Архив событий

06/03/2017

Жоғарғы Сотта Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын өтті

06/03/2017

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми жоғары сот органының әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары, Судьялар Одағы Орталық Кеңесінің мүшелері, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары заңнамалық актілеріндегі өзгерістерді талқылады

06/03/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотымен «Қазақстан Республикасының  азаматтық, банктік заңнамаларды жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайларды жақсарту сұрақтары бойынша заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заңды талқылады.

Елордада мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін алу дауларын қарау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды

06/03/2017

Астана қалалық сотында өткен дөңгелек үстелдің қатысушылары прокурорлар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бағалаушы мен судьялар мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер телімдеріне байланысты дауларды қарау кезінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылады.

Жоғарғы Сот Төрағасы азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді

06/03/2017

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді.

Қайрат Мәмидің қабылдауында республиканың бірнеше өңірінің тұрғындары болды.

Жоғарғы Сот Төрағасына жүгінгендердің көбісі жергілікті соттардың шығарған сот шешімдерімен келіспейтіндіктерін жеткізді. Осы азаматтарға заңнамаға сәйкес жоғары сот сатыларына шағым келтіру тәртібі түсіндірілді.

Жоғарғы Сот Төрағасының қабылдауында болғандар өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Қарағанды облыстық сотының ұжымы судья Раушан Серғазинаны құрметті демалысқа шығарып салды

06/03/2017

Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков судья Серғазина Раушан Рапикқызын құрметті еңбек демалысына салтанатты жағдайда шығарып салды.

Президент Жарлығына сәйкес Қарағанды облыстық сотының судьясы Раушан Серғазина қызметінен босатылды.

Судьялар мен кәсіпкерлер бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту мақсатында заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады

06/03/2017

Бүгін Алматы қаласында «Кәсіпкерлік қызмет жағдайларын жақсарту үшін азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараны Жоғарғы Сот «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Тәртіпсіздікке нөлдік шыдамдылық

06/03/2017

Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысының Зеленов аудандық №2 соты ұсақ бұзақылық жасаған азаматтарға қатысты 40 әкімшілік іс қарады.

Құқық бұзушылар қоғамдық орындарда бола тұра, жалпы пайдалану орындарын ластап,  төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген және қоғамдық тәртіпті бұзып, құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Соттың қаулысымен барлық 40 құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен кінәлі деп танылып, 27 тұлға әкімшілік қамауға алынып, 13 тұлғаға айыппұл түрінде жаза тағайындалды.