Архив событий

03/03/2017

Жамбыл облысындағы сот жеке айыптау шағымы тәртібінде қозғалған қылмыстық іс бойынша ақтау үкімін шығарды

03/03/2017

Жеке айыптаушы С. сотқа өзіне қатысты көрінеу жалған мәліметтер таратып, жала жауып, оның абыройы мен қадір қасиетіне нұқсан келтірген К., О., А.-ны қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі шағымымен жүгінген.  

Қарағанды қаласының судьялары азаматтық істерді қарау барысында туындаған сұрақтарды талқылады

03/03/2017

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының № 2 аудандық сотында арнайы семинар өтті. Қаражаттар мен жәрдемақыларды өндіру туралы еңбек даулары, ортақ мүлікті бөлу, арызға заңмен белгіленген уақытында жауап бермеуді заңсыз деп тану, ауызша түрде жасалынған жағдайда сыйға тарту шартын заңды деп есептеу, сот орындаушының іс-әрекеттеріне шағымдану мәселелері мен тұрғын-үй қарым-қатынастары бойынша қордаланған сұрақтар сараптауға түсті.

Сот әскери қызметшінің әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ақтады

03/03/2017

Әскери қызметші А., сотқа С.-ді ар-намысына нұқсан келтіретін жалған мәліметтер таратты деген айыппен қылмыстық жауапкершілікке тарту шағымымен жүгінді.

Ақмола гарнизонының әскери сотымен жеке айыптау бойынша ҚР ҚК-нің 130 бабаының 1-тармағымен  әскери қызметші С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Павлодардың судьялары соттармен істерді қарау сапасы мәселелерін талқылады

03/03/2017

Павлодар облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов соттармен азаматтық және әкімшілік істерді қарау сапасын талқылау бойынша  қалалық соты ғимаратында облыстық соты президиумының көшпелі отырысын өткізді.

Ұлт жоспары мен Жолдауда Ел басымен қойылған міндеттерді, сот төрелігінің сапалы жүзеге асыру бойынша сот корпусының қызметі, әуре-сарсаңды жою, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту туралы айта отырып, облыстық соттың төрағасы азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасы туралы ақпарат берді.  

Шығыс Қазақстанның судьялары жазаны жеңілдету бойынша материлдарды қарау сұрақтарын талқылады

03/03/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотында мерзіменен бұрын шартты түрде босату (МБШТБ), жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңілірек түрдегі жаза түріне ауыстыру қоныс колониясына ауыстыру және басқа материалдарды қарауға қатысты сұрақтарды талқылауға арналған   «дөңгелек үстел» өткізілді.

Қылмыстық  істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Чақпантаев өз сөзінде, мерзіменен бұрын шартты түрде босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңілірек түрдегі жаза түріне ауыстыру сұрақтарын реттейтін негізгі нормативті – құқықтық актілерді атап өтті.

Қостанайда сот екі шаруашылық арасындағы дауды партисипативтік рәсіммен шешті

03/03/2017

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Журжа» шаруа қожалығыныңөкілі «ОПТИСОРТ»  ЖШС-нен айыпақыны өндіру туралы шығымымен жүгінді.

Сот отырысы барысында тараптардың өкілдері болып табылатын  адвокаттардың қол қоюы арқылы партисипативтік келісім жасау туралы өтініш түскен.

Маңғыстау облыстық сотының судьялары Жаңаөзендегі ауыл тұрғындарына дауларды бейбіт жолмен шешуді түсіндірді

03/03/2017

Жаңаөзен қаласының Теңге аулында «Медиация негіздері. Сотқа дейін дауларды медиация тәртібімен реттеу» атты тақырыпта семинар өтті. Аталған шара Маңғыстау облыстық соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастурымен өткізілді. 

Елордалық сот халықаралық құқық қорғау орталығымен медиация және татуластыру рәсімдерін дамыту бойынша семинар-практикум өткізді

03/03/2017

Астана қалалық сотында «Даулар мен келіспеушіліктерді шешудегі медиация негіздері. Сотқа дейінгі міндетті реттеу» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинар-практикумның спикері ретінде Халықаралық құқық қорғау орталығының Президенті, ТМД Экономикалық сотының халықаралық делдалы, Қазақстан медиаторлар Қауымдастығының бас директоры – Жанділдә Әжіғалиұлы Жақыпов сөз сөйледі.

Қарағанды облысының судьялары кәмелетке толмағандарға қатысты сот ісін жүргізуді дамыту мәселесін талқылады

03/03/2017

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот төрелігінің қалыптасуы және дамуы» атты тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Форум жұмысына судьялар, ішкі істер бөлімі, қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің өкілдері, ғылым саласының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Парламент Сенаты Жоғарғы Соттың сот жүйесіне қатысты әзірлеген заң жобаларын мақұлдады

03/03/2017

Парламент Сенаты Президенттің 2016 жылғы 14 маусымдағы кеңесінде Ұлт Жоспарын одан әрі іске асыру бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірлеген «Кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі және «Астана» халықаралық қаржы орталығы қызметі мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасын мақұлдады.