белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1)      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының іс жүргізу өкілеттіктерінің жүзеге асырылуын:

-    Жоғарғы Сот Төрағасының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдауын, соның ішінде on-line режимінде қабылдауларын ұйымдастыруды;

-    Жоғарғы Сот Төрағасының Блогына, сондай-ақ Жоғарғы Соттың Интернет-ресурсының «Сұрақ-жауап» бөлігіне келіп түсетін азаматтардың өтініштерінің уақытында шешілуін;

-    Жоғарғы Сот Төрағасының қатысуымен өтетін жұмыс кездесулерін өткізуді, ол бойынша хаттамалық шешімдерді дайындауды;

-    Жоғарғы Сот Төрағасының басқа күнделікті тапсырмаларын орындайды.

3.       Хатшылық заңнамада белгіленген тәртіппен:

1)      басқа құрылымдық бөлімшелерден және лауазымды адамдардан ақпараттар мен материалдарды, сондай-ақ басқа да қажетті мәліметтерді сұратуға және алуға;

2)      Хатшылықтың және Департаменттің жұмысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.

 

3. Хатшылықтың жұмысын ұйымдастыру

 

1.       Хатшылықты Департамент басшысы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын меңгеруші басқарады.

2.       Хатшылық меңгерушісі Хатшылықтың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, өзіне жүктелген міндеттерді тисінше орындамағаны және өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілік көтереді.

3.       Хатшылықтың жұмысы әрбір қызметкердің бірін бірі өзара алмастыруы, есептілік, олардың алдына қойылған міндеттерді орындауы үшін дербес жауапкершілігі негізінде құрылады.