Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Мамандандырылған сот алқасының ЕРЕЖЕСІ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚазақстанРеспубликасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының

____ жылғы _______________________________

№ ________________ өкімімен бекітілген

 

 

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)

Мамандандырылған сот алқасы хатшылығының

ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мамандандырылған сот алқасының хатшылығы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі ‑ Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Мамандандырылған сот алқасының хатшылығы (бұдан әрі-Хатшылық) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына,  заңдарға, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілеріне, Департамент туралы ережеге және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

         3. Хатшылықтың құрылымын, штат санын Департамент басшысының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы бекітеді.

4. Хатшылық:

1) хат-хабарларды тіркеу және сот практикасын талдау секторы;

2) судьялардың консультанттары тобынан құралады.

 

    2. Хатшылықтың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

5. Хатшылықтың негізгі міндеті мамандандырылған сот алқасына (бұдан әрі-Алқаға) тиісті процестік заңнамалармен жүктелген функциялардың орындалуын тиімді қамтамасыз ету болып табылады.

6. Хатшылық өзіне жүктелген міндеттерге байланысты:

1) Алқа төрағасының күнделікті қызметін қамтамасыз етуді;

2) өз құзыреті шегінде Жоғарғы Сот Төрағасы, Алқа төрағасы және Алқа судьялары үшін талдау материалдарын әзірлеуді;

3) Хатшылықта іс қағаздарын номенклатура бойынша жүргізуді;

4) инвестициялық дауларға және сайлау жөніндегі заңнаманың бұзылуына қатысты азаматтық істер, әкімшілік істер бойынша Алқа судьяларымен бірлесіп сот практикасын қорытуды және талдауды жүргізу, оның нәтижесі бойынша ақпараттық хаттар, шолулар  дайындауды;

5) бірінші сатыдағы сот ережесіне сәйкес Алқаның азаматтық істерді қарау кезіндегі сот отырысының хатшысы ретінде қатысуды;

6) Алқа төрағасының азаматтарды қабылдауын өткізуін және онда Хатшылықтың қатысуын қамтамасыз етуді;

7) бірінші сатыдағы сот ережесі бойынша Алқа қарауына түскен азаматтық істер бойынша өтініштерге, Нұр-Сұлтан қалалық сотының шешімдеріне түскен апелляциялық шағымдар мен наразылықтарға, әкімшілік істер бойынша кассациялық тәртіппен келіп түскен өтінішхаттар, ұсынымдар және наразылықтарға тіркеу-бақылау карточкаларын тіркеу және жүргізуді;

8)  Алқаның бірінші сатыдағы сот ережесі және апелляциялық сатыда қараған азаматтық істерді, әкімшілік істерді қайта қарау бойынша ұсынымдар енгізу туралы өтінішхаттарды, Бас прокуратураның наразылықтарын және Жоғарғы Соттың ұсынымдарын қарау нәтижелері бойынша есеп жасауды;

9) өтінішхаттар мен арыздардың уақытылы қаралуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етуді;

10) істерді зерделеу нәтижесі бойынша процестік құжаттардың жобаларын  әзірлеуді;

11) арызданушылардың өтініштері бойынша түсіндірме-хаттар әзірлеуді;

12) Жоғарғы Соттың Интернет-ресурсы арқылы келіп түскен сұрақтарға өз өкілеттігі шегінде жауап әзірлеуді;

13) жергілікті соттардан істерді сұрату, қажеттілігі өткен жағдайда оларды кері қайтаруды;

14) Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңес қызметін қамтамасыз етуді;

15) іске қатысатын тұлғаларға Алқаның сот отырысы өтетін күні туралы хабарлау;

16) іске қатысушы тұлғаларға Алқа қаулыларының көшірмелерін жолдауды;

17) Алқа төрағасының келісімі бойынша бірінші және апелляциялық сатылардағы сот ережелері бойынша азаматтық істерді қарау нәтижелері бойынша шешімдердің, әкімшілік істерді қайта қарау бойынша ұсынымдар енгізу туралы өтінішхаттарды, Бас прокуратураның наразылықтарын және Жоғарғы Соттың ұсынымдарын қарау нәтижелері бойынша қаулылардың жобаларының мәтіндеріне корректорлық тексеру жүргізуді;

18)  интернет-ресурстағы тиісті рубрикаларды ақпараттармен толтыру және материалдарды өзектендіруді;

19) Алқаның модератор-судьяларымен бірлесіп электрондық нұсқада істер санаттарының бірыңғай сыныптауышында әкімшілік істердің  қорытуларын енгізуді;

20)   Жоғарғы Сот және Департамент басшылығының тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады.

7. Хатшылық заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Департаменттің басқа да құрылымдық бөлімшелері мен олардың лауазымды тұлғаларынан ақпараттарды, материалдарды, сондай-ақ  Алқаның қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да мәліметтерді сұратуға және алуға;

2) Департаменттің және Хатшылықтың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

8. Хатшылық:

1) Департамент Басшысымен бекітілген қызметтік нұсқаулықтарға сәйкес жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етуге;

2)  Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарын сақтау, мемлекеттік, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды сақтауға міндетті.

 

                                          

3. Хатшылық қызметін ұйымдастыру

 

9. Хатшылыққа Жоғарғы Сот Төрағасының келісімі бойынша Департамент басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын меңгеруші басшылық жасайды.

10. Хатшылық мынадай лауазымды тұлғалардан: заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Хатшылық меңгерушісінің орынбасары, хат-хабарларды тіркеу секторының меңгерушісінен, бас консультанттардан тұрады.

11. Хатшылық меңгерушісі Хатшылықтың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Хатшылыққа жүктелген міндеттерді және олардың өз функцияларын іске асыру үшін жеке жауапкершілік жүктеледі.

12. Хатшылық меңгерушісі Департамент басшылығына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар енгізеді.

Хатшылық меңгерушісі:

  1. өзінің орынбасарының міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;

        2) Хатшылық құрамына кіретін қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;

3) заңдар мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

13. Хатшылық меңгерушісінің орынбасары:

1) өз өкілеттігі шегінде өзіне жүктелген функционалдық міндеттерді орындайды;

2) Хатшылық меңгерушісі болмағанда, оның ұсынымы бойынша Хатшылықтың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Хатшылыққа жүктелген міндеттерді және олардың өз функцияларын іске асыру үшін жеке жауапкершілік жүктеледі.

3) Хатшылық басшылығымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

14. Хатшылықтың қызметі бірін-бірі өзара алмастыру, есеп беру, олардың алдына қойылған міндеттердің орындалуы үшін дербес жауапкершілік негізінде құрылады.

15. Хатшылықтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Хатшылық атынан Алқаның Төрағасына, Департамент басшылығына, басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға, сондай-ақ Хатшылықтың құзыреті шегінде азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша түсіндірмелерге Хатшылықтың басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.