Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмимен кездесті
Кездесуде Мемлекет басшысына «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында сот реформасын іске асыру және сот төрелігін жүзеге асыру жұмыстары жөнінде есеп берілді.
Елбасы сот жүйесінің және бүкіл құқық қорғау саласының алдында тұрған жұмыстардың ауқымды екенін атап өтті.
– Азаматтар сотқа сенім артып, көмек алу үшін жүгінгенде, шешім әділ болып, олардың құқықтары нақты қорғалғанда ғана заңның толық үстемдігі қамтамасыз етіледі. Қазір олай деуге әлі ерте, – деді Қазақстан Президенті.