Архив событий

13/04/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов: «Мемлекет басшысы Қазақстан халқын рухани жаңғырту арқылы мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатын көздейді»

13/04/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысын өткізіп, онда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланды.

Облыстық сот төрағасы мақаланың идеялогиялық тұжырымдамасы мен оның стратегиялық бағыттарына тоқтала келе, Мемлекет басшысы Қазақстан халқын рухани жаңғырту арқылы мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсатын көздейтіндігін айтты.

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізді

13/04/2017

Өткізілетін іс-шара туралы облыс тұрғындарына облыстық соттың ресми сайты арқылы алдын ала хабарландыру жарияланды.

Интернет-конференция барысында 14 сұрақ келіп түсті. Атап айтқанда, азаматтар тыйым салынған мүлікті сату тәртібі, еңбек ақыны өндіру және жол-көлік оқиға нәтижесінде келтірілген моральдық зиянды өндіріп алу, жер даулары, сондай-ақ қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану мәселелері жөніндегі сұрақтармен жүгінді.

Алматыда сот қаржы пирамидасының құрылтайшыларына қатысты үкімді жариялады

13/04/2017

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында қылмыстық топ құрамында аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету, сонымен қатар, қылмыстық топ құрамында ірі және аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған деген айыппен сотқа берілген сотталушылар Р.Зиатдинов, И.Зиатдинов, А.Черненко, Ж.Шакирова, К.Мұхамедиевке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Балабақша тәрбиешілері ренжіткен баланың әкесі сот арқылы 101 мың теңге моральдық шығын өндірді

13/04/2017

Қостанай қаласының тұрғыны Қостанайдағы балабақшалардың бірінен  моральдық залалды өндіру туралы шағымымен қалалық сотқа жүгінген.

Шағымданушының мәлімдеуінше, 2016 жылдың 30 қарашасында сағат 10.00 шамасында балабақшадағы тәрбиешінің көмекшісі оның қызына психологиялық қысым жасап, күш көрсеткен. Көмекшінің әрекетіне қатысты ата-анадан шағым түкен соң ол тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Алайда, осы жағдайдан кейін оның кішкентай қызы мен өзіне деген қарым қатынасы өзгерген.

Павлодарда сот мүгедегінің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді

13/04/2017

Павлодар қалалық сотында жалдау шартының мерзімін ұзартудан бас тартуды заңсыз деп тану, тұрғын үй комиссиясының 2016 жылғы 21 қазандағы шешімін күшін жою және мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй жолдау шартын белгісіз мерзімге жасалған деп тану туралы  азамат Ш-ның арызы қаралды.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында гендерлік теңдік мәселелері талқыланды

13/04/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Қазіргі қоғамдағы гендерлік теңдік» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараға судьялар, «Іскер әйелдер» қоғамдық бірлестігінің өкілі, гендерлік саясат жөніндегі облыс әкімінің кеңесшісі, Әйелдерді қолдау орталығының, «Ана үйі» қоғамдық қорының, Статистика департаментінің, жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатысты.

Семейде ашық кәріз құдығына құлаған баланың әкесіне, сот 100 мың теңгеден астам шығынды өндірді

13/04/2017

Семей қалалық сотында материалдық залал және моральдық зиян өтемақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа «Семей Водоканал» мекемесіне талап арызбен жүгіне келе, өзінің кәмелетке толмаған баласы стадионнан қайтып келе жатқанда, ашық кәріз құдығына түсіп, соның салдарынан дене жарақаттарын алып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілгенін көрсеткен.

Алматы облысында сот жалғызбасты ананың құқығын қорғады

13/04/2017

Алматы облыстық сотына талапкер А. В-дан өзінің асырауына алимент өндіру туралы талабымен арызданды.

Бірінші сатыдағы сотпен тараптар некеде тіркелмегендіктен, талапкер А-ның талап арызын қанағаттандырудан бас тартқан, дегенмен жауапкер сотта талапты мойындаған.