Архив событий

11/07/2017

Ақтөбе көшелерінің біріне Жоғарғы Соттың бұрынғы төрағасы Әбидолла Биекеновтің есімі берілді

11/07/2017

Ақтөбе облыстық соты ғимаратының алдында Ақтөбе көшелерінің біріне Қазақ КСР Жоғарғы Сотының бұрынғы төрағасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Әбидолла Биекеновтің есімін беруге арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары, сот жүйесінің ардагерлері мен қала әкімі, Әбидолла Биекеновтің туыстары қатысты.

Қостанайда 15 млн. теңге қарызды өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен шешілді

11/07/2017

2014 жылғы наурызда талапкер мен ЖШС арасында қарыз шарты бекітіліп, оның талабына сай талапкер  ЖШС-ке арнайы техника алу үшін және айналымдағы қаражатты толықтыруға 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде қарыз ақша берген. Қаражатты алушы  жауапкер қолхат берген.

Алайда, қарызды қайтару мерзімі келгенімен серіктестіктен бүгінгі күнге дейін ақшасын ала алмаған  азамат сотқа жүгінуге мәжбүр болған. Ол кезеңде қарыз соммасы 15 млн. теңгені құраған.

Астана бойынша Соттар әкімшісі мен Ұлттық мұражай ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

11/07/2017

Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының м.а. Жәкен Таймағамбетов пен Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Ренат Тауымбеков ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Павлодарда сот акционерлік қоғамнан бұрынғы қызметкердің пайдасына моральдық зиянды өтеу түрінде үш миллион теңге өндіріп алды

11/07/2017

Б. келтірілген моральдық зиянды өтеу мақсатында өзі қызмет атқарған акционерлік қоғамнан өтемақы өндіріп алу талабымен Екібастұз қалалық сотына жүгінді.