Архив событий

13/07/2017

Жоғарғы Сот тергеу әрекеттерін электронды санкциялау бойынша пилоттық жобаны іске қосты

13/07/2017

Қылмыстық процестің сапасын арттыруға бағытталған электронды қылмыстық істі енгізу жобасы Астана қаласы Алматы ауданының №2 сотының базасында іске асырылды. Жоба шеңберінде Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі мен Сот органдарының «Төрелік» ақпараттық-талдамалық жүйесі интеграцияланды.

Соттар мен адвокатураның сындарлы диалогы – заң үстемдігін қамтамасыз етудің кепілі

13/07/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбеков және облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Серік Баймұратов өзара ынтамақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.              

Меморандумға сәйкес, өңірдің сот органдары мен адвокатурасы заң үстемдігін қамтамасыз ету, сот төрелігінің қолжетімділігі мен азаматтарға жоғары кәсіби заңгерлік көмек көрсету мақсатында ынтымақтастықты одан әрі нығайтатын болады.

Атбасар аудандық соты қылмыстық істі бейнебайланыс арқылы қарады

13/07/2017

Атбасар аудандық соты бейнебайланыс арқылы азамат С.-ны айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды.

С.-ға адамдар тобымен алдын ала сөз байласа отырып, қоймаға кiру арқылы мүлікті жасырын түрде ұрлады деп айып тағылды. Аталған істі қарау барысында С. Қостанай облысы Қарабалық аудандық сотының үкімімен Қостанай қаласындағы мекемесінде жазасын өтеп жатқан болатын. Сот С.-ны бейнебайланыс жүйесі арқылы сот отырысына қатыстыру үшін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жеткізу туралы қаулы шығарды.  

«Сот кабинеті» сервисі 2 миллионыншы электронды құжатты тіркеді

13/07/2017

Жоғарғы Соттың интернет-ресурсы «Сот кабинеті» сервисінің  2 миллионыншы электронды құжатын тіркеді. Талап арызды Астана қаласы Есіл аудандық сотына а.ж. 11 шілдеде Наталья Евгениевна Гаушкина жолдаған.

2016 жылы  «Сот кабинеті» арқылы сотқа жіберілген 1 миллионыншы құжат тіркелген. Оны жіберген сервис қолданушысы соттағы ақпараттық технологиялардың танымдылығын арттыру мақсатында марапатталды.