Автокөлікпен қамтамасыз ету

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Сот жүйесі органдарын автокөлік қызметімен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 бұйрығы және Департамент басшысының  «Қазақстан Республикасы сот жүйесі органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №6001-15-7-6/533 бұйрығымен сот органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік және арнайы көлік құралдарының тиесілілік нормативтері көзделген.

Республика бойынша Соттар әкімшісінің теңгерімінде 481 бірлік автокөлік тіркелген. Жергілікті соттар үшін автокөлік құралдарының тиесілі нормативіне екі құрамды соттарды қоспағанда көзделген нормативке 250 бірлік автокөлік жетпейді. 2017 жылы 7 бірлік автокөлікті одан әрі пайдаланудың тиімсіздігіне байланысты, есептен шығару іс-шаралары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдарымен жүргізілуде. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 6 бірлік автокөлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке беру жұмыстар ұйымдастырылуда.

Соттар әкімшісі теңгеріміндегі 303 автокөлікке газ баллон қондырғысы (ГБҚ) орнатылды. Бұл көрсеткіш республика бойынша теңгерімдегі 481 бірлік автокөліктің 63% пайызын құрайды.

Сонымен қоса, Республика бойынша барлық автокөлік «GPS Tracking» жүйесі арқылы түрлі тәртіп бұзушылыққа жол бермеу мақсатында орталықтан қадағаланады.

 

Пікірлер мен ұсыныстар