Құрметті оқырмандар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймын!
Жеңіс күні – бұл естелікке толы мереке және өскелең ұрпаққа бейбіт өмірдің қадір-қасиеті туралы өсиет айтатын айрықша күн. Бұл мереке сұрапыл соғысқа қатысып, фашизмді тізе бүктірген аталарымыз бен әкелеріміздің қаһармандық ерліктері мен жанқиярлық қайсарлығын еске түсіреді. Олардың бірқатары Жеңіс күніне жете алмады, көбісі өмірден өтті. Дегенмен, олардың ерліктері туралы естелік ұрпақ жадында мәңгі сақталмақ.