Архив событий

02/03/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Қазығұрт ауданының тұрғындарымен кездесті

02/03/2017

Кездесуге 300-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде ауыл билері мен тұрғындары, ардагерлер мен кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, білім, медицина салаларының қызметкерлері, аудан әкімдігі мен құқық қорғау органдарының басшылары және журналистер болды.

Кездесуді Қазығұрт ауданының әкімі ТөлегенТелғараев ашып, аудан тұрғындарымен осындай кездесуді ұйымдастырғаны үшін облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріповке алғысын айтты.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының судьялары судья лауазымына үміткерлерді іріктеу мәселелерін талқылады

02/03/2017

Өткен кездесуде судьялар Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмысын күшейту және судья лауазымына үміткерлерге қатысты жеке кепiлгерлік институтын нығайту мәселелерін қарады.

Алматы облыстық сотында сот атқару құжаттарын орындау мәселелері талқыланды

02/03/2017

Алматы облыстық соты «Атқарушылық іс жүргізу органдары автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» (АІЖО ААЖ) арқылы жіберетін сот атқару құжаттарын орындауға қатысты түйткілді мәселелерге арналған «дөңгелек үстел» өткізді.

Азаматтық заңнаманы жетілдіру мақсатында

02/03/2017

2017 жылғы 27 ақпанда Мемлекет басшысы азаматтық, процестік және банктік заңнаманы жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне енгізілген  заңнамалық өзгерістерді Жоғарғы Сот Бүкіләлемдік Банктің халықаралық сарапшыларымен бірлесіп әзірлеген болатын.

Павлодарда судьялар ювеналдық сот ісін жүргізудің өзекті мәселелерін талқылады

02/03/2017

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы М.Дәйкенов іс-шарада сөз сөйлей отырып, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары қызметінің тиімділігін белгілеп өтті.

Маңғыстау облысында даулардың сотқа дейнгі реттелуін енгізу бойынша пилоттық жобасы аясында 4 азаматтық іс тоқтатылды

02/03/2017

Маңғыстау аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба негізінде қарыз өндіру туралы 4 азаматтық іс қаралды.

Қарағандыда сот балаларды асырау үшін олардың әкесінен алимент өндірді

02/03/2017

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық соты кәмелет жасына толмаған балалары бар анаға алимент мәселесін шешіп берді.

Талапкер өз арызында балалардың әкесі ерікті түрде материалдық көмек жасамайтынын және күтіп бағуға қаражат бермейтінін көрсеткен.

Сот істі қарап, Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 138-бабына сәйкес, борышкер табысы мен басқа да кірістерінің 3/1 бөлігі анасының пайдасына берілуі жөнінде шешім шығарды.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының құрылғанына 5 жыл

02/03/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов баспасөз-конференцияны өткізді.

Журналистердің сұрақтарына кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары, сот жүйесінің зейнеткерлері, ішкі істер органдарының, прокуратура, кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталығының, білім басқармасының, қорғаншы және қамқоршы бөлімінің өкілдері жауап берді.

Қарағанды облысындағы жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

02/03/2017

Қарағанды облысының Соттар әкімшісінің басшысы Бақдаулет Нұрпейісов Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты мен Балқаш қалалық сотының ұжымына жаңадан тағайындалған төраға Ляззат Сағымбекованы және кеңсе меңгерушісі Гүлнұр Жукинаны таныстырды.

Бақдаулет Нұрпеиісов пен сот төрағасы Нұрлыбек Сыздықов көп жылдар бойы қалалық сотта қызмет атқарған судья Л.Сағымбекованы еңбегі үшін ризашылығын білдіре отырып, жана лауазымда сәттілік тіледі.