Архив событий

16/05/2017

Жол-көлік оқиғасында анасынан айырылған Қостанай тұрғыны сотта көлік жүргізушісімен бітімгершілікке келді

16/05/2017

Жол-көлік оқиғасы салдарынан анасы қаза тапқан Қостанай тұрғыны маршруттық автобус жүргізушісін жазалау үшін азаматтық тәртіпте сотқа жүгінген.

Жолдан өтпек болған 78 жастағы зейнеткерді автобус соғып, ол жарақат салдарынан ауруханада қаза тапқан. Жүргізушінің кінәсі өз дәлелін таппай, оқиға бойынша қылмыстық іс оның әрекетінде қылмыстық іс құрамы болмауына орай тоқтатылған. Алайда, азаматша соттан әлеуметтік әділеттілік үшін жүргізушіден моральдық залал өніруді сұраған.

Ювеналдық сот: мінез-құлқы қиын балалар тек қана қиын отбасылардан ғана шықпайды

16/05/2017

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 14-жасқа толған В. есімді жасөспірімді девиантты мінез-құлқы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектеп-интернатына жолдау туралы азаматтық істі қарады.

Павлодар облыстық соты судьялыққа үміткерлер үшін рөлдік семинар-тренинг өткізді

16/05/2017

Семинар өндірістен ажырамай төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтіп жатқан судьялыққа үміткерлерге бағытталған.

Оқу Ұлт Жоспарының судья лауазымына үміткерлерді іріктеу механизімі мен біліктілік талаптарын қатайту бойынша қадамын іске асыру   шеңберінде ұйымдастырылды.

Семинар сот процесін көрсету -  рөлдік ойын нысанында өткізілді.