Архив событий

14/03/2017

Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесі және АХҚО қызметіне қатысты заңдарға қол қойды

14/03/2017

2017 жылдың 13 наурызында Мемлекет басшысы «Кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі және «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Маңғыстау облысы соттарында медиация туралы пилоттық жобаны түсіндіру жұмыстары жалғасуда

14/03/2017

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын жүзеге асыру мәселелеріне арналған семинар өтті.  

Іс-шараны Маңғыстау облыстық соты, Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалы мен «Қоғамдық келісім» МКМ мен Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырды.

ШҚО Катонқарағай аудандық соты көрсетілім түріндегі сот отырысын өткізді

14/03/2017

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай аудандық соты көрсетілім түріндегі сот отырысын өткізді. Отырысқа  бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмаған сотталушылар шақырылды. Бұл сот отырысында   сотталған «А» есімді азаматқа тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы қылмыстық атқару инспекциясының ұсынысы қаралды.

Павлодарда істі медиация тәртібінде шешу нәтижесінде талапкерге 18 миллион көлемінде төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды

14/03/2017

Павлодар облысының мамандарндырылған экономикалық сотында «К» АҚ-ның «Г» ЖШС-ге 600 млн. теңге қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптар арасында дауды (жанжалды) сот медиациясы тәртібінде реттеу туралы келісім жасалды.

Сот медиациясы тәртібінде дауды (жанжалды) реттеу бойынша сот ұйғарымына сәйкес, жауапкер талапкерге 2017 жылғы 1 сәуірге дейін 600 млн. теңге көлемінде қарыз төлеуге міндеттенді.

Ақмола облыстық соты ведомствоаралық семинар өткізді

14/03/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов «Сот және құқық қорғау органдарының өзара әрекеттесуі - сот төрелігін сапалы атқаруды қамтамасыз етудің құралы» тақырыбында құқық қорғау органдарының басшыларының қатысуымен ведомствоаралық семинар өткізді.

Қылмыстық істер жөніндегі әскери сотта сот актілерінің орындалу мәселелері талқыланды

14/03/2017

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында сот актілерінің орындалуының жай-күйі, өзекті мәселелері және оларды шешу жолдарын талқылауға бағытталған «дөңгелек үстел» өтті.